|
Басы
10
минут
Ортасы
25 минут
|
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
І. Қызығушылықты ояту
«Күн! Тас! Қоршау!»
ойыны
Ойын оқушылардың зейіні мен қозғалыс
жылдамдығын дамытуға бағытталған. Ойын шарты: оқушылар бірнеше
топтарға бөлініп отырады. Кезек-кезек балаларға «Күн», «Тас»,
«Қоршау» атты бұйрықтар беріледі. Сөздердің айтылу ретін үнемі
өзгерту қажет. Оқушылар әрбір сөзге қимылмен жауап берулері шарт.
Егер «Күн» деген сөз айтылса, олар алақандарын ашып, саусақтарын
тарбитып, қолдарын жоғары көтереді. «Тас» сөзінде қолдарын түюлі
жұдырықтарымен көтереді. «Қоршау» сөзінде алақандарын ашып,
қолдарын көтереді, бірақ саусақтары бір-біріне тығыз жанасып тұруы
керек. Ойын жылдамдығы біртіндеп жоғарылауы қажет. Ешбір қате
жібермеген топ жеңімпаз атанады.
Төмендегі сұрақтарды оқушыларға
қою:
-
Өзіңе ұнайтын қандай компьютерлік ойындардың
кейіпкерлерін атай аласың? (1-сурет)
-
Ойын сценарийін қалай
түсінесің?
-
Сен
жасайтын ойын кейіпкерінде қандай қасиеттер болғанын
қалайсың?
ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру
үшін)
Оқулықпен жұмыс істеу. «ДЖИГСО» әдісі
Көлемді мәтін төрт бөлікке бөлінеді. Оқушыларда
төрт адамдық шағын топтарға бөлініп («бастапқы топ»), 1-ден 4-ке
дейін нөмірленеді. Осыдан кейін олардың әрқайсысы өз нөміріне
сәйкес мәтіннің бір бөлігін ғана оқиды. Содан кейін топтар құрамы
өзгертіліп, жаңа топтар («сарапшылар тобы») құрылады, сарапшылар
тобында оқушылар өз нөмірлері бойынша жинақталады: мәтіннің №1
бөлігін оқыған оқушылар 1-топқа, т.с.с. Өкілдер басқа топтарға
барып, өз жұмыстарын таныстырады, топтық талқылау жұмыстары
жүреді.
1- тапсырма
Ойын құрудың «Үлгі сценарийіне» талдау жасаңдар.
«Үлгі сценарийді» қолданып, өздерің білетін бір ойынның сценарийін
құрастырып шығыңдар. «Үлгі сценарийге» тағыда қандай кезең қосуға
ұсыныс жасар едіңдер?
Жеке жұмыс
2- тапсырма
«Ойын сценарийі» дегеніміз не?
Ойын сценарийімен танысқаннан кейін қандай
сұрақтар туындады?
|
Мұғаліммен сәлемдеседі.
Сабақ тақырыбы және мақсатымен
танысады
Мұғалімді тыңдайды
Презентациямен танысады
1 –
тапсырманы орындайды
2 –
тапсырманы орындайды
|
Қалыптастырушы бағалау
Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу
белсенділігіне қарай «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Бес жұлдыз
– Өте жақсы! Төртбұрыш – Жақсы! Үшбұрыш – Талпын!
Дескриптор
-
Ойын құрудың «Үлгі сценарийіне»
талдау жасайды.
-
«Үлгі сценарийді» қолданып,
өздері білетін бір ойынның сценарийін құрастырады
|
Оқулық
Презентация
|