400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Пернетақтамен танысу

Материал туралы қысқаша түсінік
пернетакта туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлімі:

III бөлім. Сөзбе- сөз (ортақ тақырыптар: «Менің мектебім», «Менің туған жерім»)

Педагогтің аты-жөні:

Күні:

Сыныбы: 2

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Пернетақтамен танысу

Оқу бағдарламасына сəйкес оқу мақсаты:

2.4.2.2 пернетақтадан спрайтты басқаруды ұйымдастыру;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:

Мəтін жазу, теру құрылғылары қалай дамығындығы туралы əңгімелейді.

Оқушылардың көбі үшін:

Пернетақтаны пайдалану ережелерін біледі.

Кейбір оқушылар үшін:

Пернетақтадан спрайтты басқарады.

Құндылыққа баулу:

Оқушыларды ақпараттық сауаттылыққа баулу, үйрету.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің іс- əрекеті

Оқушының іс-əрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ)

Ұйымдастыру кезеңі

(1-7 мин.)

Сəлемдесу, оқушыларды түгендеу.

І. Қызығушылықты ояту. «Жұмбақ зат» ойыны

Ойынның мақсаты: Оқушылардың ойлау жəне сөйлеу қабілеттерін арттыру. Ойынның шарты: оқушылардың алдына ыдысқа салынып бір зат əкелінеді. Сол затты мұғалім, жауабын айтпай, сөзбен сипаттайды. Оқушылар шешімін табуы қажет.

Бұл ойын оқушылар арасында психологиялық жағымды ахуал орнатады.

(МК, Ұ) Ой

қозғау. «Миға шабуыл» əдісі

Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып,

жауап береді.

Мəтін жазу, теру құралдары қалай дамыған? (1-сурет)

Суретке қарап əңгімеле.

Пернетақтада жұмыс істеу ережелерін білесің бе?

Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды

«Мадақтау сөз» əдісі бойынша бағалайды.

Жарайсың! Жақсы!

Талпын!


Жаңа сабаққа дайындық

Жаңа сабаққа дайындық ретінде «Сұрақ-жауап» əдісін қолданып, талқылау жұмысын жүргізу. Қандай да болмасын бір ақпарат (мəлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша жеткізеді.

Ұжымдық талқылауда оқушыға сұрақ қою мен проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбымен, мақсатымен жəне бағалау критерийлерімен таныстырады.

Сабақтың ортасы (31 мин.)

ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін).

(МК, Т) Оқулықпен жұмыс. «Жəшіктегі кітаптар» əдісі

Ортаға əсем безендірілген жəшік əкелінеді.

Мұғалім: «Сыртындағы суреттерге қарап, осы жəшіктің ішінде не бар екенін тапқан оқушыға сыйлығымыз бар», дейді.

Оқушылар: «Кітап», – деп жауап береді. Мұғалім: «Дұрыс, кітап!» дейді.

Оқушылардың əрқайсысы өз кітаптарын алып, 5 минут көлемінде мұғалімнің тапсырмасы бойынша кітаптағы тақырыптың мəтінін оқып, қарап шығады. Содан соң балаларға 5 минуттай бір-біріне осы оқулықтағы тақырып туралы ойларын жеткізу тапсырылады. Бір-біріне сұрақтар қойып, ойларын толықтырады.

Интерактивті тақта.

Оқулық.


Жұмыс дəптері.


(МК Д)

Компьютермен жұмыс

  1. Компьютерді іске қосамыз.

  2. Блокнотты іске қосамыз. Ол үшін Жұмыс үстелінде тінтуірдің оң батырмасын қолданамыз.

  3. Жасау (Создать) => Мəтіндік құжат (Текстовый

документ) командаларын орындаймыз.

  1. тапсырма. Пернетақтада мына сөздерді тер.

  2. тапсырма. Алдымен қате сөздерді тер, содан кейін оларды түзе.

  3. тапсырма.

Пернетақтадан мына символдарды

тер.

Дескриптор

  • Оқулықтағы мəтінді оқиды.

  • Топта өзара талдап, талқылайды.

  • Бір-біріне сұрақтар қойып, түсінбеген жерлерін толықтырады.

  • Оқулықта берілген практикалық жұмысты орындайды.

Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды

«Мадақтау сөз» əдісі арқылы бағалайды.

Жарайсың! Жақсы!

Талпын!


Интерактивті тақта.


(Ж) 1- тапсырма. Берілген кестедегі сөздерді теруде қате жіберілген. Осы қателерді тауып, жөндеу ретін ұсыныңдар.

Дескриптор

  • Тапсырмамен танысып, талқылайды.

  • Кестеде берілген сөздердің дұрыс терілуін ұсынады.

    • Түзетілген сөздерді жазады.

Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды

«Мадақтау сөз» əдісі бойынша бағалайды.

Жарайсың! Жақсы!

Талпын!


Интерактивті тақта


(Ө) 2-тапсырма.

Жұмыс дəптері

«Перненің атауын қызметімен сəйкестендір» тапсырмасын орында.

  • Тапсырмамен танысады.

  • Перненің атауы мен қызметін сəйкестендіреді.

Оқушылар тапсырманы дұрыс немесе бұрыс орындағанына қарай өзін-өзі

«Мадақтау сөз» əдісі бойынша бағалайды.

Жарайсың! Жақсы! Талпын!


Интерактивті тақта

Сабақтың соңы (7 мин.)


Сабақты бекіту. Рефлексия

(Ө) «Жетістік баспалдағы» əдісі

«Жетістік баспалдағы» əдісі оқушылардың қандай білім баспалдағында тұрғандарын, өткен материалды меңгеруге қай баспалдақта тұрғандығын анықтайды. Баспалдақ тақтаға ілінеді (ватманда, қағаз парағында). Балалар өздері орындаған жұмысты магниттермен немесе стикерлермен өздері қалаған баспалдаққа орналастырады.

Не үшін ондай баға қойғандарын түсіндіреді.

Мұғалім оқушылардың белсенділігіне қарай «Мадақтау сөз» əдісі бойынша бағалайды: Жарайсың!

Жақсы! Талпын!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
08.10.2025
80
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі