400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Перпендикуляр және көлбеу. ҚМЖ 10 сынып ҚГБ геометрия 2 тоқсан.

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ 10 сынып ҚГБ геометрия 2 тоқсан. Оқу мақсаттары: 10.3.5 – кеңістіктегі перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы анықтамаларын білу;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Таныстым:

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

Момынай жалпы орта білім беретін мектебі

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Пәні: Геометрия ҚГБ

Тақырыбы: Перпендикуляр және көлбеу

Бөлім:

10.2А Кеңістіктегі перпендикулярлық

Педагогтің Т.А.Ә.

Алиева Гүлжан Аманкулкызы

Күні:

21.11.2023ж

Сынып: 10 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Перпендикуляр және көлбеу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.3.5 – кеңістіктегі перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы анықтамаларын білу;

Сабақтың мақсаты

  • кеңістіктегі түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығын анықтау;

  • кеңістіктегі перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекцияларын анықтау.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар


Сабақтың басы

Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарын сабаққа аудару
Жағымды психологиялық ахуал орнату.

Оқу мақсаттарымен таныстыру.

Үй тапсырмасын тексеру.


Жинақтала

ды,сабаққа ынталанады.









Оқулық.

Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ түсіндіру.

Жазықтық пен осы жазықтықта жатпайтын нүкте берілген.

Берілген нүктеден берілген жазықтыққа түсірілген перпендикуляр деп берілген нүктені берілген жазықтық нүктесімен қосатын және жазықтыққа перпендикуляр түзуде жатқан кесіндіні атайды. Бұл кесіндінің жазықтықтағы ұшы перпендикулярдың табаны деп аталады. Нүктеден жазықтыққа дейінгі қашықтық деп осы нүктеден жазықтыққа түсірілген перпендикулярдың ұзындығын атайды.

Берілген нүктеден жазықтыққа жүргізілген көлбеу деп жазықтыққа перпендикуляр емес, бір ұшы берілген нүктеде, екінші ұшы жазықтықта жататын кез келген кесіндіні атайды. Кесіндінің жазықтықтағы ұшы көлбеудің табаны деп аталады. Бір нүктеден жүргізілген перпендикуляр мен көлбеудің табандарын қосатын кесіндіні көлбеудің осы жазықтықтағы проекциясы деп атайды. Суретте AB – перпендикуляр, B нүктесі AB перпендикулярының жазықтықтағы табаны, AC – көлбеу, C нүктесі – көлбеудің табаны, BC – көлбеудің α жазықтығындағы проекциясы.

Егер перпендикуляр мен көлбеу бір нүктеден жүргізілген болса, перпендикуляр әрдайым көлбеуден қысқарырақ болады.

Тапсырмалар орындау. Жеке жұмыс

1. А нүктесінен жазықтыққа ұзындықтары әр түрлі АВ мен АС көлбеулері және АН перпендикуляры жүргізілген. Егер АВ = 20 см, ВН = 16 см, АС = 15 см тең деп, АС көлбеуінің проекциясын тап.















2. А нүктесінен жазықтыққа АВ мен АС көлбеулері және АН перпендикуляры жүргізілген. АВН=45 , АСН=60 . АВ = 8 см болса, көлбеулердің проециясы неге тең болады?

















3. Берілген жазықтыққа қандай да бір нүктеден перпендикуляр және көлбеу жүргізілген. Олардың арасындағы бұрыш -ге тең.

  1. Егер перпендикуляр d-ге тең болса,

  2. көлбеуді және оның берілген жазықтыққа проекциясын табыңыз.

2) Перпендикулярды және көлбеу m-ге тең болғанда оның проекциясын табыңыз.



4. жазықтығына тиісті емес А нүктесінен осы жазықтыққа АО перпендикуляры және АВ мен АС екі көлбеу жүргізілген. , АО 1,5 см екені белгілі. Көлбеулердің арасындағы қашықтықты табыңыз.

Қосымша практикалық тапсырма. жазықтығы және осы жазықтықта жатпайтын А нүктесі берілсін. Сызбада сызып көрсетіңіздер:

Сурет 2.

1) А нүктесінен жазықтығына жүргізілген перпендикуляр;

2) А нүктесінен жазықтығына жүргізілген көлбеу;

3) Көлбеудің проекциясы.

Аталған ұғымдарды қалай түсінесіздер?

Осы ұғымдарға анықтама беріңіздер.

Жаңа сабақты меңгереді.

















Сызбалармен жұмыс жасайды



























































Тапсырманы өз бетінше орындайды

































































Тез орындап болған оқушыларға қосымша тапсырмалар беріледі.

























Мақтау, мадақтау әдісі арқылы бағаланады.

















































Әрбір дұрыс жауапқа 1 балл.

































































Дұрыс жауапқа 2 балл беріледі.

bilimland.kz
























































Сабақтың соңы

Үй жұмысы: №

Рефлексия.

Оқушылар өз ойларын карточкаға жазады:

  • Бүгін мен білдім …

  • Қызық болды …

  • Мен мынаны түсіндім …

  • Маған не түсініксіз болып қалды …

  • Мен тағы білгім келеді

Үй жұмысын алады.

Рефлексияны орындайды









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
15 ұстаз жүктеп алған
21.11.2023
1359
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі