Материалдар / Пирография өнерімен танысу. Көркемдеп күйдіру техникасы мен тәсілдері. 7 класс

Пирография өнерімен танысу. Көркемдеп күйдіру техникасы мен тәсілдері. 7 класс

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Көркем еңбек

Мектеп: Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

Күні: 23.11.2023ж

Оқытушының аты-жөні: Тоқтасынова Б.Қ

Сынып: 7 в

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Сәндік-қолданбалы өнер

Сабақтың тақырыбы:

Пирография өнерімен танысу. Көркемдеп күйдіру техникасы мен тәсілдері

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

7.1.2.1-Тарихи және мәдени шығу тегі әртүрлі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін өз бетінше зерделеу және сипаттау

Сабақтың мақсаты:

  • Шығармашылық жұмыста идеяларын іске асыру мақсатында түрлі ақпарат көздерінің ең тиімдісін таңдай отырып, қолдануды үйрету

  • Оқушыларды электр күйдіргішінің құрылысымен таныстырып, қолдану тәсілімен таныстыру.

Бағалау

критерийлері

  • шығармашылық жұмыста идеяларын іске асыру мақсатында түрлі ақпарат көздерінің ең тиімдісін таңдай отырып, қолдануды үйренеді.

  • Электр күйдіргішінің құрылысымен танысып, қолдану тәсілімен танысады.

Құндылықтар

  • Адал еңбекті құрметтеу;

  • Дұрыс қарым-қатынас орната білу

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы




Сабақ басында:

- оқушылардың зейінін шоғырландыруға,

- оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алуғакөңіл бөлу қажет

(Ұ) Оқушылардан қоршаған ортадағы көркемдік жазбамен безендірілген бұйымдардың атауын сұрайды. Оларға сабақ тақырыбын анықтайтын сұрақтар қою.

(Қ)Тапсырма №1 «Сәндік-қолданбалы өнер» тақырыбын қайталауға арналған тестік сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқушылар амандасып ,бір-біріне сәттілік тілейді.


Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер





Ортасы





Ағашты күйдіріп әрлендіруді пирография деп атайды. Күйдіруге арналған аппараттар жетілдірілменген кезде, бензинді қолдана отырып,соның көмегімен платина ине қыздырылатын.Иненің қыздырылуын бәсеңдетпеу үшін шебер бензинді ауық-ауық аяқ басқышпен үрлеп тұруға мәжбүр болды.Алайда техникалық қиындықтарға қарамастан,пираграфия дамуын жалғастыра берді.

Электр күйдіргішті ойлап тапқаннан кейін пирография ағашты көркемдеп өңдеудің ең қарапайым әрі ыңғайлы әдісіне айналды.Оны сондай-ақ былғары,сүйек,қатырма қағаз т.б материалдарды өңдеуге қолданады.

Қарапайым электр күйдіргіш бәсеңдегіш трансформатордан, реостаттан,тұтқадан және штифт деп аталатын ауыспалы қыздыру жібінен тұрады.

Күйдіруге жұмсақ жапырақты ағаштарды-көк терек, жөке, қандыағаш,теректі қолдану тиімді.Терең және күйдіру үшін балқып қызған штифтті сәл ғана тигізудің өзі жеткілікті. Штифт өте қатты қызарған кезде ағаш жана бастайды,оған жол беруге болмайды.Ал штифт өте баяу қызса,оны ағаш бетіне біршама күш жұмсап басуға тура келеді.

Ағашқа күйдіріп сурет салғанда көз тез қарығады,сондықтан 15-20 минут сайын үзіліс жасап отыру қажет.

Күйдірілген суретті бояуға болады. Ол үшін акварель,гуашь, майлы бояулар, тушь қолданылады.

Ағашты күйдіру кезіндегі қауіпсіздік ережелері:

1.Қосылған аппаратты қараусыз қалдыруға болмайды.

2.Штифттерді аппарат тоқтан ажыратылғаннан кейін ғана

ауыстыру керек.

3.Қызып тұрған штифтерді қолмен ұстап көруге болмайды.

4.Тоқтың үзілген жері немесе ашық жері кездессе дереу

мұғалімге хабарлау керек.

5.Жұмысты жақсы желдетілген жерде істеу керек.

Сарамандық жұмыс

Алынған сурет бойынша ағашты күйдіріп өрнектеу.

Жаңа сабақты бекіту

Тест

1.Ағашты күйдіріп өрнектеуді не деп атаймыз?

а)пиротехника б)пирография в)гравюра

2.Күйдіріп өңдеу барысында неше минут сайын үзіліс жасау

керек? а)20-25 минут б)15-20 минут в)15-25 минут

3.Күйдіріп өңдеуге қандай ағаш түрлерін пайдаланады?

а) қарағай,ұшқат б)самырсын,қайың в)жөке,терек,қандыағаш.

4.Ағашты күйдіріп өрнектеу аспабы мындай бөліктерден тұрады:

а) трансформатор б)электр сұқпа в)күйдіргіштің тұтқасы,электр сұқпа,трансформатор.

5.Күйдіріп өңдеу кезінде негізгі жұмысты аппараттың қай бөлігі атқарады

а)күйдіргіштің тұтқасы б)штифт в)электр сұқпа

Сабақты қортындылау, бағалау

Жұмыс орнын жинау

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі












Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді.

Дискриптор

шығармашылық жұмыста идеяларын іске асыру мақсатында түрлі ақпарат көздерінің ең тиімдісін таңдай отырып, қолдануды үйренеді.

Электр күйдіргішінің құрылысымен танысып, қолдану тәсілімен танысады.

http://www.artvek.ru/dekor.html

Сәндік-қолданбалы өнер

Көркемдік жазба

http://sabaqtar.kz/suret/4430-sndk-oldanbaly-ner-gzhel-ner.html


Жазба түрлері.Көркемдік жазба

Ағаш бетіндегі көркемдік жазба

http://www.mirdereva.kz/derevyannaya-posuda

Википедиядағы мақала 
  Ағаш бетіндегі жазба өнер ретінде
http://rospis.ru


Аяқталуы





Кері байланыс

Оқушылар рефлекциясы :

Мен не білдім ?

Не үйрендім ?

Маған бүгінгі сабақта түсініксіз болды ?

Үйге тапсырма


Оқушылар бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін айтады

Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ