Материалдар / Перспективалық жоспар
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Перспективалық жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2017
2358
24 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Өтпелі тақырып: Менің балабақшам (Қыркүйек)


ДенсаулықДене шынықтыру (2,5 сағат) Қауіпсіз мінез-құлық негіздері (0,5) КоммуникацияСөйлеуді дамыту (1) Көркем әдебиет (0,5) Сауат ашу негіздері (1) Драма (0,5)Орыс тілі (1)Шет тілі (1)





ТанымҚарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру (1с) Құрастыру (0,5)Жаратылыстану (1с)

ШығармашылықСурет салу (1с)Мүсіндеу (1с)Аппликация (1с) Музыка (2 с)



ӘлеуметӨзін-өзі тану (1с)Қоршаған ортамен танысу (0,25с) Экология негіздері (0,25с)







1 апта Менің балабақшам



































































































Денешынықтыру1.Сапта бір қатармен, аяқтың ұшымен, өкшемен жүру, шашырап, жұптасып жүгіру.Қос қолмен допты жоғары, жіптің үстінен лақтыру.Бір орында тұрып, алға қарай 3-4 м қашықтыққа жылжу арқылы секіру.

2. Заттарды аттап, қозғалыс бағытын өзгертіп жүру,шашырап, жұптасып, бір сызыққа қойылған заттар арасымен жүгіру.Тізенің арасына қапшықты қысып, қос аяқтап секіру.Допты бір қатарға қойылған заттар арасымен домалату.



Қауіпсіз мінез-құлық негіздеріБалабақшадағы қауіпсіз мінез-құлық ережелерімен таныстыру (баспалдақтан абайлап көтерілуді және түсуді,баспалдақ таянышынан ұстауды; есікті тұтқасынан ұстап, ашып, жабу).

Сөйлеуді дамыту Балабақша қызметкерлерінің еңбегімен таныстыру.Олардың еңбегі туралы әңгімелеп айтып беруге үйрету.Тыңдауды, айтуды, ана тіліне тән барлық дыбыстарды айта білуді жетілдіру.Сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру.

Көркем әдебиетТыңдаған шығарманың мазмұнын жүйелі мазмұндап беруге үйрету. Шығарманың эмоционалды- бейнелік мазмұнын қабылдауға, баяндау сипатын сезінуге баулу.

Сауат ашу негіздері«Сөз» және «дыбыс» терминдері туралы бастапқы



түсініктерін қалыптастыру.

Драма Балаларды театр мәдениетіне баулу.Ересектермен және құрдастарымен өзара әрекетте мәдениетті мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.

Орыс тілі Расширятькругозордетей через чтение сказки;отвечать на вопросы по содержанию сказки; обсуждая поступки героев,развивать правильное произношение звуков;употреблятьв речи имена существительные единственного числа;

Шет тілі Ағылшын тіліндегі сөздерді дұрыс айтуға үйрету:амандасу және қоштасу (Hello, Hi, Goodbye, See you); өтініш пен рахмет айту (Give me ..., please, Come in, please, Thank you); кешірім сұрау мен кешірім беру (I’m sorry, Excuse me, It’s O.K.).
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруБалаларды балабақшаның ішінде бағдарлай білуге үйрету. Санның белгілі бір заттың өлшемін көрсететін көрсеткіш екендігі, жиын түрлі элементтерден құрылатындығы туралы түсінігін дамыту.

Құрастыру Құрылыс материалдарынан, конструктор бөлшектерінен балабақшаны құрастыруға үйрету.



ЖаратылыстануТабиғат құбылыстары туралы алған білімдерін кеңейту,«өлі табиғат» ұғымымен таныстыру.
Сурет салуБалаларды заттарға қарап (топтағы жиһаздардың) өздеріне тән ерекшеліктерін сақтай отырып суретін салуға үйрету. Бояумен жұмысты жетілдіру.

МүсіндеуБалаларды затқа қарап көлемі мен пішіні әртүрлі таныс жиһаздарды мүсіндеуге үйрету. Сулы шүберекпен пішіннің үстінен тегістеуге және кескішті қолдану дағдыларын дамыту.

Аппликация Екіге бүктелген қағаздан түрлі қатпарлы бейнелерді қиюды үйрету. Қайшыны қолдану біліктерін бекіту.

Музыка 1.Шығармалардың эмоционалдық мазмұнын, сипатын,көңіл-күйін ажырата білуді қалыптастыру. Дыбысты таза орындау,сөзін анық айтуға үйрету.Музыканың ырғағына салып,аяқтың ұшымен жұптасып билеу.Ересектердің орындауындағы музыкалық пьесаларды тыңдау.Музыка 2. Музыкалық жанрды ажырата білу. Әннің сипатын қабылдау, даусын дұрыс келтіріп орындауға үйрету. Музыка сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау.
Өзін-өзі тануБалаларды «Өзін-өзі тану» ҰОҚ таныстыру.Жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту, өзін-өзі танып, өзін-өзі іс жүзінде көрсете білуді қалыптастыру.

Қоршаған ортамен танысуБалабақша, топ атауын, нөмірін айта білуге үйрету, үйден балабақшаға дейінгі жолды анықтау туралы



түсініктерін қалыптастыру.



2 апта Менің достарым























































Дене шынықтыру1. Заттар арасымен, адымдап алға қарай жүру, түрлі жылдамдықпен жүгіру.Допты еденнен ыршытып жоғары лақтырып, қос қолмен қағып алу (4-5 рет). Көлбеу басқышпен өрмелеп, гимнастикалық қабырғаға өтіп, сатыдан ұстай отырып қайта түсу. 2. Түрлі қарқынмен жүру және жүгіру. Орындық үстімен текшелерден аттап жүру. Допты қабырғаға ұрып және еденнен ыршытып, қос қолмен қағып алу.Қос аяқтап заттар арасымен секіру.3. Жүру мен жүгіруді қайталап кезектестіру. Допты қабырғаға ұрып және еденнен ыршытып қос қолмен қағып алу.Оң және сол жақ бүйірімен топталып, құрсаудың ішінен өту.Сөйлеуді дамытуӨзінің достары туралы әңгімелеп беруге үйрету. Негізгі ойды дұрыс жеткізуді, әңгімені бірізді және нақты айта білуді жетілдіру.Дыбыстардың нақты артикуляциясын, интонациялық мәнерлігін қалыптастыру.Балалардың сөздік қорын зат есімдермен байыту.

Сауат ашу негіздері Дауысты дыбыстардың негізгі ерекшеліктерімен таныстыру.Сөздегі дыбыстардың бірізділігін белгілеуге үйрету.

Орыс тілі Использовать игровые упражнения для развития правильного произношения русских звуков; расширять кругозор детей, читая рассказ; употреблять в речи имена существительные единственного и множественного числа, правильно ставить ударение при произношении слов; составлять предложения из 4–5 слов;Шет тіліАғылшын тіліндегі сөздерді және сөйлемдерді түсініп, қолдануға үйрету.



Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру6 саны көлеміндегі сан мен цифр туралы ұғымдарын қалыптастыру, оларды тануға және атай білуге үйрету.Кеңістікте бағдарлауды дамыту.

ЖаратылыстануГүлдейтін шөптесін өсімдіктермен таныстыру (шырайгүл,барқытшөп және т.б.), оларды сипаттық белгілері бойынша атау және тани білу дағдыларын қалыптастыру.Өсімдіктерге күтім жасауға баулу.

Сурет салу Түзу, ирек, жіңішке, жалпақ сызықтарды, түрлі көлемдегі дөңгелектерді ырғақты орналастыра отырып, қарапайым пішіндерде өрнектерді құрастыра білу іскерліктерін жетілдіру.

Мүсіндеу Балаларды мүсіндеудің таныс әдістерін қолдануға үйрету және заттардың өлшемдік қатынастарын бере білуге жаттықтыру.

АппликацияБөліктерден бейнелерді құрастыру, топты безендіру үшін ұжымдық жұмыстарды орындауға үйрету.

Музыка 1.Музыкалық бейнені қабылдауға үйрету. Дыбыс ұзақтықтарын сақтай отырып,әнді нақты айта білу. Музыканыңсипатына сай қимылдарын өзгерту іскерлігін дамыту. Домбыра аспабымен таныстыру.











Өзін-өзі тануҚұрдастарымен ойын және шынайы қатынас арқылы қарым-қатынас қуанышы туралы түсініктерін кеңейту; мейірімділік танытуға баулу.






Өзін және басқаларды(I’m ......., Myname is ...., This is ..., It’s my mum)таныстыру; жас ерекшелігі жайлы ақпарат беру(I’m…).

2. Музыкалық шығармаға өзінің қатынасын білдіру, оның мазмұны мен сипаты туралы пікірін айту. Әннің көңіл-күйін жеткізе білуге баулу.Мазмұнына сай қимыл-қозғалыс жасау. Балаларды топпен билеуге үйрету.





3 апта Менің сүйікті ойыншықтарым

Дене шынықтыру1. Аяқтың ұшымен жүру, түрлі жылдамдықпен – баяу, жылдам, орташа қарқынмен 1,5-2 мин тоқтаусыз жүгіру.Оң және сол жақ бүйірімен топталып, құрсаудың ішінен өту. 2- 2,5 м арақашықтықтағы нысанаға құм салынған қапшықты, асықты дәлдеп лақтыру. 2.Сапта бір қатармен, аяқтың ұшымен, өкшемен жүру, шашырап, жұптасып жүгіру. Тізенің арасына қапшықты қысып, қос аяқтап секіру. Доғаның астымен төрт тағандап еңбектеу.Қауіпсіз мінез-құлық негіздері Адамның дене құрылысы, оның маңызды мүшелері туралы жалпы түсінік беру. Жүректің қызметімен таныстыру, дұрыс тыныс алуды көрсету.Сөйлеуді дамыту Ойыншықтары туралы әңгімелеп беруге, түрлі ойыншықтарды сипаттауға үйрету.Дыбыстардың нақты артикуляциясын, интонациялық мәнерлігін қалыптастыру. Сөздік қорды сын есімдермен байыту.

Көркем әдебиет Өлең жаттау, оны мәнерлеп айтуға жаттықтыру.Дауыс ырғағымен мәнерлеп оқып, үзілістермен жаттауға, өлең мазмұнына қатынасын беруге баулу.

Сауат ашу негіздері Дауыссыз дыбыстардыңнегізгі ерекшеліктерімен таныстыру;сөздердегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге үйрету.

Драма Балалардың театр ойындарына оң көзқарастарын қалыптастыру. Өз ойын айта білуге, басқалардың пікірін тыңдай білуге баулу.



Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Көрнекілік негізінде 7 санының (құрамымен) пайда болуымен таныстыру. Ойыншықтарды санату арқылы сану дағдыларын жетілдіру. Уақытты бағдарлауды дамыту: тәулік бөліктері, апта күндері.

Құрастыру Болашақта жасалатын құрылысты бірігіп талдай білу, оларды орындау реттілігін белгілеу және оның негізінде нысан құрастыруға үйрету.

Жаратылыстану Өлі табиғат заттарын адам қолымен жасалған заттардан ажырата білуге үйрету. Ойыншықтарға ұқыпты қарау дағдыларын қалыптастыру.

Сурет салу Қылқаламмен қағазға басып салу тәсілдерін қолдануға, қағаздың ортасын, бұрыштарын, жоғарғы, төменгі, оң және сол жақтарын ажыратуға үйрету.

Мүсіндеу Балаларды халық ойыншықтарымен таныстыру, ойыншықтарды мүсіндеуге үйрету.

АппликацияҚағаздан дайындалған тікбұрыштардан дөңгелек пішіндерді қиып алу, олардан ойыншықтар құрастырып, жапсыру дағдыларын жетілдіру.

Музыка 1. Күйші Құрманғазының шығармашылығымен таныстыру. Әннің мәтінін әуенге қосып үйрету. Таныс би қимылдарын қолдана отырып, ойдан қимыл-қозғалыс ойлап шығаруды жетілдіру. Жоғары регистр, аспаптың дыбысталу тембрін ажырату.





Өзін-өзі тануҚұрдастарымен ойын және шынайы қатынас арқылы қарым-қатынас қуанышы туралы түсініктерін кеңейту; мейірімділік танытуға баулу.








Орыс тілі Использовать игровые упражнения для развития правильного произношения русских звуков; обсуждать поступки героев мультфильмов; составлять предложения из 4–5 слов;правильно ставить ударение при произношении слов;

Шет тілі Ағылшын тіліндегі сөздердітүсінуге және дұрыс айтуға үйрету. Лексикалық-тақырыптық сала бойынша сөздікте ойыншықтардың атауларын қалыптастыру.


2. Қобызда орындалатын «күй»жанрымен таныстыру.Қазақ халық әндеріне қызығушылығын арттыру.Дыбыс биіктіктерін ажырата білуге дағдыландыру.









4 апта Жиһаздар

Дене шынықтыру1.Сапта бір қатармен, аяқтың ұшымен, өкшемен жүру, жүгіру. Тізенің арасына қапшықты қысып, қос аяқтап секіру.Допты екі қолмен заттар арасымен домалату (арақашықтығы4 м). 2. Заттардан аттап, тізені жоғары көтеріп жүру, жүгіру. Допты екі қолмен заттар арасымен домалату (арақашықтығы 4 м). Допты басымен итеріп еңбектеу. 3.Қозғалыс бағытын өзгертіп, заттар арасымен жүру, жүгіру. Допты басымен итеріп еңбектеу.Кедір-бұдыр тақтай үстімен тепе-теңдікті сақтап жүру.

Сөйлеуді дамыту Сурет бойынша әңгімелеп беру. Жиһаздардың қандай материалдан жасалатыны жайлы түсінік беру. Балалардың сөздік қорын зат есімдермен, сын есімдермен, етістіктермен байыту.

Сауат ашу негіздері Дыбыстық құрылымы әртүрлі үш дыбыстан тұратын сөздерге дыбыстық талдау жасауға, дыбыстардың айтылу және дыбысталу ерекшеліктерін талдауға үйрету. Сөздердегі дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата білуді дамыту.

Орыс тілі Учить называть группы предметов ближайшего окружения; предметы по величине и по цвету;составлять предложения из 4–5 слов.

Шет тілі Лексикалық-тақырыптық сала бойынша сөздікте жиһаздардың атауларын қалыптастыру.Топтағы жиһаздарды атауға үйрету.

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру 8 көлеміндегі санды тура және кері санауға үйрету.1-ден – 8- гедейінгі сандар туралы ұғымдарын қалыптастыру, оларды тану және атай білуді дамыту. Геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын жетілдіру.

Жаратылыстану Серуенге шыққанда ауладағы ағаштарды бақылау. Олардың құрылысымен таныстыру. Ағаштардан жиһаздар жасайтыны жайлы түсінік беру.
Сурет салу Түрлі өлшемдегі өрнекті элементтерді үйлестіру, ақ және түрлі түсті қолдана отырып, түстерді таңдауды үйрету. Жиһаздардың суретін салуды жетілдіру.

МүсіндеуБіртекті заттардан сюжеттер жасау, бірнеше пішінді бір тұғырға орналастыруға үйрету. Сулы шүберекпен пішіннің үстінен тегістеуді және кескішті қолдануды жетілдіру.

АппликацияБалаларға қағаздың бетіне заттарды орналастыру дағдыларын үйрету. Жапсыруды құрастыру барысында заттардың көлемі бойынша қатынасын, бөліктерінің пішінін, құрылымын көре білу іскерліктерін меңгерту.

Музыка 1.Домбырада орындалатын «күй» жанрымен таныстыру.
Өзін-өзі тану Жақындарымен өзара әрекеттестік арқылы қарым-қатынас қуанышы туралы түсініктерін кеңейту; мейірімділік, елгезектік, қайырымдылық танытуға баулу.

Экология негіздеріАймақтарға тән өлі табиғат нысандарымен, өлі табиғаттың компоненттерімен (құм, тас және т.б.) және қасиеттерімен таныстыру.










Қолымен бағытын (жоғары-төмен) көрсете отырып, әуеннің жоғарғы- төменгі қозғалысын ажыратуға үйрету.Қимыл-қозғалысты бірге бастап бірге аяқтауға дағдыландыру.

2.Қобызшы Қорқыт шығармашылығымен таныстыру.Ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беруге үйрету.Би қимылдарының элементтерін орындау.







Өтпелі тақырып: Менің отбасым (Қазан)

1 апта Менің отбасым, ата-аналар еңбегіДене шынықтыру 1. Тізеден бүгілген аяқты жоғары көтеріп жүру және шашырап, жұптасып жүгіру. Бір орыннан биіктікке секіру. Қос қолмен допты жоғары лақтырып, қағып алу. 2. Түрлі қарқында жүру және бір сызыққа қойылған заттар арасымен «жыланша» ирелеңдеп жүгіру. Кедір-бұдыр тақтай үстімен тепе-теңдікті сақтап жүру.Бір орыннан биіктікке секіру.Қауіпсіз мінез-құлық негіздеріҮйдегі қауіпсіздік ережелерімен (үйде жалғыз болғанда танымайтын адамға есік ашпау, сіріңкені электр құралдарын қолданбау)таныстыру.

Сөйлеуді дамыту Ата-аналарының еңбегі туралы әңгіме құрастыру. Сөйлеу барысында жай және күрделі сөйлемдерді қолдана білуге, әңгімені бірізді және нақты айтуға үйрету. Тыңдау және тілді түсіну дағдыларын қалыптастыру. Көркем әдебиет Отбасытақырыбына байланысты өлең оқып беру, оның мазмұнын ашу, жаттаған өлеңді мәнерлеп айтуға үйрету. Әдеби жанрды ажыратуға баулу.Сауат ашу негіздеріСөздерге дыбыстық талдау жасауға үйретуді жалғастыру; берілген дыбысқа сөз ойлап табуға үйрету.Драма Таныс сюжеттер бойынша қойылымдарды сахналауға үйрету.





Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Көрнекілік негізінде 9 санының құрамыментаныстыру. 9 көлеміндегі сандарды тура және кері санауға үйрету.Заттарды шамасына қарай өсу және кему ретімен орналастыруға үйрету.

ҚұрастыруҮлкен емес жазықтықты үлкен етіп біріктіруге, кірпіштердің, қырлы бөренелердің араларын бір-біріне жиі қойып, құрылысты берік етіп құрастыруға үйрету.

Жаратылыстану Адамдардың күз мезгіліндегі еңбегі туралы білімдерін кеңейту: егін жинау, азық-түлікті қысқа дайындау. Сөздік қорды байыту: бидай өсіру, егін жинау,астық қоймасы, көкөніс қоймасы.Нанды қадірлеуге,адамдардың еңбегін
Сурет салуБалаларды отбасы мүшелерін бейнелеугеүйрету, адамның тұлғасын салуға үйретуді жалғастыру,дене өлшемдерін нақты бере білуді жетілдіру.

Мүсіндеу Балаларды ұжымдық жұмысты бірлесіп орындауға үйрету: пішіндердің өлшемдерін сәйкестеуге, таңдап алған тақырыпқа сәйкес оларды бір тұғырға орналастыру; мүсіндеу барысында адамдардың қимыл-қозғалыстарын бере білу.

АппликацияҚатпарланып бүктелген қағаздан бірдей бірнеше пішіндерді және екіге бүктелген қағаздан симметриялы пішіндегі заттарды қиюға үйрету.Қағаздың бетіне заттарды орналастыруды жетілдіру.





Өзін-өзі тану Ата-аналарымен өзара әрекеттестік арқылы қарым-қатынас қуанышы туралы түсініктерін кеңейту. Отбасы адами құндылықтардың: сүйіспеншілік, бақыт, мейірімділік, түсіністік, сыйластықты қалыптастыратын орта екендігі туралы түсінікті дамыту.

Қоршаған ортамен танысу Ата-анасының, отбасы мүшелерінің аты-жөнін айта білуге үйрету, туыстық байланыс туралы түсініктерін қалыптастыру.Өз
578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!