400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Перспектива"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға бейнелеу өнерінің негізгі заңдылықтарының бірі перспектива заңдылығының негізгі ережелерімен таныстыру. Перспектива заңдылықтары арқылы қоршаған ортаны табиғатты танып білуі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Перспектива

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға бейнелеу өнерінің негізгі заңдылықтарының бірі перспектива заңдылығының негізгі ережелерімен таныстыру. Перспектива заңдылықтары арқылы қоршаған ортаны табиғатты танып білуі.

Дамытушылық: Білімдерін кеңейту, дүниетанымды қалыптастыру. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эмоциялық сезімдерін, танымдық күштерін, ой-өрісін, қиялын, оқуға, өнерге қызығушылықтарын дамыту, эстетикалық талғамдары мен қажеттіліктеріне қарай бейнелеу іс-әрекетіне машықтандыру.

Тәрбиелік: Туған ел табиғаты, оның сұлулығы мен көркемдігін бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.



Сабақтың әдісі: Шығармашылық жұмыс, топтастыру, талдау, іздендіру.



Көрнекілігі: Перспективалық көрініс суреттері, сызбалар, оқушыларға арналған Paint программасымен жеке жаттығу жұмысы, слайдтар т.б.



Пән аралық байланыс: Сызу, дүниетану

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу, оқушының сабаққа қатысуын және дайындығын тексеру. Оқушы назарын сабаққа аудару.

ІІ.Өткен сабаққа шолу жасау.

Қайталау. Экспресс тест алу (слайд)

-Композиция дегеніміз не?

Көркем шығарма бөліктерінің орналасуы және олардың бірлігі.

-Көкжиек сызығы дегеніміз не?

-Бейнелеу өнерінің жанрларын атап бер?

Графика, живопись, пейзаж, натюрморт, портрет, перспектива т.б.



ІІІ.Сабақтың мақсатын қою.

-Балалар бүгін біз бейнелеу өнеріндегі негізгі заңдылықтардың бірі перспектива заңдылығымен танысамыз.



IV.Жаңа білім беру. Презентациялық слайдтар көмегімен түсіндіру.



Перспектива 1 шаршы кенепте немесе қағаздың бетіне Кеңістікті қалай бейнелеу туралы ілім.

Перспектива латынның «perspicio» - «тасадағыны көре білу» деген сөзінен шыққан.

Перспективаның заңдары өте көп. Соның ең басты екеуін суретшілер қалайда білуге тиіс.

1.Зат бізден неғұрлым алыс тұрса, соғұрлым кішкентай болып көрінеді.

2.Параллель сызықтар бізден алыстаған сайын арасы жақындап көкжиекте бір нүктеге тоғысып тынады.



Перспектива заңдылығын алғаш ашқандардың бірі – Қайта өрлеу дәуіріндегі атақты итальян сәулетшісі және суретшісі Филиппо Брунеллески, сонымен қатар Перспектива заңдылығын зерттеу кезінде неміс суретшісі – Альбрехт Дюрер үлкен үлес қосқан.

Филиппо Бруноллески Альбрехт Дюрер





Перспектива түрлері:



1.Сызықтық перспектива.



2.Ауа перспективасы.



3.Жарық пен көлеңке перспективасы болып бөлінеді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
2439
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі