400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Пішіндер қалашығына саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы


Карагулова Гулшат «Бөбек бөбекжайы» МКҚК II – санатты тәрбиешісі, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы


Білім беру саласы: «Таным».

Бөлімі: қарапайым математика.

Тақырыбы: «Пішіндер қалашығына саяхат»

Мақсаты: балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін

қалыптастыра отырып,пішіндерді ажыратып айта білуге

дағдыландыру және пішіндер туралы ұғымдарын бекіту.

Әдіс-тәсілдер: тақпақ айту, жұмбақ жасыру,дидактикалық ойындар.

Билингвалды компонент: пішін-фигура,үшбұрыш-треугольник,

төртбұрыш-четыреугольник.

Қажетті құралдар: геометриялық пішіндер, үнтаспа, фетр,үнтаспа.


Әрекет кезең-

дері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті


Мотивациялық - қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Кел достарым,келіңдер

Қолдарыңды беріңдер

Шаттық толы шеңберге,

Қуанышпен еніңдер.

Шақырамын сендерді,

Ал,достарым келіңдер!

Толтырайық шаттыққа

Дөңгеленген шеңберді.

Бақыт толы шеңберге,

Шаттық толы шеңберге

Қол ұстасып келдік біз,

Жан достармыз енді біз!



Балалар шаттық шеңберін құрып, өлең жолдарын айтады









Ұйымдастырушылық -ізденістік

-Балалар мен сендерге қызықты жұмбақтар жасырамын шешуін табасыңдар ма?


Жұмбақтар

Төрт бұрышы бар төрт қабырға,

Оған ұқсас пішін көп айналада

Ал жауабы қиын ба екен табуға?


Атына сай балалар

Бұрышы үшеу,үш жағы оның тағы бар

Айтыңдаршы балалар,

Ол пішінді кім табар?


Допқа өзі ұқсайды,

Ерекше бір пішін бар.

Атын оның атаңдар.





Жұмбақтың жауабын шешуге тырысады.



-Төртбұрыш.





-Үшбұрыш.




-Дөңгелек.




-Дұрыс айтасыңдар балалар,енді осының бәрін бір сөзбен не деп айтамыз?


Олай болса осы пішіндер қалашығына саяхатқа барғыларың келеме?

-Балалар бұл саяхатқа біз пойызбен барайық.

Пойыздың дауысы шығады


1.Төртбұрыштар аялдамасы.

-Балалар, біз қай аялдамаға келдік?

Кәне бұрыштарын санап көрейікші.


1.Тапсырма

Пішіндер туралы тақпақ айтуымыз керек

екен.

Тақпақтар.

Төртбұрышпын,төртбұрышпын

Төрт қабырғасы бар бұрышпын.

Қай жағынан қарасаң да,

Төрт жағы тең бұрышпын.


Мен үшбұрышпын,

Үшбұрышы бар бұрышпын.

Төртбұрыштан аз болсам да

Орны бөлек бұрышпын.


Домалықпын,домалақпын

Дөңгелек боп домаладым.

Ай сияқты,күн сияқты,

Шар сияқты домалақпын


-Жарайсыңдар балалар!

Саяхатымызды қайыққа мініп жалғастырайық.

Ағын судың дауысы шығады.


2.Үшбұрыштар аялдамасы.

-Ал,енді қай аялдамаға келдік?


2.Тапсырма.

Бұл тапсырмада бізге қызықты ойын берілген екен,ойнаймыз ба?




«Кім шапшаң?» дидактикалық ойын.

Шарты: топқа бөлініп араласып жатқан пішіндерді өз ыдыстарына жинау керек.


-Балалар,енді мотоциклге мініп, саяхатымызды жалғастырайық.

Мотоциклдың дауысы шығады.


3.Дөңгелектер аялдамасы.

-Бұл қай аялдама екен?

Бұрыштары бар ма?


3.Тапсырма.

«Адасқан пішіндер»дидактикалық ойын


Шарты:пішіндерді тиісті орнына жапсыру.


-Жарайсыңдар балалар,енді топқа кететін

уақыт болды. Біз топқа ұшақпен барамыз.

Ұшақтың дауысы шығады.

-Міне топқа да келдік.

Балалар,қараңдаршы біздер жоқта топқа сандықша қойып кетіпті. Бұл жерде де тапсырма бар сияқты.

4.Тапсырма.

Дәптермен жұмыс.

Әр суретті ұқсас пішіндерімен сызық арқылы қосу керек.




-Пішіндер.


Саяхатқа баруға келісім береді


Балалар тізбектеліп бірінің артынан бірі жүреді.



-1,2,3,4

Төртбұрыштар аялдамасы.







Балалар пішіндер туралы тақпақтарын айтады.











Балалар ескекпен есіп отырған қимыл жасайды.


-1,2,3

-Үшбұрыштар аялдамасы.








Балалар үш топқа бөлініп,әр пішіндерді өз ыдыстарына жинайды.



Балалар қолдарын мо-тоциклдың рулін ұстағандай қимылмен жүреді.


-Бұрыштары жоқ.

Дөңгелектер аялдамасы.




Балалар пішіндерді тиісті орындарынажапсырады.




Балалар қолдарын екі жаққа созып ұшақтың қимылын көрсетеді.




Суреттерді ұқсас пішіндерімен сызықпен қосу арқылы тапсырманы орындайды


Рефлекциялық-

түзетушілік

Пішіндер қалашығына жасаған саяхаттары туралы сұрақтар қойып, оқу іс-әрекетін

қорытындылайды.

Сандықшаны ашып,ішінде балаларға сыйлық бар екенін айтып, табыстайды.

Балаларды мадақтайды.



Сұрақтарға жауап береді.


Сыйлықтарына қуанады.

Күтілетін нәтиже:


Біледі: төртбұрыш,үшбұрыш және дөңгелек пішіндерін.

Игереді: геометриялық пішіндерді, олардың айырмашылықтарын.

Меңгереді: тапсырма орындау барысында пішіндерді ажыратуды.





«Балдәурен бөбекжайы» МКҚК









БАЛАБАҚШАІШІЛІК СЕМИНАР

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: қарапайым математика

Тақырыбы: «Пішіндер қалашығына саяхат»







Дайындаған: Қарагулова Г.











2018-2019 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
19 наурыз
793
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі