400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Пісірмелі біріктірулерді кескіндеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Колледж студенттері мен мектеп оқушыларына керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

« Б е к і т е м і н »

№3 Байзақ колледжі

директорының

ОІЖ орынбасары

_________Д.К.Есжанов


Сабақ жоспары


Пәннің аты: Сызу. Айы, күні: 23.09.2017ж.

Оқытушы: З.А.Молдабаев. Топтың№: ГД-1-16

Сабақтың4

Сабақтың тақырыбы: Пісіру тігістері және ернектердің дайындалу турлері.

Сабақтың түрі: лекция

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Тәжірибелік жұмыс №3


Сабақтың мақсаты

Оқу: Студенттерге дәнекерлеу мамандығындағы пісіріп біріктіру түрлері, олардың пісіру жапсарлары жайында мағлұмат беру. Пісірмелі біріктіруді кескіндеу және сызбаны оқуға үйретіп, өз ойын еркін айтуға мүмкіндік туғызу. Өз бетінше талаптануы мен іскерлік, шығармашылық дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық: Студенттердің таным қабілетін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Студенттерді ұқыптылыққа, тазалыққа үйрету. Топпен жұмыс жасап, бір-бірін тыңдай білуге үйрету, мәдениетті болуға тәрбиелеу.


Пәнаралық байланысы: геометрия.

Қолданылатын көрнекі және оқытудың техникалық құралдары: сызғыш, циркуль, тақырыпқа арналған сурет, бор.

Таратылатын материалдар: үлестірме қағаздар.


Сабақты жүргізу кезеңдері


Қосымша және берілген уақыт (минут)

1. Ұйымдастыру кезеңдері: Студенттермен сәлемдесу, құрал-жабдықтарын түгендеу және олардың назарын сабаққа аудару.

2-3 мин

2. Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау.


Студенттерден сұрақ-жауап арқылы І курста өткен бөлімдер, тақырыптар және сызбалар туралы сұрау.


10 мин

3. Жаңа тақырыпты баяндау.


Тетікбөлшектерді ажырамайтындай етіп біріктіруде өте кең тараған әдіс – пісіріп біріктіру әдісі. Бұйымдардың біріктірілетін жерін қыздырып, балқытады; балқыған металл қатайғанда бұйымның бөліктері бір-бірімен бірігеді. Балқыту үшін керекті жылуды газбен жанатын шілтерден немесе электр доғасынан алады. Сондықтан олар өндірісте жиі қолданылады. Біріктірілген тетікбөлшектердің өзара орналасуларына қарай пісіріп біріктіруді төрт түрге бөледі.

  1. Түйістіріп пісіру. Мұнда біріктірлген бөлшектер бір-бірімен түйісіп, біреуі екіншісін жалғастырады. Бөлшектерді жазық фигуралар түрінде қарастырсақ, онда олар біріккенен кейін бір жазықтықта жатады. Түістіре пісіруді шартты тұрде С әрпімен белгілейді.


  1. Бұрыштап пісіру. Пісірілетін болшектер бір-бірімен бұрыш жасап орналасады, көбіне олар өзара перпендикуляр орналасады және бір-біріне қырлары арқылы түйіседі. Бұрыштап пісіруді У әрпімен белгілейді.


  1. Т әрпі тәріздендіріп пісіру. Пісірілетін бөлшектердің біреуінің қыры екіншісінің бүйір бетімен біріктіріледі; көлденең қимасы Т әрпіне ұқсайды, сондықтан оларды Т әрпімен белгілеу түсінікті болады



  1. Қапсыра пісіру. Пісірілетін бөлшектердің біреунің бүйір беті екіншісінің бүйір бетімен дәл келеді, яғни олар қапсыра айқастырылады. Қапстыра пісіріуді Н әрпімен белгілейді.



Тетікбөлшектерді қолдан пісіруге, автоматты түрде және жартылай автоматты түрде пісіруге болады. Оларды Р, А және П әріптерімен белгілейді.

Бұйымдардың түйіскен жерінде металл балқып, қайтадан қатайғанда пісіру жапсары пайда болады. Бөлшектерді пісіріп біріктіруге олардың қырларын жонып алдын ала дайындауға болады. Осыған байланысты жапсарларды жиектері жонылмаған, бір жиегі жонылған және екі жиегі жонылған деп атайды. Жапсардың орындалу түріне қарай бір жақты жапсар, екі жақты жапсар болулары мүмкін. Пісірмелі біріктірудің түріне, пісірілетін жиектердің пішініне және орындалуына қарай оларға әріптік-цифрлық белгілер тағайындалған. Пісірмелі біріктірудегі пісіру жапсарларының кейбіреуі мына кестеде берілген.

Сызбада пісіру жапсарлары оңайлантылып кескінделеді, егер жапсар көрінетін болса, жуан тұтас негізгі сызықпен, егер көрінбейтін болса, үзілме сызықпен көрсетеді



20 мин



4. Жаңа тақырыпты бекіту.

Сұрақ-жауап арқылы жаңа сабақты бекіту.

  1. Пісіріп біріктіруді қанша түрге бөлеміз?

  2. Бұл пісірулердің бөлшектері бір-бірімен қалай орналасады?

  3. Бұл пісірулер шартты түрде қандай әріптермен белгіленеді?

  4. Жапсар орындалу түріне қарай неше түрге бөлінеді?

5 мин

5. Сабақ қортындысы: (Білімді бағалау және осы тақырып бойынша қандай ақпарат пен танысқанын жүйелеу)

Сабаққа жақсы қатысып, сұрақтарға жауап берген және техникалық суретті орындаған білім алушыларды бағалау.

5 мин

6. Үй тапсырмасы: §55. Пісірмелі біріктіруді кескіндеу. Пісірмелі біріктірулерді және пісіру жапсарларын оқып жаттап келу.

2 мин

Пайдаланған әдебиеттер: Сызу. §55. Пісірмелі біріктіруді кескіндеу. 202-1 беттер. Ж.Есмұханов.

«И Н Ж Е Н Е Р Л І К Г Р А Ф И К А». ХІІІ-тарау. §13.9 Пісірмелі қосылыстар. 218-222 беттер. Ə.К. Бəйдібеков, Т.К. Мусалимов, Ж.М.Садықова, С.Ə. Қолбатыр.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.03.2019
1076
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі