400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Пішіндер

Материал туралы қысқаша түсінік
Пішіндер
Материалдың қысқаша нұсқасы

№2«Ертөстік» бөбекжай балабақшасы






Сиқырлы пішіндер.

(ашық ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті)









Тәрбиеші: Анарбай Ф







2024-2025 оқу жылы











Тақырыбы:”Сиқырлы пішіндер”.


Мақсаты: Балаларды пішіндермен таныстыру, пішіндердің түрін, түсін ажыратуға,анықтап айтуға бағыттау.Балалардың пішіндер туралы білімдерін арттыру. Балалардың жылдам ойлап, пішіндерді ажырата білуге ұйымшылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Міндеті : Балалардың пішіндер туралы түстер туралы, құрастыру туралы білімдерін кеңейту.Балалардың ой - өрісін, логикалық ойлау қабілеттерін, саусақ қол маторикасын оқуға деген қызығушылығын, зейіндерін, белсенділіктерін арттыру.
Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, көрсету,үйрету, сұрақ- жауап, ойын ,сергіту сәті, тапсырмалар( топтасып жұмыс), жұмбақ
Көрнекілік: , геометриялық пішіндер, таяқшалар, үлестірмелі пішіндер

Ашық сабақ барысы:

Тәрбиеші:

-Сәлеметсіздерме !

Жылулық шеңбері:
Қайырлы күн досым,

Қайырлы күн болсын!

Бүгінгі күн,

Сәттілікке толы болсын!

Біздің алар бағамыз

Кілең бестік болсын!

(Балалар Амандасып алады. Балалар жылулық шеңберін қимылмен оындайды.)

Тәрбиеші:

-Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Қыс мезгілі

Тәрбиеші:

-Қыс мезгілі неше айдан тұрады?

Балалар: 3 айдан тұрады

Тәрбиеші:

-Қыс айларын атап беріңдерші?

(Балалар тәрбиешінің көмегімен атап береді)

Тәрбиеші:

Жарайсыңдар балалар

- Балалар, бүгін біз “Сиқырлы пішіндермен” танысамыз.
Сиқырлы пішіндерге қандай пішіндер жатады екен, соны қарайық:
(презентация көрсетеді)
- Төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек, сопақ жатады екен.
- Неге төртбұрыш дейді екенбіз, қанекей төртбұрыштың қабырғаларын, бұрышын санайық.
(Балалар тәрбиешімен бірге санайды.)
Балалар жаңа мен балабақшаға келе жатып жолда мына сандықты тауып алдым.Кане онда оның ішінде не бар екенін көрейікші.Балалар оның ішінде тапсырмалар бар екен Енді бәріміз сол тапсырмаларды орындап көрейікші.

Балалар: иә

Тәрбиеші:Тапсырманы орындамас бұрын жұмбақтар шешіп алайық.

Таба ала ма екенсіңдер

Атына сай балалар

Үшбұрыш үш жағы бар

Ол пішінді кім табар

(үшбұрыш)

Төрт бұрышы бар

Төрт қабырғасы бар

Бұл қай пішін (төртбұрыш)

Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар! Ендеше тапсырмаларды орындауға

1-тапсырма: «Аққала құрастыру»

Шарты Ермексаздан аққаланы құрастыру

Аққала неше бөлшектен тұрады?

Көзін,мұрнын,аузын геометриялық пішіндерге ұқсатып жасаймыз

(балалар бірігіп белсене қатысады)

Тәрбиеші: Өте тамаша балалар! Келесі тапсырманы орындауға кеттік!

2-тапсырма: «Пішіннен зат құрастыр»

Шарты: балалар шеңберлі тосықтардан еңбектеп өтіп. Шашылған пішінді конструкторлардан белгілі пішінге (төртбұрышты теледидар, ғимарат) сай заттар құрастыру керек.

(балалар тапсырманы белсене орындайды)

Тәрбиеші: Менің балаларым қандай жүйрік! Жарайсындар! Балалар шаршап қалған боларсыңдар , келіңдер бәріміз бір бой сергітіп алайық!

Сергіту сәті: «Пішіндер» музыкалық қимылда орындайды.

Тәрбиеші: Қане бәріміз бойымызды сергітіп алдық. Ендеше келесі тапсырмаға көшейік.

Тәрбиеші: Қандай зерек едіңдер!Балалар келесі тапсырма орындауға дайынбыз ба?

Балалар: Иә.

Тәрбиеші:

3- тапсырма: «Жаңылмай қайтала»

Шарты: балалар секіріп тұрып тәрбиешінің айтқан жаңылтпашын 2-рет жаңылмай қайталайды.

Мен үшбұрыш, ол үшбұрыш.

Сонда кім тіктөртбұрыш (қайталайды)

Мен шеңбермін, шеңбермін

Дөңгеленіп келгенмін! (қайталайды)

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балапандарым! Балалар бүгін біздер не үйрендік?

Балалар: пішіндерді.

Тәрбиеші: Сендерге ұнадыма ?

Балалар: Иә.

Тәрбиеші: Тамаша. Ал балалар байқадым бүгін бәрің өте белсенді болдыңдар Жарайсыңдар!












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
24 наурыз
272
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі