400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

План урока на тему "Основные фонды предприятия" по обновленному содержанию образования

Материал туралы қысқаша түсінік
Кәсіпорын экономикасы пәнінен "Кәсіпорынның негізгі қорлары" тақырыбында жаңартылған білім мазмұнына сәйкес құрастырылған сабақ жоспары экономикалық пәндер бойынша колледж, жоғары оқу орындарының оқытушыларына сабақ барысын құрастыруда қажет болады
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Кәсіпорын қорлары

Оқу орны: Астана университеті.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Арзаева Талантты Мырзалиевна

Топ: Экономика – 3курс

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Кәсіпорынның негізгі қорлары және олардың амортизациясы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Білімділік: Оқушыларға негізгі қорлардың экономикалық ерекшелігіне назар аудара отырып, негізгі түсініктерді қайталау, амортизациялық аударымдардың кәсіпорын экономикасына әсерін түсіндіру.

Тәрбиелік: Топпен жұмыс істеу барысында студенттер бойында экономикалық құзыреттілікті қалыптастыру.

Дамытушылық: Кәсіпорын негізгі қорлары туралы экономикалық білімдерін жетілдіру, амортизациялық аударымдар сомасын есептеу арқылы экономикалық талдау жасау дағдыларын дамыту.

Сабақтың мақсаттары

Бaрлық oқушылaр oрындaй aлaды:

Кәсіпорынның негізгі қорлары және олардың құрамы туралы түсініктерін айта алады.

Oқушылaрдың көпшiлiгi oрындaй aлaды:

Кәсіпорынның негізгі қорларының баланстық, орташа жылдық, жыл соңындағы құнын, бастапқы және қалдық бағасын/құнын, амортизациялық аударымдарды есептей алады.

Кeйбiр oқушылaр oрындaй aлaды:

Негізгі қорларды пайдалану сипаттайтын көрсеткіштер: қор қайтарымдылығы, қор сыйымдылығы, қорлармен қарулану көрсеткіштерін анықтай алады.

Бағалау критерийлері

Берілген ақпарат негізінде:

  1. Кәсіпорынның негізгі қорлары және олардың құрамына менталдық карта жасау;

  2. Кәсіпорынның негізгі қорларының баланстық, орташа жылдық, жыл соңындағы құнын, бастапқы және қалдық бағасын/құнын, амортизациялық аударымдарды есептеу;

  3. Негізгі қорларды пайдалану сипаттайтын көрсеткіштер: қор қайтарымдылығы, қор сыйымдылығы, қорлармен қарулану көрсеткіштерін анықтау.

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Кәсіпорын ресурстарын сақтау, тиімді пайдалану

Пәнаралық байланыс

Экономика, бухгалтерлік есеп.

Акт қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Осыған дейін меңгерілген білім

Кәсіпорын құрылу негізін, тәртібін біледі, жарғылық капитал мөлшерін, ұйымдық-құққытық формасын қалыптастыру ерекшелігін біледі.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дерек

көздер

Cабақтың басы:

5 минут








Үй тапсырмасын тексеру:

10 минут




5 минут




















Сабақтың ортасы


2Shape1 Shape2 0 минут

1.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сәлемдесу, түгендеу, тақырыпты хабарлау, студенттер назарын аудару.

2. Сабақ мақсатын құру:

1.Негізгі қорларды, олардың құрылымын білу.

2.Алған білімдерін практикалық есептер шығаруда қолдану.



2.Үй тапсырмасын «Миға шабуыл» әдісі арқылы сұраймын

Бағалау: «Басбармақ» арқылы өзара бағалайды.




Белсенді оқу әдісі: «Жүгіртпе лекция» әдісі

Студенттер екі топқа бөлініп, лекцияны бір сөйлемнен оқып, есте қалған ақпарат бойынша анықтама жазу. Топпен орындалған жұмыс бойынша екі топ мәтін бойынша ақпаратты түсіндіруге тырысады.


Әр топтан топтың жазған сөйлем саны және оның мазмұны ескеріліп балл беріледі.

Дұрыс жауапты «+» , «-» белгілейді.


1 топ

2 топ















3. Сабақтың тақырыбымен, оқу мақсаттарымен, бағалау критерийлерімен таныстыру


Лекциялық материал мәтін түрінде ұсынылып, менталды карта жасау және есеп шығаруда қолданылады.



1)Негізгі өндірістік қорлар, түсінік беру және құрамы.

Негізгі капитал (негізгі қорлар,айналымнан тыс активтер, негізгі құралдар) – бұл өзінің құнын дайын өнімге біртіндеп, белгілі бір бөліктермен, бірнеше өндірістік цикл ішінде түсіретін және өзінің натуралдық-заттық формасын ұзақ уақыт бойы сақтайтын, жоғалтпайтын еңбек құралдары. Негізгі құралдар өндірістік (өндірістік процесіне қатысатын) және өндірістік емес (тікелей қолдануға арналған, өндірістік процеске қатыспайды: мед.мекемелер, мәдениет үйі, тұрғын үй) болып бөлінеді. Өндірістік қорлар өз кезегінде активті (өндірістік процеске тікелей қатысатын) және пассивті (өндірістік процеске жағдай жасайтын) бөліктерге бөлінеді. Негізгі қорлар натуралдық және ақшалай түрде өлшенеді. Натуралдық баға беру дегеніміз – олардың өндірістік сипаттамасын беру деген сөз.

Қолдану мақсатына қарай негізгі қор түрлері:

  1. Ғимараттар (цехтер, қоймалар, т.б.);

  2. Құрлыстар (көпір, тоннель, жолдар, т.б.);

  3. Тасымалдау қондырғылары (құбырлар, электр тоғын тасымалдау желілері, т.б.)

  4. Машиналар және жабдықтар:

а) Күш машиналары және жабдықтары (энергияның түрлерін шығарады);

б) Жұмыс машиналары мен жабдықтары (еңбек затына әсер етеді);

в) Өлшеу және реттеу аспаптары;

г) Есептегіш техника және т.б.

  1. Көлік құралдары;

  2. Құрал-сайман, қызмет ету мерзімі 1 жылдан жоғары болатын басқа құралдар);

  3. Өндірістік және шаруашылық жиһаз;

  4. Жұмысшы және өнім беретін мал;

  5. Көпжылдық өсімдіктер;

  6. Жер құнарлығын өсіруге қажет күрделі шығындар;

  7. Басқа қорлар (мысалы кітапханалық қор).

Қызмет ету мерзімі 1 жылдан кем болатын заттар негізгі қорларға жатпайды.

2) Негізгі қорларға баға беру.

Негізгі қорларға баға беру келесі құн түрлері бойынша жүргізіледі:

  • Негізгі қорлардың бастапқы құны, оларды сатып алу жылы болған бағаларға, жеткізу шығындарына және құру және қою құнына тәуелді болады.

Shape3

Қою (монтаж)



  • Қайта есептеу құны – берілген жыл бағалары бойынша негізгі қорларды жасау немесе сатып алу құны (қайта бағасын анықтау мезетіне байланысты):

Shape4

Қайта есептеу коэффициенті



Shape5

Қайта есептеу коэффициенті





  • Қалдық құны бойынша – қорлардың тозуын есебке алу:

Shape6

Амортизация

- жою құны бойынша – баланстан шығарылатын қордың бағасы

- баланстық құны бойынша – бухгалтерлік баланстың бірінші бөлімінде жазылатын құн

3) Негізгі қорлардың тозуы, ұдайы өндірісі

Тозу – негізгі қорлардың өндірістік процеске қатысу нәтижесінде өз құнын жоғалтуын сипаттайды. Негізгі қорлар оларды қолдануға немесе қолданбауға тәуелсіз тозуға ұшырайды. Тозудың екі түрі бар: табиғи және моральдык. Табиғи тозу – негізгі қорлардың пайдалануға немесе қоршаған ортаның ықпалына байланысты өз тұтынушылық, өнімді қасиеттерін жоғалту процесі. Нәтижесінде жарамсыз боп қалады. Табиғи тозу коэффициенті келесі формула бойынша анықталады.

Кт.т.= Қт/Қбас,

Мұндағы Қт – тозу құны, Қбас – бастапқы құны

Моральдық тозу – негізгі қорлардың құны экономикалық тұрғыдан төмендеуі (ғылыми-техникалық прогреске және әлеуметтік факторларға байланысты). Моральдық тозу түрлері:

1. Өндірістік: берілген қорды өңдіру шығындары азаюдың нәтижесінде болатын тозу. Т = Қб – Ққ.е.

2. Экономикалық: берілген қор бағасына тең бірақ оған қарағанда өнімділігі жоғары қорлардың пайда болуы: П. Г. Бунича формуласы бойынша:

Т = Қбе – Қбе/(Өе*Тне) – (Қбж*Тқ*Өе)/(Өж*Тнж)

Мұндағы: Қбе, Қбж – ескі және жаңа машинаның бастапқы құны

Өе, Өж – ескі және жаңа машинаның жылдық өнімділігі

Тне, Тнж – ескі және жаңа машинаның нормативтік қызмет ету мерзімі, жыл

Тқ – Ескі техниканың қалған қызмет ету мерзімі, жыл

3. Маркетингтік: берілген машинаға сұраныстың өзгеруіне байланысты, нарықтағы өзгерістерге байланысты бағаның төмендеуі. Формуласы өндірістік моральдык тозуға сәйкес анықталады.

Тозу амортизация түрінде есептеледі.

Негізгі қорлардың ұдайы өндірісі – негізгі қорлардың құнын қалпына келтіру және өсіру шараларының жиынтығы. Интенсивті (сапасы жағынан) және экстенсивті (саны жағынан) болуы мүмкін. Түрлері:

А) Жаңа құрылыс; Б) Қайта құру; В) Өндірістің кеңеюі; Г) Техникалық қайта қарулану; Д) Модернизация (жаңарту); Е) Қорды ауыстыру; Ж) Жөндеу (күрделі, орташа, ағымдағы, бақылау)

4. Негізгі қорлардың амортизациясы

Амортизация – бұл негізгі қорлар құнының шығарылған өнім құнына біртіндеп түсу процесі. Амортизацияның жылдық сомасы негізгі қорлардың қызмет ету мерзіміне тәуелді болады және амортизация нормалары негізінде құрылады. Амортизацияның жылдық көлемі келесі формула арқылы табылады:







Корт – негізгі қорлардың орташа жылдық құны.

Тенг – қорды енгізу айынан бастап жылдың аяғына дейін қалған ай саны.

Кенг – енгізілетін қорлар құны.

Ешығ – шығарылатын қорлар құны.

Тшығ– қорды шығару айынан бастап жылдың аяғына дейін қалған ай саны.

Na – амортизация нормасы.

Амортизация нормасы – қорларды толығымен қалпына келтіру үшін амортизациялық төлемдердің нормасы:

Na = (Қбал – Қжою)*100 % /(Қбал*Тн)

Қбал, Қжою – қордың баланстық және жою құны

Негізгі қорларды пайдалануды сипаттайтын көрсеткіштер

 Көрсеткіштердің екі түрі бар:

  1. Жалпылама сипаттама беретін:

  • Қор қайтарылымдылығы – негізгі қордың әр бірлігінен шығарылатын өнім көлемі.

  • Қор сыйымдылығы – өнімнің бірлігіне жұмсалатын негізгі қор мөлшері.

  • Қорлармен қарулану деңгейі – бір адамға саналған негізгі қор құны.

Аорт.т. – өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың орташа тізімдік саны.

Сапалық көрсеткіштер – негізгі қорлардың сапасын сипаттайды:

Жаңару коэффициенті = Қенг/Қж.бас.; ҚКж.бас – жыл басындағы НӨҚ құны

Шығу коэффициенті =ҚКшығ /Қж.аяғ; Қж.аяғ – жыл аяғындағы НӨҚ құны

Тозу коэффициенті – жоғарыда формуласы көрсетілген

Негізгі қорлардың өсім коэффициенті = (Кенг – Кшығ)/Қж.аяғ

Негізгі қорлардың жарамдылық коэффициенті = (Қбаст – тозу құны)/Қбаст


Есептер

1.1. Жабдықтың бастапқы бағасы 120 млн. теңге. Қызмет ету мерзімі іс жүзінде — 7 жыл. Амортизация нормасы 6 %. Жабдықтың қалдық бағасын анықтаңыз.

1.2. Амортизацияның жылдық нормасын және сомасын келесі мәліметтер бойынша анықтаңыз:

Бастапқы құны — 10 млн. теңге.

Жойылатын жабдықты өткізуден түсетін түсім — 1,2 млн. теңге.

Жоюға байланысты шығындар — 0,5 млн. теңге.

Нормативтік қызмет ету мерзімі — 8 жыл.

1.3. Экономикалық моральдық тозу көлемін анықтаңыз:

Ескі машинаның бастапқы бағасы — 20 млн. теңге.

Ескі машинаның өнімділігі— 10 мың дана жылына.

Ескі машинаның нормативтік қызмет ету мерзімі — 10 жыл.

Жаңа машинаның құны — 8 млн. теңге.

Өнімділігі — 30 мың дана жылына.

Ескі машинаның қызмет етуге қалған жыл саны— 2 жыл.

Жаңа машинаның нормативтік қызмет ету мерзімі — 5 жыл.

1.4. Амортизация нормасы — 10,4 %. Егер нормативтік қызмет ету мерзімі 4,6 жылға қысқарса амортизация нормасы қалай өзгеру керек. Жою құнын ескермеуге болады.

1.5. Тәулік ішінде цехте 50 станок қызмет етті. Оның ішінен бір сменада жұмыс істейтін 20 станок болды, 2 смена істейтін — 10, 3 смена істейтін — 20. Цехте барлығы 60 станок қойылған. Сменалық коэффициентін анықтаңыз.

1.6. Қойманың толық бастапқы құны — 60 млн. теңге, оның ішінде ғимарат 50 млн. теңге, жабдық құны — 10 млн. теңге. Қайта есептеу мезетіне жабдық бағаларының индексы 0,8, ал құрылыс-монтаж жұмыстарының индексы 1,02. Қойманың қайта есептелінген құнын анықтаңыз және моральдық тозуын табыңыз (абсолютті және салыстырмалы өлшемде).



Дескриптор

  1. Кәсіпорынның негізгі қорлары және олардың құрамына менталдық карта жасау-2 балл;

  2. Кәсіпорынның негізгі қорларының баланстық, орташа жылдық, жыл соңындағы құнын, бастапқы және қалдық бағасын/құнын, амортизациялық аударымдарды есептеу-3 балл;

  3. Негізгі қорларды пайдалануды сипаттайтын көрсеткіштер: қор қайтарымдылығы, қор сыйымдылығы, қорлармен қарулану көрсеткіштерін анықтау-5 балл.

Бағалау: «Балл» беру арқылы топтар өзара жұмыстарын бағалайды. Дискриптор арқылы кері байланыс беремін.


Интербелсенді тақта



















Бағалау парақшалары













Интербелсенді тақта




























Қалыптастырушы бағалау тапсырмалар жинағы







Қалыптастырушы бағалау тапсырмалар жинағы






































Соңы

5 минут










2 минут


3 минут

4.Сабақты бекіту:

1) Кәсіпорынның негізгі қорлары дегеніміз не және оның құрамына нелер жатады?

2) Кәсіпорынның негізгі қорларының баланстық, орташа жылдық, жыл соңындағы құнын, бастапқы және қалдық құнын қалай анықтаймыз?

3) Амортизациялық аударымдар не үшін жасалады және оны есептеу жолдары?

4) Негізгі қорларды пайдалануды сипаттайтын қандай көрсеткіштер болады?


5.Бағалау: Жинаған балл негізінде өзара бағалайды.


6.Үйге тапсырма:

1. Кез-келген кәсіпорын балансын негізге ала отырып, негізгі қорларын топтастыру.

2. Кәсіпорынның негізгі қорларының амортизациясын және қор қайтарымдылығы, қор сыйымдылығы, қорлармен қарулану көрсеткіштерін анықтау.

Ұсынылатын әдебиет: К.Ж. Оразалин «Кәсіпорын экономикасы», алматы 2007ж, 91бет





























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қазан
396
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі