400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Перспективалық жоспар 3-4 жас

Материал туралы қысқаша түсінік
Тəрбиещіге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

««Шапағат» бөбекжай-бақшасы»

МКҚК әдіскері:

Тәрбиешілер мен балалар өмірін ұйымдастыру циклаграммасы

«Балбөбек» І- кіші тобы тәрбиешілер: Қ.Д.Ибираймова; Ш.М.Кудайбергенова;

Қараша айы ІV-апта 20.11-24.11.2017 күндері


Тақырып: «Дені саудың жаны сау»

Күн тәртібі

Уақыты

Дүйсенбі 20.11

Сейсенбі 21.11

Сәрсенбі 22.11

Бейсенбі 23.11

Жұма 24.11

Балаларды қабылдау

Ата-аналармен әңгімелесу

Ойындар (үстел үсті, саусақ және т.б)

08.00-08.40

Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы: Балалардың өз балабақшаларына деген ыстық сезімдерін дамыту. Балабақшада қызмет істейтін апайларға құрмет көрсетіп, топқа тазалық сақтай білу сияқты әдептілік дағдыларын қалыптастыру.



Ата-аналарға балаларды қоғаммен араластыруға кеңес беру.

Баланың айтқанын үнемі орындай бермеуге кеңес беру.

Баланың тәрбиесіне, тәртібіне назар аударыңыз.

Балаңызға дауыс көтермей сыпайы сөйлеуге тырасыңыз.

Балаңыздан балабақшада өткізген уақыты туралы әңгімелесіңіз.



Тақпақ жаттату «Бағдаршам»

Сақта көше тәртібін,

Бағдаршамның ал тілін,

Біліп алдым менде

Жасыл жанса демде

Алға кетем лезде.

Дид\ойын: «Үй құрылысын көрсет» Мақсаты: Түстерді ажыратуға жаттықтыру, ойлау қабілетін дамыту.

Дид\ойын: «Кім алғыр?» Мақсаты: құлақтың есту қабілетін дамыту.

Ұлттық ойын: №5 картотека – «Аңшы, аң аулау»

Мақсаты: Балалардың үй жануарлары мен жабайы аңдардың айырмашылығын айыра білуін бақылау.

Ертегі оқып беру. «Түйме қыз» Мақсаты: Ертегіні тыңдауға, кейіпкерлерін атап айтуға үйрету.



Жаттығулар кешені №6 «Орамалмен»

Таңғы ас

08.40-09.10

Ойын жаттығу: Тіс болмаса

Асты қалай шайнарсың,

Тісті күнде екі рет

Тазартуды ойларсың.

Ойындар, ұйымдастырылған оқу қызметіне (ҰОҚ) дайындық

09.10-09.30




Балалармен ұйымдастырылған оқу қызметін ұйымдастыруда ойындар және баяу қимылды ойын-жаттығулар



Ұлттық ойын №1 картотека – «Орамал тастау»

Мақсаты: Балалардың ойынға деген қызығушылықтарын арттыру, ойын арқылы тапқырлыққа және шапшандыққа тәрбиелеу.

«Бой сергіту» өлеңі

Ұзын құлақ сұр қоян естіп қалып сыбдырды, Ойлы қырлы жерлерден ытқып-ытқып жүгірді.

Дид\ойын: «Жеміс пен көкеністі ажырат» Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.

Таным дид\ойын: «Қапшықта не жатыр» Картотека№28

Мақсаты: Қаптың ішінен шыққан пішіндерді атап беруге үйрету.

Тақпақ жаттату

Нан қиқымын шашпаңдар

Жерде жатса баспаңдар Теріп алып қастерлеп Торғайларға тастаңдыр.

Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі

09.30-10.00


Көркем әдебиет Тақырыбы: «Екі дос» (өлең) Мақсаты:а)тақпақтардың мазмұнын түсінуге және олардағы әрекеттердің дамуын қадағалауға; ә)достары туралы әңгімелеуге дағдыландыру; б)балалардың бір-бірімен дос болуға тәрбиелеу;

Дене шынықтыру Тақырыбы: «Шанамен таныстыру» Мақсаты: шанамен таныстыру.Қыста қолданатын шана, шаңғы секілді құралдармен сырғудағы қауіпсіздік шараларына тоқталу.

Жаратылыстану Тақырыбы: «Үлкендердің еңбегін бағалау». Мақсаты: а)маусымға тән табиғат құбылыстарын бақылауға үйрету; ә)үлкендердің еңбегі туралы түсінік беру; б)табиғаттың әдемілігіне тән сезініп, оны аялай білуге, қорғауға, қайырымдылыққа тәрбиелеу.


Құрастыру Тақырыбы: «Диван» Мақсаты: а)құрылыс үлгілірін қарап, оның бөліктерін атап көрсетуге машықтандыру; ә)қандай бөлшектерден құралғанын анықтауға, жиһаз құрылысының жетіспейтін бөлектерін таба білу біліктерін қалыптастыру; б)балалардың үйлестіру білімдерін қалыптастыру.

Музыка Тақырыбы: «Менің мысығым» Мақсаты: әуенді тыңдауға, есте сақтау қабілетін арттыруға, ырғақты ажыратуға үйрету.Әуеннің ырғағына сай басып жүруге, жүгіруге дағдыландыру. Дене шынықтыру Тақырыбы: «Қысқы ойындар» Мақсаты: қысқы ойналатын ойындар туралы мағлұмат беру. Дөңгелектенген қарды бір жерге жинау, нысанаға дәл тигізуге икемдеу. Аппликация Тақырыбы: «Жіпке байланған шар» Мақсаты: а)түрлі пішіндерді біріктіру арқылы заттарды дұрыс орналастыру дағдыларын қалыптастыру; ә)саусақтың ұзақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. б)балалардың зейінін дамыту.

Сурет салу

Тақырыбы: «Жапырақтар түсуде» Мақсаты: а)қылқаламмен таныстыру, сүйкей жағу арқылы қағаз бетіне дақ түсіруді үйрету; ә)қылқаламмен бояуды пайдаланып жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруды үйрету б)ұқыпты жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Дене шынықтыру Тақырыбы: «Далада шанамен сырғанау» таза ауада Мақсаты: балаларды шанамен сырғанауға үйрету.Негізгі қасиеттерді-шапшаңдық, ептілікті дамыту.

Серуен

10.20-11.30


Киіну: Серуенге шығу. Балалардың қауіпсіздігін қадағалау.

Бақылау: «Тұманды бақылау» Картотека№12

Мақсаты: Күздегі тұманды бақылау, тұманның қайдан пайда болатынын түсіндіру.

Еңбек: «Ағаштардың түптерін қопсыту»

Мақсаты: Табиғатты аялай білуге, өсімдіктерге қамқор болуға оларды күтіп-баптауға тәрбиелеу.

Жеке жұмыс: Мақал-мәтел

Таза болса табиғат,

Аман болар адамзат.

Мақсаты: Мақал-мәтел жаттату арқылы баланың сөздік қорын жетілдіру.

Қимылды ойын: «Біз кішкене отбасы»

Мақсаты: Үлкенді сыйлауға тәрбиелеу. Отбасы мүшелерін дұрыс атауға үйрету.

Серуеннен оралу

11.30-11.50

Балалардың реттілікпен кимдерін шешуі, дербес ойын әрекеті.

Түскі ас

11.50-12.30

Балалардың назарын тағамға аудару; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс; әдеп ережесі.

Тазалықты сүйеміз,

Таза болып жүреміз.

Біз баламыз шыныққан,

Денсаулығы мықты жан.

Түскі ұйқы

12.30-15.00

Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай орнату. Ертегі оқып беру: «Мақта қызбен мысық»

Біртіндеп ұйқыдан ояту, ауа, су шаралары

15.00-15.30

Ұйқы ашар жаттығулар.

Тақырыбы: «Балық»

Ішімізбен жатамыз бетімізді қолымызбен таянамыз 1-3санағанда қолымызбен аяағымызды жоғары төмен көтереміз. 1-4 санағанда бастапқы қалыпқа енеміз.

Бесін ас

15.30-16.00

Балалардың назарын тағамға аудару; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс;

Тазалықты іздесең,

Тіс пастадан табасың,

Тістеріңді щөткіге,

Тазалатып аласың.

Ойындар, дербес әрекет

16.00-16.20

Сюжеттік-рөлдік ойын: «Шаштараз» Картотека№9

Мақсаты: Балаларды тазалыққа шаштарын үнемі тарап жүруге үйрету.

Қимылды ойындар: Екі топқа бөлініп жүгіру, секіру, қос аққтап секіру жаттығу ойындарын ойнату.

Сюжеттік-рөлдік ойын: «Аспаз»

Картотека№7 Мақсаты: Балаларға ас әзірлеуді, оны адамдарға ұсынуды үйрету.

Қимылды ойын: «Орныңды тап» Мақсаты: шапшаңдыққа үйрету, есте сақтауды дамыту.

Кедергілер арасынан еңбектеп жүру. Секіргішпен секіруді үйрету.

Балалармен жеке жұмыс

16.00-16.20

Түстерді айтуға, ажыратуға үйрету. (Ерасыл,Нұрайым, Айдын,Данажан)

Дұрыс сөйлей білуге дағдыландыру.

(Әли,Ахмет, Мұхамет,Қайырбек)

Ертегі сахналауға үйрету. (Раяна,Адель, Сырбаз, Жансая)

Қысқы тақпақтарды жаттауды үйрету. (Жамал,Айзере, Жібек,Шахназар)

Дене жаттығуларын дұрыс орындауды үйрету. (Ерасыл,Нұрдаулет,

Іңкар, Тоғжан )

Серуенге дайындық

16.20-16.30

Киіну: серуенге шығу. Балалардың қауіпсіздігін қадағалау.Балаларды қатарға тұрғызып,далаға шығару.

Серуен

16.30-17.30

Серуенге қызығушылық туғызу. Балалармен жеке әңгімелесу. «Ауа-райы құбылыстары туралы әңгімелесу», «Үлкендердің еңбегі туралы әңгімелесу» Еркін ойындар ойнату.

Кешкі ас

17.40-18.10

Балалардың назарын тағамға аудару; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс;

Тазалықты сүйеміз,

Таза болып жүреміз.

Біз баламыз шыныққан,

Денсаулығы мықты жан.

Балалардың үйге қайтуы

18.10-18.30

Балаңызды балабақшадан өзіңіз алып кетуге тырысыңыз, себебі бала ата-ана келгенін күтеді.

Балаңызды ауа-райына сәукес киіндіріңіз.

Балаңызбен балабақшада уақытты қалай өткізгені туралы әңгімелесіңіз.

Балаңыздың жетістігіне қуаныңыз.

Балаңызды үнемі жақсы көңіл күйде жүруін қадағалаңыз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
29 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
5232
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі