жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Піскен алмалар»
Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы
Мерзімі: 30. 09. 2016 ж.
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Аппликация
Тақырыбы: «Піскен алмалар»
Мақсаты: Күз мезгілі, жемістер туралы айту. Алтын күздің берер сыйлығы мол екенін түсіндіру.
Міндеттері:
Білімділік: Домалақ пішін туралы білімдерін бекіту. Домалақ пішінді алу үшін шаршының бұрыштарын кесіп алуды үйрету.
Дамытушылық: Қайшыны дұрыс ұстау, оларды мұқият жапсыру дағдыларын бекіту.
Тәрбиелік: Ұқыпты жұмыс жасауға баулу.
Сөздік жұмыс: Күз, берекелі, жемістер, алма, піскен.
Үштілдік компонент: Күз - осень - autumn, жемістер - фрукты - fruits, алма-яблоко-apple.
Демонстрациялық материал: Жемістердің суреттері мен муляждары, үлгі, себет, ойыншық кірпі. Үлестірмелі материал: Түрлі-түсті қағаз, қайшы, желім, сүлгі
|
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
|
Мотивациялық- қозғаушылық |
Шаттық шеңбері: Қоршаған өмір әлемі, Не деген көркем, әдемі. Сол сұлулықты сақтайық, Мадақтайық, мақтайық. Қонаққа кірпі келеді, амандасады. Жұмбақ жасырады: Өрік, алма, шие, алша Жидек, жүзім піседі. Астық пісіп, қырман дәнге толады. Айтыңдаршы бұл қай кезде болады? |
Кілемде жартылай шеңбер жасап отырады. Бір – бірімен амандасады. Қуана қарсы алады, амандасады. - Күз мезгілі. |
|
Ұйымдастыру- іздестіру |
Әңгімелесу: - Қазір жылдың қай мезгілі? Күз мезгілі туралы түсінік береді. - Күз мезгілінде қандай жемістерде піседі? Қандай жемістердің түрлерін білеміз? (суреттерін көрсетіп атауларын айтқызып отырады) - Жемістерден не дайындайды? Кірпі жемістердің ішінен алманы өте жақсы көреді екен. Күз мезгілінде алмалар балдай болып пісіпті. Осы алмаларды қысқа азық қылып жинап алуға көмектесулеріңді сұрайды. Дидактикалық ойын: «Дәміне қарай ата» Жемістердің кесілген бөлшектерін көздерін жұмып тұрып дәмінен ауыз тиеді (әр балаға жекелеп шақырып береді). - Алманың пішіні қандай? - Түсі қандай? - Алманың дәмі қандай? Осы жемістерді жердің алдында жуу керек деп түсіндіреді.
Тіл ұстарту
жаттығуы: Кө – кө – кө көкөніс, Тер – тер – тер жемістер. Сөздік жұмыс: күз, берекелі, жемістер, алмалар, піскен. Үштілдік компонент: Күз – осень – autumn. жемістер-фруктам - fruits, көкөністер – овощами – vegetables. Сергіту сәті: Бізде үлкен бақша бар, Онда алма өседі. Биіктігі мынандай, Үлкендігі осындай. Пальчиковая гимнастика: «Овощи - фрукты» Цель: развитие мелкой моторики, координации движений пальцев рук. В огороде много гряд, (Сжимают и разжимают пальцы.) Тут и репа, и салат, (Загибают пальцы поочерёдно.) Тут и свёкла, и горох, А картофель разве плох? Наш зелёный огород (Хлопают в ладоши.) Нас прокормит целый год. Қайшымен жұмыс жасау ережелері:
Жұмыс реттілігі: 1.Алманың үлгісін көрсетеді. 2.Түстерді таңдап алады. 3.Қайшымен шаршының бұрыштарын қиып, домалақ пішінді шығарады. 4.Желімді сүйкеп, ұқыпты жағуды ұсынады. Әрбір баламен жекелме жұмыс жасау. Дидактикалық ойын: «Дәруменге толы жемістер» Мақсаты: Балаларға жемістердің пайдасы туралы және оларда болатын дәрумендер туралы айтып түсіндіру. Дидактикалық ойын: «Түстеріне қарай ата» Мақсаты: түстерді ажырата алуды үйрету. Үстелге түрлі-түсті карточкалар таратылады. Кірпі қай түсті көрсетсе, сол түске ұқсайтын жемістерді атауларын, балалар алдарындағы жемістердің суреттерін көрсетулерін ұсынады. Дұрыс атаған балаларды мақтап, мадақтайды. Дидактикалық ойын «Кім жылдам?» Мақсаты: түстерді ажырата алуды үйрету. Алманың түстеріне сәйкес себетке салуды ұсынады. |
- Күз мезгілі. Мұқият тыңдайды. - Алма, алмұрт, өрік, шабдалы, жүзім. - Жемістерден, тосап, компот, джем жасайды. Жемістер өте пайдалы, оларда дәрумен көп. Көмектесуге келіседі. Үстелді айнала отырып, тәрбиеші жегізген жемістерден дәм ауыз тиеді. Қандай жеміс жегенін дәмінен ажыратып айтады. - Домалақ. - Қызыл, сары, жасыл болады. - Тәтті, қызыл, жасыл. - Тәтті, жасыл, сары. Тыңдайды. Жаттығуды қайталайды. Сөздерді жекелеме, хормен қайталайды. Сөздерді үштілде қайталайды. Сергиді, қимылдарын көрсетеді, қайталайды. Саусақ жаттығуын қайталап жасайды. Ережені мұқият тыңдайды, естерінде сақтайды. Мұқият тыңдайды, орындайды. Ойында берілген тапсырманы орындайды. Үстелді айнала отырып кірпі көрсеткен түстерге қандай жемістер ұқсайтынын айтады, көрсетеді. Тапсырманы орындайды. Түстеріне сәйкес алмаларды себетке салады. |
|
Рефлексивті - түзетушілік |
Қорытынды Сұрақтар қояды: - Қонаққа не келді? - Кірпіге біз не жапсырып бердік? - Алмалар қай жыл мезгілінде өседі? Кірпі балаларды мақтап-мадақтайды. Рефлексия: Бүгінгі өткен оқу қызметі қызықты болса, кірпіге үлкен алмаларды сыйлауларын, қызықсыз болса, кішкентай алмаларды беруді ұсынады. |
Сұрақтарға толық жауап береді: - Кірпі келді. - Піскен алмаларды. - Күз мезгілінде өседі. Кірпіге өз қалаулары бойынша алмаларды береді. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: пішінді, түстерді атап, ажырата алуды.
Болу керек: күз мезгілі, жемістер туралы мағлұматтар.
Істеу білу керек: қайшымен , желіммен ұқыпты жұмыс жасай алуды, сұрақтарға толық жауап беруді.
Тәрбиеші: Шулембаева. К. Қ
Тексерілді: ______________
Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Мерзімі: 16. 09. 2015 ж.
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: «Күзгі жапырақтар»
Мақсаты: Күз мезгілі жайында ұғымдарын кеңейту. Өзгелерге көмектесуге деген ықыластарын арттыру.
Білімділік: Ұсақ бөлшектерді құрастырып және желімдеуге, яғни заттардың бейнесін алдымен қағаз бетіне қойып алып, содан соң оларды желімдеуге үйрету.
Дамытушылық: Қол моторикасын дамыту.
Тәрбиелік: Әсемдікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Алтын, сары, қызыл, көк.
Қостілдік компонент: жапырақтар-листья, күз-осень.
Демонстрациялық материал: Күз мезгілінің суреті.
Үлестірмелі материал: желім, қылқалам, майлық, қиылған жапырақтар.
|
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
|
Мотивациялық- қозғаушылық |
Шаттық шеңбері: Дос болам десең, Досынды сыйла, қымбаттым! Досыма сонда, Досымен ғана қымбатпын.
Өлең оқиды: Алтын, сары, қызыл, көк, Алуан- алуан жапырақ. Күзге бақта күлімдеп, Көз тартады жапырақ. |
Жарты шеңберге отырады. Бір- біріне жылы сөздер айтқанда айналаның бәрі ерекше жарқырай түседі. Жапырақтар жайлы өлең жолдарын мұқият тыңдайды. |
|
Ұйымдастыру– іздестіру |
Әңгімелесу:
Жапырақтардың үлкен суреттерін көрсетеді. Балалармен бірге серуенде жинаған жапырақтардың түстері әр-түрлі екенін айтады. Дидактикалы- ойын: «Кім тез жинайды?» Пішіндеріне, көлеміне, түсіне қарай жапырақтарды екіге бөліп жинауды. Жапырақтарды таратып береді, қалай жапсыру керектігін көрсетеді. Қостілдік компонент: жапырақтар-листья, күз-осень. |
Мұқият қарап, тыңдайды. Жапырақтарды ажыратып екіге бөліп жинайды. Сөздерді қайталап айтады. |
|
|
Сөздік жұмыс: Алтын, сары, қызыл, көк. Сергіту сәті: Жапырақтар сарғайып, Күн бұлтты болды. Жаңбыр жиі жауады, Құстар ұшып барады. Жұмыс реттілігі: 1. Жапырақтардың бейнесін көрсетеді. 2. Қай түсті жапсыруға болатынын анықтайды. 3. Жұмыс реттілігін көрсетеді. 4. Жапырақтарды желімдейды. Таза, әдемі жапсыруларын қадағалайды. Дидактикалық ойын: «Жыл мезгілдері» Мақсаты: Жыл мезгі туралы білімдерін жетілдіру. Ойын мазмұны: Жылдың төрт мезгілі жайлы суреттер үлесіріледі. Олар сурет бойынша жыл мезгілдеріне ретімен қойып шығуды ұсынады. |
Сөздерді буындап, хормен, жекелеме қайталайды. Қимылдарды көрсетеді,сөздерді қайталайды. Жапсыру кезінде таза, әдемі желімді шетіне шығармай жапсыруға тырысады. Тапсырманы орындайды. |
|
Рефлексивті – түзетушілік |
Қорытынды: Сұрақтар қояды: - Бүгін біз не жапсырдық? - Қандай түсті жапырақтарды? Балалардың жұмыстарын жиап алып, көрме ұйымдастырады. Рефлексия: Оқу іс-әрекеті көңілді болса, өздеріне ұнаған түстегі жапырақтарды ағашқа ілуді ұсынады. |
Сұрақтарға толық жауап береді: - Күзгі жапырақтарды жапсырдық. - Қызыл, сары жапырақтарды. Қызыға қарайды. Жасыл, қызыл, сары ұнайтын жапырақты таңдап ағашқа іледі. Оқу іс – әрекетінде өзін қөніл қүйді көрсетеді. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Түстерді ажырата алуды.
Болу керек: Күз мезгілі жайлы толық мағлұмат.
Істей білу керек: Ұқыпты, таза жапсыра білу, сұрақтарға толық жауап беруді.
Тәрбиеші: Жумабекова А.О.
Тексерілді:_______________
«Жүректен жүрекке» шеңбері:
Біз әдепті баламыз,
Жайнап берсін даламыз.
Табиғатпен дос болып,
Қамқорлықпен қараймыз!
Алма пісіп, алмұрт түсіп,
Күзде бақтарды жинайды,
Құстар қайтып, қош айтысып,
Қимас үнмен сайрайды.
Жиын терін болатын,
Қамбаға астық толатын.
«Қызыл қырман» ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Сергіту:
Қызыл-жасыл, қарасын
Қолға кезек аласың,
Қарындашпен әртүрлі,
Алуан сурет саласың.
Қарындаштың көмегі,
Міне, қандай көп еді.
Ұштай біл де, ұстай біл,
Түрлі өрнек төгеді.
/Н.Айтов/.
«Домалақ», «әдемі», «қызыл», «сары», «жасыл» деген сөздермен сөз тіркесін құрастырады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген