400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Physical marathon" атты сыныптан тыс іс-шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалда 7 сыныптарға арналған сыныптан тыс іс шараның жоспары ұсынылып отыр
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Physical marathon» сайысы


Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеттері мен жағдаяттан шығу дағдыларын дамыту, танымдық белсенділіктері мен пәнге қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Оқушыларды көптілде сөйлеуге және өз ойын еркін айта алуға дағдыландыру, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: презентация, тапсырмалар парағы

Әдіс-тәсілдері: ауызша жауап беру, сұрақ-жауап.

Формасы: сайыс

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Қараша айының 19-23 аралығында мектебімізде «МИФ» математика, информатика, физика апталығы өтуде. Соған орай 7 сыныптар арасында өткелі отырған «Physical marathon» атты шарамызға қош келдіңіздер!

Dear Teachers and Students! This week we have a week of mathematics, computer science and physics. Welcome to the "Physical Marathon" competition.

Физиканың еліне

Батыл қадам жасайық,

Осылайша шабытпен,

Сайысымызды бастайық!

Сайысқа қатысушы оқушыларға сәттілік тілей отырып, ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

I wish all the participants good luck, let's start the game!

Ортаға ойынға қатысушылар шығады. Ойынға 2 топ қатысады.


«Ойшылдар» тобы

«Тапқырлар» тобы


БАРЫСЫ:

Сайыстың шарттары:

  1. «Кім жылдам» (Kahoot ойыны);

  2. «Ойланайық, ойлайық» (логикалық тапсырмалар);

  3. «Кім тапқыр» (Quizlet ойыны)

  4. «Тіл - өнер» (жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару);


«Кім жылдам» (Kahoot ойыны)

Ойынға қатысушылар компьютер арқылы kahoot ойының ойнайды. Ойында сұрақтар қазақ тілінде беріледі, ал ойынға қатысушылар орыс және ағылшын тіліндегі дұрыс жауаптарын табу керек. Ойын соңында қай топтың жылдам әрі тез жауап бергенін көреміз.

«Ойланайық, ойлайық» (логикалық тапсырмалар)

Ойыншылар алдарында тұрған логикалық тапсырмаларды орындап, Пазлды жинап, қайтарда алдарында берілген адамның, құстың, аңның іздерінен тек қана адамның іздерімен жүру керек, және де қолдарындағы пазлды мәреге бқзбай жеткізу керек.

«Кім тапқыр» (Quizlet ойыны).

Топ мүшелері ортаға шығып интербелсенді тақтада сәйкестігін табады. Ойында физикалық терминдер, шамалардың өлшем бірліктері, өлшеу құралдары беріледі.Ойынның шарты жылдамдыққа байланысты. Бұл ойында ағылшын, қазақ және орыс тілінде жүргізіледі.

«Тіл - өнер» (жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару)

Дұрыс жауапқа тақтада тұрған кестеге крестиктер мен ноликтерді қоямыз. Қай топ бірінші болады, сол топ жеңімпаз

Сұрақтар:

1.Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да.

Ұзындығы жазулы тұр бойында.

(сызғыш, линейка, ruler)

2. Суға салсаң батпайды,

Отқа салсаң жанбайды.

(мұз, лед, ice)

3. Қабат-қабат қаптама,

Ақылың болса аттама.

(кітап, книга, book)

4.Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.

(ауа, воздух, air)

5. Жұрттың бәрі соны сүйеді,

Бірақ қарағысы келмейді.

(күн, солнце, sun)

  1. Жарқылдан соң жаңағы,

Суға бөкті бар алап.

Көкте түрлі жолақты,

Өрнек тұрды ғаламат.

(кемпірқосақ, радуга, rainbow)

  1. Тар шеңберді айналып,

Тұр құдықта байланып.

Қаға берер таңдайды,

Әдетінен танбайды.

( сағат, часы, clock)


Екі топтың ойыншыларының бағалау парағы бойынша қорытындысын апталықтың жабылу сәтінде марапаттаймыз.

Көңіл бөліп бұл кешке,

Келгендеріңізге көп рахмет!

Шын сезінген көрерменге

Айтамыз біз мың рахмет! – дей келе, келесі кездескенше күн нұрлы болсын!

Dear viewers and participants of the game! Thank you so much, let me finish the contest. We award winners at the closing ceremony of the week. We are not asking for you, but talking to new meetings
















1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі








Physical maraphon




Өткізген: Дуан Ә.Ж.













2017 – 2018 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
11.11.2020
810
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі