Питер Левиннің фильміне мақала

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Питер Левиннің фильміне мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Питер Левиннің "История жизни Лиз Мюррей" фильміне ой-толғау, жеке пікір
Материалдың қысқаша нұсқасы

Режиссер: Питер Левин

Фильм: «Гарвардский бомбж»

Ой толғау (қысқа нұсқасы).



«Дәл бүгіннен бастағым келеді. Өмірімді жақсы жаққа өзгерту ешқашанда кеш емес» - деген ойға сіз «Гарвардский бомбж», немесе «История жизни Лиз Мюррей» фильмін көрген соң келе аласыз.

Бұл фильм бір қыз баласының ыстық та суық тағдыры жайлы. Бұл фильмді көре отырып, сіз өз өміріңізді, қолдағы барыңызды бағалай түсетініңізге кәміл көзім жетеді. Фильм сізді психологиялық тұрғыда дамыта түспек.

Лиз басты кейіпкер. Балалық шағы қуанышқа, мейірімге, махаббатқа, демеуге толы деп айту өте қиын. Ата – анасы «адам» деген атаудан әлде қайда төмен екенін біліп, көре тұра, Лиз оларға өте қайырымды. Ата-ана баланы таңдамайды, ал бала оларды таңдауына хақы жоқ екені барлығымызға мәлім, алайда ата-анасы жынды болса, байлап бағатындар көп емес. Соның бірі- қайсар Лиз.

Лиз өзін әкесі мен анасының әкесі мен анасы ретінде сезінетін. Акесі мен анасы алмаған жауапкершілікті он бес жасар қыз өзіне алды. Шешесі қу достарымен есірткі тұтынып, пайдасыз ішімдік ішіп келгенде, Лиз оны жуындырып, ұйқыға жатқызады. Осы жерде айтқым келеді, әр адам өмірінің қаншалықты құнды екенін сезінуі міндет.

Менің Ұстаздарымның бірі былай айтты: «Сендер әке шешелеріңде жоқ затты олардан талап етуге құқықтарың жоқ». Оның ойтқан ойымен толықтай келісемін, алайда, күнделікті қажеттіліктерді санамаған кезде. «Бала тәрбиесі – бұл үлкен философия» - дейді, менің дана әкем.

Кей таныстарым әкесінің , анасының қадірін түсініп жарытпайды. Әңгіме үстінде өздерінің қалай оларға ашулы екендерін, қалай дөрекі сөйлесетіндерін айтқанда, жағамды ұстайтыным рас. Кей бірі кеңес те сұрайды, бұл жағдайда айтатыным: «Барлығымыз жарық дүниеге бір рет қана келеміз, әр адам бірінші рет өмір сүруде, сондықтан кешірімді бол. Бірінші кешірім сұраған адамға сауап жазылатынын ескер. Мәңгі дос жоқ, ал олар не болса да әрқашан сенің жаныңнан табылып, қорғап, қолдайтын Алланың жіберген жанашырлары, есіңде болсын».

Осыны білетін, түсінетін досқа ризамын. Лиз қандай нашар жағдайда өмір сүрсе де,анасы қайтыс болған соң өзімен айналысуды шешеді. Серік болатын , жүректері мейірімге толы керемет деген ұстаздарды тауып, білім алады. Қасындағы досы басында оны қолдамады. Менің ойымшы оның екі себебі бар, олар: қызғаныш немесе жалғыздық үрейі. Негізі негатив барлық жерде болады, алайда барлығы сіздің оны қалай қабылдайтыныңызға байланысты. Сіз не өзіңіздің қабілетіңізді ашып, еңбектің арқасында өзіңізді алға сүйрейсіз, немесе сізді артқа тартатын жандардың бос сөзіне сеніп, ешқандай тұрғыда өспейсіз. Таңдау сіздікі.

Күнде кітап оқыңыз, тіл үйреніңіз , билеңіз, ән айтыңыз, шахмат ойнаңыз, медитация жасаңыз, және ең бастысы спортпен айналысыңыз, себебі сіздің денеңіз арқылы қандай тұлға екеніңізді білуге болады. Осы істер арқылы сіз бойыңыздан батылдық, сенімділік секілді қасиеттерді шыңдайсыз. Өзіңізге өзіңіз идеал болыңыз! Ұшағыңыздың пилоты тек сіз!

































Автор: Оразаева Күнайхан Болатқалиқызы

Семей қаласы, 2024 жыл

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.01.2024
331
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі