Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Пирамида және оның элементтері, түрлері. Пирамиданың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көпжақтар |
Мақтаарал аграрлық колледжі |
|||||||
Күні: 26.05.21 ж. |
Оқытушы: К. Текебаева |
|||||||
Топ: Кс-20-1 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||
Сабақ тақырыбы |
Пирамида және оның элементтері, түрлері. Пирамиданың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары |
|||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу нәтижелері |
Пирамида және оның элементтерінің анықтамасын, түрлерін, пирамиданың жазбасын, бүйір және толық бетінің аудандарын есептеу формуласын білу; бүйір және толық бетінің аудандарын есептеу формуласын есеп шығаруда қолдана алу |
|||||||
Сабақ мақсаттары |
Білімділік: Пирмида және оның элементтері туралы мәліметтермен таныстыру, студенттердің теориялық білімдерін жетілдіре отырып, практика жүзінде қолдану дағдысын қалыптастыру. Дамытушылық: Студенттердің ой-өрісін кеңейту, пәнге қызығушылығын арттыру. Тәрбиелік:Жылдам ойлап, тез қорытуға, жауапкершілікке, өз бетінше білім алуға баулу, ұжымшылдыққа тәрбиелеу. |
|||||||
Бағалау критерийлері |
Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:
|
|||||||
Тілдік мақсаттар |
Бөлім бойынша лексика мен терминология
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер - Егер пирамиданың табаны дұрыс көпбұрыш болса, онда... - Дұрыс пирамиданның бүйір бетінің ауданы, оның ..... - Пирамиданың толық бетінің ауданын табу үшін, ...қажет - Пирамиданың төбесінен табанына түсірілген перпендикулярды ... |
|||||||
Құндылықтарды дарыту |
Ұжымдылық, шыдамдылық, жауапкершілікке, әділдікке тәрбиелеу. |
|||||||
Пәнаралық байланыстар |
Тарих. |
|||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Интерактивтік құралдарды қолдану, интернет ресурстар. |
|||||||
Бастапқы білім |
Көпбұрыштар және олардың ауданын есептеу формулалары, көпжақтар |
|||||||
Сабақ барысы |
||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||||
Сабақтың басы
|
3. Тақырыпты, сабақ мақсатын, бағалау критерийлерін анықтау. |
|
||||||
Сабақтың ортасы 10 мин. 5 мин. 15 мин. 8 мин. |
І. Үйге берілген тапсырманы тексеру .
Өткен тақырып бойынша студенттердің білімдерін бақылау, толықтыру, пысықтау. Шарты: студенттер шапшаң жауап беруі тиіс, дұрыс жауаптар фишкалармен бағаланады.
ІІ. Ойлан жұптас бөліс №1.40 Кестеде берілген көпжақтардың атауын және сәйкес жазбасын табу Дескриптор
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру Пирамида туралы қандай деректер білесіздер?
Бейбітшілік пен келісім сарайы – архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Ол Астана қаласының қолдан жасалған жота үстінде орналасқан. Пирамида іспетті етіп тұрғызылған сарай 2006 жылы 2 қыркүйекте салтанатты түрде ашылды. Оның табан қабырғасының ұзындығы 62 м; ауданы 25,5 мың м². Ғимарат ағылшын архитекторы Н.Фостердің жобасымен салынған. Болат пен тастан тұрғызылған сарай өзара рухани түсінушіліктің жаһандық орталығына айналды.
Египет пирамидалары - ғаламның тылсым жұмбағы. Кейбіреулер пирамиданың дәлдігіне қарап, бұны бөгде планеталықтар тұрғызды деп есептейді. Соның ішінде "әлемнің жеті кереметінің" бірі болып табылатын Хеопс пирамидасының ішін көзбен көрген турист Дорошенко Александр Андреевичтің жазбасындағы қысқаша дерекке тоқталайық. Египет астанасы Каирге жақын жатқан Хеопс пирамидасында екі рет болып, осы бір жұмбақ, ұлы құрылысты ішінен бір-ақ рет көрдім. Физикалық, психологиялық үлкен дайындықтан өткен қарапайым турист үшін бір саяхаттың өзі жеткілікті әсер қалдырады. Хеопс пирамидасына кіру Омсктан аттанған турист тобының қатарында Хеопс пирамидасының ішіне мен де кірдім. Ішке кіруге бәрінің батылы бармады. Кейбіреулері Құдайдың ашуынан қорықты. Бірақ біраз адам осы жаққа кіріп, үлкен әсер алудан қашпады. Пирамидаға кіретін жер солтүстік тұстан 15,63 метр биіктікте орналасқан. Кіріп келгенде тар кіріс бөлмесіне, бұдыр қабырғаға тап боласыз. Басты жарақаттап алмау үшін бүгіліп жүруге тура келді. Сосын, пирамиданың ұшына қарай ұзындығы 47 метр болатын үлкен еңіс жүріс жолы бар. Ол "Үлкен галерея" деп аталады. Еңіс жүріс жолының қабырғасы жылтыр. Жолда ешбір сурет, жазба кездеспейді. Көтерілу оңай емес, тыныс алу қиындап, жол ұзақ болып кеткендей көрінеді. Галерея туристің негізгі мақсаты - перғауын мазарына әкеледі. Перғауын қабірі - ұзындығы 10,5 м, ені 5,3 м, биіктігі 5,8 м болатын қарапайым орын. Ол толығымен гранитпен жалатылған, бірақ еш өрнек салынбаған. Ортада үлкен бос гранитті тас табыт тұр. Қақпағы ашулы. Қабірде басқа ештеңе қалмаған. Тас табытты пирамидаға кіргізу мүмкін емес, сондықтан бұл осы жерге пирамида құрылысы кезінде әкелінген. Әсерім Пирамида ішінде тұрып, төбеңде мыңдаған тонна тас бар екенін сезесің. Люминисцентті жарық адам бетін бұлдыр, кәрі етіп көрсетеді. Іште ұзақ болмадық. Күн мен таза ауаға шыққанда, мен терең тыныс алдым. Турист өз әсерін осылай жеткізген екен. Хеопс пирамидасының іші осымен бітпейді. Ол жақта ханшайым мазары да бар. Пирамидаға жер асты жолы арқылы да кіруге болады. 3. Өз бетінше анықтама беріп көр. 4. Пирамида дегеніміз жазық көпбұрыштан, табан жазықтығында жатпайтын нүктеден және осы нүктені көпбұрыштың нүктелерімен қосатын барлық кесінділерден құралған көпжақ. Жазық көпбұрыш – пирамиданың табаны, көпбұрышта жатпайтын нүкте – пирамиданың төбесі. Пирамиданың төбесін табанының төбелерімен қосатын кесінділер пирамиданың бүйір қырлары деп аталады. Пирамиданың беті табаны мен бүйір жақтарынан құралады. Әрбір бүйір жағы үшбұрыш болып келеді. Пирамиданың биіктігі деп пирамиданың төбесінен табан жазықтығына түсірілген перпендикулярды атайды. Егер пирамиданың табаны п – бұрышты болса, онда ол п – бұрышты пирамида деп аталады. Параллель проекциялау ережелеріне сәйкес пирамиданың кескінін төмендегідей салады. Алдымен табаны салынады, бұл қандай да бір жазық көпбұрыш. Сонан соң пирамиданың төбесін белгілейді де, оны бүйір қырлары арқылы табанының төбелерімен қосады. Пирамиданың қималары. Пирамиданың төбесі арқылы өтетін жазықтықтармен қиғандағы қималары үшбұрыштар болып келеді. Пирамиданың көршілес емес екі бүйір қыры арқылы қиғанда шығатын қималар диагональдық қималар деп аталады. Диагональдық қималар – үшбұрыштар. Пирамиданы табан жазықтығына параллель жазықтықпен қиғандағы қима – табанындағы көпбұрыш болып табылады. Дұрыс пирамида. Егер пирамиданың табаны дұрыс көпбұрыш болып, ал биіктігінің табаны осы көпбұрыштың центрімен дәл келетін болса, онда ол дұрыс пирамида деп аталады.Дұрыс пирамиданың осі деп оның биіктігін қамтитын түзуді айтады. Дұрыс пирамиданың бүйір қырлар тең. Дұрыс пирамиданың бүйір жақтары тең, олар – тең бүйірлі үшбұрыштар. Дұрыс пирамиданың бүйір жағының төбесінен жүргізілген биіктігі апофема деп аталады. Пирамиданың бүйір беті деп оның бүйір жақтары аудандарының қосындысын айтады. Теорема. Дұрыс пирамиданың бүйір беті табандарының периметрінің жартысы мен апофемасының көбейтіндісіне тең. Дәлелдеу. Егер табан қабырғасы а, ал қабырғасының саны п болса, онда пирамиданың бүйір беті мынадай болады: мұндағы l – апофема, ал р – табанының периметрі. Теорема дәлелденді. Барлық жақтары дұрыс үшбұрырыштар болатын үшбұрышты дұрыс пирамида тетраэдр деп аталады. 5. Жаңа тақырыпты бекіту. 1. Пирамиданың бүйір беті мен толық бетін анықтау. 2. Өрмекші әдісі (постерде) Оқушылар бірін-бірі бағалайды Оқушылар постерге өрмекшінің сұлбасын сала отырып, басына тақырыпты, денесіне негізгі тұжырымдарды, аяқтарына пирамиданың элементтерін жазып, өз ойларын тиянақтап пысықтайды. 3.№1.80. пирамиданың толық атын анықтайды және жазбасымен салыстырады. 770 ₸ - Сатып алу
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз Барлығы 663 959 материал жиналған
Осы аптаның ең үздік материалдары Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін тақырыптармен дайындаймыз Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады Толығырақ |