400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Пікірталас түрлері. Дөңгелек үстел

Материал туралы қысқаша түсінік
11 сыныптарға қазақ тілі пәнінен өткізілген «Дөңгелек үстел» тақырыбындағы сабақ. Негізгі мақсаты - дөңгелек үстелді ұйымдастыру тәртібі мен негізгі қағидаларын, ерекшеліктерін көрсетіп, үйрету. Өз бетінше және топпен білім алу дағдысын қалыптастыру, талдау жасау арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту, білімдерін өз бетінше қолдануға, іздену, зерттеу жұмыстарына баулу.Оқушы бойындағы көшбасшылық қабілеттерін дамыту, ойын ашық жеткізе білуге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:

Дөңгелек үстел

Өткізілген күні:

14.03.2018

Сынып:

11 «А»

Жалпы мақсаттар:

  • Дөңгелек үстелді ұйымдастыру тәртібі мен негізгі қағидаларын, ерекшеліктерін көрсетіп, үйрету.

  • Өз бетінше және топпен білім алу дағдысын қалыптастыру, талдау жасау арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту, білімдерін өз бетінше қолдануға, іздену, зерттеу жұмыстарына баулу.

  • Оқушы бойындағы көшбасшылық қабілеттерін дамыту, ойын ашық жеткізе білуге үйрету.

Оқытудың нәтижесі:

  • Дөңгелек үстелдің өткізілу шарттары, қағидалары мен ерекшеліктері туралы жалпылама мәліметтерді біледі;

  • Оқыған материалдарының негізінде өз ойын толық жеткізе алады, өз бетінше ізденіп, зерттеу жұмыстарын орындай алады.

Негізгі дерек көздері:

С.Негимов «Шешендік өнер», Р.Сыздықова «Сөз өнері», ғаламтор материалдары

Әдіс-тәсілдер

СТО, кубизм әдісі, рөлдік ойындар, топтық жұмыс, жекелей жұмыс

Қолданылған ресурс және көрнекілік:

Үлестірмелер, слайд, түрлі-түсті бағалау парақтары, микрофон



Кіріспе

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқытуды бағалау

Уақыт

І.Ұйымдастыру кезеңі.


Сәлемдесу. Түгендеу.


Мұғаліммен амандасады. Өздерінің көңіл күйлерін білдіреді.

-

2 минут

ІІ.Үй тапсырма-сын сұрау

«Миллион кімге бұйырады?» ойыны арқылы үй тапсырмасын тексереді.



Берілген сұрақтарға жауап беріп, ұпай санын жинайды. Ең белсенді, толық сұрақтарға жауап берген оқушы сайыс соңынан бағаланады.

Смайлик арқылы

5 минут

III.Негізгі бөлім

Жаңа тақырыпты түсіндіру. Кубизм әдісі. Жаңа тақырып оқулықпен жұмыс істеу арқылы игеріледі.


Оқулықта берілген мәтінді пайдалана отырып, берілген сұрақтарға жауап береді. Кубизм әдісі



Смайлик арқылы


5 минут

Сынып оқушылары арасында «Әлеуметтік желі және жастар» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

Оқушыларға рөлдер бөлініп, өзара пікір алысып, әлеуметтік желілерге қатысты ойларымен бөліседі.


Сынып оқушылары келесідей рөлдерге бөлінеді:

1.модератор

2.қоғам қайраткері

3.дәрігер-офтальмолог

4.жас кәсіпкер

5.мұғалім

6.психолог

7.құқық органдарының қызметкері

8.статист

9.филолог

Өзара пікірталасқа түсіп, берілген тақырып бойынша ойларымен бөліседі.

Смайлик арқылы

15 минут

IV.Қорытын-ды

Сабақты қорытындылау үшін «Ашық микрофон» әдісі қолданылады.



«Микрофон» әдісі бойынша оқушылар келесідей сұрақтарға жауап береді:

1.Сабақта мен үшін ең қызықты болған…

2.Сабаққа қатысты ата-анаңа немесе достарыңа қандай мәлімет берер едің?

3.Сабақтан алған әсерім...

Сабақта үйренгендерім өмірде қажет/қажет емес деп ойлаймын.Себебі...

4.Сабақта мен үшін ең қызықты болған…

-

3 минут

Бағалау

«Бағдаршам» әдісі


«Бағдаршам» әдісі бойынша оқушылар бағдаршам түстерінің бірін таңдап, көрсетеді:

Қызыл – мен ештеңе түсінбедім

Сары – маған әлі де түсініксіздеу

Жасыл – маған бәрі түсінікті

Бағдар-шам түстері

1 минут

Үй тапсырмасы

223-тапсырма, 184 бет.

«Біздің қоғамдағы адам факторы», «Жастар ұйымы құру: көзқарастар, пікірлер» тақырыптарының бірін таңдап алып, мектепте «дөңгелек үстел»ұйымдастырыңыздар. Соңынан пікірталас туралы өз ойларыңызды жазбаша білдіріңіздер.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
47 ұстаз жүктеп алған
27 мамыр
7959
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі