400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

пісіру жалыны оқу құралы

Материал туралы қысқаша түсінік
дәнекерлеуші мамандықтарда оқитын студенттерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызылорда облысының білім басқармасы

Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі







ОҚУ ҚҰРАЛЫ

«Электрогазбен дәнекерлеуші»

мамандығына оқитындарға

«Пісіру жалыны»

















Жаңақорған, 2015 ж






Билалов С.Т., Асанов О. «Электрогазбен дәнекерлеуші» мамандығына оқитындарға. «Пісіру жалыны» . «Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі» Жаңақорған, 2015 ж. – 13 бет.







Колледждің әдістемелік ұйым шешімімен басылды.







Құрастырушы-авторлар: Билалов С.Т. арнайы пән оқытушысы.

Асанов О. өндірістік оқыту шебері




«Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі».









Мазмұны

Пісіру жалыны …………………………………….


Жалынның құрылымы…………………………….


Пісіру жалынның түрлері………………………….


Қалыпты жалын…………………………………….


Қышқылдатқыш жалын……………………………


Көміртектегіш жалын……………………………..


Газ жалынын реттеу ………………………………


Газ жалынының жылу теңдігі ……………………


Бақылау сұрақтары ………………………..………


Тақырыппен өзіндік жұмысы………………….....


№1Тест ……………………………………………...


№2Тест ………………………………………..……

















Пісіру жалыны


Г аздың (немесе пісіру) жалыны- пісіру кезіндегі және газ-жалынды өңдеу процестеріндегі негізгі жылу көзі. Пісіргіш жалын газдың немесе жанғыш сұйық буының оттегімен қосылып жануынан пайда болады. Жалын пісіру орнында негізгі және қоспа металды қыздырады және ерітеді. Ацетилен мен оттегі қоспасының жалынын қолдануы кең таралған, басқа газдарға қарағанда ол жоғары температура береді және нығыздап қыздыруды қамтамасыз етеді. Бірақ ацетилен газының тапшы болғандықтан кәзіргі кезде (әсіресе металды кесу кезінде) ацетиленді ауыстырғыш газдар: пропан-бутан, метан, табиғи және қала газы, сутек кеңінен қолданылады.


Жалын құрылымы

Пісіргіш жалын үш аймақтан тұрады. Бірінші аймақ – жалынның ядросы. Оның сыртқы қабатында қозған көміртегінің бөліктері жанады да, сол ядроның қабы өте жарық қалыпта болады. Екінші аймақ – қалпына келтіргіш немесе толық жанбаған аймақ. Оны байқау қиын. Жалын ацетиленнің немесе жанғыш газдың ыдырауының бірінші кезеңінде пайда болатын көміртегі мен сутегінің тотықтарынан құралады. Бұл тотықтар балқыған металдың оксидтерінен оттегіні алады да, оны тотықсыздандырады. Үшінші аймақ – толық жанған аймақ. Бұл аймақта сырттағы оттегін пайдаланғандықтан жалының толық жануы болады. Газ жалыны шашыранды жылу көзі болып табылады, сондықтан пісіру доғамен салыстырғанда металды бірқалыпты және жай қыздырады да, жапсар аймағында термиялық әсер ету аймағы да үлкен болады, пісірілген қосылысты нашарлатады.


Жанғыш газ

Tmax

Tmax жету ара қашықтығы

Ацетилен

3150

Ядро шетінен 2-5 мм

Пропан-бутан

2400

Мундштук шетінен 2,5 ядроның ұзындығы

Метан

2150

Мундштук шетінен 3-3,5 ядроның ұзындығы



Пісіргіш жалынның түрлері


Жаңғыш қоспаның құрамына қарай тәуелді (отегі мен жаңғыш газдың көлеміне): пісіргіш жалынның сыртқы түрі, температурасы және еріген металға тигізетін әсері. Жаңғыш қоспаның құрамын өзгерте отырып дәнекерлеуші пісіргіш жалынның негізгі параметрлерін өзгерте алады. Оттегі мен ацетиленнің қатынас көлеміне қарай үш негізгі пісіру жалыны болады: қалыпты, тотықтандырғыш, көміртектендіргіш.


Қалыпты жалын


ядро қалпына келтіретін аймақ факел

Қ алыпты жалын газ оттығына отегінің бір көлеміне, бір көлем ацетиленді қосқанда болады. Тәжірибе түрінде оттыққа ацетиленнің бір көлеміне оттегінің 1,1 ден 1,3дейін көлемін қосқанда болады. Қалыпты жалын аймақта бос оттегі мен көміртегі жоқ болғандығымен мінезделеді. Қалыпты жалында үш аймағыда жақсы көрінеді. Қалыпты жалынды төмен көміртекті, төмен және жоғары легірленген болаттарды және мыс, магний қорытпаларын, алюминий, мырыш, қорғасынды пісіргенде қолданады. Жалын ядросы көміртектің қыздырылған бөлшектерінен тұратын өте жарық цилиндр немесе конус тәрізді формада болады. Ядро ұзындығы жанғыш қоспаның шығу шылдамдығына байланысты. Егер оттықта оттегі қысымын жоғарласа, онда қоспаның шығу жылдамдығы ұлғаяды да, ядро ұзара түседі. Қоспаның шығу жылдамдығы азайған сайын, ядро ұзындығыда азая түседі. Мундштук номері үлкейген сайын ядро өлшемі үлкейеді. Ядро температурасы 1000 °С болады. Қалпына келтіргіш аймақ – ядродан кейін орналасқан және қарашық түсіне қарай одан бөлекше болады. Қалпына келтіргіш аймақта ядроның шетінен 3-6 мм жерде, ең жоғарғы температура (31500С) болады. Оның ұзындығы мундштук номеріне қарай 20 мм дейін болады. Осы аймақта пісіру жүргізіледі.

Толық жану аймағы (факелы) – қалпына келтіргіш аймақтан кейн орналасады.оның температурасы 1200-25000С дейін болады.

Ф акел қалпына келтіргіш аймақта ауа оттегінің көмегімен көміртек пен сутегінің жаңғанынан қалған көміртекті газ, су мен азот буынан тұрады


Қышқылдатқыш жалын


Егер оттыққа отегі берілуін көбейтсек, онда қышқылдатқыш жалыны пайда болады. Бір көлем ацетиленге 1,3 көлем оттегі болғанда құралады. Қышқылдатқыш жалын түсі көкшіл, ядро формасы қысқа және үшкірлеу болып келеді. Жалын дыбыстап жанады – қоспада оттегі көп болған сайын дыбысы да қаттырақ шығады. Қышқылдатқыш жалынның температурасы, бейтарап жалынға қарағанда жоғары, бірақ ол жалынмен болатты пісіруге болмайды. Себебі ондай жалын пісіру ваннасындағы металды қышқылдатып пісіру жапсары кәуек және сынғыш болып шығады. Қышқылдатқыш жалынды жезді пісіргенде қолданылады.




Көміртектігіш жалын


Көміртектегіш жалын ацетилен газы көбірек берілгенде болады, оттыққа бір көлем ацетиленге 0,95 көлем оттегі берілгенде. Көміртектегіш жалынның жану аймағы үлкейіп, ядросы аңық емес және оның шетінде жасыл шеті пайда болады, ол ацетилен газы көп екендігін білдіреді. Факел мен қалпына келтіргіш аймақ шекарасы жойылады, факел сарғыштанады және оттегі аз болғандықтан қара түтін шығады.

Жалындағы арттық көміртегіні еріген металл сіңіріп алады да, металл жапсарының сапасын нашарлатады. Көміртектегіш жалының температурасы бейтарап және қышқылдатқыш жалын температурасынан төмен. Көміртектегіш жалын жоғары легірленген болаттарды, шойынды, түсті металдарды және қатты қорытпаларды пісіргенде қолданады.




Газ жалынын реттеу


Пісіру жалыны пісірілетін және қоспа металды еріту үшін жылу қуаты жоғары болу керек. Жалынның жылу қуаты жанғыш газдың көлеміне қарай аңықталады. Газ көлемі үлкейген сайын жылу қуаты да арта түседі. Жалының жылу қуатын ацетилен немесе басқа жанғыш газдың сағат шығынымен (дм3/сағ) анықталады. Жалынның жылу қуатын пісірілетін метал қалыңдығына және оның физикалық қасиеттеріне қарай таңдайды. Жылуды жақсы өткізетін өте қалын металды пісіру үшін қуаты жоғары пісіру жалыны қолданады. Жалының жылу қуатын өзгерте отырып металды қыздырып еріту жылдамдығын реттеуге болады.


Газ жалынының жылу теңдігі


Ұштық номері

1

2

3

4

5

6

7

Ацетилен шығыны дм3/сағ

150

250

400

500

1000

1700

2500


Жалыннан металға жылуды берудің екі негізгі әдістері бар: 85% жылу жанған заттың энергиясы арқылы беріледі, ал 15% сәуле арқылы беріледі. Пісіру жалыны ПӘК төмен болады, себебі жылудың көп мөлшері қоршаған ортаға жайылып кетеді.








Бақылау сұрақтары


  1. Жанғыш газ немесе жанғыш сұйық оттегіде жанған кезде не құралады?

  2. Пісіру жалыны қандай аймақтарға бөлінеді?

  3. Ядро өлшемі неден тәуелді болады?

  4. Пісіру жалынның ең жоғарғы температурасы қай аймақта орналасқан?

  5. Қай аймақта пісіруді жүргізеді?

  6. Пісіру жалынның қандай түрлерін білесіздер?

  7. Қалыпты, қышқылдатқыш, көміртектегіш жалынның құрылысы қандай?

  8. Әр жалынның түрін пайдаланатын жері?

  9. Газ жалынның пісіру доғасынан айырмашылығы?


Тақырыппен өзіндік жұмыс


1.Пісіру процесінде пісіру жалыннан шыққан жылу қалай бөлінеді?

  • Қоршаған ортаға жылудың шашылуы … %

  • Шашылудағы жылумен жануындағы шығын … %

  • Металл жылу өткізгіштігіне байланысты шығындар … %

  • Пісіруге шыққан жылуы … %



2. Таблицаны толтыр.

Жанғыш газ оттегіде жанған кездегі ең жоғарғы температурасы.

Жанғыш газ

Tmax

Tmax жету ара қашықтығы

Ацетилен



Пропан-бутан



Метан







3. Жалын түрін оның қолдануына қарай салыстыр

Қалыпты жалын

Қышқылдатқыш жалын

Көміртектегіш жалын






  • Қатты қорытпалармен еріту

  • Жоғары легірленген болаттарды пісіру

  • Шойынды пісіру

  • Төмен көміртекті болаттарды пісіру

  • Жоғары көміртекті болаттарды пісіру

  • Қатты қорытпалармен дәнекерлеу

  • Жезді пісіру

  • Төмен легірленген болаттарды пісіру


4. Пісіру жалынның қандай аймағында көрсетілген температуралар болады: 900; 1200 – 2500; 3200

Ядро

Қалпына келтіргіш аймақ

Факелы





5. Сөйлемді аяқта:

«Оттегіні көбейткен жағдайда біз ... аламыз»

а) қышқылдатқыш жалынды; б) қалыпты жалынды;

в) көміртектегіш жалынды.








№1 Тест


1. Жалынның қай аймағы түсін көкшілден қызғылтқа дейін және қара түтіндеп өзгертеді?

а) қалпына келтіргіш аймақ; б) ядро; в) факелы

2. Жалынның қай аймағымен пісіруді орындайды?

а) қалпына келтіргіш аймақ; б) факелде; в) ядрода

3. Жанғыш газдың немесе жанғыш сұйықтың буы оттегіде жанғанда болады:

а) Пісіру доғасы; б) Пісіру жалыны; в) Факел;

г) Қышқылдатқыш жалын

4. Оттегі көлемі жоғарлағанда болады:

а) Оттекті жалын; б) Қалпына келтіргіш жалын;

в) Қышқылдатқыш жалын г) Көміртектегіш жалын

5.Пісіру жалынның қай аймағы қышқылдатқыш аймағы болады?

а) Ядро б) Қалпына келтіргіш аймақ; в) Факелы

6. Қышқылдатқыш жалынмен пісіру керек болғанда:

а) Көміртектегіш жалынды құрып, оттегінің берілу мөлшерін екі есе азайту керек;

б) Қалыпты жалында құрып, ацетилен мөлшерін ядро ұзындығы 1/3 есе қысқарғанша азайту керек;

в) Қалыпты жалын құрып, оттегі мөлшерін ядро ұзындығы 1/3 есе қысқарғанша азайту керек;

г) Бірден қышқылдатқыш жалынды құру керек;

7. Мысты, магний қорытпаларын, алюминийді, мырыш, қорғасынды пісіру үшін ... қолданады.

а) Қалыпты жалын б) Қышқылдатқыш жалын в) Оттекті жалын

г) Көміртектегіш жалын

8. Жоғары легірленген болатты, шойын, түсті метал мен қатты қорытпаларды ерітуге ... пісіруді қолданады.

а) Қалыпты жалын б) Қышқылдатқыш жалын в) Оттекті жалын

г) Көміртектегіш жалын







№2 Тест


1. Ацетилен мөлшері көп жалынның қасиеттері?

а) Металды қышқылдатады; б) Көміртектейді; в) Металмен қатынаспайды (Не взаимодействует с металлом)

2. Болатты қандай жалынмен пісіреді?

а) Оттегі мөлшері көп; б) Жаңғыш ғаз мөлшері көп; в) Екеуімен де пісірмейді.

3. Жалынның қай аймағында пісіруге болады?

а) Ядро б) Қалпына келтіргіш аймақ в) Факел

4. Жалынның қай түсі ең жоғарғы температурада болады?

а) Сары б) Көкшіл-күлкін в) Аспан көк - көкшіл

5. Оттегінің шығыны көбейгенде, ядро ұзындығына қандай әсері болады?

а) Ұзарады б) Қысқарады в) Өзгермейді

6. «Қатты» деп қандай жалынды атайды?

а) Қалыпты б) Оттегі мөлшері көп в) Жанғыш газы көп

7. «Кері соққы» жалынды реттеу кезінде болуы мүмкін?

а) оттегі төмен қысымда болғанда б) Оттегінің қысымы жеткіліксіз болғанда

в) Барлық жағдайда

8. Ұштық номері үлкен сайын, жалынның жылу қуаты қалай өзгереді?

а) Жоғарлайды б) Төмендейді в) Өзгермейді

9. Максималды жылыту нәтижесін алу үшін жалынның метал бетіне еңкейю бұрышы қандай болуы керек?

а) 300 б) 600 в) 900

10. Жалын қуаты жоғарлағанда пісіру нәтижесінің өзгеруі қандай?

а) Беріктігі жоғарлайды

б) Пластикалығы жоғарлайды

в) Өнімділігі жоғарлайды









Пайдаланған әдебиеттер


  1. Никифиров Н.И. Газбен пісірушілер мен кесушілердің анықтамалығы.- Астана. ,2007

  2. Соколов И.И. Газовая сварка и резка металлов.-М.,1981

  3. Акулова О.А. Сварочное пламя. –Катайск.,2011











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
954
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі