Алматы облысы,Талдықорған қаласы,№12 «Байтерек» бөбекжайының тәрбиешісі Кемешева Сауле Турсуновна.
Білім беру саласы: Таным, Коммуникация
Кіріктірілген оқу қызметі: Жаратылыстану, Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: «Пияз отырғызу».
Мақсаты: Пияздың өсуі, тұқымы туралы түсінік беру. Өсімдікті отырғызудың және себудің күтіп баптаудың жолдарын көрсете отырып , өсімдіктерді өсіруге, оларды күтіп-баптауға талпындыру . Зерттеу, тәжірбие жасау қортындысын шығару. Өзіне , өзінің мүмкіншілігі мен күшіні сенуіне жағдай жасау, белсенділігін арттыру, өзін және өзінің бағалауға дағдыландар.
Көрнекіліктер:пияздың бірнеше түрі бейнеленген сурет. Өсу жолы бейнеленген сурет.
Қажетті құрал-жабжықтар: : пияздың суреттері, бала саны бойынша пияз , пияз отырғызуға арналған ыдыстар, суқұйғыштар, тәрелкелер, майлықтар, топырақ, стакандар т.б
Алдына ала жасалатын жұмыстар: пияз туралы тақпақтар,жаңылтпаш жаттау,үйде пиязды өсіру,әңгімелеу.
Әдіс-тәсілдері:сөздік, көрнекілік, практикалық.
Шаттық шеңбері:
Дөңгеленіп тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Қол ұстасып бәріміз
Ақ тілекті жолдайық!
Қайырлы таң бақшамыз,
Қайырлы күн достарым!
Миға шабуыл: -Балалар, мен сендерге бір ғажайып қорапшаны ала келдім. Бұл қорапшаның ішінде бір зат бар. Сендер осы қорапшаның ішіндегінің атын тапсаңдар, біздің бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы соған байланысты болады . Ол не екен, кім таба алады?
Жұмбақ жасыру.
Домалақ бір дәрумен,
Сары тонға киінген,
Жылатады аршысаң,
Ашты, өткір иісімен.
Ол не?
Ендеше біз бүгін пияз туралы әңгімелесеміз.Бізге бұл пиязды балабақшамыздың дәрігер апайы беріп жіберіпті. Қазір қыс мезгілі болғандықтан адамдарға дәрумендер жетіспейді. Сондықтан көп ауырады. Балабақшадан көп қалмасын деп бізге пиязды жіберген екен. Білесіңдер ме, пияздың ішінде тұмауға қарсы тұра алатын көп дәрумендер бар. Ауада әртүрлі микробтар ұшып жүреді, бірақ олар пияздың ащы, өткір иісінен қорқады.
Кәне, пияз туралы кім айтып береді? Педагог балалардың жауаптарын пияздың бірнеше түрі бейнеленген суреттерді көрсетіп, қосымша сұрақтар қоя отырып толықтырады. Пияздың түсі қандай болады екен.
Пияздар тұқым арқылы өседі. Сол сияқты көшеті арқылы өсетін пияздар болады. Олар домалақ пішінде болады, қысқа сабақтан және оған тығыз, біріне-бірі қысыла орналасқан етті қабыршақтан тұрады.
-Пияз көкөніске жата ма, әлде жеміске жата ма?
-Ол бақшада өсе ме, әлде бақта өсе ме?
-Пияздың қалай өсіп-өнетінін көргендерің бар ма?
Пияз қалай өседі?
-Пиязды өсіру үшін не керек?
-Дұрыс айтасыңдар кез-келген өсімдіктің өсеуіне қажетті топырақ, су, жарық керек екен. Пияздың да басқа өсімдіктердегі сияқты тамыры, жапырағы болады.
Балалар мен сендерді тәжірибе алаңына шақырамын.3 түсті жұлдызшалар арқылы орталықтарға бөлінеміз.
1 орталықтағы балалар пиязды топыраққа отырғызады.
-Қазір біз пиязды отырғызамыз. Сендер бірінші алдыларыңда тұрған пиязды алып, қараңдар, пияздың жоғарғы жағында кішкентай жасыл өскін болады, сол өскіндіжоғары қаратамыз. Ал топыраққа отырғызатын жағын қалай білеміз?
-Кім айтады, пияздың қай жақ бөлігін топыраққа отырғызамыз, тамыры бар жағын ба, әлде жоғарғы жағын ба?
Тәрбиеші пиязды қалай отырғызу керектігін көрсетеді.
-Міне, балалар, пиязды отырғыздық, енді пияз өсу үшін не істейміз?
2 орталықтағы балалар пияздың тұқымын егеді. Тұқымды топыраққа себеміз. Қалай ойласыңдар, пияз тұқым арқылы тез өсіп шыға ма, әлде отырғызған пияз тез өсе ме? Тәрбиеші балалардың берген жауабына қарай толықтырулар енгізіп, түсінік береді және екі жәшіктегі пиязды да күтіп-баптап, олардың өсуіне бақылау жасайтындығын айтады
3 орталықтағы балалар пиязды суға отырғызады.
Пиязды топырақта,суда және тұқым түрінде ектік, енді үшеуінің қалай өсетінін бақылайтын боламыз.
Жеке жұмыс.
Икемі келмей бара жатқан балаға көмектесіп жібереді.
Сергіту сәтті:
Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты- еңбек,
Кесте тіксең зерлеп,
Оның аты- еңбек.
Қырға шықсаң өрлеп,
Оның аты- еңбек.
Қиындықтың бәрін,
Еңбек қана жеңбек.
Үй тапсырмасы: Халид,Аяла,Арнұрдың үйде аналарымен бірге отырғызған пияз туралы айтып беру.
-Кім пияз туралы тақпақтар біледі?
Балалардың тақпақтары:
Асханадан шықпаймын
Атым пияз пияз бұқпаймын
Көзден жасты ағызамын
Тұмаудан бірақ сақтаймын.
Дәмдеуіштің бірімін
Барлық-барлық тағамға
Көкөністер ішінде
Мен пайдалы адамға.
Болса да ащы,
Дәмді етер асты.
Өседі ол жерге,
Тығып алып басты.
Жаңылтпаш:
Пайдалы
деп,
Пияз
жеп,
Парлады жас
көзімнен.
«Пыссыншы біраз»
деп,
Пысылдадым
төзіммен.
Қорытынды: -Жарайсыңдар. Баллар бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнадыма.
-Біз бүгін не жайында айттық?
-Біз нені отырғызып үйрендік?
Балаларды мақтау,мадақтау.
![]()
![]()
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Пияз егу"

шағым қалдыра аласыз