400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Перспективалық жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
Тəрбиешіге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

««Шапағат» бөбекжай-бақшасы»

МКҚК әдіскері:

Тәрбиешілер мен балалар өмірін ұйымдастыру циклаграммасы

«Балбөбек» І-кіші тобы тәрбиешілер: Қ.Д.Ибираймова; Ш.М.Кудайбергенова;

Қараша айы ІІІ-апта 13.11- 17.11.2017 күндері


Тақырып: «Дені саудың жаны сау»

Күн тәртібі

уақыты

Дүйсенбі 13.11

Сейсенбі 14.11

Сәрсенбі 15.11

Бейсенбі 16.11

Жұма 17.11

Балаларды қабылдау

Ата-аналармен әңгімелесу

Ойындар (үстел үсті, саусақ және т.б)

08.00-08.40

Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы: Балалардың өз балабақшаларына деген ыстық сезімдерін дамыту. Балабақшада қызмет істейтін апайларға құрмет көрсетіп, топқа тазалық сақтай білу сияқты әдептілік дағдыларын қалыптастыру.

Балаңыздың дамуы үшін өз үлесіңізді қосыңыз.

Балаңыздың көп уақытын теледидар алдында отырудан шектеңіз

Балабақшада өтетін іс-шараларға баламен бірге атсалысыңыз.

Балаңызға тәрбиеші берген тапсырманы орындауына көмек қолын созыңыз.

Балаңыздың бүгінгі көңіл куйі балабақшаға келуге қызығушылығы.

Тақпақ жаттату: «Отан»

Отан жерім,

Отан суым,

Отан қуат, нәр береді.

Отан-ұран, отан-туым.

Отан мәңгі гүлденеді.

Таным дид\ойын: «Бағдаршам» Картотека№30 Мақсаты: Бағдаршам туралы білім беру. Түстерді бала бойында қалыптастыру.

Саусақ театры: «Үйшік»ертегісі Мақсаты: Ертегіні мұқият тыңдау. Ертегі кейіпкерлерін айту. Ертегі тыңдауға ынталандыру.

Дид\ойын: «Қалай жүріп, нені тапқың келеді?» Мақсаты: Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету. Оң- солды ажыратуды үйрету.

Ұлттық ойын: №1 картотека – «Сынарын тап»

Мақсаты: Жыл мезгілдерін ажырата білу, баланың сезу қабілетін дамыту, түр түсін ажырата білу.

Жаттығулар кешені: №6 «Орамалмен»

Таңғы ас

08.40-09.10

Ойын жаттығу:

Шуақ шаша, алатын таңда,

Мөлдір таза ауада

Табиғатта бәрі оянды

Оян сенде, бар бала!

Ойындар, ұйымдастырылған оқу қызметіне (ҰОҚ) дайындық

09.10-09.30




Балалармен ұйымдастырылған оқу қызметін ұйымдастыруда ойындар және баяу қимылды ойын-жаттығулар

Ертегі оқып беру; Тақырыбы: «Жеті лақ» Мақсаты: Балаларға қай кейіпкерді атауға, мұқият тыңдауға қалыптастыру.

Таным дид\ойын: «Қуыршақты киіндір» Картотека№50 Мақсаты: Балаларды жыл мезгіліне байланысты киінуді үйрету.

Дид\ойын: «Төлдерін тап» Мақсаты: Үй жануарларының төлдерін дұрыс ажыратуды дамыту.

Ұлттық ойын: №4 картотека – «Күшті-күшті»

Мақсаты: Балалардың қанша сөз ұққандарын тексеру, сөз қорын молайту.


«Бой сергіту өлеңі»

Қыл қаламды қояйық, Орнымыздан тұрайық.

Қолымызды созайық

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп

Белімізді жазайық.

Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі

09.30-10.00


Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Кім қалай дыбыстайды» Мақсаты: а)балалар әдебиеті шығармаларының бейнесін және мазмұнын түсінуге үйрету; ә) дидактикалық ойын арқылы сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру;

б) жануарларға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Дене шынықтыру Тақырыбы: «Қимылды ойындар» Мақсаты: қимылды ойындарға кезеңінен тоқталу. Қимылды ойындардың денсаулыққа пайдасын түсіндіру.


Сансорика Тақырыбы: «Қуыршақ Әйгерімге арналған жидек» Мақсаты: а) түсі бойынша ерекшеліктерін біркелкі заттарды топтастыруды үйрету. ә)заттар мен құралдарды қолдану дағдыларын жетілдіру; б) ауызша нұсқау мен үлгіге сүйене отырып, тапсырмаларды орындау дағдыларын қалыптастыру.

Жаратылыстану Тақырыбы: «Жануарлар» Мақсаты: а) жануарлардың дене бөліктерін ажыратуды және атауды үйрету; ә) олардың мінез- құлқына, сыртқы түріне назар аударуды үйрету; б) балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.

Музыка Тақырыбы: «Қуыршақ жүреді, жүгіреді» Мақсаты: ойын арқылы көңілді, көңілсіз әуендерді тыңдау, сезінуге баулуды жалғастыру.


Музыка Тақырыбы: «Қуыршақ жүреді, жүгіреді» Мақсаты: ойын арқылы көңілді, көңілсіз әуендерді тыңдау, сезінуге баулуды жалғастыру.

Дене шынықтыру Тақырыбы: «Қысқы ойын түрлері» Мақсаты: балаларға қысқы ойын түрлерінен ойындар ұйымдастыру. Затты нысананы көздеп ата білуге жаттықтыру. Ептілікке, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сурет салу

Тақырыбы: «Түрлі түсті жолдар» Мақсаты: а)майлы қарандашты пайдалана отырып ирек сызықтар сызуға үйрету; ә)саусақтарының бұлшық еттерін дамыту; б)ұқыпты жұмыс істей білуге тәрбиелеу;

Дене шынықтыру Тақырыбы: «Оң және сол қолмен лақтыру» таза ауада Мақсаты: қолды екі жанға соза отырып тепе-теңдікті сақтап жүре білуге үйрету, қолды екі жанға созып түзу жүре білуге дағдыландыру. Қимыл- қозғалысты үйлесімді ету қабілетін дамыту.

Серуен

10.20-11.30


Бақылау: «Күнді бақылау». Картотека№11

Мақсаты: Күн көзінің жарығынан күннен тараған сәуле (жарық) оның бүкіл тағиғат үшін пайдалыда қажеттілігін ашу. Еңбек: «Гүл шоғы»

Мақсаты: Алаңдағы жапырақтарды жинап, олардан әдемі гүл шоғын жасау.

Жеке жұмыс: Е.Өтетілеуұлы «Бағдаршам»

Сақта көше тәртібін

Бағдаршамның ақ «тілін»

Біліпте алдым мен де.

Мақсаты: Бағдаршаммен таныстыру. Жолда жүру ережелерін түсіндіру.

Қимылды ойын: «Үрпек төбет»

Мақсаты: Тез жүгіре білуге үйрету, жылдамдыққа, батылдыққа тәрбиелеу.

Серуеннен оралу

11.30-11.50

Балалардың реттілікпен кимдерін шешуі, дербес ойын әрекеті.

Түскі ас

11.50-12.30

Балалардың назарын тағамға аудару; мәдениетті тамақтануға баулу;

Сабындаған кезіңде

Ашытады көзіңді

Бола білсең төзімді

Тап-таза етер өзіңді.

Түскі ұйқы

12.30-15.00

Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай орнату. Ертегі оқып беру: «Мұз қаншайымы»

Біртіндеп ұйқыдан ояту, ауа, су шаралары

15.00-15.30

Ұйқа ашар жаттығулар

Тақырыбы: "Кім тез тығылады?". Көрпешемен ойын.

Дыбыс: бір,екі, үш көрпе астынан табыл.

Еденде.

1.Тізені жоғары көтеріп, орынында тұрып жүру.

а)Аяғына карай созылып, қолын жоғары көтеру.

б) Отыру.

в)Түзелу.

2.Орнында тұрып, жүгіру және секіру.

Бесін ас

15.30-16.00

Балалардың назарын тағамға аудару; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс;

Сабындаған кезіңде

Ашытады көзіңді

Бола білсең төзімді

Тап-таза етер өзіңді.

Ойындар, дербес әрекет

16.00-16.20

Сөйлеуді дамыту

Сюжеттік-рөлдік ойын: «Аурухана» Картотека№9

Мақсаты: Балалардың бір-біріне көмектесе білуге үйрету. Мейрімділікке баулу.

Геометриялық дид\ойын: «Пішіндерді таны да ата»

Картотека№ 39 Мақсаты: Заттардың түр-түсін атау, пішіндерін есте сақтау.

Сюжеттік-рөлдік ойын: «Шаштараз»

Картотека№9 Мақсаты: Балаларды тазалыққа шаштарын күтіп ұстауға, тарауға үйрету.

Геометриялық дид\ойын: «Сипаттамсы бойынша тап» Картотека№25

Мақсаты: Ұзын-қысқы, кең-тар, биік-аласа ұғымдарын бекіту.

Тақпақ жаттату. «Ойыншықтар» Біздер де бар қуыршақ

Бұзау,қозы, құлыншақ,

Ойыншықтар тыңдайды

Ақыл айтсаң бұйырсаң.

Балалармен жеке жұмыс

16.00-16.20

Пішіндерді ұрыс орналастыруды үйрету.(Раяна,Нұрдаулет, Жамал, Айзада)

Еңбектеп жүріп белгіленген мәреге жету. (Ерасыл, Жансая, Жібек, Әли)

Доптардың үлкен-кіші екенін ажыратуды үйрету. (Сырбаз, Данажан, Айзере, Раяна)

Ирелеңдеп (жылан)тәрізді жүруді үйрету. (Адель, Сырбаз, Нұрдаулет, Айзада)

Саусақ жаттығулары, саусақтарын санауды үйрету.

(Жамал, Жібек, Ерасыл, Данажан)

Серуенге дайындық

16.20-16.30

Киіну: серуенге шығу. Балалардың қауіпсіздігін қадағалау.Балаларды қатарға тұрғызып,далаға шығару.

Серуен

16.30-17.30

Серуенге қызығушылық туғызу. Балалармен жеке әңгімелесу: «Балалармен күз мезгілі туралы әңгімелесу», «Сенің сүйікті ертегі кейіпкерің кім?» және т.б. Қимылды ойын: «Допты қағып ал»

Кешкі ас

17.40-18.10

Балалардың назарын тағамға аудару; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс;

Сабындаған кезіңде

Ашытады көзіңді

Бола білсең төзімді

Тап-таза етер өзіңді.

Балалардың үйге қайтуы

18.10-18.30

Ата-аналармен қоғамдық өмірге белсене араласуға кеңес беру.

Психологтың сауалнамасын толтырту.

Балаңыздың сүйікті ойыншығы қандай?

Ата-аналармен қоғамдық өмірге белсене араласуға кеңес беру

Дүкеннен ойыншықты балаңызға жиі сатып аласызба? Ойыншықтарға көңіл бөліп, таза ұстауын қадағалайсызба?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
623
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі