400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Перспектива

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшаға
Материалдың қысқаша нұсқасы

ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ЖОСПАР

Кіші топ 2019 жыл Қыркүйек айы «Ботақан» тобы

Өтпелі тақырып: «Балабақша».

(Қыркүйек)

1. апта «Менің балабақшам».


Денсаулық

Дене шынықтыру (3сағат)

Коммуникация

Сөйлеуді дамыту (1)

Көркем әдебиет (0,5)

Орыс тілі (0,5)

Таным Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру (1 с) Жаратылыстану (1с) Құрастыру (0,5)

Шығармашылық

Сурет салу (1с)

Музыка (1,5с)

Мүсіндеу (0,25)

Апликация (0,25)

Әлеумет

Қоршаған ортамен танысу (0,25)

Экология негіздері (0,25)

Дене шынықтыру.

1.Сапта бір-біреуден жүру және жүгіру. Қос аяқпен секіру. Қарама-қарсы отырып, аяқты алшақ ұстап допты домалату. Қимылды ойын: «Топқа саяхат». 2. Сапта бір-біреуден жүру және жүгіру. Қарама-қарсы отырып, аяқты алшақ ұстап допты домалату. 4-6 м арқашықтыққа еңбектеу. Қимылды ойын: «Қуыршаққа қонаққа барамыз». 3. Сапта бір-біреуден жүру және жүгіру. 4-6 м арқашықтыққа еңбектеу. Қос аяқпен секіру. Қимылды ойын: «Допты қуып жет».

Сөйлеуді дамыту:

Тақырыбы: «Топпен таныстыру».( саяхат)

Мақсаты: Топ бөлмелері мен топтағы заттарды, заттардың бөлшектерін ажыратып атауға, сөздегі дыбыстарды анық айтуға үйрету.

Әдіс-тәсілі :

1. Е. Өтетілеуов өлеңі.

2. Д\о: «Бұл қандай жиһаз»

3. Сергіту сәті.

4. д\о «Нені қайда қоямыз».

5. Санау жаттығу.

Көркем әдебиет:

Тақырыбы:«Жұмыстың бәрі жақсы»

Мақсаты:Балабақша туралытүсініктерін кеңейту, әңгімеоқып беріп оқиғаны эмоционалды қабылдауға үйрету.

Қоршаған ортаның жан-жақтылығы жайлы түсініктерін


Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: «Таңертен. Үлкен-кіші. Бір-көп.»

Мақсаты: таңертен-тәулік бойымен таныстыру.

Әдіс-тәсілі:

1.Жұмбақ

2. С. Әлімқұловтың «Тан»

3.Бұл қай кезде болады?

4.Сергіту минуты

5. «Бір және көп ойыны»

Құрастыру.

Тақырыбы: «Орындық және кресло.»

Мақсаты:Әртүрлі құрылыс материалдарымен таныстыру,

Жаратылыстану

Тақырыбы: «Балабақша өсімдіктері»

Мақсаты:Балабақшаның ауласындағы өсімдіктерді, ағаштарды, гүлдерді бақылау жасау, олардың өзіне тән белгілерін байқап, сипаттай білуді үйрету.



Сурет салу:

Тақырыбы: « Сиқырлы таяқша»

Мақсаты: бала-ды қағаз түрлерімен және түрлі-түсті қарандаштарымен таныстыруды жалғастыру. Сурет салуға қызығушылығын арттыру. Әдіс-тәсілі:

  1. Дид-қ ойын: ғажайып қорап

  2. Саусақ жаттығуы

  3. Бұл қандай түс дид-ойын

  4. Балалар жұмысы.

  5. Мадақтау.

Музыка

Түрлі сипаттағы әндердің мазмұны үйрету

Аппликация

Тақырыбы: Ұшақ

Мақсаты: Көлік түрлері туралы білімдерін нақтылау, аспан денелерін ажырата білуді үйрету

Қоршаған ортамен танысу.

Тақырыбы:«Балабақша- біздің екінші үйіміз.»

Мақсаты:Балабақшаның отбасына ұқсайтынын көрсету,балабақша қызметкерлерінің мамандықтары туралы білім беру (медбике6 аспаз): ересектердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. Балалардың бір-біріне деген мейірімді қарым-қатынасын тәрбиелеу: бала-дың жағымды көңіл –күйлерін дамыту.

Әдіс-тәсілі:

  1. Ғажайып сәт

  2. М. Әлімбаев Балабақша

  3. Сурет бойынша жұмыс

4.Сергіту сәті

Балалармен жұмыс жасау.















2. апта «М енің достарым»



Дене шынықтыру.1.Сапта бірінің артынан бірі жүру және жүгіру. Қарама-қарсы отырып, аяқты алшақ ұстап допты домалату. Қимылды ойын: «Менің досым». 2.Сапта бірінің артынан бірі жүру және жүгіру. «Жыланша» арасы алшақ тұрған заттар арасымен еңбектеу. Қимылды ойын: «Кім жылдам?»
3.Сапта бірінің артынан бірі жүру және жүгіру. «Жыланша» арасы алшақ тұрған заттар арасымен еңбектеу. Қарама-қарсы отырып, аяқты алшақ ұстап допты домалату. 
Қимылды ойын: «Көңілді доптар».




Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Ойыншықтар достығы.»

Мақсаты: Достық туралы түсінік беру, зат есімдердің жекеше түрін қолдануға, ересектердің сөзін зейін қойып тыңдауға және түсінуге үйрету.

Русский язык

Тема: «Игрушки»

Цель:научить детей слушать, запоминать и правильно произносить русскую речь, формировать навыки понимания и восприятия названий некоторых предметов быта; правильно ставить ударение в словах при произношении




Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: «Күндіз шеңбер.Бір-көп.»

Мақсаты:Күндіз-тәулік бөлігімен таныстыру. Шеңбер туралы түсініктерін қалыптастыру.«Көп», «Біреу» ұғымдарын бекіту, заттарды бір қатарға реттілікпен солдан оңға қарай орналастыруды үйрету.

Жаратылыстану Тақырыбы: «Бақшаға біз барамыз көкөністер аламыз» Мақсаты:Сипап сезу және дәмін тату арқылы көкөністер мен жемістерді ажыратып, атай білуге сөйлегенде: шикі, піскен, тұзды және т.б. сөздерді қолдануға үйрету.




Сурет салу

Тақырыбы: «Қоянға арналған көкеністер»

Мақсаты: Балалардың қылқаламмен бояу дағдыларын ұалыптастыру, қызығушылықтарын арттыру. Сопақ және дөңгелек заттардың суретін салуға, олардың көркемдік сипатын бейнелеуге үйрету.

Музыка Түрлі сипаттағы аспапта орындалған пьесаларды тыңдауға, бірдей қарқында ән салуға, бірінің артынан бірі жүру барысында би ырғағын игеруді үйрету

Музыка Түрлі сипаттағы аспапта орындалған пьесаларды тыңдауға, есте сақтауға, әнді сергек, ширақ, әндете, айтуға, әуенмен бірге би қозғалыстарының қарапайым элементтерін орындауға үйрету



3. апта «Менің сүйікті ойыншықтарым».




Дене шынықтыру. 1.Тізені жоғары көтеріп жүру және аяқтың ұшымен жүгіру. Қарама-қарсы отырып, аяқты алшақ ұстап допты домалату. Тепетеңдікті сақтай отырып, бір-бірінен 10 см қашықтықта орналасқан тақтай бойымен жүру. Қимылды ойын: «Сылдыр-сылдыр сылдырмақ». 2.Тізені жоғары көтеріп жүру және аяқтың ұшымен жүгіру. Тепетеңдікті сақтай отырып, бір-бірінен 10 см қашықтықта орналасқан тақтай бойымен жүру. 2-3 м қашықтыққа алға жылжи отырып секіру.Қимылды ойын: «Менің добым». 3.Тізені жоғары көтеріп жүру және аяқтың ұшымен жүгіру. 2-3 м қашықтыққа алға жылжи отырып секіру. Қарама-қарсы отырып, аяқты алшақ ұстап допты домалату. Қимылды ойын: «Қонжыққа қарай жүгірейік».



Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Сүйікті ойыншықтар.

Мақсаты:Ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту, заттарды жалпы белгілері бойынша топтастыруға, сөздерді жіктелуіне қарай байланыстыруға үйрету.

Көркем әдебиет

Тақырыбы:Ойыншықтар дүкені.

Мақсаты:Ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту, тақырыпқа сәйкес тақпақтың интонациясын сақтап айтуға үйрету.




Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Тақырыбы: Таң,күндіз,кеш,түн.Сол жақта-оң жақта дайын пішіндерді жапсыру.

Мақсаты:Балаларды геометриялық пішіндер шеңбер және шаршымен таныстыру, олардың пішінін қолмен ұстап көру арқылы зерттеуге үйрету.

Құрастыру.



Тақырыбы: Қақпа.

Мақсаты: Құрылыс материалдарын түсіне, пішініне сәйкес дұрыс пайдаланып биік және аласа қақпаларды құрастыра білуге үйрету, текшелерді бірінің үстіне бірін қоюға, кеңістікті дұрыс бағдарлай алуға дағдыландыру.

Жаратылыстану Тақырыбы:Сүйікті ойншығым қонақта Мақсаты:Көкөністерді, жемістер мен саңырауқұлақтарды жинау туралы түсінік беру,




Сурет салу

Тақырыбы: Сүйікті ойыншықтар

Мақсаты:Балалардың ойыншықтар жайлы түсініктерін кеңейту. Өз ойыншықтарын әңгімелету арқылы сөздік қорларын молайту. Сүйікті ойыншықтарының суретін салуға жаттықтыру.

Музыка Пьесаның көңілді мазмұнына эмоциялы көңіл-күй танытуға үйрету

Мүсіндеу

Тақырыбы: «Доп»

Мақсаты:доп туралы жапы түсініктерін кеңейту.

Ермексаздан жұмыр пішінді ойыншық доп жасауды үйрету

Әдіс-тәсілі: 1.«Кім епті» ойыны

Жұмбақ жасыру, доп.

Бұл қандай доп?

3 Саусақ жаттығуы

4.Балалар жұмысы

5. Сергіту




Экология негіздері

Тақырыбы: Түлкі бізде қонақта

Мақсаты:

Түлкінің тіршілік ортасы туралы түсінік беру. Түлкінің жабайы жануар екенін мысалдар келтіру арқылы түсіндіріп, балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.


4. апта «Жиһаздар».




Дене шынықтыру. 1.Аралықты сақтай отырып жүру және жүгіру. 2-3 м қашықтыққа алға жылжи отырып секіру. Допты қақпадан асыра лақтыру. Қимылды ойын: «Өз үйіңді тап!»2.Аралықты сақтай отырып жүру және жүгіру. Допты қақпадан асыра лақтыру. Тепе-теңдікті сақтай отырып, бір-бірінен 10 см қашықтықта орналасқан тақтай бойымен жүру. Қимылды ойын: «Орындыққа тез жет!»3.Аралықты сақтай отырып жүру және жүгіру. Қимылды ойын: «Жолыңмен жет»



Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Қуыршақ Әйгерімнің бөлмесі.»

Мақсаты:Жиһаздар туралы түсініктерін кеңейту, сөздік қорды заттардың қасиетін білдіретін сөздермен толықтыруға үйрету.

Русский язык

Тема: «Магазин игрушек»

Цель: обучать правильному произношению гласных звуков, формировать навыки понимания и восприятия названий игрушек, отвечать на короткие вопросы простыми предложениями.



Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Тақырыбы:«Шаршы.Ұзын-қысқа. Сол жақта-оң жақта.»

Мақсаты:Ұзындығы бойынша түрлі заттарды салыстыруға, ұзын, қысқа сөздерін қолдануға үйрету.

Жаратылыстану

Тақырыбы: Тиінге арналған жиһаз Мақсаты:Жиһаздар туралы түсініктерін қалыптастыру жиһаз бөліктері білімдерін бекіту, тілін зейінін, логикалық ойлауындамыту: жиһаздарды қорғау қатынасын тәрбиелеу.




Сурет салу

Тақырыбы: «Диван және төсек»

Мақсаты: Балаларды құрылыс материалдарын дұрыс жұмыс жасай білуге, олардың түсін, пішінің, кқлемін ажырата алуға дағдыландыру.

Музыка Музыкалық ойыншық аспаптардан (сылдырмақтың) дыбыс шығаруын ажыратуға, әннің сөздерін анық, нақты түсініп орындауға, музыка сипатына қимылмен жауап беруге үйрету






















Өтпелі тақырып: «Менің отбасым».

(Қазан )

1.апта «Менің отбасым, атааналар еңбегі».




Дене шынықтыру. 1.Тапсырманы орындай отырып, сапта бір-біреуден жүру және жүгіру. 2-3 м қашықтыққа алға жылжи отырып секіру. Қарама-қарсы отырып, аяқты алшақ ұстап допты домалату. Қимылды ойын: «Біз көңілді отбасымыз» . 2.Тапсырманы орындай отырып, сапта бір-біреуден жүру және жүгіру. Қарама-қарсы отырып, аяқты алшақ ұстап допты домалату. Қос аяқпен секіру.Қимылды ойын: «Жапырақтар жинау».3.Тапсырманы орындай отырып, сапта бір-біреуден жүру және жүгіру. Қос аяқпен секіру. Тепе-теңдікті сақтай отырып, бір-бірінен 10 см қашықтықта орналасқан тақтай бойымен жүру. Қимылды ойын: «Отбасымен таңертең жаттығу біз жасаймыз».



Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Менің сүйікті анам «

Мақсаты: Сұрақ жауап әдісі арқылы әңгіме құрастыруды үйретуді жалғастыру алгоритімдік ойлау машықтарын дамыту. Сөз тіркестерін ( анам мейірімді, әдемі балаларды жақсы көреді оларға қамқоршы), сөздерді және дыбыстарды анық дауыстап айтуға жаттықтыру. Анасы туралы пікірін тиянақты, еркін жеткізе білуге талпындыру. Үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Көркем әдебиет Тақырыбы: «Әке мен бала» Мақсаты: Ересектермен қарым-қатынас ережелерін сақтауға үйрету, еңбекке деген қызығушылықтарын қалыптастыру және оның нәтижесін құрметтеуге жетелеу.



Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: «Әртүрлі заттар тобын салыстыру және теңеу.»

Мақсаты: Заттарды саны бойынша салыстыру дағдыларын қалыптастыру. Бір затты екіншісіне үстіне және жанына қойып тұстастыру арқылы салыстыруға үйрету.

Құрастыру

Тақырыбы: Анама сыйлық

Мақсаты: Өағазбен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, анаға сыйлық жасау үшін қағаздан умаждап гүлдер жасай білуге үйрету, ата-анасын сыйлап құрметтей білуге тәрбиелеу.

Жаратылыстану

Тақырыбы: Шақырамыз күзді шын ниетпен ізгі.

Мақсаты: Балаларды табиғат құбылыстарымен таныстыруды жалғастыру.


























Сурет салу

Тақырыбы: «Анама арналған моншақтар.»

Мақсаты: Балаларға дөңгелек болып сызылған жіпке гуашь бояуымен бірдей көлемде дөңгелек моншақтардың суретін салуды үйрету. Моншақтың сәндік бұйым екендігін түсіндіру арқылы эстетикалық талғамын дамыту, көркемдік талғамдыққа тәрбиелеу.

Музыка

Аспаптық пьесалардың қарамақарсы әуендерін қабылдауға, әнді таза, түсінікті, көңілді айтуға, музыка бөліктерінің өзгеруіне қимылмен жауап беруге үйрету.

Аппликация

Тақырыбы: «Қызғылт жапырақтар.»

Мақсаты

Бейнеленген заттарға сәйкес түрлі түсті қағаздардан дайын үйрету




Қоршаған ортамен танысу

Тақырыбы: «Отбасы мүшелері»

Мақсаты: Отбасылық суреттерді қарастыруға және отбасы мүшелері мен олардың әрекеттерін, қазақ және басқа халықтардың тұрмыстық заттарын атауға үйрету.

2.апта «Біздің көше».




Дене шынықтыру. 1. Тоқтап және заттардың арасымен тапсырманы орындай жүгіру, текшенің үстінде тепе-теңдік сақтап тұру, қос аяқпен алға жылжи секіру. Қимылды ойын: «Біз саяхаттамыз». 2. Қойылған заттардың арасымен «ирелеңдеп» еңбектеу. Қимылды ойын: «Жалғызаяқ жолмен»3. қимылды белгілі тәсілмен, белгіленген бағытта нұсқау бойынша бастап, жеңіл секіру. Қимылды ойын: «Кім баяу?»




Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Мен тұратын көше

Мақсаты:

Өзінің тұратын көшесі туралы әңгімелесу, сөздік қорды заттардың сапасын білдіретін сөздермен толықтыруға, зат есімдерді жекеше, көпше қолдануға үйрету.

Русский язык

Тема: «Мой дом»

Цель: Развивать артикуляционный аппарат, называть некоторые предметы ближайшего окружения, учить правильно ставить ударение в словах при произношении.



Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: «Үшбұрыш бір-көп. Логикалық тапсырма»

Мақсаты: Жаңа геометриялық пішін үшбұрышпен таныстыру, үшбұрышты сезім қозғалыс түйсіктері арқылы сезінулерін дамыту, үшбұрышты заттарды табуға үйрету.

Жаратылыстану

Тақырыбы:

Мақсаты: «Күннің мол пайдасы»

Мақсаты: Күн туралы түсініктерін кеңейту: күннің көзінен жылу мен жарық тарайтындығын бақылау, талдау жасай білуге үйрету. Мейірімділікке, қоршаған ортаға қамқор болуға тәрбиелеу.



Сурет салу

Тақырыбы: «Түзу жолда мен жүремін тура»

Мақсаты: Балалардың бояумен сурет салуға қызығушылықтарын арттыру. Қылқаламды оң қолдарына ұстап сурет салуға жаттықтыру, саусақтың ұсақ бұлшықеттерін дамыту. Жолақ жолдарға бояуды біркелкі жаға білуге дағдыландыру, қағаз бетінде кеңістікті бағдарлауға үйрету. Іздің әртүрлі пңшңндерін байқаты. Ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.

Музыка Әннің қарама-қарсы әуендерін қабылдауға, әнді таза, түсінікті, көңілді айтуға, музыка бөліктерінің өзгеруіне қимылмен жауап беруге үйрету.

қарапайым элементтерін орындауға үйрету





3. апта «Үйдегі және көшедегі қауіпсіздік».


Дене шынықтыру. 1.Тізені жоғары көтеріп жүру және аяқтың ұшымен жүгіру. «Жыланша» арасы алшақ тұрған заттар арасымен еңбектеу. Тепетеңдікті сақтай отырып, бірбірінен 10 см қашықтықта орналасқан тақтай бойымен жүру. Қимылды ойын: «Абайла, балақай!».2.Тізені жоғары көтеріп жүру және аяқтың ұшымен жүгіру. Тепе-теңдікті сақтай отырып, бірбірінен 10 см қашықтықта орналасқан тақтай бойымен жүру.2-3 м қашықтыққа алға жылжи отырып секіру. Қимылды ойын: «Таяқшадан аттап өт»3.Тізені жоғары көтеріп жүру және аяқтың ұшымен жүгіру. 2-3 м қашықтыққа алға жылжи отырып секіру. «Жыланша» арасы алшақ тұрған заттар арасымен еңбектеу.Қимылды ойын: «Қоңырауды сылдырлат».

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Әйгерімнің ойыншықтары.»

Мақсаты:

Балалардың ойыншық туралы түсініктерін кеңейту. Балалардың сөздік қорын байыту, үлгі және педагогтің сөздері бойынша заттардың белгілі бір түсімен мөлшерін ажыратуға жаттықтыру, (текше, кішкентай үлкен, әдемі, көп, қызыл чупа-чупс). Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты, таза ұстауға тәрбиелеу.

Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Қасқыр мен жеті лақ ертегісі»

Мақсаты:

Ертегіні оқу, тіл байлықтарын молайту, ертегінің мазмұнын, дауыс ырғағын келтіре айтуға жаттықтыру, қиын кезде достарына көмектесе білуге тәрбиелеу.

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: «Кеш. Үлкен – кіші. Бір-көп.»

Мақсаты:

Кеш тәулік бөлігімен таныстыруды жалғастыру; Тәулік бөлігін ажырата білулерін қалыптастыру. Үлкен – кіші түсініктерін бекіту; заттарды көлеміне қарай сәйкестендіру. Қабілетін пысықтау; Бір зат қайда, көп зат қайда тұрғанын ажырата білуге және нәтижесін сөзбен баяндау.

Құрастыру

Тақырыбы: «Үйлер «

Мақсаты :Құрылыс материалдарын пайдаланып бір немесе көп қабатты үйлерді және мұнараларды құрастыра білуге үйрету.

Жаратылыстану

Тақырыбы: Фермаға саяхат

Мақсаты:

Үй жануарларымен таныстыру;

Сурет салу

Тақырыбы: «Алжапқышты әшекейлейміз.»

Мақсаты:

Балалардың алжапқыш туралы түсініктерін жетілдіру. Алжапқышты ұлттық ою-өрнектермен әшекейлеуді үйрету. Іскерлік дағдыларын қалыпьтастыру, алжапқышты әдемілеп әшекейлеу арқылы эстетикалық талғамын дамыту. Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Музыка

Түрлі сипаттағы аспапта орындалған пьесаларды тыңдауға, бірдей қарқында ән салуға, бірінің артынан бірі жүру барысында би ырғағын игеруді үйрету

Музыка Түрлі сипаттағы аспапта орындалған пьесаларды тыңдауға, үйрету.

Мүсіндеу

Тақырыбы: «Әжеге арналған сыйлық.»

Мақсаты: нанның қасиеті туралы әңгімелеу тәрбиелеу.


Экология негіздері

Тақырыбы: «Орман тұрғындары»

Мақсаты:

Жабайы жануарлар туралы туралы түсініктерін байыту; Жабайы жануарлардың (аюғ қоян, түлкі, қасқыр) сипаттық белгілерін байқай білуге үйрету; жабайы жануарларды ажырата білулерін бекіту. Заттардың қасиеттерімен құрамын бөле білуге жаттықтыру;



4.апта «Алтын күз».


Дене шынықтыру. 1.Аралықты сақтай отырып жүру және жүгіру. 2-3 м қашықтыққа алға жылжи отырып секіру. Допты қақпадан асыра лақтыру. Қимылды ойын: «Орманға саяхат» . 2.Аралықты сақтай отырып жүру және жүгіру. Допты қақпадан асыра лақтыру. Тепетеңдікті сақтай отырып, бірбірінен 10 см қашықтықта орналасқан тақтай бойымен жүру.Қимылды ойын: «Алма бағы».3.Аралықты сақтай отырып жүру және жүгіру. Тепе-теңдікті сақтай отырып, бір-бірінен 10 см қашықтықта орналасқан тақтай бойымен жүру. 2-3 м қашықтыққа алға жылжи отырып секіру.Қимылды ойын: «Сары жапырақтарды теру».

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Сары алтындай сары күз!»

Мақсаты: Күз туралы түсініктерін кеңейту, әңгімелесу кезінде берілген сұрақтарды тыңдауға және түсінуге, киімдерді топтастыруға үйрету, тақырыпқа сәйкес шағын тақпақ жаттату.

Русский язык

Тема: «Золотая осень»

Цель: обучать правильному произношению гласных звуков, называть времена года и некоторые явления природы, отвечать на короткие вопросы простыми предложениями

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: «Биік-Аласа. Бір-көп.»

Мақсаты

Суретте және өзіңе тікелей жақын кеңістікке орналасу бағытын ажыратумен атап көрсету (биік-аласа). Кеңістіктердегі бағыттарын анықтап үйрету. Биік-аласа; таныс заттарды санына қарай салыстыруды жалғастыру; Суреттегі және кеңістіктегі бағыттарды ажырата және атай білуге үйрету. (Биік-аласа) Бірлесіп ойнайтын ойындарға қызығушылықтарын арттыру.

Жаратылыстану

Тақырыбы: «Жеміс бағына саяхат»

Мақсаты

Балаларда сыйлары туралы түсініктерін қалыптастыру; жемістер туралы білімдерін бекіту; көру арқылы заттардың пішінін анықтауға үйрету. Табиғатқа деген мейірімділікті тәрбиелеу.

Сурет салу

Тақырыбы: «Алтын күз»

Мақсаты

Балалардың күзгі табиғат құбылыстарын ерекшеліктерін әсерлі қабылдай білуін қалыптастыру. Күздің бейнесін сюжетті сурет салу барысында жапырақтарды әр жеріне қыл қаламның ұшын басып жағу тәсілімен салуды үйрету. Табиғат өсімдігін сезіну арқылы этетикалық тәрбие беру.

Музыка

Тақырыбы:

Мақсаты:Музыкалық ойыншық аспаптардың (сылдырмақтың, барабанның) дыбыс шығаруын айыра білуге, айтатын әннің мазмұнына көңіл бөлуге, әуенмен бірге би қозғалыстарының қарапайым элементтерін орындауға үйрету





Өтпелі тақырып: «Дені саудың жаны сау».

(Қараша)

1. апта «Өзім туралы».


Дене шынықтыру. 1.Тапсырманы орындай отырып, сапта бір-біреуден жүру және жүгіру. 2-3 м қашықтыққа алға жылжи отырып секіру. Қарама-қарсы отырып, аяқты алшақ ұстап допты домалату. Қимылды ойын: «Біз көңілді отбасымыз». 2.Бағытты өзгертіп жүру және жүгіру. 2-3 м қашықтыққа алға жылжи отырып секіру. Еденге қойылған тақта бетімен еңбектеу. Қимылды ойын: «Тез жет» 3.Бағытты өзгертіп жүру және жүгіру. Еденге қойылған тақта бетімен еңбектеу. Тұрған орнынан ұзындыққа секіру. Қимылды ойын: «Тиіп кетпе».

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Менің дене мүшелерім.»

Мақсаты: Өзінің дене мүшесін ажыратып атауға, дене мүшелерінің атқаратын қызметтерін айтуға, сөздерді жіктелуіне қарай байланыстыруға үйрету.

Көркем әдебиет

Тақырыбы:«Біз дәрігерде қонақта болдық.»

Мақсаты:

Өзі, дене мүшелері туралы әңгімелесу, тақырыпқа сәйкес шығармадағы бейнелі сөздерді есте сақтауға үйрету.

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: «Бір-бірінің үстіне қойып және жанына қойып салыстыру.»

Мақсаты: Бір-біоіне қарама-қарсы екі затты салыстыру: арқылы зейінін дамыту.

Құрастыру

Тақырыбы: «Кеме»

Мақсаты: Әртүрлі пішіндегі бөлшектерден қарапайым құрылыстар құрастыруға үйрету.

Жаратылыстану

Тақырыбы: Үй жануарлары және олардың төлдері.

Мақсаты: Үй жануарлары төлдерінің сыртқы келбетінің тіршілік әрекетімен таныстыру.

Сурет салу

Тақырыбы: «Шуақты күн.»

Мақсаты: Дөңгелек пішінді заттарды салуды жетілдіру, күннің суретін салу оны бояумен бояуға үйрету.

Музыка (Ән)

Тақырыбы:

Мақсаты: Пьесаның көңілді мазмұнына эмоциялы көңіл-күй танытуға, әнді ширақ айтуға, жоғары және төменгі дыбысталуды ажыратуға үйрету.

Музыка (Би)

Тақырыбы:

Мақсаты:Пьесаның көңілді мазмұнына эмоциялы көңі-күй танытуға, әнді созылыңқы айтуға, әуенмен бірге би қозғалыстарының қарапайым элементтерін орындауға үйрету

Аппликация

Тақырыбы: «Тәрелкедегі қиярлар және қызанақтар»

Мақсаты: Ірі және ұсақ элементтерге желімді жағып орналастыруға, тақырыпқа сәйкес спорт құралдарын жапсыруды үйрету. Апликаіия дағдыларын қалыптастыру; кеңістікті бағдарлай білуге тәрбиелеу.



Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Мен және менің ортам»

Мақсаты: Қоршаған ортаны қабылдауға, заттар, ойыншықтар, кітаптар мен ыдыстарға ұқыптылықпен қарауға, кеңістікті бағдарлауға үйрету, көлік құралдарының түрлерімен таныстыру.


2. апта «Дұрыс тамақтану. Дәрумендер».

06.11-10.11.2017 жыл.

Дене шынықтыру. 1.Қол мен аяқ қозғалыстарын үйлестіріп жүру және жүгіру. Допты екі қолымен көкірек тұсынан лақтыру. 40 см биіктіктегі доғамен еңбектеу. Қимылды ойын: «Дәрумендер жолындағы кедергілер». 2.Қол мен аяқ қозғалыстарын үйлестіріп жүру және жүгіру. 40 см биіктіктегі доғамен еңбектеу. Еңіс тақтай бойымен жүруде тепе-теңдікті сақтау. Қимылды ойын: «Дәрумендер бағы» 3.Қол мен аяқ қозғалыстарын үйлестіріп жүру және жүгіру. Еңіс тақтай бойымен жүруде тепе-теңдікті сақтау. Екі қолмен жоғары бастан асыра лақтыру. Қимылды ойын: «Допқа тез жет»

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Көкөністерден көже жасау»

Мақсаты: Дұрыс тамақтану, дәрумендер туралы түсініктерін кеңейту, жалпы белгілері бойынша заттарды топтастыруға (жемістер мен азық түліктер) сөздерді септелуіне қарай байланыстыруға үйрету.



Русский язык

Тема: «Овощи»

Цель: формировать навыки понимания и восприятия названий некоторых овощей и фруктов, обучение словам, обозначающим признаки предметов по величине, составлять их способом согласования (существительное и прилагательное).


Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: «Жоғарыда – төменде.Алыс-жақын. Логикалық тапсырма»

Мақсаты: Өзіне тікелей жақын кеңістікте орналасу бағытын ажыратып,атап көрсету қабілетін дамыту. Бірігіп жұмыс жасау қызығушылығына тәрбиелеу.

Жаратылыстану

Тақырыбы: Алтын балық

Мақсаты: Табиғат бұрышындағы аквариум балықтарына бақылау жасау, олардың сыртқы келбетімен таныстыру, балаларды балықтарға күтім жасау әрекетіне қатыстыру.

Сурет салу

Тақырыбы: «Тәтті алма»

Мақсаты: Дөңгелек пішінді салуды жетілдіру, алақанымен алманың суретін салуға үйрету

Музыка

Тақырыбы:

Мақсаты: Балалар аспаптарының дыбысталуын ажыратуға, бірдей қарқында ән салуға, бірінің артынан бірі жүру барысында би ырғағын игеруді үйрету.




3 апта. « Өзіңе және өзгелерге көмектес».

13.11 – 17.11.2017 жыл.


Дене шынықтыру. 1.Сапқа бір-бірден, шеңберге шағын топпен қайта тұру. Екі қолмен жоғары бастан асыра лақтыру. Еңіс тақтай бойымен жүруде тепе-теңдікті сақтау. Қимылды ойын: «Мені қуып жетіңдер». 2.Сапқа бір-бірден, шеңберге шағын топпен қайта тұру. Еңіс тақтай бойымен жүруде тепетеңдікті сақтау. Еңіс тақтай бойымен еңбектеу. Қимылды ойын: «Таяқшадан аттап өт». 3.Сапқа бір-бірден, шеңберге шағын топпен қайта тұру. Тұрған орнынан ұзындыққа секіру. Допты жоғарыға лақтыру. Қимылды ойын: «Жаңбырдан тығылайық»

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Көмекшілер»

Мақсаты: Өзіне және айналасындағы адамдарға көмек көрсетуді, сөздік қорды заттардың қасиеті мен сапасын білдіретін сөздермен толықтыруға, кейіпкерлерді сипаттау үшін дауыс ырғағының мәнерлі қарапайым тәсілдерін қолдануға үйрету.

Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Үш аю»

Мақсаты:Тақырыпқа сәйкес ертегі оқып беріп оның мазмұнын түсінуге, кейіпкерлерге, оқиғаларға өзінің көзқарастарын білдіруге үйрету


Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру :

Тақырыбы: «Үлкен-кіші.Биік-аласа.Ұзын қысқа.»

Мақсаты: Шама бойынша заттардың әртүрлі болатыны туралы түсінік беру, ұзындығы мен ені бойынша екі қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыруға үйрету

Құрастыру .

Тақырыбы: «Поезд»

Мақсаты:

Ірі құрылыс материалдарынан көп түсті құрылыстарды құрастыруға үйрету. Көлік түрлерінен айырмашылығын білу және оны кеңістікте дұрыс құрастыра алуға дағдыландыру. Бірлесіп еңбек нәтижесіне жетуге тәрбилеу.

Жаратылыстану:

Тақырыбы: «Бөлме өсімдіктері»

Мақсаты:Табиғат бұрышындағы өсімдіктерге күтім жасауда сәбилерді шамасы жетерлік іс-әрекетке қатыстыру (ірі жапырақтарды сүрту, гүлдерді суару).

Сурет салу .

Тақырыбы: «Қоянға арналған сәбіз»

Мақсаты: Саусақпен салу әдісімен қоянға сәбіздің суретін салып беру. Аңдарға қамқорлық жасауға тәрбилеу.

Музыка

Тақырыбы:

Мақсаты : Әуені бір-бірінен айрықша шығармаларды ажырата білуді және оларды есте сақтауды, әнді бірқалыпты қарқынмен көңілді айтуға, қимылды пьеса бөлімдерінің сипатына сәйкес жүре және жүгіре білуді үйрету.

Музыка

Тақырыбы:

Мақсаты:Әуені бір-бірінен айрықша шығармаларды ажырата білуді және оларды есте сақтауды, әнді бірқалыпты қарқынмен көңілді айтуға, ойындарда бір-бірінен айрықша пьесаларды дене қимылдарын алмастыру арқылы дәл көрсете білуге үйрету.



Мүсіндеу

Тақырыбы: «Мысықтың ыдысы»

Мақсаты: Мысық туралы түсініктерін кеңейту ,ол туралы балалардың өздеріне әңгімелету; Ермексазды домалақтап,ортасын қуыстау машығын дамыту. Сондай-ақ шыдамдылыққа,төзімділікке ,үй жануарларына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Экология негіздері

Тақырыбы: «Төрт түлік»

Мақсаты: Үй жануарлары мен олардың төлдері туралы білімдерін бекіту, Қазақстанда мекендейтін жабайы жануарлар туралы білімдерін, табиғат бұрышын мекендеушілерді бақылау дағдыларын қалыптастыру.




4 апта «Біз күштіміз, ептіміз».

20.11 – 24.11.2017 жыл.

1.Шеңбер бойлап және тоқтап жүру және жүгіру. Допты жоғарыға лақтыру. Бөрененің үстімен еңбектеу. Қимылды ойын: «Жаттығамыз- шынығамыз!». 2.Шеңбер бойлап және тоқтап жүру және жүгіру. Бөрененің үстімен еңбектеу. Биіктігі 5-10 см заттан жерге секіру. Қимылды ойын:«Біз шыныққанды жақсы көреміз». 3.Шеңбер бойлап және тоқтап жүру және жүгіру. Биіктігі 5-10 см заттан жерге секіру. Еңіс тақтай бойымен еңбектеу. Қимылды ойын:«Жалаушаға дейін жет».

Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: «Дыбыстарды дұрыс айтайық.»

Мақсаты:Денсаулықты нығайтуда дене жаттығуларының маңызын түсіндіру, дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс дыбыстауды жетілдіру, сөз бен сөз ұйқастарына құрылған ойындарға қызығушылыққа тәрбиелеу.

Русский язык

Тема: «Домашние животные»

Цель:формировать навык понимания и восприятия названий некоторых животных, отвечать короткими предложениями на простые вопросы; согласовывать словосочетания (существительное и глагол).


Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру .

Тақырыбы: «Шеңбер,шаршы үшбұрыш»

Мақсаты:Геометриялық пішіндер: шеңбер, шаршы, үшбұрышты ажыратып тануды және атауды бекіту.



Жаратылыстану .

Тақырыбы: «Орман тұрғындары»

Мақсаты:Жабайы жануарларды танып, атай білуді және сыртқы ерекшеліктерін ажырата білуді, олардың қимылдарына еліктеп жаттығулар жасауды (қоян болып секіру, аюдай қорбаңдап жүруді) үйрету




Сурет салу

Тақырыбы: «Тәрелкені әшекейлеу.»

Мақсаты:Қазақ оюының дайын суретіне оның жетпей тұрған элементтерін салуға үйрету. Бояу реңктерін таңдауға және үлгіге қарай отырып оны сақтауға дағдыландыру,әсемдікті сезіне білу арқылы эстетикалық тірбие беру.

Музыка Музыкалық және шулы ойыншықтардың дыбысталуын ажыратуға, ересектермен бірге ән салуға, әуенмен бірге би қозғалыстарының қарапайым элементтерін орындауға үйрету.



Өтпелі тақырып: «Дені саудың жаны сау».


  1. апта «Салауатты өмір салты».

27.11 – 01.12.2017 жыл.


Дене шынықтыру. 1.Сапқа бір-бірден, шеңберге шағын топпен қайта тұру. Екі қолмен жоғары бастан асыра лақтыру. Еңіс тақтай бойымен жүруде тепе-теңдікті сақтау. Қимылды ойын: «Мені қуып жетіңдер» . 2.Сапқа бір-бірден, шеңберге шағын топпен қайта тұру. Еңіс тақтай бойымен жүруде тепетеңдікті сақтау. Еңіс тақтай бойымен еңбектеу. Қимылды ойын: «Таяқшадан аттап өт». 3.Сапқа бір-бірден, шеңберге шағын топпен қайта тұру. Тұрған орнынан ұзындыққа секіру. Допты жоғарыға лақтыру. Қимылды ойын: «Жаңбырдан тығылайық».

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Салауатты өмір салты»

Мақсаты:  Балаларды салауатты өмір салты туралы түсініктерін бекіту. Жақсы, жаман туралы түсінік беру. Ойлау, есте сақтау қабілетін, жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін дамыту.

 Балаларды адамгер-шілікке, қарапайымды-лыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, жаман әдет-терден аулақ болуға тәрбиелеу.

Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Дәрігер Айболит» ертегісі

Мақсаты:

Балаларды мейірімділікке, өзге адамға жануарларға қамқорлық қатынасты білдіруге талаптандыруды жалғастыру.

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: «Заттардың қасиеті.»

Мақсаты: баланың даму деңгейін, пішін және түс  туралы түсінігін анықтау, заттардың қасиеттері туралы түсінігін дамыту; баланың зейінін  тұрақтандыру; ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.



Құрастыру:

Тақырыбы: «Құрақ көрпе»

Мақсаты: Ұлттық тұтынатын бұймдар жайында қарапайым түсінік беру.Үлгі бойынша құрастыру дағдыларын қалыптастыру. Ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.



Жаратылыстану Тақырыбы: «Жемістер мен саңырауқұлақтар теруге орманға барамыз»

Мақсаты: Балаларды жеміс түрлерін айыра білуге үйрету, жеміс - жидектреде кездесетін дәрумендерімен таныстыру.
Балаларға жемістер мен саңырауқұлақтарды құрастыра отырып, қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Балаларға өсімдіктерді жұлмауға дағдыландыру.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақтамен слайд, жеміс - жидектер мен саңырауқұлақтар.


Сурет салу

Тақырыбы: «Алма және жеміс-жидектер»

Мақсаты: Балалардың қиялын, зейінін дамыта отырып,  дәстүрден тыс

 сурет салу тәсілдерін үйрету.

Балалардың жемістер туралы білімдерін нығайту. Жемістер суретін сала отырып,  түстер-ді дұрыс таңдай білуге қалыптастыру. Әдемілікке , әсемдікке,әдептілікке,

тазалыққа тәрбиелеу.



Музыка (Ән)

Тақырыбы:

Мақсаты: Пьесаның көңілді мазмұнына эмоциялы көңіл-күй танытуға, әнді ширақ айтуға, жоғары және төменгі дыбысталуды ажыратуға үйрету.

Музыка (Би)

Тақырыбы:

Мақсаты:Пьесаның көңілді мазмұнына эмоциялы көңі-күй танытуға, әнді созылыңқы айтуға, әуенмен бірге би қозғалыстарының қарапайым элементтерін орындауға үйрету



Аппликация

Тақырыбы: «Бәйтерек»

Мақсаты: Балаларға Астана туралы мәлімет беру. Бәйтеректің бөліктерін қағаз бетіне жапсыруды, желім қалдықтарын қағаз майлықпен сүртуді үйрету. Ұқыпты, таза жасауға тәрбиелеу


Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы:

« Дәрумендер денсаулық кепілі»

Мақсаты: Балаларға дәрумендер және оның денсаулыққа тигізетін пайдасы жайында түсінік беру, логикалық ой - өрісін тілін да-мыту, сөздік қорын молайту. Балалардың бойына адамгершілік қасиетттерді сіңіру. Баланың ой қиялын, зейінін, шығарма-шылық қабілетін, сөздік қорын жетілдіру. Жемістер мен көкөніс-тердің пайдасын білуге, табиғатты сүюге, аялауға, қорғауға тәрбиелеу

Өтпелі тақырып: «Менің Қазақстаным «.

(Желтоқсан)



1 апта «Тарихқа саяхат».

04.12 – 08.12.2017 жыл

Дене шынықтыру. 1.Бағытты өзгертіп жүру және жүгіру. 2-3 м қашықтыққа алға жылжи отырып секіру. Еденге қойылған тақта бетімен еңбектеу. Қимылды ойын: «Мен чемпионмын » 2.Еденге ирелеңдеп жатқан жіптің үстімен жүру. Шығыршықтың ішіне қос аяқпен секіру. Қимылды ойын: «Пойыз». 3. Шығыршықтың үстіне қос аяқпен секіру. Кегельдер арасымен секіру. Қимылды ойын: «Көкпар»

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Менің дене мүшелерім.»

Мақсаты: Өзінің дене мүшесін ажыратып атауға, дене мүшелерінің атқаратын қызметтерін айтуға, сөздерді жіктелуіне қарай байланыстыруға үйрету.

Русский язык

Тема: «Мой город»

Цель:заучивание детьми короткого стихотворения; правильно произносить слова на русском языке, обучать словам, обозначающим признаки предметов по цвету


Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: «Бір-бірінің үстіне қойып және жанына қойып салыстыру.»

Мақсаты: Бір-біоіне қарама-қарсы екі затты салыстыру: үлкен – кіші, ұзын-қысқа сезім қозғалыс түйсіктері арқылы зейінін дамыту.

Жаратылыстану

Тақырыбы: Үй жануарлары және олардың төлдері.

Мақсаты: Үй жануарлары төлдерінің сыртқы келбетінің сипаттық ерекшеліктерімен, мінез құлықтарымен, тіршілік әрекетімен таныстыру.

Сурет салу

Тақырыбы: «Шуақты күн.»

Мақсаты: Дөңгелек пішінді заттарды салуды жетілдіру, күннің суретін салу оны бояумен бояуға үйрету.

Музыка (Ән)

Тақырыбы:

Мақсаты: Пьесаның көңілді мазмұнына эмоциялы көңіл-күй танытуға, әнді ширақ айтуға, жоғары және төменгі дыбысталуды ажыратуға үйрету.

Музыка (Би)

Тақырыбы:

Мақсаты:Пьесаның көңілді мазмұнына эмоциялы көңі-күй танытуға, әнді созылыңқы айтуға, әуенмен бірге би қозғалыстарының қарапайым элементтерін орындауға үйрету






2. апта «Туған өлкем».

11.12 – 15.12.2017 жыл.

Дене шынықтыру. 1.Қол ұстасып, арқаннан ұстап жүру және алаңның бір жағынан екінші жағына жүгіру. Орындық аяқтарының арасымен еңбектеу. Допты көлденең нысанаға лақтыру. Қимылды ойын: «Біз саяхаттамыз». 2.Қол ұстасып, арқаннан ұстап жүру және алаңның бір жағынан екінші жағына жүгіру. Допты көлденең нысанаға лақтыру. Еңіс тақтай бойымен жүруде тепетеңдікті сақтау. Қимылды ойын: «Жалаумен жаттығу жасайық». 3.Қол ұстасып, арқаннан ұстап жүру және алаңның бір жағынан екінші жағына жүгіру. Еңіс тақтай бойымен жүруде тепетеңдікті сақтау. Лақтырған допты қағып алу. Қимылды ойын:«Кім күшті?»

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Менің сүйікті қалам.

Мақсаты:Туған өлке оның табиғаты, айналасындағы заттар туралы түсініктерін кеңейту, зат есімдерді көмекші сөздермен: үстінде, астында, жанында бірге қолдануға, қоршаған ортасы туралы сұрақтар қоюға үйрету.

Көркем әдебиет

Тақырыбы:«Бәріміз үшін бәрі де.» өлең

Мақсаты:

Құрдастарымен қатынастық және өзара әрекеттесудің ережелерін сақтауға үйрету. Келіспеушілікті шешудің тәсілдерін таба білу қабілетін қалыптастыру.

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы:«Алыс-жақын. Шаршы»

Мақсаты: Суреттегі және өзіне тікелей бай-ланысты орналасқан кеңістіктегі заттар тура-лы ұғым қалыптас-тыру,атап көрсету және ажырату бірігіп ұжым болып жұмыс жасауға тәрбиелеу.заттарды кеңістікте орналасуын ажырату және атау арқылы көру қабілетін дамыту (алыс-жақын);

Құрастыру:

Тақырыбы: «Пішіндер»

Мақсаты: қағазбен жұмыс жасау дағдыларын қалып-тастыру, қиылған әртүрлі геометриялық пішіндерден өз ойларынан немесе үлгіге қарай отырып әртүрлі пішіндерді жасай білуге үйрету.Жазық- тықты бағ-дарлай білуін дамыту.

Бастаған іс-әрекетін соңына дейін аяқтауға дағдыландыру

Жаратылыстану

Тақырыбы: « Үй жануарлары. Қой, ешкі»

Мақсаты: Үй жануарлары түйе, сиыр, ешкі,жылқы,есек туралы түсініктерін кеңейте отырып, қоймен таныстыру,олардың тіршілік әрекеті туралы ұғымдарын кеңейту.

Жануарлардың тіршілігі адамның қамқорлығына, күтіміне зәру екендігі туралы ұғымды қалыптастыра отырып дамыту.Балаларды жануарларға қамқорлықпен қарауға тірбиелеу


Сурет салу

Тақырыбы: «Балапандар көк шалғында»

Мақсаты:

Көк шалғындағы балапандар жайлы түсі- ніктерін жетілдіру, сөздік қорларын жетілдіру, ңылқаламды пайдаланып, үзік сызыңтарды қосу арқылы сурет салуға қызығушылыңтарын арттыру, эстетикалың талғамын дамыту.



Мүсіндеу

Тақырыбы: «Алаңқайдағы саңырауқұлақтар»

Мақсаты:

Саңырауқұлақтар туралы мәлімет беру.Сөздік қорларын молайту; екі бөліктен тұратын қалпағы мен аяғын біріктіру тәсілін қолдана отырып мүсіндеуге үйрету.Табиғатта жүргенде өздерін ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.


Экология негіздері

Тақырыбы: «Қармен тәжірибе жасау»

Мақсаты: Тәжірибе жасау арқылы қар және қардың белгілері туралы білімдерін кеңейту. Табиғат туралы білімдерін жүйелей білуге үйрету. Тәжірибенің көмегімен алған білімдерін қорытындылай білуге үйрету.

Табиғат сырларын танып білуге баулу.



3-апта «Астана – Отанымыздың жүрегі».

18.12 – 22.12.2017 жыл.




Дене шынықтыру.

1.Төбешікке шығып және одан түсіп саппен жүру және тұтас топпен сапқа қайта тұру. Лақтырған допты қағып алу. Орындық аяқтарының арасымен еңбектеу.

Қимылды ойын: «Дәл түсір»

2.Төбешікке шығып және одан түсіп саппен жүру және тұтас топпен сапқа қайта тұру. Орындық аяқтарының арасымен еңбектеу. Допты тура нысанаға лақтыру. Қимылды ойын: «Сызықтың бойымен жүр». 3.Төбешікке шығып және одан түсіп саппен жүру және тұтас топпен сапқа қайта тұру. Допты тура нысанаға лақтыру. Биіктігі 5-10 см заттан жерге секіру. Қимылды ойын: «Допты қуып жет».

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Астана – бас қала»

Мақсаты:Еліміздің бас қаласы Астана, Бәйтерек туралы түсініктерін кеңейту, сөздерді анық айтуға, зат есімдердің жекеше, көпше түрлерін қолдануға үйрету, тақырыпқа сәйкес шағын тақпақ жаттату.

Русский язык

Тема: «Мой Казахстан»

Цель: заучивание детьми короткой песни; расширять словарный запас слов; правильно произносить слова на русском языке, обучать словам, обозначающим действие предметов

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: «Жоғарыда-төменде. Алыс-жақын. Логикалық тапсырма.»

Мақсаты:Заттардың суреттегі және өзіне тікелей байланысты кеңістікте орналасу бағытын ажы-ратып, атап көрсету қабі-летін дамыту. Заттардың суреттегі және кеңістіктегі бағыттарын ажырата  және атай білу-лерін дамытуды жалғастыру қоршаған ортада басқа геометриялық фигураларға сәйкес келетін заттарды табуды жалғастыру. Бірігіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.

ЖаратылыстануТақырыбы: «Астана»

Мақсаты:Еліміздің бас қаласы Астананың табиғатының әсемдігі, ауа-райының ерекше-ліктері туралы түсінік-терін кеңейту. Патриот-тық сезімдерін ояту.


Сурет салу

Тақырыбы: «астанадағы мерекелік отшашу»

Мақсаты: Астана туралы суреттерді бақылап, оның өзгерістерін байқай білуге үйрету. Мерекені қуанышпен қарсы алу арқылы эмоциялық көңіл күйлерін көтеру.

Үзік сызықтарды үйлестіре қосу арқылы отшашудың суретін салуға үйрету.

Ұқыпты жұмыс жасауға, өз өлкесіне сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.



Музыка Ересектердің орындауындағы әндерді тыңдауға, аспаптың сүйемелдеуіндегі дауысқа бейімделуге, музыка әуенімен жаттығулар жасауға үйрету.

Музыка Аудио-бейне таспадан ән тыңдауға, аспаптың сүйемелдеуіндегі дауысқа бейімделуге, музыканың би сипатын игеруге үйрету.



4. апта «Тәуелсіз Қазақстан ҚР Тұңғыш Президенті, мемлекеттік».

25.12 – 29.12.2017жыл.

Дене шынықтыру. 1.Жүрелеп жүру және «жыланша» жүгіру. Биіктігі 5-10 см заттанжергесекіру. Еңістақтайбойыменжүрудетепетеңдіктісақтау. Қимылды ойын: «Ұшты, ұшты». 2.Жүрелеп жүру және «жыланша» жүгіру. Еңіс тақтай бойымен жүруде тепе-теңдікті сақтау. Допты тура нысанағалақтыру. Қимылды ойын:«Жалаушаға тез жет». 3.Жүрелеп жүру және «жыланша» жүгіру. Еңіс тақтай бойымен жүруде тепе-теңдікті сақтау. Лақтырғандоптықағыпалу Қимылды ойын:«Алға, бүлдіршін»

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:«Елбасымыз айбынды»

Мақсаы: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті, мемлекеттік рәміздер туралы түсініктерін кеңейту, берілген сұрақты тыңдау және оны түсіне білуді жетілдіру.

Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Астана» (өлең)Қалқаман Сарин

Мақсаты:

Астана қаласы туралы түсініктерін кеңейту, тақырыпқа сәйкес тақпақтың сөздерін асықпай, дыбыстарды анық айтуға, бейнелі сөздерді қолдануға үйрету


Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: Биік-аласа. Сол жақта-оң жақта. Дайын пішіндерді жапсыру.

Мақсаты: Суретте кеңістікте заттардың

орналасу бағытын ажырату және атап көрсету Таныс заттарды биіктігіне қарай салысты-руды қалып-тастыру, қағаз парағының оң жағын және сол жағын ажырата білу, бейнені толықтыру үшін дайын жапсырманы жапсыруға жаттықтыру, суреттегі және өзіне тікелей бағыттағы кеңстікті бағдарлай білуге үйрету. Жолдасына көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Құрастыру

Тақрыбы: «Бақбақ»

Мақсаты: Қағазбен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, түрлі түсті қағаздарды пайдалана отырып бақбақ гүлін жасай білуге үйрету, гүлдерді аялауға, күтіп- баптауға, қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.



Жаратылыстану

Тақырыбы: «Қыстық киімдер»

Мақсаты: қыстық киім түрлерімен (баскиім, аяқкиім, сырт киім) таныстыра отырып, ұл бала мен қыз баланың қыстық киімдерін ажырата білуге үйрету. Өз-өзіне қызмет етудің қарапайым дағдыларын меңгерту. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.


Сурет салу

Тақырыбы: «Шырша шамдары»

Мақсаты: Шыршаны әшекейлеу үшін түрлі әдістермен, қылқаламмен, мақталы таяқшамен сурет салу әдістерін үйрету.

Сурет салу арқылы эстетикалық талғамын дамыту. Әдемілікті, әсем безендірулерді сезіне білуге тәрбиелеу

Музыка

Түрлі сипаттағы пьесаларды тыңдау және есте сақтауға, аспаптың даусына бейімделуге, мылдырмақтың дыбысталу динамикасын ажыратуға үйрету.

Аппликация

Тақырып: «Желбіреген ту»

Балаларға мемлекеттік туымыз туралы түсінік беру. Жұмыс барысында керекті түстерді, пішіндерді дұрыс қолдануды үйрету. ҚР рәміздерін құрметтеуді тәрбиелеу.

Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Мен және менің ортам»

Мақсаты: Қоршаған ортаны қабылдауға, заттар, ойыншықтар, кітаптар мен ыдыстарға ұқыптылықпен қарауға, кеңістікті бағдарлауға үйрету, көлік құралдарының түрлерімен таныстыру.

Өтпелі тақырып: «Табиғат әлемі «.

(Қаңтар)

  1. апта «Айналамыздағы өсімдіктер»

01.01 – 05.01.2018 жыл.

Дене шынықтыру. 1.Бұрылып жүружәнеалаңныңбіржағынанекіншіжағына жүгіру. Лақтырғандоптықағыпалу. Еңістақтайбойыменжүруде тепе-теңдіктісақтау. Қимылды ойын: «Гүлдер жайқалады». 2.Бұрылып жүру және алаңның бір жағынан екінші жағына жүгіру. Еңіс тақтай бойымен жүруде тепе-теңдікті сақтау. Бөрененіңүстіменеңбектеу. Қимылды ойын:«Себетке жина».

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Жасыл шырша жанында» (өлең бойынша әңгіме құрастыру жаттау)

Мақсаты:А.Асылбековтың «Жасыл шырша жанында» өлеңін мазмұны бойынша әңгіме құрастыруды үйрету. Тілге тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.

Русский язык

Тема: «Репка»

Цель: Формировать навыки слушания сказки, произносить слова на русском языке, обозначающих названия некоторых предметов ближайшего окружения, правильно ставить ударение в словах при произношении

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Тақырыбы: «Алдында-артында»

Мақсаты:Суретте және өзіне тікелей жақын кеңістікте орналасқан зат-тардың бағытын ажырату (алдында-артында) түсінік-терін қалыптастыру.

Суретте және кеңістікте

заттардың орналасу бағы-тын ажырату және атау (алдында-артында):дөңгелек

пішінді заттардың суретін салуды жалғастыру. Тәрбиешінің айтқанын тыңдауға үйрету.



Жаратылыстану

Тақырыбы: «Ауа қайда тығылды»

Мақсаты: Логикалық ойлауларын дамыту. Тәжірибе көмегімен ауаның барлық жерде бар екенін түсінуге көз жеткізу. Ауасыз тіршілік жоқ екенін түсіндіру.

Сурет салу

Тақырыбы: «Жапалақтап алғашқы қар жауып тұр»

Мақсаты: Балалардың алғашқы табиғи құбылыс-тарға қуана білуіне ықпал ету, қоршаған ортаға – үй-лерге, заттарға, ағаштарға, жерге қарай қардың қалай әдемі болып жауатындығын бақылату. Түс пен ақ түстің бір- бірімен үйлесімділігіне көңіл бөлуді үйрету.

Таяқшаларды пайдаланып тіс пастасымен қар салуды үйрету.Табиғатка деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.



Музыка

Түрлі қарқындағы музыканы тыңдауға, музыкалық сүйемелдеумен ре-ля бірінші октавасының диапазонында ән салуға, қимыл қарқынын өзгерте отырып қимылдауға үйрету.

Музыка

Түрлі қарқындағы музыканы тыңдауға, музыкалық сүйемелдеумен ре-ля бірінші октавасының диапазонында ән салуға, ойын кезіндегі музыканың өзгерістерін уақытылы тыңдай білуге, соған сәйкес қимыл жасай білуге үйрету.






2 апта «Жануарлар әлемі».

08.01 – 12. 01.2018 жыл.

Дене шынықтыру. 1.Төбешікке шығып және одан түсіп саппен жүру және тұтас топпен сапқа қайта тұру. Бөрененің үстімен еңбектеу. Лақтырған допты қағып алу. Қимылды ойын: «Жануарлармен танысу». 2.Төбешікке шығып және одан түсіп саппен жүру және тұтас топпен сапқа қайта тұру. Лақтырған допты қағып алу. Тепетеңдікті сақтай отырып, бірбірінен 10 см қашықтықта орналасқан тақтай бойымен жүру. Қимылды ойын: «Күшікке қонаққа барамыз». 3.Төбешікке шығып және одан түсіп саппен жүру және тұтас топпен сапқа қайта тұру. Тепетеңдікті сақтай отырып, бірбірінен 10 см қашықтықта орналасқан тақтай бойымен жүру.Допты екі қолмен жоғарыға лақтыру.Қимылды ойын: «Ормандағы аю».

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Менің сүйікті мысығым»

Мақсаты: Сурет бойынша әңгіме құрастыруды үйретуді жалғастыру. Тілде сын есімдерді белсенді қолдана білуге жаттықтыру. «М» дыбысын айтуға жаттықтыру. Үй жануарларына деген қамқорлық сезімін ояту.



Көркем әдебиет

Тқырыбы: «Шалқан» (орыс халық ертегісі)

Мақсаты: Балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттерін, жүріс-тұрысын талдауға, оларға қабылданған ережелерге сәйкес баға беруге үйрету.


Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Тақырыбы: «Әртүрлі заттар тобын салыстыру және теңеу»

Мақсаты:Заттарды саны бойынша салыстыру

дағдыларын қалыптастыру.

Бір-бірінің үстіне қою және

жанына қою тәсілін қолдана отырып,заттар тобын санына қарай салыстыру: қай зат үлкен,кіші,қайсысы тең-нәтижесін сөзбен айта білу: баланың жадын және ойлау қабілетін дамыту. Жағымды сезімталдыққа тәрбиелеу.



Құрастыру

Тақырыбы: «Құстарға арналған жем»

Мақсаты: Құстар туралы балаларға түснік беру. Қағазды ұсақ бөлшектерге бөлім, умаждау арқылы дән жасауды үйрету. Құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.



Жаратылыстану

Тақырыбы: «Жануарлардың тіршілігі»

Мақсаты:Үй және жабайы жануарлардың тіршілік ету ортасы, олардың өзіне тән ерекшеліктерін салыстыруға үйрету, жануарлардың тіршілік етуі үшін қорек, ауа, су, жылу қажет екендігі туралы түсінік беру

Сурет салу

Тақырыбы: «Ұзын құлақ сұр қоян»

Мақсаты: Балаларды сурет салуға қызығушылығын арттыра түсу.

Бірнеше бөліктерден тұратын пішіндерді үйлестіре білуге жаттықтыру,

Дөңгелек және үлкен-кіші сопақша дөңгелектерді қосу арқылы қоянның бейнесін салуға жаттықтыру.

Музыка

Түрлі сипаттағы пьесаларды тыңдау және есте сақтауға, әннің көңіл-күйін жеткізе білуге, музыканың алмасуына сәйкес қимылдауға үйрету.

Мүсіндеу

Тақырыбы: «Ұзын құлақ қоян»

Мақсаты: Қоршаған ортамен таныстыруды жалғастыру, қоянның тіршілігі туралы балаларға түсінік беру.Сопақша пішінді және бір ұшын үшкірлеп мүсіндеуді үйрету, сондай-ақ ермексазды дұрыс қолдану жолдарын дамыту. Жануарларға деген қамқор-лық сезімге тәрбиелеу.


Экология негіздері

Тақырыбы: «Аюдың қарағайлы орманында»

Мақсаты:

Қарағайлы орманда өсетін жидек түрлерімен таныстыру.Орманда өсетінағаш түрлерімен таныстыру.Табиғатты сүюге баулу.


3.апта «Құстар – біздің досымыз».

15.01 – 19.01.2018 жыл.


Дене шынықтыру. 1.Қол ұстасып, арқаннан ұстап жүру және алаңның бір жағынан екінші жағына жүгіру. Допты екі қолмен жоғарыға лақтыру. Орындық аяқтарының арасымен еңбектеу. Қимылды ойын: «Торғайлар» .2.Қол ұстасып, арқаннан ұстап жүру және алаңның бір жағынан екінші жағына жүгіру. Орындық аяқтарының арасымен еңбектеу. Допты көлденең нысанаға лақтыру. Қимылды ойын: «Құстарға жем бер». 3.Қол ұстасып, арқаннан ұстап жүру және алаңның бір жағынан екінші жағына жүгіру. Допты көлденең нысанаға лақтыру. Бөрененің үстімен еңбектеу. Қимылды ойын: «Көпірден өт».

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Шұбар тауық»

Мақсаты: Балаларға ертегі мазмұнын әңгімелеп беру. Ересектердің айтқанын тыңдап, түсіе білуге, сұрақтарына жауап беруге үйрету. Есте сақтау қабелттерін дамыту және сөздік қорларын молайтып, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру. Ертегі мазмұны арқылы бір-біріне қамқор болуға, сыйласыққа тәрбиелеу.



Русский язык

Тема: «Моя любимая игрушка»

Цель: Формировать навыки слушания рассказа, произносить слова на русском языке, обозначающих признаки предметов по величине, составлять простых предложений при описании игрушек, развивать связную речь

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: «Алыс-жақын. Биік-аласа. Оң жақта-сол жақта»

Мақсаты: Балаларда кеңістік бағыты болатыны туралы түсінік қалыптас-тыру. Қағаздың оң жағын-сол жағын бағдарлай білуді жалғастыру (алыс-жақын,биік-аласа,оң жақта-сол жақта):дайын пішін-дерді жапсыра алуға жаттықтыру. Тәрбиешінің нұсқауын дұрыс орындауға,

ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Жаратылыстану

Тақырыбы: «Біздің қанатты достарымыз»

Мақсаты: Құстардың сыртқы ерекшеліктері туралыбілімдерін байыту. Құстарға ғана тән ерекшеліктерді бөліп көрсете білуді үйрету. Торғай және сауысқан-мен таныстыру. Бала-лардың табиғат туралы білімдерін жүйелеуді жалғастыру.

Сурет салу

Тақырыбы: «Құстар»

Мақсаты: Құстар туралы түсініктерін кеңейту. Құстардың үнін, қимыл-қозғалысын бейнелеп, дене бөліктерін ажырата білуге үйрету.

Құстардың бейнесін сала білуге үйрету, сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру.

Құстарға қамқорлың жасап, қорғай білуге тәрбиелеу.



Музыка

Екі бөлімді музыканың тыңдап, олардың бөліміндегі өзгерістерді байқауға, әнді ширақ айтуға, музыканың көңілді жеңіл сипатын қимылмен беруге үйрету.

Музыка

Музыкалық шығарманың жанрын ажырата білуге, әнді нақышына келтіріп орындай білуге, қимыл қарқынын өзгерте отырып қимылдауға үйрету.













4. апта «Ғажайып қыс».



22.01 – 26.01.2018 жыл.

Дене шынықтыру. 1.«Жыланша» заттарды айналып өтіп жүру және жүгіру. Бөрененің үстімен еңбектеу. Еңіс тақтай бойымен жүруде тепе-теңдікті сақтау. Қимылды ойын: «Қысқы ойын- сауықтар». 2.«Жыланша» заттарды айналып өтіп жүру және жүгіру. Еңіс тақтай бойымен жүруде тепетеңдікті сақтау. Допты екі қолмен жоғарыға лақтыру. Қимылды ойын: «Алғашқы қар». 3.«Жыланша» заттарды айналып өтіп жүру және жүгіру. Допты екі қолмен жоғарыға лақтыру. Биіктігі 5-10 см заттан жерге секіру.Қимылды ойын: «Аққалаға дейін еңбекте».

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Қысқы серуен» (әңгіме құрастыру)

Мақсаты: Сурет бойынша әңгіме құрастыруды үйрету. Қыс мезгілін сипаттай білуге үйрету, сөздік қорларын дамыту. Сөз тіркестерін дұрыс айта білуге жаттықтыру. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.



Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Түлкі мен тырна» ертегі

Мақсаты: Балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттерін, жүріс-тұрысын талдауға, оларға қабылданған ережелерге сәйкес баға беруге үйрету.


Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: «Шаршы, шеңбер, үшбұрыш»

Мақсаты: Балаларда геометриялық фигуралар туралы түсініктерді қалыптастыру. Балаларға қоршаған ортадан басқа

геометриялық фигураларға сәйкес келетін заттарды табуға, салыстыруға үйрету;

сезім-қозғалыс түйсігі және көру жады арқылы заттарды зертеудің тәсілдерін

дамыту. Ықылыстылыққа, байқағыштыққа тәрбиелеу.



Құрастыру

Тақырыбы: «Лақтар мен боталарға арналған қоршаулар»

Мақсаты: Құрылыс материалдарын кеңістікте дұрыс орналастыруғажәне оныңкөлеміне, пішініне, түсіне қарай қоршаулар жасай алуғадағдыландыру, үй жануарлары туралы қарапайым түсініктер беру және оларға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.



Жаратылыстану

Тақырыбы: «Жаңа жыл төрімізде»

Мақсаты: Жаңа жылды тойлау дәстүрімен таныстыру. Заттарды қабылдай білуді үйрету. Шырша ойыншықтарын ажырата білуді үйрету. Дәстүрлі мерекелерге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

Сурет салу

Тақырыбы: «Қар кесегі»

Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі, қар туралы түсініктерін кеңейту.

Көк түс пен ақ түстің бір-біріне үйлесімділігіне көңіл бөлуді үйрету.Тіс пастасына сұқ саусақты малып, қар кесегін салуды үйрету.

Табиғатқа деген сүйіспен-шілік сезімдерін арттыру.



Музыка

Аспапта орындалған әнді тыңдауға және оның мазмұнын түсінуге, ән айтуда дыбыстарды биіктігіне қарай ажыратуға (октава шегінде), байсалды, жеңіл жүруге үйрету.

Аппликация

Тақырыбы: «Шырша шамдарын жағамыз»

Мақсаты:Жаңа жыл мерекесі және қыс мезгілі туралы білімдеріндамыту; мереке ерекшелігін сезіне білуді үйрету. Шыршаны безендіре білуді үйрету. Тапсырманы ұқыптылықпен орындауға тәрбиелеу.

Қоршаған ортамен танысу

Тақырыбы: «Түрлі түсті мұздар»

Мақсаты: Судың сұйық және қатты күйде болатындығын түсіндіру. Тәжірибе жасау арқылы түрлі түсті судың түрлі түсті мұзға қалай айналатындығын көрсету арқылы зейіндерін дамыту.





5..апта «Үй жануарлары және құстары».

29.01 – 02.02.2018 жыл.

Дене шынықтыру. 1.Бұрылып жүружәнеалаңныңбіржағынанекіншіжағына жүгіру. Лақтырғандоптықағыпалу. Еңістақтайбойыменжүруде тепе-теңдіктісақтау. Қимылды ойын: «Гүлдер жайқалады». 2.Бұрылып жүру және алаңның бір жағынан екінші жағына жүгіру. Еңіс тақтай бойымен жүруде тепе-теңдікті сақтау. Бөрененің үстімен еңбектеу. Қимылды ойын:«Себетке жина».

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Үй құстары»

Мақсаты: Балаларға үй құстарын таныстыру, олардың тіршілігі мен пайдасын айтып, білімдерін, танымын жетілдіру. Суреттер, үнтаспа, дид. ойындар арқылы сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Үй құстарына қамқорлықпен қарауға, адамгершілікке тәрбиелеу.



Русский язык

Тема: «Три поросенка»

Цель: формировать навыки слушания сказки, произносить слова на русском языке, обозначающих названия некоторых предметов ближайшего окружения, правильно ставить ударение в словах при произношении

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Тақырыбы: «Қайсысы көп, қайсысы аз»

Мақсаты:
Мақсаты: заттардың көп және аз түрлерінің болатынын нақтылай түсіндіру, бекіту.
Көрнекілігі: декорациялар ағаш, саңырауқұлақ, сәбіз, шырша, қоян(ойыншық),үйдің сұлбасы



Жаратылыстану

Тақырыбы: «Жануарлардың тіршілігі»

Мақсаты:Үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту. Олардың күту жолдарын түсіндіру. Жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу.

Жылқы, сиыр, қой, түйе, ешкі.Сыртқы келбеті және оның мінез-құлқы. Адам-дардың жануарларға қамқорлық жасауын түсіндіру. Адамға беретін пайдасы туралы білімдерін кеңейту.


Сурет салу

Тақырыбы: «Балықтар»

Мақсаты: Балықтың суретін түрлі әдістермен қолданып салуды бекіту.Сурет салғанда дұрыс отыруға, қарым-қатынасқа, адамгершілікке, табиғат сүіспеншілікке, тазалыққа,шыдамдылыққа тәрбиелеу;Көру,ойлау, есту қабілеттерін, қиялдарын, ұсақ және жалпы мото-риканы  дамыту; Балықтар туралы білімдерін бекіту.



Музыка

Түрлі сипаттағы пьесаларды тыңдау және есте сақтауға, әннің көңіл-күйін жеткізе білуге, музыканың алмасуына сәйкес қимылдауға үйрету.



Өтпелі тақырып: «Бізді қоршаған әлем».

(Ақпан)

  1. апта. «Ғажайыптар әлемі (өлі табиғат».

05.02 – 09.02.2018 жыл.

Дене шынықтыру.

1.Нық қадаммен алға жүру және түрлі бағытта жүгіру. Биіктігі 5-10 см заттан жерге секіру. Көлденең нысанаға лақтыру. Қимылды ойын: «Кім жылдам?».

2.Нық қадаммен алға жүру және түрлі бағытта жүгіру. Көлденең нысанаға лақтыру Бір аяқтан бір аяққа секіру.

Қимылды ойын: «Қоянша секір»

3.Нық қадаммен алға жүру және түрлі бағытта жүгіру. Бір аяқтан бір аяққа секіру. Еденде тігінен тұрған құрсаудан еңбектеп өту. Қимылды ойын: « Мені қуып жет».

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Ғажайып қалта»

Мақсаты: Диалогтік сөйлеуде сөздерді дұрыс, анық айтуға, сұраулы сөйлемдерді дауыс интонациясын сақтап, дұрыс айтуға жаттықтыру. Сөйлем қарқынын өзгерте білуге толықтыру. Айналадағы заттарды күтіп, ұқыпты, таза ұстауға тәрбиелеу.

Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Суретші қыс»

Мақсаты: Өлеңді көрнекі құралдар көмегінсіз жатқа айтуға, оны дауыс ырғағымен мәнерлеп оқуға үйрету. Балаларды шығарма мазмұнын өз іс-тәжірибесімен салыстыра отырып өзінің үнделікті өмірімен және қоршаған ортамен байланыстыру білуге үйрету.

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: «Түн. Бір-көп. Шеңбер»

Мақсаты: Тәулік бөлігі түнмен таныстыру,өлең мәтінінде тәуліктің қай мезгілі айтылғанын ажырата білуге үйрету. Тәулік бөлігі түнмен таныстыруды жалғастыру, заттар жиын-тығын салыстыруды, бір зат қайда, көп зат қайда тұрғанын ажыратуды үйрету, шеңбер пішінді заттардың суретін салу арқылы жаттықтыру, зерделікке тәрбиелеу.



Құрастыру

Тақырыбы: «Қар жауып тұр»

Мақсаты: Балалар қағазды умаждау арқылы қар кесектерін жасауға болатынын түсіндіру.

Балалардың саусақ бұлшық еттерін жетілдіру.

Табиғат құбылыстары жайында қарапайым түсініктер беру, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Жаратылыстану Тақырыбы: «Қар ұшқыны»

Мақсаты: Қардың жаууын бақылау, оның ақ және үлпілдек екенін көрсету,қардың қасиетімен таныстыру: суық (қолмен ұстап көруді ұсыну), қарды алақанға салғанда еритінін, одан сырғанақ жасауға болатынын түсіндіру


Сурет салу

Тақырыбы: «Аққала»

Мақсаты: Аққаланың бейнесін үзік сызықтарды бір-бірімен қосу арқылы салуды үйрету. Сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру. Эстетикалық талғамын жетілдіріп ұқыптылыққа тәрбиелеу

Музыка

Аспапта орындалған әнді тыңдауға және оның мазмұнын түсінуге, әнді кіріспедан соң бастауға, бірқалыпты жеңіл айтуға, музыканың көңілді, би сипатын қимылмен беруге үйрету.

Музыка

Музыкалық шығарманы эмоциямен қабылдауға, әнді бірге бастап, бірге аяқтауға, бір-бірден қарапайым би қимылдарын орындауға үйрету.



Мүсіндеу

Тақырыбы: «Үйрек балапанының мүсіні»

Мақсаты: Балалардың үлкен - кіші, көп, аз, ұғымын, дөңгелек және сопақша пішіні туралы білмдерін бекіту. Ермексазды домалатуды, бармақпен шымшып созуды үйретуді жалғастыру. Ермексазбен ұқыпты, таза жұмыс істеуге тәрбиелеу.


Экология негіздері

Тақырыбы: «Табиғат бұрышындағы құстарды бақылау»

Мақсаты:Балаларды жанды табиғат өкілдерімен таныстыруды жалғастыру.

Сөздік қорларын «құстың жүні мен мамығы», «қанат» деген сөздермен таныстыру. Құстардың суреттерін көрсету арқылы зейіндерін және білуге деген құштарлықтарын арттыру. Жанды табиғат өкілдеріне деген қамқорлы


  1. апта. «Көліктер».

12.02 – 16.02.2018 жыл.

Дене шынықтыру. 1.Нық қадаммен артқа жүру және жылдам (10-20м) жүгіру. Еденде тігінен тұрған құрсаудан еңбектеп өту. Тура секіру. Қимылды ойын: «Доппен жаттығулар». 2.Нық қадаммен артқа жүру және жылдам (10-20м) жүгіру. Тура секіру. Тура жолмен жүруде тепетеңдікті сақтау.Қимылды ойын: «Паровоз». 3.Нық қадаммен артқа жүру және жылдам (10-20м) жүгіру. Тура жолмен жүруде тепе-теңдікті сақтау. Бір аяқтан бір аяққа секіру.лақтыру Қимылды ойын: «Автобус».

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Бізге көлік қалай және қандау көмек көрсетеді»

Мақсаты:

Балаларға көліктер туралы түсінік беріп, олардың түрлерін ажыратуға үйрету. Сурет бойынша әңгімелей білуге үйрету. Сөздік қорларын толықтыру. Дауыс ырғағын дұрыс сақтап сөйлеулерін дамыту. Ойыншық көлік түрін мұқият, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Русский язык

Тема: «Транспорты»

Цель: формировать навыки слушания короткого стихотворения; правильно ставить ударения, расширять запас слов, обозначающих признаки предметов по цвету

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: «Кеңістікті бағдарлау»

Мақсаты:

Өзіне қатысты кеңістіктегі бағыттарды: жоғары-төмен, алыс-жақын, ажырата білуді, бағдарлауды үйрету. Тапсырманы қызығушылықпен, ұқыпты орындауға тәрбиелеу.

Жаратылыстану

Тақырыбы: «Көліктер»

Мақсаты: Балаларды қызмет көліктерімен таныстыру. Ой өрісін кеңейту. Көркем сөз арқылы тілін дамыту. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу,

Сурет салу

Тақырыбы: Машина

Мақсаты: Машина жайлы түеініктерін кеңейту. Айнала қоршаған ортадан көргендерін, алған әсерлерін бейнелеу іс- әрекетінде бере білуге жаттьщтыру. Тік төртбүрыш, дөңге- лек пішіндерден түратын заттың сурет салу дағдыларын қалыптастыру. Үқыптылыңңа, әдемілікке үйрету.



Музыка

Музыкалық шығарманы эмоциямен қабылбиспполжткаүһһһһөұнвВ»(дауға, қарапайым әуендердің интонациясын жеткізуге, жұптасып би қимылдарын орындауға үйрету.



  1. апта «Электроника әлемі».

19.02 – 23.02.2018 жыл.

Дене шынықтыру. 1.Нық қадаммен алға жүру және түрлі бағытта жүгіру. Бір аяқтан бір аяққа секіру. Көлденең нысанаға лақтыру.Қимылды ойын: Ойын-жаттығу: «Көреміз, қайталаймыз» (Экраннан көрсету және оны қайталау) . 2.Нық қадаммен алға жүру және түрлі бағытта жүгіру. Көлденең нысанаға лақтыру. Еденде тігінен тұрған құрсаудан еңбектеп өту. Қимылды ойын: 3.Нық қадаммен алға жүру Музыкалық жаттығу: «Кірпілер билейді» және түрлі бағытта жүгіру. Еденде тігінен тұрған құрсаудан еңбектеп өту. Алысқа лақтыру. Қимылды ойын: «Көлшіктен аттап өт».

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Шай қайнатуды үйренеміз»

Мақсаты: тағам және шай ішуге арналған ыдыстармен таныстыру, түрлерін атай білуге үйрету. Ойын жағдаяттарын көрсету арқылы шай дайындауды түсіндіру. Есте сақтау қабілеттерін дамыту және сөздік қорларын молайту. Балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.



Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Айна»

Мақсаты: Балаларды ертегіні түсініп, мазмұын мәнерлі айтуға үйрету. Сөйлеуге, әңгімелей білуге жетелеу. Балаларды ертегі желісі арқылы адамгершілікке баулу.

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: «Екі затты беттестіру, салыстыру»

Мақсаты:Бір топтағы заттарды екінші топтағы заттармен беттестіру және тұстастыру арқылы салыстыруды жетілдіру

Құрастыру

Тақырыбы: «Трамвай»

Мақсаты: құрылыс материалдарынан трамвай құрастыра білуге үйрету, көлік түрлерінің айырмашылығын түсіну, құрылыс материалдарын трамвайдың құрылымына сәйкес орналастыруға дағдыландыру, қоғамдық көлікте тәртіп сақтай білуге тәрбиелеу.



Жаратылыстану

Тақырыбы: «Су тіршілік көзі»

Мақсаты: Өлі табиғат құбылысы су туралы түсініктерін кеңейту: түсі, мөлдірлігі, төгіледі және т.б., адамдарға, өсімдіктерге, жануарларға судың қажеттілігі туралы түсінік беру.

Сурет салу

Тақырыбы: «Жол бойымен арба келеді»

Мақсаты: Арба көліктің бірі екендігі туралы түсініктер беру.Қарындашпен үзік сызықтарды қосу қосу арқылы сурет салу жолдарын түсіндіру.Эстетикалық талғамын қалыптастыру.

Музыка

Түрлі қарқындағы музыканы тыңдауға, әннің мазмұнына көңіл бөлу, әнді таза, түсінікті, көңілді айтуға, ырғақты жүруге және жүгіруге үйрету.

Музыка

Музыканың түрлі дыбысталуын (баяу-қатты) ажыратуға, күш түсірмей табиғи дауыспен айтуға, ритм мен тактіні сақтап музыкамен ырғақты қозғалуды үйрету.



Аппликация

Тақырыбы: «Бұршақты көйлек»

Мақсаты: Кеңістік ұғымдары туралы түсініктерін нақтылау; балалардың көркемдік талғамын қалыптастыру; шығармашылық жұмыста саусақ қызметін дұрыс пайдалана білуге тәрбиелеу.

Қоршаған ортамен танысу

Тақырыбы: «Көліктер»

Мақсаты:Балаларды қызмет көліктерімен таныстыру; ой – өрісін кеңейту; көркем сөз арқылы тілін дамыту.


4апта «Мамандықтың бәрі жақсы».

26.02 – 02.03.2018 жыл.


Дене шынықтыру. 1. Нық қадаммен артқа жүру және жылдам (10-20м) жүгіру. Алысқа лақтыру.Тура жолмен жүруде тепе-теңдікті сақтау. Қимылды ойын: «Допты домалат». 2. Нық қадаммен артқа жүру және жылдам (10-20м) жүгіру. Тура жолмен жүруде тепе-теңдікті сақтау. Еденде тігінен тұрған құрсаудан еңбектеп өту. Қимылды ойын:: «Доп шеңбер ішінде». 3. Нық қадаммен артқа жүру және жылдам (10-20м) жүгіру. Еденде тігінен тұрған құрсаудан еңбектеп өту. Биіктігі 5-10 см заттан жерге секіру.Қимылды ойын: «Күн мен жаңбыр».

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Дәрігер Айболит»

Мақсаты:

Мамандықтың түрлерімен таныстыру, олардың маңызын түсіндіру. Балаларды мейірімділікке, өзге адамдарға, жануарларға қамқорлық қатынасты білдіруге талаптандыруды жалғастыру.



Русский язык

Тема: «Светофор»

Цель:развивать голосовой и артикуляционный аппарат, составлять простые предложения при описании предметов ближайшего окружения по образцу взрослого

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: «Заттың ені, биіктігі»

Мақсаты: Заттардың ені, биіктігі мен жуандығы бойынша салыстыра білуді бекіту. Тапсырмаларды ұқыпты, таза орындауға тәрбиелеу.

Жаратылыстану

Тақырыбы: «Мамандықтармен танысайық»

Мақсаты: Көркемсөз арқылы балалардың мамандықтар туралы түсініктерін кеңейту. Мамандық түрлерімен таныстыру арқылы жаңа сөздермен сөздік қорларын толықтыру. Еңбекқорлыққа баулу.

Сурет салу

Тақырыбы: «Дәрігер Айболиттың мойынорағышы»

Мақсаты:

Балаларды әртүрлі маман иелерімен таныстыру. Дәрігер Айболиттің қызыметін түсіндіру.

Балалардың мойын орағыш туралы түсініктерін қалыптастыру. Мойын орағыштың суретін салуда сызықтарды дұрыс сызу және ұқыпты бояй білуге үйрету.

Ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.



Музыка

Музыка сипатының өзгерістерін эмоциямен жауап беруге, әнді бірге бастап бірге аяқтап айтуға, жеңіл, байсалды жүріспен жүруге үйрету.





Өтпелі тақырып: «Салттар мен фольклор».

(Наурыз)




1.апта «Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлері»

05.03 – 09.03.2018 жвл.

Дене шынықтыру. 1.Өз бетінше сапқа тұру және тізені жоғары көтеріп жүру. Биіктігі 5-10 см заттан жерге секіру. Тура нысанаға оң қолмен лақтыру. Қимылды ойын: «Арқан тарту». 2..Шеңбердегі өз орнын тауып сапқа қайта тұру және баяу қарқында (50-60 сек) жүгіру. Тақтай бойымен тепе-теңдік сақтап жүру. Тура нысанаға оң қолмен лақтыру. Қимылды ойын: «Машаны қуып жет». 3.Шеңбердегі өз орнын тауып сапқа қайта тұру және баяу қарқында (50-60 сек) жүгіру. Тура нысанаға оң қолмен лақтыру. Гимнастикалық қабырға бойымен жоғары өрмелеу және түсу. Қимылды ойын: «Бауырсақпен бірге аттайық».





Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Бесік жыры»

Мақсаты: Бесік жырын тыңдату, сөздердегі дауыссыз дыбыстарды анық айтуға, тыңдалған бесік жырын қайталап айтуға үйрету

Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Сыпайылық сабақтары»

Мақсаты:

Балаларды адамдар арасындағы адамгершілік қарым-қатынас нормаларымен таныстыруды, әлеуметтік ортадағы жүріс-тұрыс ережелеріне сыпайылылықтың қарапайым дағдыларына тәрбиелеуді жалғастыру.


Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруТақырыбы: «Заттың саны және көлемі»

Мақсаты: Бір топтың заттарын екінші топтың заттарымен беттестіру және тұстастыру арқылы саны және көлемі жағынан тең және тең емес заттарды салыстыруды үйрету.

Құрастыру

Тақырыбы: «Анама гүл сыйлаймым»

Мақсаты: Анаға сыйлық жасау үшін қағаздан умаждап гүлдер жасай білуге үйрету.Қағазбен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.Ата-ананы сыйлап, құрметтей білуге тәрбиелеу.



Жаратылыстану

Тақырыбы: «Бөлме өсімдіктері»

Мақсаты: Бөлме өсімдіктері туралы білімдерін кеңейту, оларды тануға, атай білуге және ажыратуға үйрету (фикус, қазтамақ, бегония). Өсімдіктерді суаруға, күтуге баулу.

Сурет салу

Тақыбы: «Кесені оюмен әшекейлеу»

Кесені әшекейлегенде «тұмарша», «ирексу» ою-өрнек элементтерін пайдаланып салуды үйрету.

Шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тазалыққа, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.



Музыка

Музыканың сипатын анықтауға және көңілді және баяу музыканы эмоциямен қабылдауға, бірқалыпты қарқынмен жеңіл ән айтуға, музыканың көңілді би сипатын қимылмен беруге үйрету.

Музыка

Түрлі қарқындағы музыканы тыңдап ажыратуды, әнді сөздерін анық,бір қарқынмен айтуға, шеңбер бойымен қозғалуға үйрету



Мүсіндеу

Тақырыбы: «Ұшақ»

Мақсаты: Бөлшектерді құрастыру арқылы ұшақты мұсіндеуді үйрету; қиялдау сезімдерін дамыту; ұқыптылыққа, дербес іс-әрекет жасауға тәрбиелеу.


Экология негіздері

Тақырыбы: «Наурыз көктем мерекесі»

Мақсаты: Балаларды ұлттық Наурыз мерекесімен, қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстыру. Халқымыздың салт-дәстүрлерін әңгімелеп беру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Мейірімді, қонақжай болуға баулу.



  1. апта «Ертегілер Елінде. Театр әлемі».

12.03 – 16.03.2018 жыл.

Дене шынықтыру. 1.Өз бетінше сапқа тұру және тізені жоғары көтеріп жүру. Тура нысанаға оң қолмен лақтыру. Гимнастикалық қабырға бойымен жоғары өрмелеу және түсу. Қимылды ойын: «Қамшы алу». 2.Өз бетінше сапқа тұру және тізені жоғары көтеріп жүру. Гимнастикалық қабырға бойымен жоғары өрмелеу және түсу. Тура нысанаға сол қолмен лақтыру. Қимылды ойын: «Қуыршақпен би». 3.Өз бетінше сапқа тұру және тізені жоғары көтеріп жүру. Тура нысанаға сол қолмен лақтыру. Арқан бойымен жүру кезінде тепетеңдікті сақтау.Қимылды ойын: «Мерген бала».

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Ертегіде қонақта»

Мақсаты:

Балаларды ертегі мазмұнын айтуға, сахналауға үйрету. «Қ» дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтіру арқылы «қ» дыбысының айтылуын меңгерту.

Русский язык

Тема: «Колобок»

Цель:совершенствовать навыки слушания сказок; правильно ставить ударения при произношения слов; составление простые предложения из 2-3 слов.

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: «Алды-арты. Жоғары –төмен»

Мақсаты:

Өзіне қатысты кеңістіктегі бағыттарды: оң-сол, алды-арты, жоғары-төмен, алыс-жақын, биік-аласа ажырата білуді жетілдіру

Жаратылыстану

Тақырыбы: «8 наурыз аналар мерекесі»

Мақсаты: Мемлекеттік 8 наурыз мерекесімен таныстыру. Әйел адамдардың мамандықтарын жіктей білуді үйрету. Әжесіне, апасына, анасына деген мейірімді қатынасын тәрбиелеу.

Сурет салу

Тақырыбы: «Алладиннің кілемшесі»

Мақсаты: «Алладин мен жын» ертегі кейіпкерлерімен таныстыру. Кілеммен таныстыруды жалғастыру, кілемді түзу және ирек сызықтармен әшекейлей білуге үйрету.

Сурет салуға дағдыландыру.

Өсімдікті сезінуге, көркемдік талғампаздыққа тәрбиелеу.



Музыка

Ертегілерді тыңдап ондағы сиқырлы дыбыстарды есте сақтауды, музыкалық сүйемелдеумен ре-ля бірінші октавасының диапазонында ән айтуға, жануарлардың би қимылдарын ұқсатуға үйрету.




3 апта «Өнер көзі халыкта».

19.03 – 23.03.2018 жыл.

Дене шынықтыру.

1.Шеңбердегі өз орнын тауып сапқа қайта тұру және баяу қарқында (50-60 сек) жүгіру. Арқан бойымен жүру кезінде тепетеңдікті сақтау. Қос аяқпен аяқтарды қосып қойып секіру. Қимылды ойын: «Кім жылдам?».

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Қуыршақ Әйгерім және Динара балаларда қонақта»

Мақсаты: Сөйлем құрастыра білуге, сұраққа дұрыс жауап беруге, үйретуді жалғастыру. Зат есім және сын есімдерді байланыстырып, сөз тіркестерін құрастыруды, дыбыстың дұрыс айтылуын бекіту. Қамқорлыққа баулу, мейірімділікке тәрбиелеу.

Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Наурызым, армысың!»

Мақсаты: Шығыс күнтізбесі жайлы білімдерін кеңейту. Шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жыл 22 наурыздан басталатынын, күн мен түн теңелетінін түсіндіру. Наурыз мейрамының басқа мейрамдардан айырмашылығы ажырата білуге үйрету.

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: «Тәулік бөліктерін анықтау»

Мақсаты: Күндіз, кеш тәулік бөліктерімен танысуды жалғастыру. Сөйлеу барысында осы сөздерді қолдануға және осы сөзді сөйлеу барысында пайдалануды дамыту.Тәуліктің қарама-қарсы бөліктерін анықтауға үйрету .

Құрастыру

Тақырыбы: «Торсық»

Мақсаты: Ыдыстар туралы ұғымдарды бекіту,торсықпен таныстыру. Қатты қағаздан қиылған торсықты төрт бөліктен құрастырып жасауға, кеңісті дұрыс бағдарлай білуге үйрету. Ұлттық ыдыс туралы қарапайым түсінік беру, ыдысты ұқыпты ұстай білуге тәрбиелеу.



Жаратылыстану

Тақырыбы: «Қонаққа қуыршақ Сәуле келді»

Мақсаты: Мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыруды жалғастыру; Көркем сөз ойын арқылы балалардың сөздік қорын байыту.

Сурет салу

Тақырыбы: «Сыр сандық»

Мақсаты:

Қазақтың қол өнер туындысы сандықпен таныстыру, бұрыштарға қазақ оюының қос элементін салуды үйрету. Балаға тапсырманы ұқыпты, әдемі орындауға тәрбиелеу.

Музыка

Бесік жырын тыңдату, музыкалық сүйемелдеусіз ре-ля бірінші октавасының диапазонында ән айтуға, қимыл қарқынын күшейтуге және азайтуға үйрету.

Музыка

Халық аспаптарының орындауындағы музыканы тыңдату, түрлі музыкалық сүйемелдеумен ре-ля бірінші октавасының диапазонында ән айтуға, жануарлардың би қимылдарын ұқсатуға үйр



Аппликация

Тақырыбы: «Көгалда серуендеген балапандар»

Мақсаты: Үй құстары туралы білім беру; балапанның қайдан шығатыны туралы түсініктерді қалыптастыру. Желімсіз аппликация дағдыларын қалыптастыру; ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Қоршаған ортамен танысу

Тақырыбы: «Табиғи оркестр»

Мақсаты: Табиғат дыбысын, яғни судың сылдырын, желдің, жаңбырдың дыбысын және жан жануар-лардың дауыстарын ести білуді үйрету

Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру және оған қамқор болуға баулу.

Табиғат құбы-лыстарының болу себептері туралы түсінгендерін қорытындылай білу біліктерін дамыту. Табиғатта өз өзін ұстау мәдениетін дағдыларын қалыптастыру



4.апта «Нұр төккен, гүл көктем».

26.03 – 30.03.2018 жыл.

Дене шынықтыру. 1.Өз бетінше сапқа тұру және тізені жоғары көтеріп жүру. Биіктігі 5-10 см заттан жерге секіру. Тура нысанаға оң қолмен лақтыру. Қимылды ойын: «Арқан тарту» . 2.Өз бетінше сапқа тұру және тізені жоғары көтеріп жүру. Тура нысанаға оң қолмен лақтыру. Доғаның астымен өрмелеу. Қимылды ойын: «Кубиктерді жинастыр». 3.Өз бетінше сапқа тұру және тізені жоғары көтеріп жүру. Доғаның астымен өрмелеу. Тақтай бойымен тепе-теңдік сақтап жүру. Қимылды ойын: «Мені қуып жет.

Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Көктем келді»

Мақсаты: Педагогтің сұрақтарына байланысты жауап қайтаруға, сөз тіркестерін құрастыруға үйрету. Жұмбақтардың мағынасын түсінуге, сурет арқылы шешулерін табуға үйрету. «К» дыбысын дұрыс айтылуға бекіту. Табиғаттағы құбылыстарды бақылай отырып, сүйіспеншілікке, табиғатты аялауға тәрбиелеу.



Русский язык

Тема: «Пришла весна»

Цель: развивать артикуляционный аппарат, формировать навыки понимания и согласования слов в словосочетаниях, правильно ставить ударение в словах при произношении


Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: «Ұзындығы, ені, биіктігі бойынша салыстыру»

Мақсаты: Ұзындығы мен ені жағынан бір-біріне қарама-өарсы заттарды салыстыру. Биіктігі, ені бойынша әртүрлі заттарды салыс-тыруды жетілдіру. Тәрбиешінің айтқанын тыңдауға, мұқият әрі ұқыпты болуға тәрбиелеу.

Жаратылыстану

Тақырыбы: «Көктем»

Мақсаты: Көктемнің сипаттық белгілері туралы балалардың түсініктерін жүйелендіру. Белгілерін еркін таба білуге үйрету. Табиғатқа, оның құбылыстарына деген жақсы көзқарасты тәрбиелеу.

Сурет салу

Тақырыбы: «»

Мақсаты: Қылқаламмен және бояумен сурет салуды жетілдіру, көктемгі ағаштың суретін салуды үйрету.

Музыка

Наурыз туралы ән тыңдату, дыбыстарды биіктігіне қарай ажыратуды үйрету, таныс би қимылдарын қайталау.



Өтпелі тақырып: «Біз еңбекқор баламыз».

(Сәуір)

1.апта. «Аялайық гүлдерді».

02.04 – 06.04.2018 жыл.

Дене шынықтыру. 1.Нық қадаммен алға және артқа жүру. Қос аяқпен аяқтарды алшақ қойып секіру. Оң және сол қолмен тік нысанаға көздеп лақтыру. Қимылды ойын: «Ағаштар гүлдеді». 2.Нық қадаммен алға және артқа жүру. Оң және сол қолмен тік нысанаға көздеп лақтыру. Арқан бойымен жүру кезінде тепетеңдікті сақтау. Қимылды ойын: «Таза ауада ойын». 3.Нық қадаммен алға және артқа жүру. Арқан бойымен жүру кезінде тепе-теңдікті сақтау. Допты педагогтан 1-1,5 м арақашықтыққа лақтыру. Қимылды ойын: «Гүлдерді жинайық».

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Көмекшілер»

Мақсаты:Сұрақ жауап әдісі арқылы таныс шығармалардың мазмұнын айтып беруге дағдыландыру. Заттарды топтастыруға, оларды атай білуге үйрету. Сөздік қорларын толықтыру, ойлау қабілеттерін дамыту. Үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Көркем әдебиет

Тақырыбы:

«Алтын дән» (өлең). К.Ахметова

Мақсаты: Еңбекке қызығушылықты қалыптастыру және оның нәтижелерін қыдірлеуге үйрету, адамгершілікке тәрбиелеу.

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы:«Пішіндерді ажырату. Тең, тең емес ұғымдарымен таныстыру.»

Мақсаты:

Беттестіру және тұстастыру арқылы тең емес заттар топтарын салыстыруды жетілдіру, дөңгелек заттарды, бұрыштары бар заттарды ажыратуды жетілдіру



Құрастыру

Тақырыбы: «Автобус»

Мақсаты: құрылыс материалдарын тимді пайдаланып автобусты құрастыра білуге үйрету. Кеңістікті дұрыс бағдарлауға, еңбек нәтижесіне жете білуге дағдыландыру.

Оның басқа көлік түрлерінің ерекшелігін байқай біліуге үйрету.



Жаратылыстану

Тақырыбы: «Көктемгі гүлдер»

Мақсаты: Алғашқы көктемгі гүлдерді бақылау, гүлдерді салыстыра отырып, сыртқы белгілеріндегі ұқсастық пен айырмашылықты табу.

Сурет салу

Тақрыбы: «Бақбақ» гүлі

Мақсаты: Балаларға көктемде өсетін бақбақтың бейнесін салуды үйрету.

Табиғатты сүйе білуге, жаңашырлықпен қарауға тәрбиелеу

Балалардың көктемгі табиғат ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту.



Музыка

Музыкалық естуді дамыту, әнді нәзік сезіммен, баяу үнімен, ыстық ықыласпен айта білуге үйрету, қазақ халқы биі элементтерін қолды білезік буынынан бұрауды жетілдіру.

Музыка

Гүлдер туралы ән тыңдату, мазмұнын түсінуге, әнді таза, түсінікті, көңілді айтуға үйрету, ойындарға қатыстыру



Мүсіндеу

Тақырыбы:«Қояндарға арналған сәбіз»

Мақсаты: Қоршаған ортамен таныстыруды жалғастыру, қоянның тіршілігі туралы балаларға түсінік беру. Сопақша пішінді жәнебір ұшын үшкірлеп мүсіндеуді үйрету, сондай-ақ ермексазды дұрыс қолдану жолдарын дамыту.


Экология негіздері

Тақырыбы:«Құртақандарды киіндіреміз»

Мақсаты: Төрт жыл мезгілінде ауа райы әртүрлі бола-тындығын түсіндіру. Маусымдық өзгерістердің адамдардың киім кию үлгісіне әсерін тигізетіндігін түсіндіру. Әр мезгілге байланысты киіну керектігін түсіндіре отырып эстетикалық талғамдарын ояту.


2.апта «Ас атасы – нан».

09.04 – 13.04.2018 жыл.

Дене шынықтыру. 1.Өз бетінше сапқа тұру және тізені жоғары көтеріп жүру. Допты педагогтан 1-1,5 м арақашықтыққа лақтыру. 15-20 см биіктен секіру. Қимылды ойын: «Астық жинаймыз». 2.Өз бетінше сапқа тұру және тізені жоғары көтеріп жүру. 15-20 см биіктен секіру. Үлкен допты екі қолмен арқаннан, тордан асыра лақтыру. Қимылды ойын: «Төбешікке мінеміз» 3.Өз бетінше сапқа тұру және тізені жоғары көтеріп жүру. Үлкен допты екі қолмен арқаннан, тордан асыра лақтыру. Қимылды ойын: «Доппен дәл көзде».

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: « Бар байлықтың бастауы – нан
Мақсаты: Нанды қастерлеуге, нанның адам өміріндегі ең маңызды ас екендігін, оның оңай жолмен келмейтіндігін айтып ұғындыру. Нанның қалай дастарханға келетінін айтып оған адамдар еңбек еткендігін түсіндіру. Еңбек адамдарын сыйлай, нанды қастерлей білуге тәрбиелеу.



Русский язык

Тема: «Стихи А.Барто»

Цель:учить слушать, понимать, рассказывать и читать наизусть короткое стихотверения; понимать простые вопросы и отвечать на них короткими предложениями.

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: «. Жеке заттардан топ құрастыру және топты заттарға бөлу»

Мақсаты: Заттарды саны бойынша салыстыру дағдыларын қалыптастыру. Бір-бірінің үстіне қою және жанына қою тәсілін қолдана отырып, заттар тобын санына қарай салыстыру. Жеке заттардан топ құрастыруды және топты заттарға бөлуді үйрету

Жаратылыстану

Тақырыбы: «Бидай» Мақсаты: Балаларды бидаймен таныстыру. Өсімдікті жұлуға, аяқтарымен таптауға болмайтынын, нанның өсімдіктен өсіп шыққан бидайдан жасалатынын түсіндіру. Нанды қастерлей білуге тәрбиелеу.

Сурет салу

Тақырыбы: «Наубайханадағы нандар»

Мақсаты: Түрлі пішіндегі нандардың суретін салуды үйрету. Нан дастарханымызға оңай жолмен келмейтінін айтып ойлау қабілеттерін дамыту. Нанды қастерлей білуге тәрбиелеу.



Музыка

Тыңдалған музыка туралы өз ойын айтуға, әуеннің интонациясын сақтап, күш түсірмей айтуға, музыкалық сүйемелдеумен қимылдарды үйлестіруге үйрету.




  1. апта «Жәндіктер мен қосмекенділер әлемі».

16.04 – 20. 04.2018 жыл.

Дене шынықтыру. 1.Шеңбердегі өз орнын тауып сапқа қайта тұру және баяу қарқында (50-60 сек) жүгіру. Үлкен допты екі қолмен арқаннан, тордан асыра лақтыру. Арқан бойымен жүру кезінде тепетеңдікті сақтау. Қимылды ойын: «Ұсталған шыбындар». 2.Шеңбердегі өз орнын тауып сапқа қайта тұру және баяу қарқында (50-60 сек) жүгіру. Арқан бойымен жүру кезінде тепетеңдікті сақтау. Гимнастикалық қабырға бойымен жоғары өрмелеу және түсу. Қимылды ойын: «Аралар». 3.Шеңбердегі өз орнын тауып сапқа қайта тұру және баяу қарқында (50-60 сек) жүгіру. Гимнастикалық қабырға бойымен жоғары өрмелеу және түсу. 15-20 см биіктен секіру. Оң және сол қолмен тік нысанаға көздеп лақтыру. Қимылды ойын: «Тордағы құс».

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:«Тасбақамен танысу»

Мақсаты:Тасбақамен таныстыру, оның сыртқы ерекшеліктері мен дене бөліктерін атауға, сөздік қорды антонимдермен толықтыруға, сөздерді септелуіне қарай байланыстыруға үйрету.

Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Аққу-қаздар» ойыны

Мақсаты: Қарым-қатынас ережелерін сақтауға үйрету, өзге адамға мейірімділікті, қамқорлық қатынас білдіруді ниеттеуді жалғастыру.

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруТақырыбы: «Беттестіру арқылы тең, тең емес заттарды салыстыру»

Мақсаты: Заттардың кеңістікте орналасуын анықтауды, беттестіру және тұстастыру арқылы тең және тең емес заттарды салыстыуды жетілдіру

Құрастыру

Тақырыбы: «Бақа»

Мақсаты: Қағазбен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, түрлі түсті қағаздарды пайдалана отырып бақа гүлін жасай білуге үйрету, гүлдерді аялауға, күтіп- баптауға, қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

Жаратылыстану

Тақырыбы: «Жәндіктер»

Мақсаты: Жәндіктер, олардың сипаттық белгілері туралы білімдерін кеңейту, көбелек пен қоңыздың айырмашылығын таба білуге үйрету.

Сурет салу

Тақырыбы: «Кірпіге арналған әшекей»

Мақсаты: Кірпіге арналған әшекей (алма, саңырауқұлақтар) салуға қызығушылықтарын арттыру, бояумен сурет салу дағдыларын бекіту. Қағаз бетіне езілген бояуды жүргізу арқылы толық бояуға қызықтыру. Эстетикалың талғамдарын арттыру.

Музыка

Музыкалық шығарманың көңіл күйі мен сипатын тыңдау және түсінуге, әнді дыбысты жылдамдатпай жеңіл айтуға, шеңбер бойымен би қимылдарын орындауға үйрету

Музыка

Музыкалық шығармаларды түсінуді жетілдіру, әндерді нақышына келтіріп орындай білуге, жұптаса отырып би қимылдарын орындауға үйрету.



Аппликация

Тақырыбы: «Тышқан іні»

Мақсаты: Жануарлар туралы білімдерін нақытлау. Тышқанның еңбек ету арқасында ін қазатындығы туралы түсінік беру. Тышқанның дене бөлшектерімен таныстыру. Жапсыру реттілігін қалыптастыру. Жапсыруды талғаммен орындай білуге тәрбиелеу.


Қоршаған ортамен танысу

Тақырыбы: «Түкті араның саяхаты»

Мақсаты: Саяхат сабағы арқылы шалғын өсімдіктері жайлы түсіндіру. Өсімдіктердің табиғатқа келтіретін пайдасы туралы ұғым қалыптастыру. Туған жердің табиғатына қамұор болуыға баулу.


  1. апта «Еңбек бәрін жеңбек».

23.04 – 27.04.2018 жыл.


Дене шынықтыру. 1.Өз бетінше сапқа тұру және тізені жоғары көтеріп жүру. Оң және сол қолмен тік нысанаға көздеп лақтыру. Үлкен допты екі қолмен арқаннан, тордан асыра лақтыру. Қимылды ойын: «Ептілер, күштілер». 2.Өз бетінше сапқа тұру және тізені жоғары көтеріп жүру. Үлкен допты екі қолмен арқаннан, тордан асыра лақтыру. Қос аяқпен аяқтарды алшақ қойып секіру. Қимылды ойын: «Егін жинаймыз». 3.Өз бетінше сапқа тұру және тізені жоғары көтеріп жүру. Қос аяқпен аяқтарды алшақ қойып секіру. Гимнастикалық қабырға бойымен жоғары өрмелеу және түсу.Қимылды ойын: «Допты қуып жет».

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Жұмыстың бәрі жақсы» (өлең)

Мақсаты: Қоршаған ортаның жан-жақтылығы жайлы түсініктерін көркем туындылар арқылы кеңейту. Туынды кейіпкерлерінің іс әрекетін бағалау, алған әсерлерін өз ойларымен айтып беру білігін дамыту.

Русский язык

Тема: «Антошка»

Цель:формировать навыки слушания короткой песни; правильно ставить ударения при произношения слов, употреблять в речи имена существительные в единственном и множественном числе

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Тақырыбы: «Үлкен. Кіші. Ені-ұзындығы»

Мақсаты: Әртүрлі заттар тобын көлеміне қарай таныстыру.Үлкен және кіші заттарды, ені, ұзындығы, биіктігі әртүрлі заттарды салыстыруды жетілдіру.Өз бетімен жұмыс жасауға және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Жаратылыстану

Тақырыбы: «Ағаштармен танысу»

Мақсаты: Ағаштарды тануға және атауға үйрету: қайың, терек және т.б. оларды күтіп-баптаудағы адамдардың еңбектерін бақылау

Сурет салу

Тақырыбы: «Саты»

Мақсаты: Керектің мойнының ұзындығына қарай түрлі бағыттарда сызықтар жүргізіп, оларды қиыстырып, саты салуға үйрету.

Музыканы көңіл күйлеріне қарай қабылдау сезімдерін дамыту.Жануарларға деген сүйіспеншілікке, қамқорлықжасай білуге тәрбиелеу.



Музыка

Бұрын тыңдалған шығарманы тануды бекіту, кіріспедан соң әнді бастауды, жануарлардың би қимылдарына ұқсатуды үйрету



Өтпелі тақырып: Әрқашан күн сөнбесін

(Мамыр)




  1. апта «Достық – біздің тірегіміз (халықтар достығы)».

30.04 – 04.05.2018 жыл.


Дене шынықтыру.

Шеңбердегі өз орнын тауып сапқа қайта тұру және баяу қарқында (50-60 сек) жүгіру. Арқан бойымен жүру кезінде тепетеңдікті сақтау. Гимнастикалық қабырға бойымен жоғары өрмелеу және түсу. Қимылды ойын: «Аралар».

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Үш жолдас»

Мақсаты: Балаларды ағайын арасындағы қарым-қатынастың адамгершілік жайттарымен таныстыру, бір-бірімен сыйластыққа, татулыққа, достыққа тәрбиелеу.

Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Маша мен Аю»

Мақсаты: Ертегінің мазмұнын түсінуге, кейіпкерлердің әрекеттерін бағалауға көмектесу.

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруТақырыбы: « Тең заттар тобын беттестіру мен тұстастыру. Оң, сол бағыттары.

Мақсаты: Тең заттар тобын беттестіру мен тұстастыру арқылы салыстыру.Қағаз парағының оң жағын және сол жағын ажыратып, бағыттарды анықтауға үйрету. Бірігіп жұмыс жасау қызығушылығына тәрбиелеу.

Құрастыру

Тақырыбы: «Достық қалашығы»

Мақсаты:

Балаларға достық ұғымын қалыптастыру.Ірі және ұсақ құрылыс материалдарын қолданып үлкен қалашық құрылысын құрастыруға үйрету (ұжымдық жұмыс). Ұқыпты, таза жасауға тәрбиелеу.

Жаратылыстану

Тақырыбы: «Үрмебұршақты отырғызу»

Мақсаты: Балалардың үрмебұршақ туралы түсініктерін нақтылау. Зерттеу әрекеттірін қолдана білуді жаттықтыру. Үрмебұршақты отырғызу дағдыларын қалыптастыру. Өсіп келе жатқан өсімдікке қызығушылығын тудыру.

Сурет салу

Тақырыбы: «Досыма арналған сылдырмақ»

Мақсаты: Балалардың достары жайлы әңгімелеу. Ойыншықтар туралы білімдерін кеңейту. Сылдырмақ жайында әңгімелету, тақпақтар айтқызу арқылы сөздік қорын байыту.

Сурет сала білуге үйрету, көркемдік талғамын дамыту.

Ойыншықты дұрыс пайдалануға тәрбиелеу.



Музыка

Музыкалық шығарманы эмоциямен қабылдауға, әнді сүйемелдеусіз ре-ля октавасының диапазонында орындауға, қимылдың ырғақтықпен орындауға үйрету.

Музыка

Тыңдалған әуен мазмұнына өзінің көңіл күйін білдіруге, әнді бірге бастап бірге аяқтауға, қимыл қарқынын өзгерте отырып қимылдауға үйрету



Мүсіндеу

Тақырыбы: «Наубайғанадағы нандар»

Мақсаты: Балаларды тоқаш, нан түрлерімен таныстыру. Наубайхана жұмысы туралы ақпарат беру.Алақанға салып домалақтау тәсілін жалғастыру. Нанды жерге тастамай, қастерлеуге тәрбиелеу.


Экология негіздері

Тақырыбы: «Мен және менің достарым»

Мақсаты: Өзінің есімін, тегін атай білуге жаттықтыру. Топтағы балаларды атымен атауды үйрету. «Ұл», «Қыз» ұғымдары туралы түсініктерін бекіту. Адамдармен қарым-қатынасқа түсу арқылы өзін тұлға ретінде жүзеге асыру.


  1. апта «Отан қорғаушылар (ҚР әскері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері)».

07.05 – 11.05.2018 жыл

Дене шынықтыру. 1.Шеңбердегі өз орнын тауып сапқа қайта тұру және баяу қарқында (50-60 сек) жүгіру. Гимнастикалық қабырға бойымен жоғары өрмелеу және түсу. Үлкен допты екі қолмен арқаннан, тордан асыра лақтыру. Қимылды ойын: «Кім жылдам». 2.Шеңбердегі өз орнын тауып сапқа қайта тұру және баяу қарқында (50-60 сек) жүгіру. Үлкен допты екі қолмен арқаннан, тордан асыра лақтыру. Гимнастикалық қабырға бойымен жоғары өрмелеу және түсу. Қимылды ойын: «Доппен ойнайық».

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Біз Отанды қорғаймыз»

Мақсаты: Отан қорғаушылар туралы түсінік беру, сөйлеу мәнерін сақтауға, сөздерді жіктелуіне қарай байланыстыруға үйрету, тақырыпқа сәйкес қысқа өлең жаттату.

Русский язык

Тема: «Казахстан- моя Родина»

Цель: учить слушать, понимать, рассказывать и читать наизусть короткое стихотверение, совершенствоваьть навыки понимания и составления простых предложений из 2-3 слов.

Қарапайым математикалық ұғымдарды

Тақырыбы: «Геометриялық фигураларды атау және тану»

Мақсаты:Геометирялық фигуралар туралы түсініктерін қайталау. Пішіндерді көлеміне, түсіне байла-нысты ажырату дағдыла-рын қалыптастыру. Пішіндерді үшбұрыш, шаршы, шеңбер сезім-түйсіктері арқылы сезінулерін дамыту. Жолдасына көмек көрсетуге тәрбиелеу.



Жаратылыстану

Тақырыбы: «Туған қаламызға саяхат»

Мақсаты: туған қалаға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Өз қалалары туралы білімдерін жүйелеу және байыту. Ойлау және сөйлеу белсенділігін арттыру.

Сурет салу

Тақрыбы: «Танк»

Мақсаты:

Төртбұрышты пішіндерді дөңгелек пішіндермен сәйкестендіріп танктің суретін салуды үйрету. Танкі туралы білімдерің кеңейту. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу.

Музыка

Отан туралы ән тыңдату, әнді байыппен күш түсірмей айтуға, сапта ырғақты жүруді үйрету.




  1. апта «Көңілді жаз».

14.05 – 18.05.2018 жыл

Дене шынықтыру. 1.Нық қадаммен алға және артқа жүру. Допты педагогтан 1-1,5 м арақашықтыққа лақтыру. Арқан бойымен жүру кезінде тепетеңдікті сақтау. Қимылды ойын: «Кім мерген?». 2.Нық қадаммен алға және артқа жүру. Арқан бойымен жүру кезінде тепе-теңдікті сақтау. Оң және сол қолмен тік нысанаға көздеп лақтыру. Қимылды ойын: «Мені қуып жет!». 3.Нық қадаммен алға және артқа жүру. Оң және сол қолмен тік нысанаға көздеп лақтыру. Еденде тігінен тұрған құрсаудан еңбектеп өту.Қимылды ойын: «Мерген бала».

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Жаз»

Мақсаты: Балалардың жаз мезгілі туралы білімдерін тиянақтау. Көктем мезгіліндегі ерекшеліктерімен таныстыра отырып, табиғтқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.Тақырыпқа сәйкес өлеңді эмоционалды түрде жатқа айтқызуға үйрету



Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Жайлау» (өлең) Н.Қазыбеков

Мақсаты: Шығарма кейіпкерлерінің жүріс-тұрысына эмоциялық ықыластық танытуға талаптандыру, ұқсас жағдайда кейіпкерлердің әрекеттерін және өзінің жүріс-тұрысын бағалауға үйрету.


Қарапайым математи-калық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: « Бір және көп заттарды салыс-тыру және арасындағы сәйкестіктерді орнату»

Мақсаты: Заттарды санына қарай салыстыру, бір зат пен көп затты айыру қабі-летін нығайту, санау-дың дұрыс тәсілдерін қолдана отырып, зат-тарды санау; екі топ-тағы заттарды көлеміне қарай салыстыру, оларды сол белгілеріне қарай біріктіру.



Құрастыру

Тақырыбы: «Жайылымдағы қошақандар»

Мақсаты: Балалардың саусақ бұлшық еттерін жетілдіру, қағазды умаждау арқылы қошақандарды қалай жасауға болатынын түсіндіру, малдың төлдеріне қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.



Жаратылыстану

Тақырыбы: «Гүлдер, гүлдер, әсем гүлдер»

Мақсаты: Балаларды түймедағы гүлімен таныстыру, эстетикалық сезімді тәрбиелеу. Қызығушылығын оятып. Экология негіздері түсініктерін қалыптастыру.

Сурет салу

Тақырыбы: «Күн жарқырап, шөп өсті»

Мақсаты:

Балалардың бояумен сурет салуға қызығушылықтарын арттыру. Дөңгелек затты түрлі бағыттағы түзу сызықтармен үйлестіріп салу білістіліктерін бекіту.

Ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.



Музыка

Көңілді әндерді тыңдауға оған өз кәңіл-күйін білдіруге, әнді ширақ айтуға, қимыл қарқынын өзгерте отырып қимылдауға үйрету.

Музыка

Музыканы мұқият тыңдауды және оған эмоциямен үн қатуды, әнді түрлі қарқында мәнерлі айтуға үйрету, музыканың қарама-қарсы сипатына сәйкес қимылдарды өзгертуді жетілдіру



Аппликация

Тақырыбы: «Достарыма арналған шарлар»

Мақсаты: Негізгі түстер туралы білімдерін бекіту; бейнелеу іс-әрекетіне баули отырып, мерекелік көңіл күй сыйлай білуді үйрету. Бейнелеу іс-әрекетіне деген қызығушылығын ояту. Жолдастыққа тәрбиелеу.

Қоршаған ортамен танысу

Тақырыбы:«Жайлауға саяхат»

Мақсаты: Туған жердің сұлулығы жайлы түсініктерді қалыптастыру. Экологиялық түйсікті қалыптастыру. Табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.


  1. апта «Мен жасай аламын».

21.05 – 25.05.2018 жыл.


Дене шынықтыру. 1.Шеңбердегі өз орнын тауып сапқа қайта тұру және баяу қарқында (50-60 сек) жүгіру.Еденде тігінен тұрған құрсаудан еңбектеп өту. Алысқа лақтыру. Қимылды ойын: «Менің көңілді добым».2.Шеңбердегі өз орнын тауып сапқа қайта тұру және баяу қарқында (50-60 сек) жүгіру. Алысқа лақтыру. Гимнастикалық қабырға бойымен жоғары өрмелеу және түсу. Қимылды ойын: «Бағдаршам» (спорттық ойын- сауық). 3.Шеңбердегі өз орнын тауып сапқа қайта тұру және баяу қарқында (50-60 сек) жүгіру. Алысқа лақтыру. Допты педагогтан 1-1,5 м арақашықтыққа лақтыру.Қимылды ойын: «Көңілді шарлар».

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Менің көңілді добым»

Мақсаты: Ойыншық туралы әңгіме құрастыруды үйретуді жалғастыру. Заттарды қарастыруда олардың түсін, пішінін, қандай материалдан жасалғанын анықтауға үйрету. Балалардың сөздік қорын молайтып жаттықтыру. Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты, таза ұстауға тәрбиелеу.

Русский язык

Тема: «Щенок»

Цель:закреплять навыки слушания рассказа; правильно ставить ударения при произношения слов, развивать связную речь

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тапқырыбы: «Ғажайып математика
Мақсаты: Баланың білімін тиянақтау, геометриялық пішіндерді танып, ажырата білуін жетілдіру, қарапайым сан мен санаутүсініктерін қалыптастыру, апта күндерін ажырата білуге үйрету. Ойынның шартын сақтап ойнауға, ұйымшыл, көпшіл, шыдамды, сабырлы, шапшаң болуға тәрбиелеу.


ЖаратылыстануТақырыбы: «Суды жақсы көретіндер»

Мақсаты: Су туралы түсініктерді қалыптастыру. Құрлықта және суда өмір сүретін жануарларды ажырата білуге үйрету. Жануарлардың аттарын, олардың немен қоректенетіні туралы білімдерін бекіту. Жануарлар әлемі туралы түсініктерін қалыптастыру.

Сурет салу

Тақрыбы: «Сүлгіні әшекейлеу»

Мақсаты:

Сәндік қолданбалы өнермен таныстыруды жалғастыру.

тік төртбұрышты пішіннің ортасына «тұмарша» оюын дұрыс орналастыра білуге үйрету.Сүлгінің шетіне шашақтарды түзу сызықпен сызуға жаттықтыру.

Эстетикалық тәрбие беру.



Музыка

Музыкадан алған дағдылар мен біліктерді бекіту























  1. апта «Күн жарқырайды».

28.05 – 01.06.2018 жыл.

Дене шынықтыру. 1.Нық қадаммен алға және артқа жүру. Допты педагогтан 1-1,5 м арақашықтыққа лақтыру Гимнастикалық қабырға бойымен жоғары өрмелеу және түсу. Қимылды ойын: «Мен дәл тигіземін». 2.Нық қадаммен алға және артқа жүру. Допты педагогтан 1-1,5 м арақашықтыққа лақтыру Гимнастикалық қабырға бойымен жоғары өрмелеу және түсу. Қимылды ойын: «Менен кейін қайтала». 3.Нық қадаммен алға және артқа жүру. Гимнастикалық қабырға бойымен жоғары өрмелеу және түсу. Алысқа лақтыру. Қимылды ойын:Спорттық іс-шара: «Біз спортшылармыз».


Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Жайдарлы жаз келді»

Мақсаты:  Жаз  айларының  атауларын  атау , олардың  ерекшелігін  ұғындыру. Жазғы  табиғат  өзгерістерін  бақылап , жаз  байлығын , әсемдігін ,  сұлулығын  сезіне  білуге  үйрету. Табиғатты  аялауға , қамқорлық  жасай  білуге  тәрбиелеу.



Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Жазда» (өлең)

Мақсаты: Өлеңді мәнерлеп жатқа оқуға төселдіре отырып,

жыл мезгілдері ,жаз туралы түсініктерін тереңдету. Табиғатты қорғауға,сүюге тәрбиелеу.Дұрыс байланыстыра сөйлеп, өз ойын жеткізе  білуге баулу.




Қарапайым математи-калық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: «Ойыншықтар дүкені»

Мақсаты: Қоршаған ортамен геометриялық пішіндерге (шаршы, дөңгелек,үшбұрыш) ұқсас заттарды тауып  оларды тұрмыстағы заттармен (орындық,доп,пирамида) сәйкестендіре білуге  үйрету.



Құрастыру

Тақырыбы: «Жаяу жүргіншілерге және машиналарға арналған кең тар жолдар»

Мақсаты: Балаларды жаяу жүргіншілерге арналған тар және кең жолдарды құрылыс материалдарыдан құрастыру. Олардың түсін, пішінін, көлемін ажырата алуға дағдыландыру. Тәрбиешінің ұсынған шарты бойынша құрылыс материалдарын кеңістікте дұрыс орналастыра білуге үйрету, өзара қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу.



Жаратылыстану

Тақырыбы: «Күн, су,ауа – біздің жақсы достарымыз.»

Мақсаты: Күн,ауа,су туралы білімдерін кеңейту. Күн, су, ауа табиғат сыйы және оның маңызы туралы білімдерін кеңейту.

Сурет салу

Тақырыбы: «Күннің мол шуағы»

Мақсаты:

Балаларды жылы түстер реңктерімен таныстыру, әрбір түстің қандай мінез –құлықты, көңіл күйді білдіретінін, түсті бейнелейтін заттың сипатына қарай қолдану керек екенін түсіндіру, нәзіктікке тәрбиелеу.



Музыка

Көңілді әндерді тыңдауға оған өз кәңіл-күйін білдіруге, әнді ширақ айтуға, қимыл қарқынын өзгерте отырып қимылдауға үйрету.

Музыка

Музыканы мұқият тыңдауды және оған эмоциямен үн қатуды, әнді түрлі қарқында мәнерлі айтуға үйрету, музыканың қарама-қарсы сипатына сәйкес қимылдарды өзгертуді жетілдіру



Мүсіндеу

Тақырыбы: «Құмға арналған қалақ»

Мақсаты: Ойыншық түрлерімен таныстыруды жалғастыру, қалақ туралы түсінік беру; қалақтың қажеттілігін ұғындырып, мүсіндеуге үйрету, саусақ бұлшықеттерін дамыту. Балаларды ойыншықтарды күтіп ұстауға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.


Экология негіздері

Тақырыбы: «Орманға саяхат»

Мақсаты:  Балалар жануарлар туралы түсінік беру. Олардың тіршілік ету ортасын таныстыру.  Эколо-гиялық тәрбие беру, ойлау қабілеттерін дамыту. Мейірім- ділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Тексерілді_____________________А.Зайнуллаева



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
996
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі