жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Перспективалық жоспар кіші топ

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде
2024-2025 оқу жылына арналған
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары
Білім беру ұйымы « Ғалй Орманов атындағы орта мектебі,мектепке дейінгі шағын
орталығымен»коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қарлығаш» шағын орталығы
Топ:Балауса Кіші топ
Балалардың жасы: 2 жастағы балалар
Жоспардың құрылу кезеңі: Қыркүйек айы 2024 жыл
Ұйымдастырылған іс
әрекет
Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері
Дене шынықтыру Жалпы дамытушы жаттығулар.
Бұрылу (оңға-солға), қолды кеуде тұсында айқастыру және екі
жағына жазу, қолды шапалақтау; қолды алға, жоғары, жан-
жаққа көтеру, оларды бүгіп, жазу, саусақтарын ашып жұму;
тізені бүгіп жазу (екіншісіне тұрып)
Негізгі қимылдар:
педагогтің артынан жүру, жұптасып жүру, шеңбер бойымен қол
ұстасып жүру
бірқалыпты жүгіру, шашырап, берілген бағытта жүгіру
Бір орында тұрып екі аяқтап секіру
Кедергілі жазықтың бетімен, еңіс тақтайдың үстімен еңбектеу
Екі қолмен 1-1,23 м арақашықтықтағы (көлденең) нысанаға
(кеуде тұсынан, төменнен, жоғарыдан (қағып алмай)
доптарды домалату
Жиектері шектелген тура жолақпен (ені 20-23 см, ұзындығы 2-
2,3 м) гимнастикалық орындықтың үстімен жүру
Мәдени-гигиеналық дағдылар.
Киіміндегі ұқыпсыздықты байқап, оны өз бетінше, ересектердің
көмегімен жоюға, қол орамалды пайдалануға үйретуді
жалғастыру.
Киініп-шешіну кезінде киімдерін белгілі тәртіппен киюге
және шешуге, ілгектің әр түрлерін қолдана білуді жаттықтыру.
Киімдерді шкафқа немесе орындыққа ұйқыға жатар алдында
ұқыпты жинау білігін бекіту.
Жеңдерін өз бетімен түру, жуыну кезінде киімді суламау,
жуыну кезінде суды шашыратпау білігін бекіту.
Үстел басында қарапайым мінез-құлық дағдыларын
қалыптастыру: нанды үгігпеу, тамақты ауызды жауып шайнау,
ауызды толтырып сөйлемеу.
Балаларды үстел басында дұрыс отыру, үстелді даярлау
заттарымен таныстыруды жалғастыру.
Сауықтыру-шынықтыру шаралары:
балаларды серуен кезінде ультракүлгін сәуленің әсерінен ауа, су
шараларының үйлесімділігімен шынықтыру;
Дербес қимыл белсенділігі.
Ересектердің көрсетуі бойынша кейбір қимылдарды
орындайды, қимыл белсенділігіне жағымды эмоциялық қарым-
қатынас білдіреді, бұрын игерген қимылдарды өздігінен
орындай алады.

Спорттық жаттығулар:
велосипед тебу. Үш дөңгелекті велосипедке отырғызу,
ересектердің көмегімен және көмегінсіз түсіру, ересектердің
көмегімен және өзбетімен рөлді басқару;
Сөйлеуді дамыту Сөйлеуді дамыту.
айналасындағы адамдардың сөзін есту және тыңдау, түрлі
дыбыстарды саралау, дауыстың қаттылығы мен айтылу
жылдамдығын ажырата білуді
Сөздік қор.
Балаларды заттардың қасиеттері мен олармен әрекеттердің
атауын айтуға, тілдік қарым-қатынасқа, ауызша сөйлеуге, зат
есімдерді, сын есімдерді қолданып, заттарды (киімдер,
ыдыстар) сипаттауға үйрету.
Тілдің грамматикалық құрылымы.
Балаларды педагогтің сөзін түсінуге, сөйлегенде заттарды
сипаттау үшін зат есімдерді етістіктермен, сын есімдермен бірге
қолдануға, зат есімнің көпше түрін пайдалануға, сөздерді дұрыс
айтуды ескере отырып, сөз тіркестерін (сын есім + зат есім, зат
есім + етістік) құрауға үйрету.
Байланыстырып сөйлеу.
Балаларды ересектердің сөзін тыңдай білуге; ересектермен
және құрдастарымен тілдік қарым-қатынас жасауды дамыту;
қарапайым (Кім? Не? Не істейді? және тағы басқа) және бірте-
бірте күрделі (Нені ұстады? Нені әкеледі?) сұрақтарға жауап
беруге, көркем сөзді эмоциалы қабылдауды, балалар әдебиеті
шығармаларының бейнесін және мазмұнын түсінуге, қысқа
тақпақтар мен санамақтарды жатқа айта білуге үйрету.
Көркем әдебиет ертегі, әңгіме кейіпкерлеріне, оқиғаларға жанашырлық
білдіруді;
кейіпкерлермен тақпақтардың мазмұнын, ырғақты ойындарды
қайталауды эмоциалы қабылдауды;
ересектердің тақпақтарды, өлеңдерді, әңгімелерді оқуына,
кітаптарды көрсету, ертегілерді әңгімелеуіне тұрақты
қызығушылық танытуды қалыптастыру
Сенсорика заттар мен құралдарды қолдану дағдыларын қалыптастыру,
ауызша нұсқау мен үлгіге сүйене отырып, тапсырмаларды
орындау;
көлемі, пішіні, түсі бойынша ерекшеленетін біркелкі заттарды
топтастыруды;
Құрастыру құрылыс материалдарынан және ірі конструктор бөлшектерінен
құрастыруға үйрету;
әртүрлі түстегі және пішіндегі геометриялық пішіндерден
тұратын ағаш, пластмасса құрылыс материалдары;
материалдар (текшелер, кірпіштер), олардың әртүрлі пішіндері,
көлемі, үстел үстіндегі жазықтықта әртүрлі жағдайда орналасуы
(кірпіш жатыр, тұр);
Қоршаған ортамен
таныстыру
Жануарлар әлемі туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру.
Өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Жануарларға тән ерекшеліктермен таныстыру, дене бөліктерін
(танауы, құйрығы, аяқтары) ажыратып және атай білуге үйрету.

Көкөністер мен жемістер туралы (қызанақ, қияр, алма)
қарапайым түсініктерін қалыптастыру;
бір-бірінің атын атап, қарым -қатынас жасай алуы,
жолдастарының есімдерін есте сақтау
Сурет салу балалардың бейнелеу әрекетіне деген қызығушылығын ояту.
Балалардың көркемдік қабылдауларын дамыту;
түзу, көлденең, тік, толқын тәрізді және тұйықталған дөңгелек
сызықтарды жүргізуді, осы әрекеттерді ырғақты қайталауды
үйрету (жаңбыр, қар, жол, түтін), парақ бетінде бейнені
орналастыру;
Мүсіндеу балалардың сазбалшық, ермексаз және оның қасиеттері туралы
білімдерін қалыптастыру;
сазбалшықты дұрыс қолдану біліктерін жетілдіру;
Жапсыру Фланелеграфта бейнелеуді (сызықтарда, шаршыда), қағаз
бетіне қоюға және құрастыруға үйрету.
Фланелеграфтің кенебін қолдану арқылы геометриялық
пішіндерді, машиналарды, үйлерді, доптарды, шарларды,
гүлдерді, қазақтың ұлттық бас киімдерін, тағы басқа
орналастыру.
Музыка Музыка тыңдау:
1) музыка тыңдауға қызығушылықты және түрлі жанрлы
музыкалық шығармаларды: ән, полька, марш, вальс, баяу және
көңілді әндер тыңдау ережесін сақтауды қалыптастыру;
Ән айту:
1) ән айтуға қызығушылықты, тәрбиешінің дауыс ырғағына
еліктеу, әннің сөздері мен жеке буындарды айту, созылыңқы
дыбысталуға еліктей отырып ересекпен қосылып ән айту,
аспаптардың шығаратын және ересектің ән айтуына келтіріп,
әнді күш түсірмей, табиғи дауыспен, дауысты жылдамдатпай,
жеке сөздерді айқайламай айтуды қалыптастыру;
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар.
музыканың ашық берілген сипатына сай қимылдар жасау;
қарапайым би қимылдары: шапалақтау және бір уақытта аяқпен
тарсылдату, жартылай отыру, аяқтан аяққа тербелу;

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде
2024-2025 оқу жылына арналған
ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары
Білім беру ұйымы : « Ғалй Орманов атындағы орта мектебі,мектепке дейінгі шағын
орталығымен»коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қарлығаш шағын орталығы
Топ:Балауса Кіші топ
Балалардың жасы: 2 жастағы балалар
Қазан айы 2024жыл
Ұйымдастырылғ
ан іс әрекет
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері
Дене шынықтыру Жалпы дамытушы жаттығулар.
Бұрылу (оңға-солға), қолды кеуде тұсында айқастыру және екі
жағына жазу, қолды шапалақтау; қолды алға, жоғары, жан-жаққа
көтеру, оларды бүгіп, жазу,
саусақтарын ашып жұму; тізені бүгіп жазу (екіншісіне тұрып) алға,
жанына, артқа қадам жасау, аяқты алға, өкшеге қою; табандарды бүгу
(жазу)
Негізгі қимылдар:
педагогтің артынан жүру, жұптасып жүру, шеңбер бойымен қол
ұстасып жүру бағытты өзгерте отырып жүру, жүруден жүгіруге
ауысу, бағдар бойынша жүру (кілемнің бойымен, жіпке дейін),
кедергілерден аттап жүру.
бірқалыпты жүгіру, шашырап, берілген бағытта жүгіру, шағын топқа
бөлініп және бүкіл топпен, бағытты өзгертіп, 30-20 сек бойына
үзіліссіз жүгіру, жүруден жүгіруге және керісінше ауысу;
Бір орында тұрып екі аяқтап секіру, 10-13 см биіктен секіру.
Кедергілі ,жазықтың бетімен, еңгіс тақтайдың үстімен еңбектеу,
үстел, арқанның астымен нысанаға дейін төрттағандап (алақанымен,
тіземен тіреп) еңбектеу.
Екі қолмен 1-1,23 м арақашықтықтағы (көлденең) нысанаға
(кеуде тұсынан, төменнен, жоғарыдан (қағып алмай)доптарды
домалату, доптарды бір-біріне домалату.
Жиектері шектелген тура жолақпен (ені 20-23 см, ұзындығы 2-2,3 м)
гимнастикалық орындықтың үстімен жүру, заттарға шығу
(гимнастикалық
орындыққа, жұмсақ модульге және тағы басқа), тұру, қолын жоғары
көтеру, түсу;
Мәдени-гигиеналық дағдылар.
Киіміндегі ұқыпсыздықты байқап, оны өз бетінше, ересектердің
көмегімен жоюға, қол орамалды пайдалануға үйретуді жалғастыру.
Киініп-шешіну кезінде киімдерін белгілі тәртіппен киюге және
шешуге, ілгектің әр түрлерін қолдана білуді жаттықтыру. Киімдерді
шкафқа немесе орындыққа ұйқыға жатар алдында ұқыпты жинау
білігін бекіту. Жолдасының киіміндегі ұқыпсыздықты көруге және
оған өз көмегін ұсынуға үйрету.
Жеңдерін өз бетімен түру, жуыну кезінде киімді суламау, жуыну
кезінде суды шашыратпау білігін бекіту.

Үстел басында қарапайым мінез-құлық дағдыларын
қалыптастыру: нанды үгігпеу, тамақты ауызды жауып шайнау,
ауызды толтырып сөйлемеу.
Балаларды үстел басында дұрыс отыру, үстелді даярлау
заттарымен таныстыруды жалғастыру.
Жуыну туралы қысқа өлеңдерді немесе тақпақтарды үйрету,
оларды ересектермен немесе өз бетінше қайталау.
Сауықтыру-шынықтыру шаралары:
балаларды серуен кезінде ультракүлгін сәуленің әсерінен ауа, су
шараларының үйлесімділігімен шынықтыру;
Дербес қимыл белсенділігі.
Ересектердің көрсетуі бойынша кейбір қимылдарды орындайды,
қимыл белсенділігіне жағымды эмоциялық қарым-қатынас білдіреді,
бұрын игерген қимылдарды өздігінен орындай алады.
Спорттық жаттығулар:
Велосипед тебу. Үш дөңгелекті велосипедке отырғызу, ересектердің
көмегімен және көмегінсіз түсіру, ересектердің көмегімен және
өзбетімен рөлді басқару;
Сөйлеуді дамыту Айналасындағы адамдардың сөзін есту және тыңдау, түрлі
дыбыстарды саралау, дауыстың қаттылығы мен айтылу
жылдамдығын ажырата білуді. Дауысты және дауыссыз дыбыстарды
(ызың және үндіден басқа) еліктеу сөздерін қолдана
отырып дұрыс айтуды
жетілдіру Сөздік қор.
Балаларды заттардың қасиеттері мен олармен әрекеттердің атауын
айтуға, тілдік қарым-қатынасқа, ауызша сөйлеуге, зат есімдерді, сын
есімдерді қолданып, заттарды (киімдер, ыдыстар) сипаттауға үйрету.
Тілдің грамматикалық құрылымы.
Балаларды педагогтің сөзін түсінуге, сөйлегенде заттарды
сипаттау үшін зат есімдерді етістіктермен, сын есімдермен бірге
қолдануға, зат есімнің көпше түрін пайдалануға, сөздерді дұрыс
айтуды ескере отырып, сөз тіркестерін (сын есім + зат есім, зат есім
+ етістік) құрауға үйрету.
Байланыстырып сөйлеу.
Балаларды ересектердің сөзін тыңдай білуге; ересектермен және
құрдастарымен тілдік қарым-қатынас жасауды дамыту; қарапайым
(Кім? Не? Не істейді? және тағы басқа) және бірте-бірте күрделі (Нені
ұстады? Нені әкеледі?) сұрақтарға жауап беруге, көркем сөзді
эмоциалы қабылдауды, балалар әдебиеті шығармаларының бейнесін
және мазмұнын түсінуге, қысқа тақпақтар мен санамақтарды жатқа
айта білуге үйрету.
Көркем әдебиет Ертегі, әңгіме кейіпкерлеріне, оқиғаларға жанашырлық білдіруді;
кейіпкерлермен тақпақтардың мазмұнын, ырғақты ойындарды
қайталауды эмоциалы қабылдауды;
таныс тақпақтарды қайталауды;
ойыншықтарды қолданып, мазмұны күрделі емес ойындарға
қатысуды үйрету.

Сенсорика Заттар мен құралдарды қолдану дағдыларын қалыптастыру,
ауызша нұсқау мен үлгіге сүйене отырып, тапсырмаларды орындау;
Көлемі, пішіні, түсі бойынша ерекшеленетін біркелкі заттарды
топтастыруды; Түрлі көлемдегі геометриялық пішіндерді негізгі
түсі, әртүрлі көлемі, неғұрлым ұқсас қасиеттері бойынша
салыстыру және іріктеуді жетілдіру.
Құрастыру Құрылыс материалдарынан және ірі конструктор бөлшектерінен
құрастыруға үйрету;
әртүрлі түстегі және пішіндегі геометриялық пішіндерден тұратын
ағаш, пластмасса құрылыс материалдарын қолдануды үйрету;
қарапайым түрде бөгет жасай
отырып, кірпіштерді түрліше
үйлестіріп орналастыру туралы білімдерін қалыптастыру.
Қоршаған
ортамен
таныстыру
Жануарлар әлемі туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру.
Өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Жануарларға тән ерекшеліктермен таныстыру, дене бөліктерін
(танауы, құйрығы, аяқтары) ажыратып және атай білуге үйрету.
Көкөністер мен жемістер туралы (қызанақ, қияр, алма) қарапайым
түсініктерін қалыптастыру;
Ауладағы ересектердің еңбегін, аулаға ұшып келетін құстарды,
маусымға тән табиғат құбылыстарын бақылау. Қоршаған табиғаттың
сұлулығын қабылдау.
Бір-бірінің атын атап, қарым-қатынас жасай алуы, жолдастарының
есімдерін есте сақтауды дамыту
Сурет салу Бейнелеу әрекетіне деген қызығушылығын ояту мен көркемдік
қабылдауларын дамыту;
Түзу, көлденең, тік, толқын тәрізді және тұйықталған дөңгелек
сызықтарды
жүргізуді, осы әрекеттерді ырғақты қайталауды үйрету (жаңбыр,
қар, жол, түтін), парақ бетінде бейнені орналастыруды жетілдіру;
Ашық түсті бояуларға деген эмоционалды - эстетикалық қатынасын
тәрбиелеу
Мүсіндеу Сазбалшықты дұрыс қолдану біліктерін жетілдіру;
Техникалық дағдыларды қалыптастыру: заттардың қарапайым
және одан да күрделі пішіндерін мүсіндеу дағдыларын дамыту
Жапсыру Фланелеграфта бейнелеуді (сызықтарда, шаршыда), қағаз бетіне
қоюға және құрастыруға үйрету.
Фланелеграфтің кенебін қолдану арқылы геометриялық пішіндерді,
машиналарды, үйлерді, доптарды, шарларды, гүлдерді, қазақтың
ұлттық бас киімдерін, тағы басқа заттарды орналастыруды менгерту.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі
тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде
2024-2025 оқу жылына арналған
ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары
Білім беру ұйымы : « Ғалй Орманов атындағы орта мектебі,мектепке дейінгі шағын
орталығымен»коммуналдық мемлекеттік мекемесі « Қарлығаш» шағын орталығы
Топ:Балауса Кіші топ
Балалардың жасы: 2 жастағы балалар
қараша айы 2024жыл
Ұйымдастырылған
іс әрекет
Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері
Дене шынықтыру Жалпы дамытушы жаттығулар.
Қолды алға, жоғары, екі жаққа көтеру
Қолды артқа қою; оларды бүгіп, жазу, қолды шапалақтау
Жанында тұрған (отырған) адамға қолындағы заттарды беріп,
оңға-солға бұрылу.
Орнында жүру. Бастапқы қалыпта тұрып, сол (оң) аяқтың
тізесін (заттан ұстап) бүгу.
Негізгі қимылдар:
Әртүрлі бағытта және берілген бағытта шеңбер бойымен,
қолдарын әртүрлі қалыпта ұстап, бір-бірінің қолдарынан ұстап,
аяқтың ұшымен жүру.
заттарға шығу (гимнастикалық скамейкаға, жұмсақ модульге):
тұру, қолдарын жоғары көтеру, түсу;
Бірқалыпты, шашырап, берілген бағытта жүгіру.
Шектеулі жазықтың, көлбеу тақтайдың бойымен
нысанаға дейін төрттағандап (алақанымен, тіземен тіреп)
еңбектеу.
Екі қолмен, әртүрлі тәсілдермен әртүрлі бастапқы қалыпта 0,3-
1,3 метр арақашықтықтағы нысанаға (төмен, жоғары) лақтыру;
Бір орында тұрып қос аяқпен секіру.
Мәдени-гигиеналық дағдылар.
Ересектің бақылауымен бетін, қолдарын ластанған кезде және
тамақтың алдында өз бетінше жуу, беті мен қолын жеке
орамалмен құрғатып сүрту, ересектің көмегімен өзін ретке
келтіру.
Жеке заттарды қолдану (қол орамал, майлық, орамал, тарақ,
түбек),
киіміндегі олқылықты байқау және оны өз бетінше,
ересектердің көмегімен ретке келтіру, белгілі бір ретпен киіну
және шешіну, әртүрлі ілгектерді қолдана білу, ұйықтар
алдында киімдерін шкафқа немесе орындыққа ұқыпты бүктеп
қою.
Үстел басындағы мәдениеттің қарапайым дағдыларын
қалыптастыру:
нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып шайнау, тамақ ішкенде
сөйлемеу, үстел басында дұрыс отыру.
Сауықтыру-шынықтыру шаралары:
Балаларды топта жеңіл киінуге үйрету. Күн тәртібіне сәйкес
олардың таза ауада болу ұзақтығын қамтамасыз ету.Серуенде
қимылды ойындарға қатысуға және жаттығуларды орындауға

қызығушылық пен ықылас танытуға баулу.
Шынықтыру шараларын өткізу.
Қимылды ойындар.
Балаларды ересектермен бірге қимылдары жеңіл, мазмұны
қарапайым қимылды ойындар ойнауға ынталандыру.
Балалардың ойынға қызығушылығын дамытуға ықпал ете
отырып, негізгі қимылдарды (жүру, жүгіру, лақтыру, домалату)
жетілдіру. Қимылдарды үйлесімді орындауға, кейбір
кейіпкерлердің қарапайым әрекеттерін жеткізе білуге үйрету
(қоян сияқты секіру; аю сияқты қорбаңдап жүру).
Спорттық жаттығулар: Велосипед тебу: үш дөңгелекті
велосипедке отыруға, одан ересектердің көмегімен және
көмегінсіз түсуге, ересектердің көмегімен және өз бетінше
рөлді басқаруға үйрету.
Дербес қимыл белсенділігі.
Ересектің бақылауымен ойын әрекеттерін (спорттық, би)
орындауға, қимыл белсенділігіне жағымды эмоция білдіруге,
бұрын меңгерген қимылдарды өз бетінше орындауға ықылас
танытуға баулу.
Сөйлеуді дамыту Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. Артикуляциялық және
дауыс аппаратының, сөйлеу кезінде тыныс алу, есту қабілетінің
дамуына ықпал ету.
Сөздік қорды қалыптастыру.
Заттардың түсін, көлемін, пішінін, дәмін білдіретін сын
есімдермен байыту.
Тілдің грамматикалық құрылымы
сөздердің дұрыс айтылуын, зат есімдердің көпше түрде дұрыс
қолданылуын ескеріп, сын есімдерді зат есімнің көпше түрімен
сәйкестендіру.
Байланыстырып сөйлеу.
Қарапайым сюжеттік суреттердің мазмұнын айтып беру.
Кейіпкерлердің әрекеттерін (қимылдарын) қайталатып ойнату.
Көркем әдебиет Балалардың жастарына сәйкес көркем шығармалар оқу
Оқып беруді ойыншықтарды, суреттерді, үстел үсті театрының
кейіпкерлерін және басқа да көрнекі құралдарды көрсетумен
сүйемелдеу, сонымен қатар көрнекіліксіз көркем шығарманы
тыңдауын дамыту.
Сенсорика Өлшемдері әртүрлі геометриялық фигураларды, өлшемі,
пішіні, түсі бойынша ерекшеленетін біркелкі заттарды
топтастыруды, түрлі көлемдегі геометриялық фигураларды
негізгі түсі, неғұрлым ұқсас қасиеттері бойынша салыстыру
және іріктеуді жетілдіру.
Құрастыру Балаларды ойын барысында үстел үсті және еден үсті құрылыс
материалдарымен (текшелер, кірпіштер, үш қырлы призма,
пластина, цилиндр), жазықтықтағы құрылыстың орналасу

нұсқаларымен таныстыру.
Тұрғызылған қарапайым құрылыстарды атау, қорапқа құрылыс
бөлшектерін ұқыптылықпен жинауын пысықтау.
Қоршаған ортамен
таныстыру
Есімін атағанда жауап беру, өзін айнадан және
фотосуреттерден тануды жетілдіру.
Заттарды және олармен әрекеттерді атау, оларды суреттерден
тануды.
Көліктер, көше, жол туралы бастапқы түсініктерді
қалыптастыру. Көлік құралдарының кейбір түрлерімен
таныстыру.
Ересектердің еңбегіне қызығушылық тудыру.
Басқа балалармен бірге, келісіп ойнауға, бір-біріне көмектесуге
және жетістіктеріне, әдемі ойыншықтарға бірге қуануға баулу.
Балалардың табиғат пен табиғат құбылыстарына
қызығушылықтарын қалыптастыру. «Дұрыс», «дұрыс емес»,
«қауіпті» түсініктерімен таныстыру
Сурет салу Бейнелерді парақ бетінде орналастыра отырып, түрлі-түсті
дақтарды қарама-қарсы үйлестіру арқылы бере білу, дөңгелек
және толқын тәрізді сызықтарды бейнелеу, дәстүрлі емес
әдістермен суреттер салуды.
Қаламды үш саусақпен, қатты қыспай ұстау, суреттің
қарапайым элементтері ретінде тік және тұйықталған дөңгелек
сызықтарды қағаз бетінде жеңіл жүргізуді үйрету.
Мүсіндеу Сазбалшық, ермексаз және оның қасиеттері туралы білімдерін
қалыптастыру, сазбалшықты дұрыс қолдануды жетілдіру.
Мүсіндеудің қарапайым тәсілдерін (кесектерді үлкен
бөліктерден бөліп алу, оларды біртұтас етіп біріктіру,
сазбалшықты өздігінен илеу) үйрету.
Жапсыру Жапсыруға қызығушылықты ояту. Материалдардың (қағаз)
қасиеттері туралы түсінік қалыптастыру және оларды
қолданудың қарапайым әдістерін (ұсақтау, жырту, бүктеу),
жапсыру жұмыстарын жасау тәсілдерін (желімсіз) үйрету.
Музыка Музыка тыңдау:
Баяу және көтеріңкі дыбысты, музыкалық шығармалардың
сипатын (баяу және көңілді әндер) ажырата білу.
Ән айту: Ән айтуға деген қызығушылықтарын ояту, жекелеген
сөздер мен буындарды айту, педагогтің дауыс ырғағына,
сөздердің созылыңқы дыбысталуына еліктей отырып,
ересекпен қосылып ән айту.
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар . Музыканың
сүйемелдеуімен топпен және шеңбер бойынша қол ұстасып
жүру және жүгіру дағдыларын қалыптастыру.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде
2024-2025 оқу жылына арналған
ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары
Білім беру ұйымы : « Ғалй Орманов атындағы орта мектебі,мектепке дейінгі шағын
орталығымен»коммуналдық мемлекеттік мекемесі « Қарлығаш» шағын орталығы
Топ:Балауса кіші топ
Желтоқсан айы 2024жыл
Ұйымдастырылған
іс әрекет
Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері
Дене шынықтыру Жалпы дамытушы жаттығулар.
Қолды кеуде тұсында айқастыру және екі жаққа жазу
Алға және екі жаққа еңкею. Еденде отырып, аяқтарды кезекпен бүгу және
жазу.
Іштің және аяқтың бұлшық еттерін дамытуға және нығайтуға арналған
жаттығулар.
Таяныштан ұстап отыру, аяқтың ұшымен тұрып, тартылу.
Негізгі қимылдар:
шағын топпен және бүкіл топпен қарқынды өзгерте отырып жүру.
құрсаудан құрсауға аттап өту;
әртүрлі қарқынмен, заттардың арасымен жүгіру.
доғаның, гимнастикалық скамейканың астынан
нысанаға дейін төрттағандап (алақанымен, тіземен тіреп) еңбектеу.
отырып және тұрып, түрлі заттардың астынан 0,3-1,3 метр
арақашықтыққа доптарды домалату
алға қарай ұмтыла қос аяқпен затқа дейін (10-13 сантиметр) секіру
Мәдени-гигиеналық дағдылар.
Ересектің бақылауымен бетін, қолдарын ластанған кезде және тамақтың
алдында өз бетінше жуу, беті мен қолын жеке орамалмен құрғатып
сүрту, ересектің көмегімен өзін ретке келтіру.
Жеке заттарды қолдану (қол орамал, майлық, орамал, тарақ,
түбек),
киіміндегі олқылықты байқау және оны өз бетінше, ересектердің
көмегімен ретке келтіру, белгілі бір ретпен киіну және шешіну, әртүрлі
ілгектерді қолдана білу, ұйықтар алдында киімдерін шкафқа немесе
орындыққа ұқыпты бүктеп қою. Үстел басындағы мәдениеттің
қарапайым дағдыларын қалыптастыру:
нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып шайнау, тамақ ішкенде сөйлемеу,
үстел басында дұрыс отыру.
Сауықтыру-шынықтыру шаралары.
Балаларды топта жеңіл киінуге үйрету. Күн тәртібіне сәйкес олардың
таза ауада болу ұзақтығын қамтамасыз ету.Серуенде қимылды ойындарға
қатысуға және жаттығуларды орындауға қызығушылық пен ықылас
танытуға баулу. Шынықтыру шараларын өткізу.
Қимылды ойындар.
Балаларды ересектермен бірге қимылдары жеңіл, мазмұны қарапайым
қимылды ойындар ойнауға ынталандыру. Балалардың ойынға
қызығушылығын дамытуға ықпал ете отырып, негізгі қимылдарды
(жүру, жүгіру, лақтыру, домалату) жетілдіру. Қимылдарды үйлесімді
орындауға, кейбір кейіпкерлердің қарапайым әрекеттерін жеткізе білуге

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген