жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Перспективалық жоспар 2024 -2025 оқу жылы


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде
2024 – 2025 оқу жылына арналған
ұйымдастырылған іс-әрекеттің
Перспективалық жоспары
Білім беру ұйымы : «Ғали Орманов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ «Қарлығаш» шағын орталығы
Топ/сынып: «Күншуақ» аралас топ
Балалардың жасы: 3-4 жастағы балалар
Жоспардың құрылу кезеңі: Қыркүйек айы 2024 жыл
Ұйымдастырылған
іс әрекет
Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері
Дене шынықтыру Жалпы дамытушы жаттығулар.
Көзбен бағдарлай отырып, ауызша нұсқаулармен ойын түріндегі жаттығуларды (жануарлардың қозғалысына еліктеу) педагогпен бірге орындауға
үйрету. Жаттығуларды заттармен және заттарсыз орындау. Қолға және иық белдеуіне, денеге, аяққа арналған жаттығулар қолдарын жоғарыға және
жанына көтеру, бір қолындағы затты алдына әкеліп, екінші қолына ауыстыру; қолдарын шапалақтау. Допты бір-біріне беру, аяқты өзіне қарай
тарту, қалаш тәрізді дөңгелету, отырған, жатқан қалыпта екі аяқты созу, түрегеліп тұрған қалыптан солға, оңға, алға қарай еңкею. Отырып, аяқтың
ішкі қырымен құм салынған қапшықты алу, екі аяғымен секіру.
Негізгі қимылдар:
Белгілі бір тапсырмаларды орындау арқылы еркін жүру және жүгіру дағдыларын қалыптастыру: сапта бір-бірлеп, бірінің артынан бірі, тізені
жоғары көтеріп жүру
Белгілі бір тапсырмаларды орындау арқылы жүгіру дағдыларын қалыптастыру: сапта бір-бірлеп, бірінің артынан бірі, аяқтың ұшымен, қол мен
аяқ қозғалыстарын үйлестіру
Екі аяқтап басты затқа тигізе отырып, жоғары қарай 2-3 метр қашықтықта алға қарай жылжи отырып секіру
Бір-бірінен 1,5–2 метр арақашықтықта отырып, аяқты алшақ ұстаған қалпында допты домалату
Тура бағытта 4–6 метр арақашықтықта, "жыланша еңбектеу
Тепе-теңдікті сақтай отырып, бір-бірінен 10 см қашықтықта орналасқан тақтай бойымен жүру
Сапқа бір-бірден тұру.
Қимылды ойындар
Қимылды ойындарға баулу, балаларды қарапайым ережелерді сақтауға, қимылдарды үйлестіруге үйрету.
Мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру.

Күнделікті өмірде гигиеналық дағдыларды сақтау қажеттігін білу. Тамақтанар алдында қолды жуу, таңертең және кешке тісті тазалау дағдыларын
қалыптастыру.
Мәдени-гигиеналық дағдыларды жетілдіру, тамақтану, жуыну кезінде қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
Балаларды сыртқы келбетін бақылауға үйрету; сабынды дұрыс қолдануды, қолды, бетті, құлақты тазалап жууды, жуынғаннан кейін құрғатып
сүртуді, орамалды орнына ілуді, тарақты және қол орамалды пайдалануды үйрету.
Үстел басында мәдениетті тамақтану дағдыларын қалыптастыру: ас қасық пен шәй қасықты, шанышқыны, майлықты дұрыс қолдану; нанды
үгітпеу, тамақты ауызды жауып, шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу.
Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдылары.
Өзіне-өзі қызмет көрсетуге деген ұмтылысын қолдау: белгілі реттілікпен киінуге және шешінуге, тісті тазалауға, ұқыптылыққа, киіміндегі
олқылықтарды байқауға, оларды ересектің көмегімен немесе өз бетінше реттеуге, ас ішу құралдарын орнымен қолдануға баулу.
Салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру.
Сезім мүшелерін ажыратуға және атауға (көз, құлақ, мұрын, ауыз) үйрету, олардың ағзадағы рөлі және оларды қалай қорғауға, күтуге болатыны
туралы түсінік беру (ұсақ заттарды құлаққа, мұрынға тықпау).
Сауықтыру-шынықтыру шаралары: Тыныс алу жаттығуларын жүргізу.
Сөйлеуді дамыту Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті
дауысты (а, ә, е, о, ұ) және кейбір дауыссыз (п-б, к-қ, т-д, ж-ш, с-з) дыбыстарды айта білуді;
Сөздік қор:
ойын мен ойын жаттығулары арқылы сөздік қорын кеңейту;
Тілдің грамматикалық құрылымы:
сөздерді жіктелуіне, септелуіне қарай байланыстыру
Байланыстырып сөйлеу:
суреттерді, заттарды қарастыруда, тірі және өлі табиғат нысандарын бақылау кезінде байланыстырып сөйлеу;
Көркем әдебиет Оқу, әңгімелеу барысында ертегілердің мазмұнын түсінуге, тыңдауға, бейнелі сөздерді есте сақтауға үйрету
Қазақ тілі Тілдік дамытушы орта.
Күнделікті еркін ойында балалардың ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасауына жағдай жасау.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

Артикуляциялық және дыбыстық аппаратты, сөйлеу кезінде тыныс алуды,естуді дамыту
Сөздік қор.
Ауызекі сөйлеуде түрлі балалар әрекеттерінде қоршаған орта заттары мен табиғат нысандарының атауларын өздігінен қолдануды қалыптастыру.
Тілдің грамматикалық құрылымы.
Жуан және жіңішке түбір сөздерді ажырату
Байланыстырып сөйлеу.
Ауызекі сөйлеудің қарапайым түрлерін меңгерту
Математика негіздері Сан.
Біртекті заттардан топтар құрастыру және олардың біреуін бөліп көрсету
Шама.
ұзындығы мен ені бойынша екі қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру;
Геометриялық пішіндер
геометриялық пішіндерді тану және атау
Кеңістікте бағдарлау
өзіне тікелей жақын кеңістік бағдарын анықтау, заттарды сол жақтан оң жаққа қарай орналастыру.
Уақытты бағдарлау.
тәулік бөліктерін тану және атау - таңертең, күндіз, кеш, түн.
Құрастыру Құрылыс материалдарынан әртүрлі түстегі және пішіндегі бөлшектерден қарапайым құрылыстар құрастыру;
Сурет салу Көкөністер мен жемістердің суретін салу
Құмға таяқшалармен, асфальтқа бормен, өз бетінше ойдан сурет салуға мүмкіндік беру.
Сурет салуда қауіпсіздікті сақтауға, ұқыптылыққа баулу.
Мүсіндеу Сазбалшық, қамыр, ермексаз кесектерінен бөліп алу, дөңгелектеу, ширату, созу тәсілдерін пайдалана отырып, көкөністер мен жемістерді, кейбір
заттарды, азық-түлік тағамдарын мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру;
Жапсыру Дайын пішіндерден заттардың бейнесін жасауға үйрету
Бейнеленген заттарға сәйкес түстерді таңдау
Музыка Музыка тыңдау
түрлі сипаттағы әндердің мазмұны мен көңіл күйін қабылдау;

Ән айту.
Дыбыстаудың бірыңғай күшімен бірдей қарқында ән салу. Ән айту дағдыларын дамытуға ықпал ету
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар.
бірінің артынан бірі жүру барысында би ырғағын, музыканың би сипатын игеру;
Балалар музыкалық аспаптарында ойнау.
Балаларды музыкалық аспап қоңыраумен таныстыру, оның дыбысталуымен
таныстыру. Музыкалық аспапты ырғақпен қағып ойнаудың қарапайым дағдыларын меңгеруге ықпал ету
Қоршаған ортамен
таныстыру
Бала, оның отбасы, үйі.
«Мен» бейнесін, құрдастарын, өзін балалар қоғамының бір мүшесі ретінде сезінуге үйрету
Заттық әлем.
Заттардың айырмашылықтары мен атауларын атау дағдыларын қалыптастыру
Көлік, байланыс құралдары.
Көлік құралдарының түрлерімен таныстыру
Еңбекке баулу.
Мүмкіндіктеріне қарай күтушіге, аула сыпырушыға көмек көрсетуді ұйымдастыру.
Адамгершілік және патриоттық тәрбие.
Балаларда «дұрыс» немесе «дұрыс емес», «жақсы» немесе «жаман» әрекеттер (қылықтар) туралы қарапайым түсініктерді дамыту
Менің Отаным – Қазақстан.
Балалар тұратын қала мен ауыл туралы білімдерін қалыптастыру
Балабақшада, үйде, көшеде тәртіп сақтауға баулу. Балаларды әдепті қарым-қатынасқа үйретуді жалғастыру (амандасуға, қоштасуға, көмек
көрсеткені үшін алғыс айтуға үйрету).
Өсімдіктер әлемі.
Ағаштардың, дала гүлдерінің, кейбір көгөністер мен жемістердің, бөлме өсімдіктерінің 2-3 түрін тану және атау, өсімдік бөліктерін тану.
Жануарлар әлемі.
Үй жануарлары мен олардың төлдері туралы білімдерін бекіту. Қазақстанды мекендейтін жабайы жануарлар жайлы түсініктерін қалыптастыру.
Табиғаттағы маусымдық өзгерістер.
Ауа-райының жағдайын анықтау (суық, жылы, ыстық), табиғат құбылыстарын бақылау (маусымдық), бақылау күнтізбесінде жылдың күзгі
мезгілдеріндегі ауа-райының жай-күйін белгілеу.
Табиғатта қауіпсіз мінез-құлық ережелерін сақтау
қоқыс қалдырмау, қоқысты жинау, бұтақтарды сындырмау
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде
2024– 2025 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің
Перспективалық жоспары
Білім беру ұйымы : «Ғали Орманов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ «Қарлығаш» шағын орталығы
Топ/сынып: «Күншуақ» ортаңғы топ
Балалардың жасы: 3 жастағы балалар
Жоспардың құрылу кезеңі: Қазан айы 2024 жыл
Ұйымдастырылған іс
әрекет
Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері
Дене шынықтыру Жалпы дамытушы жаттығулар.
Көзбен бағдарлай отырып, ауызша нұсқаулармен ойын түріндегі жаттығуларды (жануарлардың қозғалысына еліктеу) педагогпен бірге орындауға үйрету.
Жаттығуларды заттармен және заттарсыз орындау. Қолға және иық белдеуіне, денеге, аяққа арналған жаттығулар- қолдарын жоғарыға және жанына
көтеру, бір қолындағы затты алдына әкеліп, екінші қолына ауыстыру; қолдарын шапалақтау. Допты бір-біріне беру, аяқты өзіне қарай тарту, доға тәрізді
дөңгелектеп иу, Отырған, жатқан қалыпта екі аяқты созу, түрегеліп тұрған қалыптан солға, оңға, алға қарай еңкею. Отырып, аяқтың ішкі қырымен құм
салынған қапшықты алу, екі аяғымен секіру.
Негізгі қимылдар:
Белгілі бір тапсырмаларды орындау арқылы еркін жүру және жүгіру дағдыларын қалыптастыру: сапта бір-бірлеп, бірінің артынан бірі, тізені жоғары
көтеріп жүру, тізені жоғары көтеріп жүру аралықты сақтай отырып, бағытты өзгертіп қол мен аяқ қозғалыстарын үйлестіру.
Белгілі бір тапсырмаларды орындау арқылы жүгіру дағдыларын қалыптастыру: Сапта бір-бірлеп, бірінің артынан бірі, аяқтың ұшымен, қол мен аяқ
қозғалыстарын үйлестіру, аралықты сақтай отырып, бағытты өзгертіп, шеңбер бойлап жүгіру.
Екі аяқтап басты затқа тигізе отырып, жоғары қарай 2-3 метр қашықтықта алға қарай жылжи отырып секіру, тұрған жерінен ұзындыққа секіру.
Бір-бірінен 1,5–2 метр арақашықтықта отырып, аяқты алшақ ұстаған қалпында допты домалату, допты екі қолымен көкірек тұсынан кері, екі қолмен
жоғары, бастан асыра, жоғарыға, еденге (жерге) қарай төмен лақтыру.
Тура бағытта 4–6 метр арақашықтықта, "жыланша еңбектеу, арасы алшақтанған заттар арасымен, еденге қойылған тақта бетімен еңбектеу.
Тепе-теңдікті сақтай отырып, бір-бірінен 10 см қашықтықта орналасқан тақтай бойымен жүру, еңгіс тақта бойымен (20-30 см) жүру дағдыларын
қалыптастыру;
Сапқа бір-бірден тұру. шеңберге шағын топтармен және барлық топпен қайта тұру дағдыларын қалыптастыру (тәрбиешінің көмегімен, бағдар бойынша).

Қимылды ойындар
Қимылды ойындарға баулу, балаларды қарапайым ережелерді сақтауға, қимылдарды үйлестіруге үйрету.
Мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру.
Күнделікті өмірде гигиеналық дағдыларды сақтау қажеттігін білу. Тамақтанар алдында қолды жуу, таңертең және кешке тісті тазалау дағдыларын
қалыптастыру.
Мәдени-гигиеналық дағдыларды жетілдіру, тамақтану, жуыну кезінде қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
Балаларды сыртқы келбетін бақылауға үйрету; сабынды дұрыс қолдануды, қолды, бетті, құлақты тазалап жууды, жуынғаннан кейін құрғатып сүртуді,
орамалды орнына ілуді, тарақты және қол орамалды пайдалануды үйрету.
Үстел басында мәдениетті тамақтану дағдыларын қалыптастыру: ас қасық пен шәй қасықты, шанышқыны, майлықты дұрыс қолдану; нанды үгітпеу,
тамақты ауызды жауып, шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу.
Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдылары.
Өзіне-өзі қызмет көрсетуге деген ұмтылысын қолдау: белгілі реттілікпен киінуге және шешінуге, тісті тазалауға, ұқыптылыққа, киіміндегі олқылықтарды
байқауға, оларды ересектің көмегімен немесе өз бетінше реттеуге, ас ішу құралдарын орнымен қолдануға баулу.
Салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру.
Сезім мүшелерін ажыратуға және атауға (көз, құлақ, мұрын, ауыз) үйрету, олардың ағзадағы рөлі және оларды қалай қорғауға, күтуге болатыны туралы
түсінік беру (ұсақ заттарды құлаққа, мұрынға тықпау).
Сауықтыру-шынықтыру шаралары: Тыныс алу жаттығуларын жүргізу.
Сөйлеуді дамыту Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті
дауысты (а, ә, е, о, ұ) және кейбір дауыссыз (п-б, к-қ, т-д, ж-ш, с-з) дыбыстарды айта білу; дыбыстардың артикуляциясын нақтылау және бекіту
Сөздік қор:
Ойын мен ойын жаттығулары арқылы сөздік қорын кеңейту;
жалпы белгілері бойынша заттарды топтастыру (ойыншықтар, киімдер, аяқкиімдер, ыдыстар, жиһаздар).
Тілдің грамматикалық құрылымы:
сөйлеуде зат есімдерді жекеше, көпше түрде қолдану
Байланыстырып сөйлеу:
суреттерді, заттарды қарастыруда, тірі және өлі табиғат нысандарын бақылау кезінде байланыстырып сөйлеуді;
шағын тақпақтар мен өлеңдерді жаттау мен ересектердің сөзін тыңдау және түсіну дағдыларын дамыту
Көркем әдебиет Оқу, әңгімелеу
Ертегілердің мазмұнын түсінуге, тыңдауға, бейнелі сөздерді есте сақтауға үйрету.Тақпақтарды, өлеңдерді мағыналы, асықпай және дыбыстарды анық
айтуға дағдыландыру;

Кейіпкерге, оқиғаларға өзінің көзқарасын білдіруге баулу.
Қазақ тілі Тілдік дамытушы орта.
Балалардың ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасауына жағдай жасау: бір-бірімен күнделікті еркін ойында, дербес әрекеттерде ауызекі
сөйлесуде
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Артикуляциялық және дыбыстық аппаратты, сөйлеу кезінде тыныс алуды,естуді дамыту
Сөздік қор.
Ауызекі сөйлеуде түрлі балалар әрекеттерінде қоршаған орта заттары мен табиғат нысандарының атауларын өздігінен қолдануды қалыптастыру.
Тілдің грамматикалық құрылымы.
Жуан және жіңішке түбір сөздерді ажырату, оларды көпше түрде қолдануға үйрету
Байланыстырып сөйлеу.
Ауызекі сөйлеудің қарапайым түрлерін меңгерту, балалардың өздеріне айтылған сөзді, пікірді түсінуін қалыптастыру
Математика негіздері Сан.
"Көп", "біреу", "бір-бірден", "бір де біреуі жоқ" ұғымдары туралы түсініктерін қалыптастыру.
Шама.
ұзындығы мен ені бойынша , биіктігі мен қалыңдығы бойынша екі қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру;
Геометриялық пішіндер
геометриялық пішіндерді тану және атау
Кеңістікте бағдарлау
өзіне тікелей жақын кеңістік бағдарын анықтау, заттарды сол жақтан оң жаққа қарай орналастыру.
өзінің дене мүшелерін (басы, аяғы, қолы) бағдарлау және атау.
Уақытты бағдарлау.
тәулік бөліктерін тану және атау - таңертең, күндіз, кеш, түн.
Құрастыру Құрылыс материалдарынан құрастыруда бөлшектерді орналастыру және кірпіштерді қалау, пластиналарды тік бағытта және көлденең орналастыру
тәсілдерін қолдану, ірі және ұсақ құрылыс материалдарынан, үлгі бойынша және ойдан құрастыру
Сурет салу Көкөністер мен жемістерді, ыдыстарды, ойыншықтарды,
бірнеше көлденең және тік сызықтардан заттар салуды (дуал) үйрету
Құмға таяқшалармен, асфальтқа бормен, өз бетінше ойынан сурет салуға мүмкіндік беру.
Сурет салуда қауіпсіздікті сақтауға, ұқыптылыққа баулу.

Мүсіндеу Сазбалшық, қамыр, ермексаз кесектерінен бөліп алу, дөңгелектеу, ширату, созу тәсілдерін пайдалана отырып, көкөністер мен жемістерді, кейбір заттарды,
азық-түлік тағамдарын мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру;
алақандарының арасында, жазықтықта түзету және домалақтау қозғалыстары арқылы кесектерді жаю, элементтерді қарапайым заттарға (ыдыстар,
ойыншықтарды мүсіндеу) біріктіру білігін жетілдіру.
Жапсыру Дайын пішіндерден заттардың бейнесін жасауға үйрету
бейнеленген заттарға сәйкес түстерді таңдау
Желімдеудің техникасы; желімді қылқаламға ұқыпты түрде жағып алу,
ересектер даярлаған ірі және барынша ұсақ элементтерді орналастыру мен желімдей білуін қалыптастыру;
Музыка Музыка тыңдау
Түрлі сипаттағы әндердің мазмұны мен көңіл күйін қабылдау;
Аспаптардың, музыкалық және шулы ойыншықтардың дыбысталуын ажыратуды үйрету;
ересектердің орындауындағы және аудио-бейне үн таспадан музыка тыңдауды дамыту.
Ән айту.
Дыбыстаудың бірыңғай күшімен бірдей қарқында ән салуды жетілдіру. Ән айту дағдыларын дамытуға ықпал ету
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар.
Бірінің артынан бірі жүру барысында би ырғағын, музыканың би сипатын игеру;
әуенмен бірге би қозғалыстарының қарапайым элементтерін орындау;
Балалар музыкалық аспаптарында ойнау.
Балаларды музыкалық аспап сылдырмақпен таныстыру, оның дыбысталуымен
таныстыру. Музыкалық аспапты ырғақпен қағып ойнаудың қарапайым дағдыларын меңгеруге ықпал ету.
Қоршаған ортамен
таныстыру
Бала, оның отбасы, үйі.
Әртүрлі ойындарды өз бетінше ойнауға үйрету
Заттық әлем.
Заттардың айырмашылықтары мен атауларын, олардың көлемін, түсін, пішінін қарастыру мен зерттеу дағдыларын қалыптастыру
Көлік, байланыс құралдары.
Көлік құралдарының түрлерімен таныстыру
Еңбекке баулу.
Мүмкіндіктеріне қарай күтушіге, аула сыпырушыға көмек көрсетуді ұйымдастыру. Өзгенің еңбегінің нәтижесіне құрметпен қарауға тәрбиелеу, көмек
көрсету ниеттерін қолдау.
Адамгершілік және патриоттық тәрбие.
Балаларда «дұрыс» немесе «дұрыс емес», «жақсы» немесе «жаман» әрекеттер (қылықтар) туралы қарапайым түсініктерді дамыту
Менің Отаным – Қазақстан.

Еліміздің астанасы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін қалыптастыру. Балалар тұратын қала мен ауыл туралы
білімдерін қалыптастыруды пысықтау.
Балабақшаның үй-жайлары мен ауласында тәртіп пен тазалық сақтауға үйрету.
Өсімдіктер әлемі.
Ағаштардың, дала гүлдерінің, кейбір көгөністер мен жемістердің, бөлме өсімдіктерінің 2-3 түрін тану және атау, өсімдік бөліктерін тану.
Жануарлар әлемі.
Үй жануарлары мен олардың төлдері туралы білімдерін бекіту. Қазақстанды мекендейтін жабайы жануарлар жайлы түсініктерін қалыптастыруды
жетілдіру.
Табиғаттағы маусымдық өзгерістер.
Ауа-райының жағдайын анықтау (суық, жылы, ыстық), табиғат құбылыстарын бақылау (маусымдық), бақылау күнтізбесінде жылдың күзгі
мезгілдеріндегі ауа-райының жай-күйін белгілеуді игерту.
Табиғатта қауіпсіз мінез-құлық ережелерін сақтау
қоқыс қалдырмау, қоқысты жинау, бұтақтарды сындырмау, саңырауқұлақтар мен жидектерді жемеу, жануарларға тиіспеу дағдыларын қалыптастыру
\
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген