400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

PISA ТАПСЫРМАЛАРЫН ОҚУ ПРОЦЕСІНЕ КІРІКТІРУ ЖОЛДАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада математика сабақтарына кіріктіру үшін құрастырылған PISA тапсырмаларын көре алады. Тапсырмалар бағдарламадағы білм стандартына сәйкес оқу мақсаттарын ескере отырып құрастырылған. Төмендегі тапсырмаларды сабақ барысында қолдануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

PISA ТАПСЫРМАЛАРЫН ОҚУ ПРОЦЕСІНЕ КІРІКТІРУ ЖОЛДАРЫ

Муханова Диана Жанболатовна

Мұнайлы ауданы

Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 ЖББМ

математика пәні мұғалімі

педагог-зерттеуші


Оқушылардың оқу барысында алған білімдері мен дағдыларын түрлі өмірлік жағдайларға қолдана білуі үшін PISA Халықаралық бағдарламасы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) ұйымдастыруымен 2000 жылдан бастап енгізілді және үш жылда бір рет өткізіліп отырады. Бұл бағдарламаға 15 жастағы оқушылар қатысады. Бағдарламаның зерттеу аймағында оқушылардың оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылығы, жаратылыстану ғылыми сауаттылығы тексеріледі.

Оқу сауаттылығы – жазбаша мәтінді оқу, мазмұнын түсіне білу және оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайда қолдана білу. Математикалық сауаттылық – оқушылардың қоршаған ортада пайда болатын және математика арқылы шешуге болатын мәселелерді танып білу және оларды математикалық әдістерді қолдана отырып шешу. Жаратылыстану сауаттылығы – қоршаған орта мен ғылым туралы білімдерін ғылым мен технологияға сүйеніп танып білу және қоршаған әлемді түсіну.

Зерттеуің әрбір кезеңінде осы аталған бағыттардың біріне ерекше көңіл (тестің үштен екі бөлігі) бөлінеді. PISA тапсырмалары кесте, мәтін, жарнамалық диаграммалар, карта т.б формаларында ұсынылады. Әр оқушы сұрақтарды оқи отырып, кейбіріне қысқа, кейбіріне толық жауап бере отырып өзінің пікірін, көзқарасын айқындайды.

Бағдарлама аясында оқушылардың өздерін еркін сезінуі, алған білімін орынды қолдана білуі үшін, PISA тапсырмаларын математика сабақтарына кіріктіріп отырған тиімді. Өтілетін тақырыпқа сәйкес төмендегі тапсырмаларды сабақ барысында қолдануға болады.


1-тапсырма. Пиццерияда қалындықтары бірдей, бірақ өлшемдері әр түрлі пиццалар сатылады. Кіші пиццаның диаметрі 30см және құны 300тг, ал үлкенірек пиццаның диаметрі 40см және құны 400тг.

Сұрақ. Қай пиццаны сатып алған ұтымды?


Жауабы: 400тг пиццаны алған ұтымды.

Бұл тапсырма 5-сыныптағы «Шеңбер. Дөңгелек. Дөңгелек сектор» және 6-сыныптағы «Дөңгелектің ауданы» тақырыптарының оқу мақсаттарына сәйкес келеді.


2-тапсырма. Әкесі мен баласы үйдің ұзындығын адымымен өлшеді. Әкесінің адымының ұзындығы 70см, ал баласының адымының ұзындығы 56см және олардың адымдарының ізі 10 рет түйіскенде үйдің шетіне жетеді.

1-сұрақ. Үйдің ұзындығы қандай?

280см=2,8м

Жауабы: үйдің ұзындығы 28м

2-сұрақ. Егер үй шаршы тектес болса ауданын есепте

Жауабы: үйдің ауданы

Бұл тапсырма 5-сыныптағы «Ең кіші ортақ еселік ЕКОЕ» және 8-сыныптағы «Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың аудандары» тақырыптарының оқу мақсаттарына сәйкес келеді.


3-тапсырма. Кестеде тұрғындардың ауыз суды тұтыну нормасы көрсетілген


Отбасындағы адам саны

1

2

3

4

5

6

Тұтыну нормасы

2,5 куб

3 куб

3,6 куб

4,2 куб

4,8 куб

5,2куб

Ескерту

1 куб – 70тг. Нормадан асса әр кубы 365тг

1-сұрақ. Шілде айында 5 адамнан тұратын отбасы 4,2 куб су қолданған болса, ауыз су үшін қанша төлеу керек?

5 адам – 4,2 куб жұмсаған болса, норма 4,8куб. Демек, 4,2<4,8

4,2*70=294тг төлеу керек.

Жауабы: 294тг төлейді

2-сұрақ. Қыркүйек айында осы отбасы 6,3 куб су қолданған болса ше?

5 адам – 4,8 куб су жұмсау қалыпты деп есептеледі.

6,3>4,8

6,3-4,8=1,5 артық

4,8*70+1,5*365=336+547,5=883,5тг

Жауабы: 883,5 тг төлейді.

Бұл тапсырма 5-сыныптағы «Ондық бөлшектерді салыстыру. Ондық бөлшектерді көбейту» тақырыптарының оқу мақсаттарына сәйкес келеді.




4-тапсырма. Берілген түбіртектегі ақпаратты талдап, сұрақтарға жауап бер.


Shape1


1-сұрақ. 1 айда қанша газ тұтынылды?

Түбіртектегі бағандардағы мәліметтерді талдай келе 1 айда 14,364 тұтынылғанын байқауға болады.

Жауабы: 14,364

2-сұрақ. Тариф бағасы 3% қымбаттаса қанша теңге төлейді?

Тариф – 13,89284*3%=0,41678

13,89284+0,41678=14,30962 бұл 3% қамбаттаған кездегі тариф.

14,364*14,30962=205,54

205,54+4,5=210,04

Жауабы: Тариф 3% қымбаттаса 210,04тг төлейді.

Бұл тапсырма 5-сыныптағы «Ондық бөлшектерге амалдар қолдану. Пайыз» тақырыптарының оқу мақсаттарына сәйкес келеді.

5-тапсырма. Нарықта нан бағасы ұн бағасына тәуелді. Егер 1 қап ұн 15% қымбаттаған болса, нанның бағасы 20% - өседі.

Сөреде 1 қап ұн – 9200тг, 1 бөлке нанның бағасы 108 тг өзгертілген.


Shape2


Сұрақ. 1 қап ұн мен 1 бөлке нан бастапқыда қанша теңге болды?

1 қап ұнның бастапқы бағасын есептеу үшін төмендегідей пропорция құрамыз

115% - 9200тг

100% - ? тг

(9200*100)/115=8000тг (ұн)

1 бөлке нанның бастапқы бағасын білу үшін:

120% - 108тг

100% - ? тг

(108*100)/120=90тг (нан)

Бұл тапсырма 5-сыныптағы «Пайыз» және 6-сыныптағы «Тура және кері пропорционалдық тәуелділік» тақырыптарының оқу мақсаттарына сәйкес келеді.

Ұсынылған тапсырмалардың барлығы күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттар. Бұл тапсырмалар сабақ тақырыбына, оқу мақсатына сәйкестендіріліп құрастырылды.

PISA зерттеу әдістерін қолдану негізінде оқушылардың логикалық ойлау деңгейлері, сыни көзқарасы мен таным белсенділігі артады. Өзін-өзі бақылау, бағалау қабілеті, математикалық құзіреттілігі дамиды. Проблеманы қозғау, түсіну, шығу жолдарын табу дағдысы қалыптасады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
02.05.2025
265
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі