400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Пішім бөлшектерін өңдеуге дайындау.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Оқушыларды әртүрлі фасонда белдемшелерді шақтап көріп,кемшіліктерін түзете білуді үйрету. Эстетикалық талғамын қалыптасуға тәрбиелеу, адамгершілік қарым- қатынасқа тәрбиелеу, бір-біріне көмекке келуге, адамдардың еңбегін сыйлауға тәрбиелеу. Бел киімдерін тігуде және өңдеу жұмыстары кезінде қауіпсіздік техникасын сақтауға , тұрмыста қолдануға оқушыларды дайындау.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: Пішім бөлшектерін өңдеуге дайындау.

Мақсаты:

Оқушыларды әртүрлі фасонда белдемшелерді шақтап көріп,кемшіліктерін түзете білуді үйрету.

Эстетикалық талғамын қалыптасуға тәрбиелеу, адамгершілік қарым- қатынасқа тәрбиелеу, бір-біріне көмекке келуге, адамдардың еңбегін сыйлауға тәрбиелеу.

Бел киімдерін тігуде және өңдеу жұмыстары кезінде қауіпсіздік техникасын сақтауға , тұрмыста қолдануға оқушыларды дайындау.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, талқылау, сарамандық жұмыс.

Пәнаралық байланыс: сызу, информатика.

Көрнекіліктер: мақалдар, нақыл сөздер, сурет карталары,буклет.

Құрал-жабдықтары: интерактивті тақта,компьютер,түрлі түсті қатты қағаз,қалам, қайшы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

А)оқушыларды белгілеу.

Б)Cабаққа қажетті құралдарының дайындылығын тексеру.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

Сұрақтары :

1.Белдемше тігу үшін қандай өлшемдер алынады?

2.Қосымша өлшем не үшін беріледі ?

3.Белдемше қандай бөліктерден тұрады?

4.ЖЖО-өлшемі қалай аталады?

5.АБҰ-өлшемі қалай аталады?

6.БЖО-өлшемі қалай аталады?

7.Белдемшені қандай киімдермен киеді?

8.Белдемше қандай киім түріне жатады?

9.Белдемше сызбасын сызу үшін қандай құрал-жабдықтар керек?

10.Сызба не үшін сызылады?

ІІ. Жаңа сабақ

Оқулықта бүкпелерді және бүйір қиықтардың өңдеу технологиясы толық баяндалған. Осы түсініктемені жетекшілікке ала отырып, оқушылар өздері бүкпелерді тігеді, бүйір тігістерді өңдейді. Бүйір қиықтарын жөрмеуден бұрын тігіс кеңдігін тексеру керек. Өлшеуден кейін қателіктерді тауып кеңдігін бірдей қылып түзетеді.

Бүкпелерді және бүйір қиықтарды тіккеннен кейін ылғалды – жылулық өңдеу жүргізіледі. Түгі бар маталардан тігілген бұйымға ылғалды жылулық өңдеу жүргізілмейді. Оларды үтіктеуге болмайды, өйткені түгі жапырылып қалады. Оқушылар белдікті және белдемшенің жоғарғы қиығын өңдейді.Белдемшенің оң жағынан белдік бөлшегін инемен бекітеді. Егер белдіктің ішкі жағы матаның тарқатылмайтын жағы болса,ашық қиық ішкі жағына қалатындай етіп белдікті бүктейді. Жоғарғы тігіс белдіктің бүктелген сызығына жақындатып тігіледі.

Егер белдіктіңекі жағы да жөрмелмесе, онда белдікті белдемшенің іш жағына келтіріп , жабық жөрмеп тігу. Тігісті шетіне көктеп, сонан кейін машина тігісімен тігу.

Белдемшенің төменгі бөлігін өңдеудің тәсілін таңдап, оқушы белдемше тігуді аяқтайды. Ең соңында міндетті түрде ылғалды – жылулық өңдеу өткізіледі.

ІІІ.Сарамандық жұмыс:

Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерін еске түсіреміз.

1.Қайшыны жолдасыңа үшкір жағымен бер.

2.Қайшымен ойнауға болмайды.

3.Қайшыны ашық қалдыруға болмайды.

4.Ине түйреуіштер қорапшада салулы болу керек

5.Жұмыс орнын таза ұқыпты ұстау керек.

Сергіту сәті

Жалғасын тап ойыны

1.Өнерлінің қолы алтын

Өлеңшінің ............алтын.

2.Еңбектің нан тәтті

............жаны тәтті.

3.Еңбек түбі............

4.Еңбек етпесең елге өкпелеме

............екпесең жерге өкпелеме.

5.Ақыл көпке жеткізеді

...........көкке жеткізеді.

6.Кесте тіксең зерлеп

Мұның аты...................

7.Өнерді үйрен,өнерсізден.......

8.Көз қорқақ..........батыр.

9Адам көркі....................

10.Адамды адам еткен...............

Сабақты бекіту Тест сұрақтарын беру.

Үйге тапсырма: Үлгіні үтіктеу,тігуге дайындау,құрал-жабдықтар әкелу.

ІІІ.Қортынды нұсқау.

Сабақтағы жұмыстың қорытындысы.

Оқушының жасаған жұмысындағы кемшілікті анықтау.

Жұмыс жасау барысындағы жақсы нәтижеге жеткен оқушыларды

мақтау.

Әр оқушының жұмысын бағалау.





























Тест сұрақтары. 8 сынып


1.Белдемшенің түрлерін ата?

а/үлкен,кіші

ә/әдемі,көркем

б/тік,қиықты

2.Тігістер қандай болу керек?

а/біркелкі,түзу

ә/әр түрлі

б/сапалы

3.Белдік қандай бөлік?

а/үлкен

ә/ұсақ

б/негізгі

4.Матаның қай бетінен пішеді?

а/теріс

ә/оң

б/кез-келген

5.Өлшем алу үшін еректі құрал?

а/сызғыш

ә/см лента

б/бор

6.Матаны пішу үшін керекті құралдар?

а/сызғыш,қарындаш

ә/қайшы,бор

б/мата,жіп

7.Белдемше қандай киім түріне жатады?

а/ұлттық ә/жеңіл б/күнделікті

8.Белдемшенің ірі бөліктері?

а/алдыңғы,артқы

ә/белдік,қалта

б/алды,жаны

9.Белдемшенің ұсақ бөлшектері?

а/белдік,қалта

ә/үсті,асты

б/алды,арты

10.Қайшыны жолдасыңа қай жағымен беру керек?

а/үшкір жағын өзіңе қаратып

ә/үшкір жағын жолдасыңа қаратып

б/бәрібір



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
1150
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі