400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Пирамида құрастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Ойыншық атауымен таныстыру; қағаз жолақтарынан пирамида құрастыруға үйрету,түстерді ажыратуды үйрету. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Ойыншықтармен ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу қызыметінің технологиялық карта

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Жапсыру

Тақырыбы: Пирамида.

Мақсаты: Ойыншық атауымен таныстыру; қағаз жолақтарынан пирамида құрастыруға үйрету,түстерді ажыратуды үйрету. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Ойыншықтармен ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, пирамиданың суреті, пирамида ойыншығы, дайын пішіндер.

Сөздік жұмыс: пирамида.

Билингвалды компонент: пирамида – пирамида.

Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Шашымды да тарадым,

Айнаға да қарадым.

Ерте тұрдым ұйқымнан,

Мен бақшаға барамын.

(Қ. Әлімқұлов)

Ойын жағдаяты:

-Балалар, біз бүгін ойыншықтар дүкеніне қыдырып барамыз.

-Қандай көлікпен барамыз?

-Кәне, «жүргізуші» , рөлге отыр!

Балалар шеңбер жасап тұрады, сөздерді педагогпен бірге қайталайды.


Балалар келіседі, көлік түрлерін айтады.

Ұйымдастыру

шылық - қозғаушылық

-Бәріміз «автобусқа» отырайық.


-Балалар, біз ойыншықтар дүкеніне келдік.

-Айналамызда не бар екен?

«Ойыншық түрлері»

-Сөреде қандай ойыншықтар бар екен?

Балалардың ойыншық түрлерімен таныстыру.

-Балалар, мен сендерге ақын ағаларың Бауыржан Жақыптың өлеңін оқып берейін:

Сылдыр-сылдыр, сылдырмақ,

Шақырады сылдырлап,

Қарайды қуыршақ,

Қарайды құлыншақ.

Үйдің ішін аралап,

Добым кетті домалап.

Қарайды қуыршақ,

Қарайды ботақан.

Дидактикалық ойын: «Дұрыс ата!»

«Мынау не?» деген сұрақ қою арқылы ойыншықтардың аттарын балаларға айтқызу.

Саусақ гимнастикасы:

Бас бармағым – атам, үйдің данасы,

Балаң үйрек – апам, ошақ анасы.

Ортан терек – әкем, отау панасы,

Шылдыр шүмек – анам, үйдіңтажары.

Титтей бөбек – мен, бәрінің базары.

(Е. Өтетілеуұлы)

-Енді балабақшамызға қайтайық. Педагог балалармен «автобусқа» отырып, балабақшаға қайтып келеді.

Үлестірмелі материалға назарларын аударады.

-Өзіміз пирамида ойыншығын жасасақ қайтеді, балалар?

Сөздік жұмыс: пирамида.

Билингвальді компонент:

Пирамида – пирамида.

Балалар пирамиданы түрлі түсті пішіндердің ұзын-қысқасына қарай магнитті тақтаға қалай орналастыруды көрсетеді.

-Бірінші пішін қандай?

-Екінші пішін қандай?

-Үшінші пішін қандай?

-Келесі пішін қандай?

Мына пішін қандай?

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

-Енді жасаған ойыншықтарымызды сөреге қояйық.

Балалар қызығушылық танытады, қатар-қатар тұрған орындықтарға отырады.

-Ойыншықтар.

-Сывлдырмақ, қуыршақ, құлыншақ, доп, ботақан.




Өлеңді мұқият тыңдайды.




Сұрақтарға жауап береді.





Балалар саусақтарын бүгеді.






Иллюстрацияны қарайды. Приамиданы жасауға ынта білдіреді.

Қайталайды: Пирамида.




Сұрақтарға жауап береді:


-Қызыл.

-Көк.

-Сары.

-Жасыл.

-Қызыл.

Балалар пирамида ойыншығын пішіндер арқылы құрастыруға тырысады.

Рефлексиялық - түзетушілік

-Балалар, біз бүгін не істедік?

Сұраққа жауап береді: пирамида ойыншығын жасадық.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: қағаз жолақтарынан пирамиданы.

түсінеді:ойыншықтармен ұқыпты ойнау керегін.

қолданады: дайын фигураларды ретімен жинауды.

Тәрбиеші:Ажигулова Б



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 ақпан
2194
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі