400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 17 материал табылды

"Пішіндер патшалығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Пішіндер патшалығы
Материалдың қысқаша нұсқасы





Қалалық ашық оқу қызметі

Тақырыбы: «Пішіндер патшалығы»



























5 «Қонжық» ересектер тобы

Тәрбиеші: Хыдырбаева Ж.Ж







2021 жыл











Тақырыбы: «Пішіндер патшалығы»

Пәнаралық байланыс: Математика, құрастыру, жапсыру, жапсыру, тіл дамыту.

Мақсаты:

Біліктілігі: Жыл бойы алған білімдерін тиянақтау. Көктем мезгілін пішіндер арқылы бейнелеп орналастыру. Жемістердің, гүлдердің санына байланысты цифрларды орналастыра білу. Жарты, ширек бөліктерден бүтін геометриялықфигураларды құрастыру. Тіл байлықтарын ойлау, сөйлеу қабілеттерін тақпақтар арқылы жетілдіру. Ұйымшылдыққа, тиянақтылыққа, зеректілікке тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері:

Қайырлы таң көздерім сендер ояныңдар (көздерін уқалайды)

Қайырлы таң құлақтарым сендер ояныңдар (құлақтарын ұстайды)

Қайырлы таң қолдарым сендер ояныңдар (қолдарын шапалақтайды)

Қайырлы таң алтын күн сенде ояндыңба? (қолдарын жоғары көтереді).

Балалар бүгін бізде ерекше оқу қызметі. Бүгін біз «Пішіндер патшалығы» туралы айтатын боламыз. Балалар ертеде пішіндер патшалығы болған екен. (слайдтан көрсету)

Ол кезде Күлегеш деген ханшайым болыпты.

Ғажайып сәт

(Сиқырлы дыбыс шығу)





Күлегеш ханшайым: Балалар мен Күлегеш ханшайыммын. Бірақ қазір менің көңіл күйім болмай тұр. Себебі патшалығымдағы әр түрлі пішіндердің тапсырмаларын орындай алмай жатырмын.

Тәрбиеші: Балалар, көмектесемізбе?

Балалар: Иә

Тәрбиеші: Олай болса, ең алдымен Дөңгелек пішінінің тапсырмасын орындайық. Балалар бұл тапсырмада пішіндер арқылы көктем мезгілінің бейнесін толықтыру керекпіз. Балалар ағаштарымызда не өсіп тұр?

Балалар: Жемістер

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, олай болса біздің келесі тапсырмамыз Төртбұрыш пішінінің тапсырмасы осы жемістерге байланысты. Тақтада көрсетілген жемістердің санына сәйкес қыстырғыштарды қыстырамыз.

Жарайсыңдар, балалар бұл тапсырманы да жақсы орындадыңдар.

Келесі бізге берілген тапсырма Сопақша пішінінің тапсырмасы.

Көктемгі гүлдерімізге байланысты байланысты. Сендердің алдарыңдағы гүлдерге сандар жазылған. Сол сандарға сәйкес жапырақтарын жабыстырамыз.

Сергіту сәті: «Көңіл күй»

Балалар, Күлегештің көңіл күйін одан әрі көтеру үшін көңіл күйге байланысты сергіту сәтін орындайды.

Тіктөртбұрыштың тапсырмасы: Бұл жерде жарты, ширек бөліктерден бүтін геометриялық фигураларды құрастырамыз. (үлестірмелі материалдан)







Балалар, осы пішіндерге байланысты тақпақтар айтады.

Үшбұрыштың тапсырмасы ойын арқылы.

Ойын: «Цифрға байланысты жұптарыңды тап».

Шарты: Музыкаға балалар билейді. Тәрбиеші бір санды көрсеткенде, солсанға байланысты қол ұстасып, топтасып тұрып қалу керек. Балалар міне, біздер Күлегеш ханшайымның тапсырмаларын орындап бердік. Сендерге Күлегеш ханшайым риза болып жатыр

(Күлегеш ханшайымның сөзі)

Қорытынды:

Тәрбиеші:Балалар бізге кім келді?

Балалар: Күлегеш ханшайым

Тәрбиеші: Күлегеш ханшайым нені орындай алмады?

Балалар: Тапсырмаларды

Тәрбиеші: біздер оған көмектестік пе?

Балалар: Иә

Тыныс алу жаттығуы: «Гүлдер»

Өте жақсы балалар, енді қол ұстасып, бір біріміздің жүрек жылуымызды сезініп бүгінгі оқу қызметімізді аяқтай отырып қонақтармен қоштасайық.

Қол ұстасып тұрайық

Шеңберді біз құрайық

Көріскенше күн жақсы

Сау саламат болайық.

Сау болыңыздар!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
19.02.2023
249
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі