Материалдар / Пішімдер (Форматтар)
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Пішімдер (Форматтар)

Материал туралы қысқаша түсінік
Пішімдер (Форматтар) тақырыбында ҚМЖ, Сызу пәнінен, Студенттерге сызу ережелерін ескере отыра, мамандыққа деген қызығушылығын арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қараша 2021
365
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін”

Оқу ісі жөніндегі орынбасары:

______________ А.С.Сабиева

____” ______________ 2021 ж.


Оқу орнының атауы

«Қарақия кәсіптік колледжі» МКҚК


Күні

27.09-02.10.2021

1

Модульдің атауы/пәні

КМ01 Сызуларды орындау және мамандық бағдары бойынша рәсімдеу

1.1

Сабақтың тақырыбы

Форматтар

1.2

Дайындаған оқытушы

Токбаева Анар Болатқызы

1.3

Курс, оқу жылы, тобы

Тігінші-2

Автослесарь-3

1.4

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

II

Сабақтың мақсаты, міндеті


Білімділік: Сызу форматтарының түрлері, өлшемдері туралы түсінік қалыптастыру;

Дамытушылық: Студенттерге сызу ережелерін ескере отыра, мамандыққа деген қызығушылығын арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Студенттерді ұқыпты, жинақы жұмыс жасауға және әрбір детальді, материалды үнемді пайдалануға тәрбиелеу. Қазіргі заман талабына сай маман аталуға ұмтылдыру.


II.1

Сабақ барысында білім алушылардың қалыптасатын кәсіби дағдылары

Амандасу, құрал-жабдықтарын түгендеу; Қолдау көрсету; Сұрақтарды талқылағанда достық қарым-қатынастар мен сабырлықты қалыптастыру.

III

Техникалық құрал-жабдықтар

Кітап, схема

III.1

Оқу әдістемелік құралдар мен әдебиеттер

1. Техникалық графика (металл өңдеу), A. М.Бродский, Э.М.Фазлулин, B. А.Халдинов, 2013;

2. Машина жасау сызуының негіздері, А. Н. Феофанов, 2016.

3. Сызу, оқулық, В.Г.Чукалин, М.М. Ахметжанов.

IV

Сабақ барысы

Негізгі мазмұны:

А) Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Сабақтың тақырыбын, мақсатын, жоспарын жариялау. Сабақтың әр кезеңіндегі критерийлік бағалауды оқушылармен талқылау.

Тірек білімдерін өзектендіру.

«Сызу форматтарының түрлері»

Топпен жұмыс әдісімен сызу форматтары қалай бөлінеді? Мысалдар келтіру.

  1. Формат дегеніміз не?

  2. Күнделікт жағдайда қандай форматтар көп қолданылады?

  3. А4 форматының өлшемін атаңыз.

Өндіріс пен құрылыстың барлық салаларындағы сызбалар белгілі бір стан-дарт өлшемдегі пішім (формат) қағаздарында орындалады. Сызуда әр түрлі өлшемдегі пішімдер қолданылады, олар: АО; А1; А2; АЗ; А4 (20-сурет). Мекемелерде негізінен қабырғаларының өлшемдері 297x210 (мм) болатын А4 пішімін көп қолданылады.

Сызбалар өлшемдері МЕСТ 2.301—68* белгіленген белгілі пішімдердегі қағаз беттерінде орындалады.

Беттің пішімі бетті қию орындалатын жіңішке сызықпен орындалған (3.5 сур.) сыртқы жақтау өлшемдерімен анықталады. Негізгілер ретінде қабыланған пішімдердің белгіленуі мен өлшемдері 3.2. кестесінде көрсетілген.

3.2 кесте

Негізгі пішімдер

Белгіленуі

А4

А3

А2

А1

А0

Қабырғаларының

өлшемдері, мм

210 X 297

297X420

420 X 594

594X 841

841X1189


Негізгі пішімдерді қолдану ыңғайлы болмаған жағдайларда негізгі пішімдердің азын олардың өлшемдеріне еселі мәнге көбейту арқылы қосымша пішімдерді пайдаланады.

3.6 суретте стандарт ұсынған қосымша пішімдер тұтас жіңішке сызықтармен, ал негізгілері – жуан тұтас сызықтармен орындалған. Қосымша пішімнің белгісін негізгі пішім мен оны ұлғайту есесіне сәйкес сан белгісінен құрайды, мысалы, А4 х 4 (297 х 841), А2 х 3 (594 х 1261).

Сызба өрісі тұтас негізгі сызық-жақтаумен шектеледі. Жақтау сызықтары үш жағынан (үстінен, астынан және оң жақтан) пішім шеттерінен 5 мм-ге, ал сол жақтан 20 мм-ге алшақ (3.5 сур. қар.). Сол жақтағы жолақ ары қарай сызбаны тігуге пайдаланады.

В) Сызбаны толтырыңдар

Формат

Өлшемдері

А4


А0



IV.1

Сергіту сәті

Ұзын-ұзын ұсқауын,
Ұзынына кім жетер?
Шұбар ала күйкентай,
Шұбарына кім жетер?
Кітап

Бір қобди дүние жүзін бағалаған,
Әсемдеп, талай адам қамалаған.
Қобдидың ашылмайтын кілті өзінде,
Ашылса табылар еді не қалаған.
Білім, кітап

Өрнектеп, сәндеп,
Тігістерін бүгетін.
Солпысын жөндеп,
Кім көйлек тігетін?
Тігінші

V

Рефлексия

«Артық болмас білгенің»

Күйген кезде көмек көрсету

Адам күйікке шалынған жағдайда:

Ауырғанды басатын, тыныштандыратын дәрі (анальгин, валерьянка) беру керек.

Күйген жерге дәрі (винилин) жағу керек.

Күйген жараның бетіне микроб түспейтіндей етіп, алдымен целлофанмен орап алып, суық суда ұстау керек.

Дәрігерді (колледждегі медпункттен, 03 жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.


VI

Сабақтың соңы

Оқып мазмұнын айту, сұрақтарға жауап беру.

Рефлексия. Оқытушы көңілді, бейқам, көңілсіз бет бейнесі бар үш смайликті көрсетеді. Бүгінгі сабақ қалай өткеніне, көңіл-күйлеріне сәйкес суретті таңдауды ұсынады.




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!