жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Пернетақтамен жұмыс істеу ОП-ОҢАЙ: құпиясын БІЛІП АЛҒЫҢЫЗ келеме?
Пернетақтамен жұмыс істеу ОП-ОҢАЙ: құпиясын БІЛІП АЛҒЫҢЫЗ келеме? Қазіргі заманауи технологиялар заманында компьютерсіз жұмыс істеуді елестете алмаймыз. Ал Сіз өзіңіз қолданатын пернетақтаның пайдалы құпияларын білесізбе?
Көптеген мақалаларды немесе қандай да бір бағдарламаны орнату нұсқаулығын оқығанда, пернелер комбинациясын кездестіруге болады (мысалы: Ctrl-C, Ctrl-V, Win-R, Alt-Tab, Alt-F4 жәнет.б.). Егер Сіз әлі күнге дейін олар жайлы білмесеңіз, онда біздің мақалада таныса аласыз. Оларды қолдану өте пайдалы әрі оңай. Пернетақта пернелері атқаратын қызметіне қатысты келесі дей топтарға бөлінеді:
• Енгізу пернелері (алфавиттік-цифрлық) – мұнда қарапайым баспа машинасында болатын пернелер жинақталады, яғни әріптік, сандық және символдық пернелер.
• Басқару пернелері – бұл пернелер жеке немесе басқа пернелермен бірге басыла отырып нақты әрекеттерді орындайды. Көбінесе CTRL, ALT, Windows белгісі бар перне және ESC қолданылады.
• Функционалдық пернелер – арнайы тапсырмаларды орындау үшін қолданылады. Олар F1, F2, F3 және ары қарай F12-ге дейінгі пернелер тізбегінен тұрады.
• Орын ауыстыру пернелері – бұл пернелер құжаттарда, веб-беттерде және мәтінді түзетуде орын ауыстыру үшін қолданылады. Оларға бағыттауыш пернелер, сондай-ақ, HOME, END, PAGE UP, PAGE DOWN, DELETE және INSERT пернелері жатады.
• Сандық пернетақта – бұл бөлім сандарды тез енгізу үшін өте ыңғайлы. Ондағы пернелер қарапайым калькулятор немесе есептеу машинасына сәйкес жинақталған.
Енді, әр топтың қызметіне ЖЕКЕ әрі НАҚТЫ тоқталайық:
Енгізу пернелері
Деректерді енгізу пернелеріне негізгі алфавиттік-цифрлық және символдық пернелер, сондай-ақ төмендегідей пернелер енеді:
CAPS LOCK – бір рет басу арқылы бас әріптерді енгізу режиміне көшеміз, ал екінші реет басқан кезде ол қасиеті өшіріледі;
SHIFT – бас әріптерді енгізу үшін;
TAB – курсорды бірнеше бос орынға (абзац) жылжыту үшін;
ENTER – жаңа жолға өту үшін;
БОС ОРЫН – курсорды бір бос орынға жылжыту үшін;
BACKSPACE – курсордың алдындағы символды немесе белгіленген тексті өшіру үшін қолданады.
Функционалдық пернелер
F1 — анықтаманы шақыру;
F2 – белгіленген элементтің атын өзгерту;
F3 – файл немесе бумаларды іздеу;
F4 – Windows жетектегішінде (проводник) адрестік жолдар тізімін көрсету;
F5 – белсенді терезені жаңарту (обновить);
F6 – жұмыс үстелі немесе терезе экранындағы элементтер арасында жылжу;
F7 – дұрыс жазу (Правописание);
F8 – ерекшелеу;
F9 – ерекшеленген өрістерді жаңарту;
F10 – ағымдағы бағдарлама мәзірі жолына көшіп, белсенді ету;
F11 – белсенді терезені үлкейту және кішірейту;
F12 – құжатты сақтау сұхбаттық терезесін ашу.
Орын ауыстыру пернелері
Бұлар құжат ішінде немесе мәтінді түзету кезінде курсорды оңға, солға, алға, артқа жылжыту үшін қолданылады.
HOME – курсорды жолдың басына апарады;
END – курсорды жолдың соңына апарады;
CTRL+HOME – құжаттың басына ауысу;
CTRL+END – құжаттың cоңына ауысу;
PG UP – курсорды немесе бетті бір экран жоғары көтереді;
PG DN – курсорды немесе бетті бір экран төмен түсіреді;
DELETE – курсордан кейінгі символды немесе белгіленген тексті өшіреді, ал Windows-та белгіленген элементті жою немесе себетке (корзина) орналастыру үшін қолданылады.
INSERT – қою режимін қосу/өшіру үшін қолданылады.
Сандық пернетақта
Цифрлық пернетақта 0-ден 9-ға дейінгі сандардан, +(қосу), -(алу), *(көбейту), /(бөлу), сондай-ақ, ондық бөлшектік үтірден тұрады. Бұл символдар басқа пернелерде орналасқан болса да, цифрлық пернетақтада сандарды және математикалық амалдарды тез, бір қолмен енгізу мүмкіндігін сыйлайды. Цифрлық пернетақта NUM LOCK пернесі арқылы қосылып/өшіріліп отырады. Егер, NUM LOCK өшірілуі болса, цифрлық пернетақта орын ауыстыру пернелері ретінде қолданылады.
Үш негізгі қосымша пернелер
PRTSCN ( PRINT SCREEN) – экран бетін суретке түсіріп, оны компьютер жадысындағы алмасу буферіне көшіреді. Оны Microsoft Paint немесе басқа бағдарламаға сурет ретінде қойып, сол бағдарлама арқылы баспаға беруге болады. (Орындалатын әрекеттер:
Alt+PrintScreen – белсенді болып тұрған терезені ғана суретке түсіреді, ал Shift+PrintScreen – экранды баспаға береді.)
SCRLK (SCROLL LOCK) – бұл пернені басу көптеген бағдарламаларға әсер етпейді. Бірақ, кейбір бағдарламаларда оны басу бағыттауыш пернелер – PAGE UP және PAGE DOWN әрекетін өзгертеді.
PAUSE/BREAK – бұл перне көп қолданыла бермейді. Кейбір ескі бағдарламаларда бұл пернені басу бағдарламаны тоқтатады немесе CTRL–мен бірге басу оның орындалуын тоқтатады.
Ең негізгі пернелер жиынтығы
SHIFT+CTRL, SHIFT+ALT – пернетақтадағы әріптерді (қазақша, орысша, ағылшынша және т.б.) өзгерту;
CTRL+C – белгіленген элементті көшіру (копировать);
CTRL+X – белгіленген элементті қиыпалу (вырезать);
CTRL+V – белгіленген элементті қою (вставить);
CTRL+Z – әрекетті кері қайтару;
CTRL+Y – әрекетті қайталау;
CTRL+S – ағымдағы файлды немесе құжатты сақтау;
DELETE – белгіленген элементті жойып, себетке (корзина) орналастыру;
SHIFT+DELETE – белгіленген элементті себетке орналастырмастан жою;
CTRL + оң жақ бағыттауыш (→) –курсорды келесі сөздің басына орналастыру;
CTRL + сол жақ бағыттауыш (←) –курсорды алдыңғы сөздің басына орналастыру;
CTRL + төмен жақ бағыттауыш (↓) –курсорды келесі абзацтың басына орналастыру;
CTRL + жоғарғы жақ бағыттауыш (↑)—курсорды алдыңғы абзацтың басына орналастыру;
CTRL+SHIFT + бағытшалары бар пернелер–мәтін фрагменттерін белгілеу;
SHIFT + бағытшалары бар кез-келген перне–жұмыс үстелінде немесе терезеде бірнеше элементтерді және құжатта мәтінді белгілеу;
CTRL + бағытшалары бар кез-келген перне + БОС ОРЫН (пробел) – жұмыс үстелінде немесе терезеде бірнеше жеке элементтерді белгілеу;
CTRL басып тұрып, тышқан көрсеткіші арқылы таңдау – бірнеше элементтерді еркін түрде таңдау;
SHIFT басып тұрып, тышқан көрсеткіші арқылы таңдау – бірнеше элементтерді жалпы таңдау;
CTRL+A – терезедегі немесе құжаттағы барлық элементтерді белгілеу;
ALT+F4, CTRL+W – ағымдағы терезені жабу немесе белсенді болып тұрған бағдарламадан шығу;
ALT + БОС ОРЫН – белсенді болып тұрған терезенінің қосымша мәзірін ашу;
CTRL+F4 – белсенді болып тұрған құжатты жабу (бір уақытта бірнеше құжаттарды ашатын бағдарламаларда қолданылады);
ALT+TAB – бір элементтен келесі элементке көшу;
CTRL+ALT+TAB — бағыттауыш пернелерді қолдану арқылы бір элементтен басқа элементке көшу;
CTRL + тышқанның айналма жүгірткіші – жұмыс үстеліндегі белгішелер өлшемін өзгерту;
ALT+ESC – элементтерді ашылған реті бойынша циклді түрде ашып, алмастыру; SHIFT+F10 – белгіленген элементтің қосымша мәзірін ашу;
CTRL+ESC – «Пуск» мәзірін ашу;
ESC – ағымдағы тапсырманы кері қайтару;
CTRL+SHIFT+ESC, CTRL+ ALT+ DELETE – тапсырмалар диспетчерін ашу;
Компакт-дискті қойған кезде SHIFT пернесін басу – компакт-дискіні автоматы түрде ойнату режиміне көшу.
Windows белгісі бар пернемен бірге басылатын пернелер жиынтығы
Windows белгісі бар перне – «Бастау»(«Пуск») мәзірін ашу және жабу;
Windows +PAUSE – операциялық жүйенің қасиеттері туралы терезені ашу; Windows+D – жұмыс үстелін көрсету;
Windows+M – барлық терезелерді жинақтау (Свертывание);
Windows+SHIFT+M – жұмыс үстеліндегі барлық жинақталған терезелерді қалпына келтіру;
Windows+E – «Менің компьютерім» белгісін ашу;
Windows+F – файлдар мен бумаларды іздеу;
CTRL+ Windows +F – компьютерлерді іздеу (желіге қосылған жағдайда);
Windows+L – компьютерді құлыптау немесе қолданушыларды алмастыру;
Windows+R – «Орындау» сұхбат терезесін ашу;
Windows+U – арнайы мүмкіндіктер орталығын ашу;
Windows жетектегішінде бірге басылатын пернелер жиынтығы
Төменде Windows жетектегішінде бумалармен, терезелермен жұмыс істеуде қолданылатын пернелер комбинациясы көрсетілген:
CTRL+N – жаңа терезе ашу;
CTRL+SHIFT+N – жаңа бума құру;
END – белсенді терезенің төменгі жағына көшу;
HOME – белсенді терезенің жоғарғы жағына көшу;
ALT+ENTER – белгіленген элементтің қасиеті туралы сұхбат терезені ашу;
ALT + «←»—алдыңғы буманы қарап шығу;
ALT +«→»—кейінгі буманы қарап шығу;
CTRL+E –іздеу жолын таңдау;
Win+Shift+ әріптер–басылған әріптен басталатын бума немесе файлды белгілеу;
Shift+Enter–белгіленген буманы жаңа терезеде ашу;
Символдардыт үзету
CTRL+SHIFT+F – қаріпті таңдау;
CTRL+SHIFT+P – қаріп өлшемін таңдау;
CTRL+D – қаріпті өзгерту терезесін ашу;
SHIFT+F3 – әріптер регистрін өзгерту;
CTRL+B – символдарды қалың қаріппен (жирный) жазу;
CTRL+U – символдарды асты сызылған қаріппен (подчеркнутый) жазу;
CTRL+SHIFT+W – символдардың астын сызу, бірақ бос орындар сызылмайды;
CTRL+SHIFT+D – символдардың астын екі сызықпен сызу;
CTRL+SHIFT+H – жасырын мәтінге айналдыру;
CTRL+I – символдарды курсивті қаріппен жазу;
CTRL+SHIFT+K – барлық әріптерді кіші әріппен жазу немесе бұрынғы қалпына келтіру;
CTRL+«=» — жоғарғы индекске айналдыру;
CTRL+ПРОБЕЛ – белгіленген символдардан қосымша форматтауды алып тастау;
CTRL+SHIFT+Q – белгіленген символдарды Symbol шрифтімен форматтау;
SHIFT+F1 – символдар форматтары туралы ақпаратты шығару;
CTRL+SHIFT+C – форматтауды көшіру;
CTRL+SHIFT+V – форматтауды қою.
Абзацтарды форматтау
CTRL+0 – ағымдағы абзацтағы мәтінді бір жол төмен түсіру немесе қалпына келтіру;
CTRL+E – абзацты ортасы бойынша (по центру) түзету;
CTRL+J – абзацты ені бойынша (по ширине) түзету;
CTRL+L – абзацты сол жақ бойынша(по левому краю) түзету;
CTRL+R – абзацты оң жақ бойынша(по правому краю) түзету;
CTRL+M – сол жақтан шегініс (бос орын) тастау;
CTRL+SHIFT+M – сол жақтағы шегіністі(бос орын)жою;
CTRL+T – аралық (выступ) тастау;
CTRL+SHIFT+T – аралықты азайту;
CTRL+Q – белгіленген абзацтардан қосымша форматтауды алып тастау;
CTRL+SHIFT+S – стильді қолдану;
CTRL+SHIFT+N – «Обычный» стилін қолдану;
CTRL+SHIFT+L –«Список»стилін қолдану;
Құжаттармен жұмыс істеу
CTRL+N – жаңа құжат құру;
CTRL+O – құжаттарды ашу;
CTRL+W, CTRL+F4 – құжаттарды жабу;
ALT+CTRL+S – құжат терезесін бөлу;
CTRL+S, SHIFT+F12 – құжатты сақтау;

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген