Пішіндер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Пішіндер

Материал туралы қысқаша түсінік
ұйымдастырылған іс әрекеттер Мақсаты: Ойындар арқылы балалардың білімін жетілдіру, қызықтыру, түсіндіру Балалар ортаға шаттық шеңберге шығып, амандасып алады. Қайырлы таң балалар! Жарқырады қаламыз, Жайнай түсті даламыз, Қайырлы таң балалар! Аман Отан панамыз, Аман ата-анамыз, Қайырлы таң балалар Ендеше балалар үш топа бөлініп ойын ойнауды бастаймыз
Материалдың қысқаша нұсқасы





29«Нұрсая» бөбекжай бақшасы







Танымдық дағды бойынша №3 «Құлыншақ» ересек тобының ұйымдастырылған қойылымдар



Shape1








Өткізген: №3 «Құлыншақ» ересек тобының тәрбиешісі

Шонтыбаева Айнур Амандаулетовна





Атырау 2022-2023 жыл

Танымдық дағды бойынша №3 «Құлыншақ» ересек тобының ұйымдастырылған іс әрекеттер

Мақсаты: Ойындар арқылы балалардың білімін жетілдіру, қызықтыру, түсіндіру



Балалар ортаға шаттық шеңберге шығып, амандасып алады.

Қайырлы таң балалар!

Жарқырады қаламыз,

Жайнай түсті даламыз,

Қайырлы таң балалар!

Аман Отан панамыз,

Аман ата-анамыз,

Қайырлы таң балалар



Ендеше балалар үш топа бөлініп ойын ойнауды бастаймыз



  1. Дидактикалық ойын «Біреу және көп»

Мақсаты: «Біреу және көп» ұғымын ажырата алуға үйрету. 

Шарты: Тәрбиеші балалардың алдына суреттер береді және алдарында қыстырғыштағы сандар тұрады. Сол суреттегі қояндарды санап қыстырғыштағы сәйкес сандарды орналастыру керек. Сандарды атап, біреу және көп суреттерді салыстыруды әрі санауды үйрету. Мысалы: біреу- 1 аз; бесеу- бес көп.


  1. Дидактикалық ойын : «Жоғарыда-төменде»

Мақсаты:  Жоғары–төмен ұғымдарын пысықтау. Байқағыштықты, зейін, қиялды дамыту.

Шарты: Әрбір баланың алдына дөңгелекте орналасқан сандары бар қағаз беру және сандары бар стакандар беру. Әрбір санның үстіне стаканды қою. Сандардың жоғары, төменде екенін айту. Сандарды тура және кері санау.


3 Дидактикалық ойын : «Кім тапқыр?»

Мақсаты:  сөздік қорын толықтыра отыра, шапшандылыққа баулу.

Шарты: Балаларлың алдына дара 5ке дейінгі цифрлар беріледі және ортада цифрлар жабыстырылған асықтар орналасқан кімге қанша цифр түссе сол цифр үстіне асықтарын қою.



Сандарды атау және олар туралы санамақ айту.


4 Қимылды ойын «Кеңістік»

Мақсаты:  Балаларды кеңістікті бағдарлауға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, зейін процесстерін дамыту.

Шарты: Балалар үш командаға бөлінеді. Балалардың алдында үш түрлі пішін орналасқан. Ол пішінге кедергілерден өтіп бару керек. Сол пішінге ұқсайтын ойыншықтарды алып сол пішіндерге орналастыру. Және пішіндердің оң жақта немесе сол жақта екенін айту.


Ұтылған командадан бір бала пішіндер туралы тақпақтар айтады.


Тәрбиеші пішіндер турады жұмбақтар жасырады.


Қорытындылау. Сұрақ, жауап. Балалар бүгінбіз сандар мен пішіндерге байланысты әр түрлі ойындар ойнадық. Аз, көп, оңжақта сол жақта ұғымдарымен таныстық. 4 мезгіл туралы айттық. Ендеше қорытындылау мақсатында осы 4 мезгілге орай сурет саламыз екінші топ мүсіндейміз үшінші топ жабыстырамыз.


5. 3 мезгіл бойынша ағаштарды сәндеу. Бірінші топ ағаштарды қылқаламмен бояйды. Екінші топ түрлі түсті қағазбен жабыстырады. Үшінші топ пластилинмен сурет үстіне бастыру арқылы сәндейді. Үш суреттегі үш мезгіл туралы айтады.


Балалар үштезгілді (Жаз, күз, қыс) әдемілеп сәндейміз. Ендеше күз мезгілі туралы тақпақты кім айтады. Күз туралы тақпақ айту.












Picture 7 Picture 8



Picture 9

Анықтама

Күні:24.11.2022

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Ашық қойылым

Тақырыбы: еркін

Мақсаты: Сұрақ –жауап, слайдтар, ойындар арқылы балалардың көңілін көтеру, қызықтыру, түсіндіру

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, құрастыру, ойын түрінде, сандармен ойын ойлау, қимылдық ойын


Балалар ашық қойылымда ойындарға қызығушылықпен ойнады. Тапсырмаларға ойдағыдай жауап берілді. Пішіндер, күз туралы түрлі тақпақтарын айтты.. Таным дағңдысы бойынша әр түрлі ойындар ойнады. Балалар жақсы көңіл күйде болды.


Қатысқан балалар саны:17





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.00.2024
304
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі