ПЛАНИМЕТРИЯ
КУРСЫНДАҒЫ ДӘЛЕЛДЕУГЕ БЕРІЛГЕН ЕСЕПТЕРДІ
ШЫҒАРУ АРҚЫЛЫ ЛОГИКАЛЫҚ ТҰЖЫРЫМ
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Қазақстан,
Семей қаласы, b.ray@mail.ru
Берикканов
Р.Е.
Семей
қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік
университеті
Берикханова
Г.Е.
- ф.-м.ғ.д., профессор, ғылыми жетекшісі
Математиканы
оқытудың маңызды міндеттерінің бірі
оқушыларға математикалық тұжырымдарды
дәлелдеуді үйрету. Қарапайым, стандартты
есептерді шығарудың өзі дәлелдеуден
басталады. Мұндай есептердің жауабын
іздеу олардың шындығын іздеуге әкеледі.
Есептер өзінің шешімін табуда берілген
мәліметтер арқылы дәлелдеуге тиісті
ұғымға логикалық қадам жасап, ілгерілеуге
жетелейді.
Геометриядағы
дәлелдеуге берілген есептердің мынадай
мақсаттары бар:
1)
негізгі теориялық білімді нақтылап
бекіту;
2)
өз бетінше жұмысты дамыту әдеттері;
3)
оқушылардың ойлау кабілетін дамыту;
4)
алға қойған мақсатқа жету үшін еркіндік
пен шыдамдылыққа тәрбиелеу;
5)
өткен материалды қайталау.
Кез
келген есепті шығару - сол eсептi
талдаудан
басталады. Талдау кезінде есептің
қорытындысының орындалуына жеткілікті
шарттар ізделінедi.
Есептерді
шешу – зерттеліп отырған
ұғымды нақтылау,
соның табиғатын түсіну, оның әр түрлі
байланыстарын қарастыру, символика
тілін пайдалану, дәлелдеу кезеңдерінен
тұрады. Егер оқушы берілген тұжырымды
дәлелдей алатын болса, оның
ой - өрісі дамып, логикалық ойлауы артады,
пәнге деген қызығушылығы оянады және
кез келген есепті еш қиындықсыз шығару
мүмкіндігі артады.
Енді
планиметрия курсында кездесетін
дәлелдеуге берілген есептерге мысал
келтірейік [1],
[2],
[3].
Мысал-1.
Шеңбер
АВС
үшбұрышының ВС
қабырғасын және АВ
мен АС
қабырғаларының созындысында жанайды.
А
төбесінен шеңбердің АВ
қабырғасымен жанасу нүктесіне дейінгі
арақашықтық АВС
үшбұрышының периметрінің жартысына
тең екенін дәлелдеу керек.
Дәлелдеуі:
АВС
үшбұрышында ВС
қабырғасымен және АВ
мен АС
қабырғаларының созындыларымен шеңбердің
жанасу нүктелері сәйкесінше Е,
М
және К
болсын (1-сурет).
1-сурет.
Жанасу нүктелер
АМ
мен АК
кесінділері А
нүктесінен жүргізілген жанамалардың
осы нүктеден жанасу нүктесіне дейінгі
қашықтық болғандықтан АМ=АК.
Дәл осылайша ВМ=ВЕ
, СЕ=СК
АМ=АВ+ВМ=АВ+ВЕ
АК=АС+СК=АС+СЕ,
АМ+АК=2АМ
.
Алдыңғы
екі теңдікті пайдаланып,
2АМ=АВ+ВЕ+СЕ+АС
жазамыз.
СЕ+ВЕ=ВС
болғандықтан 2АМ=АВ+ВС+АС
Олай
болса
тең
болады. Дәлелдеу керегі шықты.
Мысал
– 2.
Теңбүйірлі АВС
үшбұрышының АВ
қабырғасының іргелес бұрыштарының
биссектрисалары О
нүктесінде қиылыссын. СО
түзуі АВ
түзуіне перпендикуляр болатынын
дәлелдейік.
2-сурет
Дәлелдеуі:
Теңбүйірлі АВС
үшбұрышында АС=ВС
болсын. AD
мен
ВК
биссектрисалары
О
– нүктесінде қиылыссын (2 сурет).
Үшбұрыштардың
теңдігінің екінші белгісіне сәйкес
,
демек AD=BK.
Бұдан АО=ВО,
OD=OK.
Екі
қабырғасы және олардың арасындағы
бұрышы бойынша
.
Бұдан BK=AD,
BC=AC,
Демек, СК=CD.
Бұдан
,
сондықтан
.
Екі қабырғасы және олардың арасындағы
бұрышы бойынша
(AC=BC, CP–ортақ қабырға,
)
тең. Олай болса, АР=ВР,
яғни СР
– медиана, сондықтан СР
мен АВ
перпендикуляр.СО
кесіндісі СР
кесіндісінің бойында жатқандықтан, СО
кесіндісі АВ-ға перпендикуляр болады.
Дәлелдеу керегі осы.
Мысал-3.
АВС
үшбұрышының ВАС
бұрышы доғал. ВВ1
және СС1
биіктіктері жүргізілген. АВС
және В1АС1
үшбұрыштарының ұқсас екенін дәлелдеу
керек.
Дәлелдеуі:
АВС
және В1АС1
үшбұрыштарының ұқсас екенін дәлелдеу
үшін үшбұрыштардың ұқсастық белгілерінің
орындалуын көрсету қажет. Үшбұрыштардың
ұқсастығының бірінші белгісі бойынша
олардың кез келген сәйкес екі бұрышының
тең болатынын дәлелдеу жеткілікті
(3-сурет).
ВАС
және
В1АС1
бұрыштары
вертикаль болғандықтан олар тең болады.
Енді басқа сәйкес екі бұрыштың тең
екендігін көрсетеміз.
3-сурет
4-сурет
ВВ1С
және СС1В
үшбұрыштарын
қарастырайық. Олар тікбұрышты, сонымен
қатар гипотенузалары ВС
ортақ. Олай болса, диаметрі ВС
болатын шеңбер осы үшбұрыштарға сырттай
сызылады (4-сурет).
Суреттен СВС1
және СВ1С1
бұрыштары іштей сызылған, сонымен қатар,
СС1
доғасына тірелетінін көреміз. Шеңбердің
бір доғасына тірелетін ішкі бұрыштар
өзара тең болады. Демек,
СВС1=
СВ1С1.
Олай болса, АВС
және В1АС1
үшбұрыштары ұұсас болады.
Оқушылар
теоремалардың дәлелдеулерін білгенмен,
дәлелдеуге берілген есептерге сол
теореманы қалай қолдану керек, қай
жерінде қолдану керек екенін анықтауға
қиналады. Оған жаттығу үшін геометрия
курсын оқуды бастаған кірісу керек. Ол
үшін оқушыға дәлелдеуі бірнеше қадамнан
тұратын қарапайым есептерді, геометриялық
тұжырымдарды дәлелдетіп үйрету қажет.
Осындай жаттығулардың нәтижесінде
оқушы дәлелдеу жұмысын жүргізу үшін
қай теореманы, қандай қасиеттерді
қолдану керек екендігін, есептің шартына
байланысты мүмкін жағдайларды анықтау
сияқты зерттеу жұмыстарына дағдыланады.
Дәлелдеу барысында қосымша сызба
жүргізудің маңызы зор. Дәлелдеуге
берілген есептерді шығару, математикалық
тұжырымдарды дәлелдеу, қорытынды жасау
– оқушыны логикалық ой қортуға, батыл
тұжырым жасауға дағдыландырудың аппараты
болып табылады.
Қолданылған
әдебиеттер
А.Садықов
/ Республикалық олимпиада есептері.
«Математика және физика» журналы №6.
Алматы, 2009. – 23 – 24 бет
И.Бекбоев,
А.Абдиев, Ж.Қайдасов, Г.Хайбарова/ Жалпы
білім беретін мектептің 8 – сыныбына
арналған оқулық. –
Алматы: Мектеп,
2008. - 104 бет
Рахымбек
Д. Мектеп геометрия (планиметрия) курсын
оқыту әдістемесі: Оқу құралы. – Алматы:
Эверо, 2015. - 320 б.