Tақырыбы:
"Туберкулез-елдің ежелгі
дұшпаны".
Мақсаты:
а)
Балалардың сана-сезiмдерiн ояту, өз
денсаулықтарын сақтаудың маңыздылығы,
жеке бас гигиенасы туралы түсiнiк
қалыптастыру
ә) Қазіргі адамзат
ұрпағына төніп тұрған проблеманың
түйінін ашу. Туберкулез сияқты аурудың
пайда болуын, қоғамға, адамға осы аурудың
зардабын түсіндіру, ашып көрсету.
б)Жаман әдеттерден бойларын аулақ
салуын, санитарлық-гигиеналық талаптарға
сай болуын қалыптастыру, дамыту.
Тазалыққа, ұқыптылыққа, жауапкершiлiкке
тәрбиелеу.
Түрi:
пікірталас
Әдiсi:
Баяндау, сұрақ-жауап.
Көрнекiлiгi:
Туберкулез тақырыбына салынған суреттер,
плакатқа жазылған cөзжұмбақ, кеспе
қағаздар
Сабақтың
барысы:
І. Тренинг «Команда»
ІІ.
Бейнеролик «Жұқпалы аурулар»
Мұғалiмнiң
кiрiспе сөзi:
Қазақта
«сақтансаң, сақтармын» деген қанатты
тіркес бар. Талай жұтты басынан өткерген
қазақ халқы небір ауруларды да жіктеп,
емін де жетесіне тоқи білген. Ел аузында
«Құрт ауруы» немесе «Жаман ауру» деп
атап кеткен «туберкулез» дерті туралы
не білеміз?
Ассоциация
«Туберкулез»
Интерпритация:
«Бәленшенің басындағы бүлдіргіде
шатағым бар ма, өзіме жоламаса болды
ғой» дейтін қазақилық салғырттыққа
салынып көп жағдайда елей бермейміз.
Ал шындығында бұл ауру адам өміріне
қауіп төндіріп қана қоймай, үрім- бұтағына
тамыр жайып, тұқым қуалап кетеді.
Туберкулез
өкпе қабынатын ауыр жұқпалы ауру. Ежелгі
ғалымдар мен ойшылдарының жазбаларында
туберкулез « көкжөтел – чахотха »
ретінде айтылады. Туберкулез қоздырғышын
неміс ғалымы Р.Кох ашқан. Сондықтан бұл
бактерияларды Кох таяқшалары деп атайды.
Олар әр түрлі мүшелерді зақымдайды:
өкпе, сүйек, буын, бүйрек т.б. зақымдайды.
Туберкулез таяқшалары сыртқы ортаға
едәуір төзімді болады-ластықта, қақырықта,
күнделікті пайдаланылатын нәрселерде,
қоршаған ортада көп уақытқа дейін
сақталады (топырақта, суда, кітапта).
Туберкулез – аса қауіпті дерт. Ауру
белгілері көпке дейін білінбейді.
Алғашында аздаған құрғақ жөтел пайда
болып, кейін күшейеді, тамаққа тәбеті
тартпайды, ұйықтағанда терлеп, кешке
қарай дене қызуы көтеріледі, тез шаршайды.
Содан кейін жөтел, қан аралас қақырық
пайда болады. Осы белгілер біліне
салысымен, неғұрлым ертерек
дәрігер-фтизиаторға қаралу керек.
Туберкулез таяқшалары сыртқы ортаға
едәуір төзімді болады, топырақта 2 апта,
кітап беттерінде 3 ай, суда 5 айға дейін
сақтала алады. Туберкулез таяқшаларын
ұзақ уақыт қайнату, тура түскен күн
сәулесі, хлорамин және хлорлы әк өлтіреді.
І
топ: Туберкулез
адамға қалай жұғуы мүмкін?Адамның
туберкулез ауруын жұқтырғанын неден
байқауға болады?
Туберкулез
жөтел және қақырық арқылы тарайтын
жұқпалы ауру. Сондықтан өзiңiзге де,
өзгеге де еденге, жерге түкіруге жол
бермеңіз.Туберкулездi анықтаудың
бiрден-бiр жолы - қақырық тексеру.
Егер
науқас:
- Үш аптадан аса жөтелсе;
-
Қан түкiрсе;
- Үш аптадан аса көкірек
тұсындағы ауырсыну басылмаса;
- Үш
аптадан аса қалтырап жүрсе , бұларды
туберкулез ауруының хабары деп түсінген
жөн.
ІІ
топ: Құрт ауруының белең алуын қандай
жағдайлармен (факторлармен) түсіндірер
едіңіз? Зиянды әдеттер арақ, шылым шегі,
есірткіні пайдаланудың ауруға қаншалықыты
ықпалы бар деп ойлайсыз?
ТУБЕРКУЛЕЗ
ЖАЙЛЫ БІРЕР СӨЗ СЕБЕП ПЕН САЛДАР
Фтизиатр
мамандар Қазақстандағы құрт ауруының
белең алуын мынандай жағдайлармен
түсiндiредi екен:
- өтпелi кезеңдегi
экономикалық дағдарыстың әлеуметтiк
жағдайды төмендетiп жiбергендiгi,
жұмыссыздықтың пайда болуы;
- қоғамдағы
асоциалды адамдар тобының көбеюi, яғни,
араққа салынушылардың, нашақорлардың,
мекен-тұрақсыз жандар санының артуы;
көшi-қон үрдiсiнiң үдеуi;
- iндеттiң
негiзгi ошағы болып табылатын түрмелердегi
адам санының көбеюi;
- медицина
саласына жасалған сәтсiз реформалардың
салдарынан туберкулезге қарсы күрестiң
дұрыс жолға қойылмауы; Туберкулез
жұқтырудың басты көзі – туберкулезбен
ауыратын адам және оның қақырығы.
ІІІ
топ: Туберкулез
ауруын емдейтін, сіздің ойыңызша, жолдары
бар ма? Туберкулез
ауруы алғаш анықталған науқастар дұрыс
емделген жағдайда түгелдей дерлік
сауығып кететiндiгiн тәжірибе дәлелдеп
отыр.
- Дұрыс емдеу аурудың алдын-алуда
маңызды шара. Ол арқылы аурудың өзгелерге
жұғу қаупі жоғалып таралу жолына бөгет
жасалады.Толық емдеу курсын қабылдау
қажеттiлiгiне науқасты сендіру де үлкен
рөл атқарады.
Ән
«»
Рефлексия:
Туберкулез
ауруын тоқтатудың қандай әдістерін
ұсынар едіңіз?
Алынатын
екпе жұмыстарының қаншалықты ықпалы
бар деп ойлайсыз?
Интерпритация:
Елді
елеңдетіп отырған мәселенің бірі –
екпе (вакцина). Бұл – балаларда кездесетін
түрлі жұқпалы аурулардың алдын алу үшін
егіледі. Өкінішке қарай, екпе егуге
қарсы ата-аналар көбейді. Денсаулық
сақтау қызметкерлері болса, баланың
өмірін ұзарту үшін қолданатын екпенің
зияны жоқ екенін айтып, шырылдап бағуда.
Мамандардың пікірі, екпесіз ұлттың
ертеңі бұлыңғыр дегенге саяды. Мұны
дамыған елдердің медицинасы әлдеқашан
мойындап қойған
Мектеп
медбикесі Бисен Сания екпенің маңыздылығы
туралы түсіндіреді.
Науқас
адамнан таралатын бактерияларды қалай
залалсыздандырады?
Мұндай
науқастардың қақырығын, төсек орнын
және т.б залалсыздандыруда мыналарды
ескеру қажет:Тікелей түскен күн сәулесі
туберкулез бактерияларын 5 минут iшiнде
өлтiредi.Туберкулез бактериялары 600С-қа
қыздырғанда 20-минутта, 700С қа қыздырғанда
5 минутта қырылады. Қолданылған қағаз
, қол орамалдарды дереу өртеп жіберу
керек.Науқастың көрпе-төсенiштерiн
желдету және күнге жою оларды
залалсыздандыруда ең жақсы әрі қарапайым
әдiсi.
«Туберкулез
профилактикасы» сөзжұмбағы
1.Өкпе
қабынуы — бұл өте ауыр өкпе инфекциясы
(пневмония)
2.Туберкулезді
қазақ қандай ауру деп атаған? (құрт)
3.Тыныс
алу жолдарының қабынуынан, тыныс
жүйесінің ауа өткізу қабілетінің
төмендеуі (бронх)
4.Туберкулезбен
ауырған адамды қандай маман емдейді?
(фтизиатр)
5.Туберкулез
нені тудыратын жұқпалы ауру (бактерия)
6.Туберкулез
белгілерінің бірі (жөтелу)
7.Бірінші
байлық (денсаулық)
8.
Туберкулез қоздырғышын неміс ғалымы
ашқан. Сондықтан
бұл бактерияларды таяқшалары деп атайды.
(Кох)
9.Өкпе
ауруын қандай аппаратпен анықтайды?
(рентген)
10.Арнайы
контингентті толық оқшаулау, күшейтілген
медициналық қарауды, арнайы емдеу, алдын
алу, санитарлық эпидемияға қарсы .... іс
шарасын өткізуді көздейді. (Карантин)
11.Ауырған
адамның орнын, жатқан жерді бөлмені
тазалау әдісі? (дезинфекция)
12.
Ауру адамға дәрігер не қорытынды қояды?
(диагноз)
Қорытынды:
Мұғалім:
Ендi балалар туберкулез ауруы туралы
сұрақтарыңыз тәмәмдала келсе, бұл ауру
туралы ойларымызды қорытындылап, оның
алдын-алуы туралы айтып өтейік!
- Аш
жүру немесе жөнді тамақтанбау адам
ағзасының ауруға қарсылығын азайтатыны
– дәлелдеудi қажет етпейтiн шындық.
Темекі шегу мен арақ ішуде тәннің
қорғаныс қабiлетiн нашарлатады.Жұпыны
тұрмыспен құлазыған көңіл-күй де
организмді әлсiретiп, оның ауруға
қарсылығын төмендетедi. Көбiнесе
туберкулездi тұқым қуалаушы ауру деп
есептейді. Бұл сенiмсiз. Туберкулез-жұқпалы
ауру. Сондықтан
оны жұқтырмау амалдарын сақтау, ал
жұқтырған жағдайда толық емделу шараларын
қатаң жүзеге асыру шарт. Сонда ғана
соңғы кездерде өршiп
бара жатқан
жауыз iндеттiң
бетiн
қайтарамыз.
- Мiне
балалар сендер туберкулез туралы аз да
болса түсiнiк
алдыңдар. Осы қауiптi
аурудың болмауы үшiн
одан өзiмiздi
сақтауда қолымыздан келетiннiң
бәрiн
жасауымыз керек. Үнемi
таза ауада жүрiп
спортпен шұғылдану сiздердiң
дендерiңiз
сау болып, мықты болудың кепiлі.