400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Пішіндер сөйлейді

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ақыл-ой белсенділіктерін қалыптастыру.Заттарды санына қарай салыстыру, санаудың дұрыс тәсілдерін қолдана отырып, заттарды санау (бес саны көлемінде), сан есімді зат есіммен сәйкестендіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Көкшетау қаласы №4 Еркемай балабақшасы:

Тәрбиеші: Иманбаева Айгуль Бегайдаровна

Ащық сабақ: : «Пішіндер сөйлейді»

Білім беру саласы: «Таным» Сурет

Бөлімі: «Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру»

Тақырыбы: «Пішіндер сөйлейді»

Мақсаты: Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ақыл-ой белсенділіктерін қалыптастыру.

Білімділігі: Заттарды санына қарай салыстыру, санаудың дұрыс тәсілдерін қолдана отырып, заттарды санау (бес саны көлемінде), сан есімді зат есіммен сәйкестендіру.

Дамытушылығы: Бес көлемдегі заттарды санауға үйрету, пішіндердің орналасу ретін сөзбен баяндай алу, қабілетін нығайту, қағаз бетінде бағдарлай білу

Тәрбиелілігі: Балаларды достыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Пайдаланылған көрнекіліктер: Сандық, пішіндер, сандар, талдың бұтақтары, қиылған құстар, суреттер, жұмыс дәптерлер, қарындаштар.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, болжау, топтастыру, сызба жұмыс, дәптермен жұмыс бояу.

Полилинггвальды компонент:


Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті




Мотивациялық-қозғаушылық

Сәлемдесу. Жылы лебіз.

Шаттық шеңберіне тұру.
Алақанды ашайық.
Күннің нұрын алайық,
Бір-бірімізге шашайық






Қайырлы таң қонақтар
Мен қазір сіздерге жұмбақ жасырамын.
Мұқият тыңдап алыңдар.

Күн ұзарып, қар еріп,
Су сайларға толады.
Бөбектерім айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Бұл көктем мезгілінде болады.
Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Көктем мезгілінде күн жылынды.
Қар еріп, жылғалардан су ақты. Туған жерге құстар ұшып келді.




-
Көктем мезгілінде қандай құстар ұшып келді?
Ағаштар бүршік жарып, жапырақ жаяды.
Жеміс ағаштары гүлдейді.
- Қар ерігеннен кейін жер бетіне бәйшешек гүлі шығады. Жауқазын гүлі, қызғалдақ гүлдері шығады.
- Көктем мезгілінде қандай алғашқы гүлдер шығады?Коктем мезгілің жақсы көресіндер.

Балалар сендер ойын ойнағыларың келеме?

Ал келіңдер, келіңдер,

Біріңе – бірің еріңдер.

Біліміңді тексеріп,

Ойынға қатысып көріңдер.

Ойын: «Доп лақтыру»

Ойын шарты: балаларға допты лақтыра отырып, жыл мезгіліне, апта күндеріне байланысты сұрақтар қойылады, жауап беріп отырады.



«Сұрақ –жауап» ойыны:

1.Көктем мезгілінде қандай өзгерістер бо

2.-Бүгінгі ауа райы қандай?
3.Қазір жылдың қай мезгілі?
4. Қазір жылдың көктем мезгілі.

5.Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр
Көктем мезгілінің сәуір айы.



1. Көктемде алғаш шығатын гүл?

2.Бір аптада қанша күн бар? ата

3.Жыл мезгілі нешеу? Ата

«Көктемде ұшып келетін құстар?»

Қар еріп, қайда сіңеді?

Жер қандай түске өзгереді?

Ағаштар қалай өзгереді?

Көктемде қандай мерекелер бар?

Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр

Тапсырма Лейтбукпен:

Есік қағылды. Топқа музыка әуенімен қонаққа Ару Көктем кіреді.Ару Көктем:
- Сәлеметсіздер ме қонақтар, балалар!
Мен көңілді көктеммін.
Былтыр келіп кеткенмін.
Нұр боп көктен төгілем.
Шуағым төгіп әлемге
Қуатын күннің әкелем
Табиғаттың төсіне,
Жұмбақтар айтады.
- Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.
Ол не? (Күн.)
- Ағаш.
- Жылт жылт етеді.
Жылғадан өтеді.
Ол не? (Су)
- Қыста киімін тастайды,
Көктем де киіне бастайды.
Ол не? (Ағаш.)Жақсы балалар рахмет .- Мен сендерге құр қол келген жоқпын.
Сендерге
жаз мезгіл корапша беріп жіберді.өңі алып көріндерА мен басқа балабақшада балалар күтіп жүр. Сау болындар Балалар, мынау не?

  • Дұрыс айтасыңдар. Сандықтың ішінде не бар деп ойлайсыңдар? (ой тастау)

  • Бұл жай сандық емес,ғажайып сандық. Сандықтың ішіндегі пішіндер туралы сұрау:

  • Мынау қандай пішін?

  • Түсі қандай?Енді осы сандықтан шыққан пішіндерді ортаға қоямын, барлығың бір пішін алып, екі топқа бөлініп отырасыңдар.

  • Оқу іс-әрекетімізді жарыс түрінде өткіземіз







Балалар жауап береді

-Көктем

-Жаңбыр жауады, салқындау болады.

-Көктемде ағаш бүршік ашады. Құстар жылы жаққа келеді.

-Көктемнің

-Наурыз, сәуір, мамыр



  • Сандық.


Балалардың әр түрлі жауаптары тыңдалады.















Дөңгелек, үшбұрыш Қызыл, көк

І топ

ІІ топ



Ұйымдастырушылық- ізденістік

Енді балалар, тақтадағы пішіндердерге назар аударайық. Қандай пішіндер? Осы пішіндерді бір-бірлеп сөйлетейік. Бірінші, дөңгелекті алайық, артындағы қандай сан?

.

1-ші тапсырма:

2-ші тапсырма, заттардың суретін ұқсас пішіндермен сызып қос.

3-ші тапсырма, әрбір карточканы сәйкес санмен қос.

4-ші тапсырма, жетпей тұрған пішіндерді сал (дәптермен жұмыс).

5-ші тапсырма, қанша заттың суреті болса, сонша дөңгелекті боя, осы санды көрсететін цифрмен сәйкестендір.


Енді үшбұрыштарды сөйлетейік.

1-ші тапсырма, екі мысықта қанша айырмашылық бар, сонша дөңгелекті боя.

2-ші тапсырма, мысықты құраған геометриялық пішіндерді тап, боя.

3-ші тапсырма, саңырауқұлақтарды санының өсуіне қарай сызбамен көрсет.

4-ші тапсырма, барлық 4,5 сандарын тауып қоршап сыз (дәптермен жұмыс).

5-ші тапсырма, гүлдерді бес-бестен топтастырып, қорша(дәптермен жұмыс).

Қане, балалар, дөңгелектердің ішіндегі сандарды тура санайық

Ал үшбұрыштардың ішіндегі сандарды кері санайық.

Жарайсыңдар балалар!

Енді біз осы сандарды орысша және ағылшынша санаймыз ба?








2.Тапсырманы орындайды.


3,4,5

Тапсырманы орындайды.

1.Тапсырманы

орындайды.

2,3,4,5






Бір, екі, үш, төрт, бес

Бес, төрт, үш, екі, бір

Ия Один, два, три, четырье, пять;

One, two, three, four, five;


Рефлексиядық-түзетушілік

Осымен балалар, біздер пішіндердің тапсырма-ларының бәрін орындадық. Пішіндердің тапсырмалары сендерге ұнады ма?

Екі топты салыстырып бағалау, мадақтау.

Тапсырмаларды орындауға белсенді үлес қосқандары үшін балаларға «Жетістік парағын» ұсыну.







  • Ұнады.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: бір, екі, үшғ төрт, бес сандарын, заттың орналасу ретін сөзбен баяндауды;

Игереді: математикалық жұмбақтарды шешуді, сан мен заттың санын сәйкестендіруді, бір-біріне ұқсас заттарды салыстыруды және айырмашылығын табуды;

Меңгереді: геометриялық пішіндерді ажыратып, дәптермен жұмыс жасай білуді;

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 сәуір
730
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі