
№28 жалпы білім
беретін
орта мектебі
КММ
Математика пән
мұғалімі
Сұлтанғалиева
Жанаргүл
Қожағалиқызы
Сынып:
8
Cабақтың тақырыбы: Пифагор
теоремасының қолданылуы
Сабақ
мақсаты: Оқушылардың Пифагор теоремасы
тақырыбы бойынша қызметін ұйымдастыру, Пифагор теоремасынын
дәлелдеудің бірнеше тәсілдерін меңгеру, есептер шығаруда
формулаларды қолдана алуға дағдыланады.
Күтілетін
нәтиже:Қарастырып отырған есептерге
талдау жасай білу, қорытындылар жасауға, оқу қызметін өздігінен
бақылау жасау машығын дамытуға жағдай жасау, сабаққа белсенділігін,
қызығушылығын артады.
Сабақ
типі: аралас.
Сабақ
түрі: білім, білік дағдыларын
бекіту
Сабақтың
әдісі: тәжірибелік,
практикалық
Сабақтың
тәсілі: миға шабуыл, зерттеу,
рефлексия, талдау, сұрақ-жауап,
презентация.
Оқыту
формасы: топтық,
жеке-дара
Көрнекілігі: презентациялар, оқу құралдары,
интерактивті тақта, ноутбуктар, математикалық конструктор 1C ,
тестілеу бағдарламасы Hyper test.
Сабақ
барысы:
|
уақыты
|
Мұғалімнің іс -
әрекеті
|
Оқушының іс -
әрекеті
|
|
5-
минут
|
Ұйымдастыру
кезеңі.
І
Салемдесу.Психологиялық ахуал
Топқа бөлу:
фигуралармен үш топқа бөлу
ІI Үй тапсырмасын
тексеру( өткен теориялық материалдарды қайталау) ауызша
сұрау.
|
Үй тапсырсын
айтады
|
|
2-
минут
|
ІІІ Пифагор деген
кім? Пифагор теоремасының қандай дәлелдеулерін
білесіңдер?
Пифагор – б.д.д. VI ғасырда
өмір сүрген грек ғалымы.
Пифагор теоремасының келесі
дәлелдеулерін білеміз:
-
Фигуралардың тең
шамалылығы бойынша (Пифагор
дәлелдеуі);
-
Аддитивті дәлелдеуі,
яғни катеттерге салынған шаршыларды фигураларға бөліктеу,
нәтижесінде осы бөліктерден гипотенузаға салынған шаршыны құрастыра
білу (Эйнштейн дәлелдеуі);
-
Қосымша салулар
жүргізу бойынша (Гофман дәлелдеуі);
-
Алгебралық әдіс
(Мёльман
дәлелдеуі);
-
Бұрыштың косинусы
бойынша дәлелдеуі.
|
Жаңа сабақты
ашу
|
|
10-
минут
|
ІV
Катеттер, биіктіктер
теоремалары. Пифагор теоремасы. (Ауызша
тұжырымдау)
Катеттер теоремасы (Евклид
теоремасы):
Тікбұрышты үшбұрыштың катетіне
салынған шаршы ауданы қабырғаларының бірі гипотенузаға тең, ал
екіншісі үшбұрыш биіктігі бөлетін гипотенуза бөлігінің біріне тең
болатын тік төртбұрыштың ауданына тең болады.


Биіктіктер
теоремасы:
Тік бұрышты үшбұрыштың
гипотенузасына түсірілген биіктікке салынған шаршы ауданы
қабырғалары осы биіктік бөлетін гипотенуза бөліктеріне тең болатын
тік төртбұрыштың ауданына тең болады.


Пифагор
теоремасы:
Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасының квадраты катеттерінің
квадраттарының қосындысына тең., , , .
Кері теорема да
орындалады.
-
Пифагор
теоремасын қалай түсінгенін тексеру мақсатында тест тапсырмаларын
орындау (Hyper test, 5 сұрақ)
-
Ромбының қабырғасы 7 дм, ал
диагональдарының бірі дм. Ромбының екінші
диагоналін табыңыз. (10 дм )
-
Тең бүйірлі
үшбұрыштың периметрі 16дм, бүйір
қабырғасы табанынан 1дм-ге кіші болса, биіктігін тап. (4
дм)
-
Қабырғалары 5 см және 12 см
болатын тіктөртбұрыштың диагоналін табыңыз.(13
см)
|
Оқушылар топқа берген
есептерді шығару
|
|
10-минут
|
V Пифагор
теоремасының қолдану аясы. (Шағын топпен
жұмыс)
Практикалық
тапсырмалар.
1.Математикалық
конструктор
1C ортасын
қолдану.
Тор көзді қағазда орындалатын тапсырмалар.
(Смирнов)
№
2.
Қабырғалары болатын үшбұрышты салыңдар. Бұрыштарын
анықтаңдар.
№
3.
Қабырғалары болатын үшбұрышты
салыңдар.
№
11.
АВС үшбұрышының СМ медианасын салып, оның ұзындығын
табыңдар.
№
12.
АВС үшбұрышының СН биіктігін салып, оның ұзындығын
табыңдар.
№
15.
АВС үшбұрышының С төбесінен медиана, биссектриса және биіктігін
салып, олардың ұзындықтарын табыңдар.
|



|
|
10-минут
|
VIПрактикалық
тапсырма. (Шығармашылық жұмыс)
Алдымен, «Математикалық
этюд» , бесжұлдыз салынған парақты,
бір ғана түзу сызық бойымен кесу арқылы, бесжұлдыз шығатындай етіп
бүктеуге бола ма? (Болады.)
Вавилов
есебі: Қабырғаларының ұзындығы 6
см болатын шаршы төбелері қарсы жатқан қабырғалардың орталарымен
қосылған. Бір ғана түзу сызық бойымен кесу арқылы, пайда болған
сегізбұрышты алу үшін, шаршыны салынған парақты қалай бүктеу
керек?
|

Сегізбұрыштың периметрін
және ауданын табыңдар. Жауаптарыңды
негіздеңдер.
Шешуі: 
|
|
5-
минут
|
-
Рефлексия.
-
Жұмыс жасаудың қай
формасы ең тиімді, ұтымды деп ойлайсыздар
?
-
Бүгінгі сабақ
сіздерге не берді? Не
үйрендіңіздер?
-
Қандай есептер
ұнады?
|
Кері
байланыс
Бүгінгі сабақта алған
әсері
|
|
3-
минут
|
Үйге
тапсырма
№ 5.25(б), 6.55 ,
6.57.
Пифагор теоремасының
тағы да басқа салаларда қолданылуы;
Пифагор және оның
еңбектері туралы ұлы ойшылдардың берген бағалары. Қосымша
материалдар жинақтау.
Бағалау
|
Күнделіке үй тапсырмасын
белгілеп алады
|