Материалдар / Пластикалық бөтелке қақпақтарына екінші өмір силау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Пластикалық бөтелке қақпақтарына екінші өмір силау

Материал туралы қысқаша түсінік
Пластикалық қақпақтың адам өмірінде тигізетін пайдасы мол екендігін түсіндіру, тұрмыста қолдана білу. Пластикалық қақпақтардан күнделікті өмірде қолдануға болатын заттарды жасауға болатындығын көрсету, экологиялық мәселелерді бағалау және пайдаға асыру. Математикалық есептеулер жүргізу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Сәуір 2024
403
7 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ынтымақ жалпы орта мектебі» коммуналдық

мемлекеттік мекемесі








Тақырыбы: Пластикалық бөтелке қақпақтарына екінші өмір силау





Бағыты: Математика, қолданбалы математика







Орындаған: Асан Аружан Асқарқызы

7 сынып оқушысы «Ынтымақ» жалпы орта мектебі

Ордабасы ауданы, Түркістан облысы






Жұмыс жетекшісі: Беккулиева Гаухар, математика пәні мұғалімі

«Ынтымақ» жалпы орта мектебі












2022 жыл

Мазмұны

Абстракт

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

2.1. Пластикалық өнімнің шығу тарихы

2.2. Пластикалық өнімнің зияны, қалдықтар проблемасы

ІІІ. Зерттеу жұмыстары

3.1. Пластикалық қақпақ өнімінің екінші өмірі

3.2. Сауалнама нәтижесі

ІV. Қорытынды

V. Пайдаланған әдебиеттер
































Аңдатпа

Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген технологияның жоқтығына байланысты, оларды өңдеп құнды өнімдер алу әзірше жолға қойылмаған, сондықтан бұларды сақтауға, жоюға, тасуға, көмуге, зиянсыз түрде айналдыруға көптеген қаражат, энергия, уақыт жұмсалып отыр. Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауыл-шаруашылығы, үй-жай шаруашылығы жатады.

Күнделікті тұрмыста пластикалық өнімдерді көп қолданатынымыз бәрімізге белгілі. Үйдің жанында таудай болып үйіліп жатқан бос пластикалық бөтелкелерді күнде көріп жүретініміз анық. Анамыз сол пластик бөтелкелерді кейде жуып-шәйіп сүт құйып жүретін. Бір күні аяқ астынан осы пластик бөтелкелермен қызықты зат жасағым келді. Көп ойландым, интернет көздерін пайдаланып қызықты заттар жасауға болатынын түсіндім.

Бұл жұмыстың мақсаты-пластик өнімдерінен керекті әрі қызықты заттар ойлап табу және соны іске асыра білу, сонымен қатар математикалық есептеулер жүргізу арқылы пайдалы жақтарын ашып көрсету болды.

Аннотация

Из-за отсутствия передовой техники в соответствии с уровнем развития науки и техники в настоящее время еще не удается их перерабатывать и получать ценные продукты, поэтому тратится много денег, энергии и времени на их хранение, уничтожение, транспортировку, захоронение и переработку безвредным способом. Основными источниками отходов являются промышленность, сельское хозяйство, жилищное строительство.

Все мы знаем, что в повседневной жизни мы используем много пластмассовых изделий. Понятно, что каждый день мы видим пустые пластиковые бутылки, сваленные горой возле дома. Наша мама иногда мыла эти пластиковые бутылки и наполняла их молоком. Однажды мне захотелось сделать что-нибудь интересное из этих пластиковых бутылок. Я много думал и понял, что можно делать интересные вещи, используя интернет-ресурсы.

Целью данной работы было придумать полезные и интересные вещи из пластмассовых изделий и уметь их реализовать, а также выявить их полезные стороны путем проведения математических расчетов.

Кіріспе

Қазіргі кезде оқушылар түрлі компьютерлік ойындар мен ұялы телефон ойындары сияқты адамның денсаулығына зиянды әдеттерге әуес. Бұл заттарға әуес болмас үшін не істеу қажет? Сол үшін мен бос уақытта қызықты, әрі қажетті заттармен айналысу керек екендігін ұсынамын. Пластикалық өнімнің тарихын, пайдасы мен зиянын зерттей отырып, адам өміріне пайдасын насихаттау. Тұрмыстық пластикалық бөтелкелерді пайдалы қолдану тәсілдерін ұсыну. Әлемнің түрлі елдерінде пластикалық бөтелкелерді кәдеге жарату тәсілдерін талдау.Пластикалық қақпақтың шығу тарихына зер салу, күнделікті өмірде қолдануға ұсыныс білдіру. Достарыма пластикалық қақпақтан қызықты, әрі пайдалы заттар жасауға болатынын көрсету. Пластикалық қақпақтардан жасалатын затқа математикалық формулаларды қолдана білуді үйрету.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Егер күнделікті өмірде қолданып жүрген пластикалық бөтелке қақпақтарының көп екендігін ескерсек, оны қоқыс жәшіктеріне лақтырып тастамай, қайта пайдалану тәсілдерін табамыз. Пластикалық қақпақтардан қандай заттар жасауға болатынын және математикалық формулаларды адамзат күнделікті өмірінде қолданатынын білеміз.

Мақсаты: Пластикалық қақпақтың адам өмірінде тигізетін пайдасы мол екендігін түсіндіру, тұрмыста қолдана білу. Пластикалық қақпақтардан күнделікті өмірде қолдануға болатын заттарды жасауға болатындығын көрсету, экологиялық мәселелерді бағалау және пайдаға асыру. Математикалық есептеулер жүргізу.

Зерттеу әдістері:Зерттеу жұмысының мақсаты мен тақырып ерекшелігіне байланысты сипаттама, талдау мен жинақтау, жүйелеу және оны түсіндіру әдістері қолданылды.

Зерттеудің нысаны: Пластикалық өнімнің тарихын, пайдасы мен зиянын зерттей отырып, адам өміріне пайдасын насихаттау.

Гипотеза: пластикалық бөтелкелерді лақтырмаса, олардан түрлі бұйымдар жасаса, онда бұл лақтырылатын қоқыстың санын азайтып, тұрмыста пайда әкелуі мүмкін.

ІІ.Негізгі бөлім

2.1. Пластикалық өнімнің шығу тарихы

Әлемдегі алғашқы толық синтетикалық пластик 1970 жылы Нью-Йоркте ойлап табылған. Қазіргі кезде пластикалық шөлмектердің пішіні мен көлеміне ешкім таңқалмайды.Мынадай шөлмектер,шыны шөлмектерге қарағанда,жеңіл,әр түрлі пішінді,майысқақ және қауіпсіз болып келеді.Алғаш Pepsi пластик шөлмегі АҚШ саудасында 1970 жылы шықты.Қазақстан аумағында пластик шөлмектер,алғаш саудаға алкогольсыз «Кока – Кола»,«ПепсиКола» сусындары келген кездері танымал бола бастады.Алғаш СССР аумағында Новороссийск қаласында пластик шөлмектердегі лимонад сусынын өндіретін заводты 1974 жылы «ПепсиКо» компаниясы ашты. Пластик шөлмектерді тек газды сусын және сыра өндіретіндер ғана емес және де, парфюмериялық фабрикалар да пайдаланады. Пласмасса – шикі мұнайдан алынатын қосынды болып табылады.
Қазіргі өмірде пластикалық бөтелкелер бірнеше себептер бойынша ең танымал. Біріншіден, өндірістің төмен өзіндік құны. Екіншіден, мұндай шөлмектер, әдетте, үлкен көлемде, серпімділік пен жеңілдіктің есебінен қауіпсіз. Сонымен қатар, оны тасымалдау ыңғайлы.

2.2. Пластикалық өнімнің зияны, қалдықтар проблемасы

Пластикалық бөтелке біздің өмірімізге барынша енді. Ол өндірісте арзан және ыңғайлы. Жыл сайын миллиондаған пластик бөтелкелер шығарылады. Статистика мәліметтері бойынша шағын қала ай сайын 20 тонна пластикалық бөтелкеден қалдық шығарады. Жыл сайын мұндай қалдықтардың саны өсуде.

Бүгінде елімізде өндірістік қалдықтармен қоса есептегенде, 48 миллиард тоннаға жуық қоқыс бар. Ал тұрмыстық қатты қалдықтардың көлемі 100 миллион тоннаға тең. Жыл сайын елімізде 5 миллион тоннаға жуық зат тұрмыста пайдаланылып, артынша полигондарға жіберіледі. Кей мамандардың пікірінше, 2050 жылға қарай қалдықтардың саны шамамен 1,5 есе артпақ. Тау-тау болып үйілген қалдықтардың экологияға кері әсер ететіні белгілі. Дәлірек айтқанда, бүлінген заттар топырақтың құнарын кемітіп, улы газдар арқылы ауаны ластайды.

Бұл мәселе біздің қалада Шымкентте де бар. Қаланың сыртына, жол жиегіне, орманда, алаңқайларда, өзен мен көлдердің жағасында бос пластик шөлмектер мен басқа да қоқыстарды көреміз.

Пластикалық заттар, соның ішінде  пластикалық бөтелке қоқыс қалдықтары түрінде (суда, кез келген жерде жатып-ақ) 4000 жылға дейін сақтала алады екен. Пластикалық бөтелкені өртеп түтінін жұтсаңыз бұл кезде өте көп улы заттар бөлініп, қауіптілігі аса жоғары болады. Сондықтан адамдар тұратын жерде пластикалық бөтелкені өртеуге мүлдем болмайды.

Пластик өндірісінен бастап кәдеге жаратылғанға дейін қоршаған ортаға елеулі зиян келтіреді. Пластикалық өнімдерді шығаратын зауыттар жылына атмосфераға 400 млн. тоннаға дейін көмірқышқыл газын шығарады және бүгінде жануарлардың шамамен 800-дей түрінің пластикті жеп қоюына байлансты және пластикпен улану салдарынан жойылып кету қаупі төніп тұр.

Мен дәл осы заттардың қиындыларын алып, кезек-кезекпен өртеп, бақыладым. Өртеу кезінде қағаз тез жанып кетті, жүннен жақсы иіс сездім, ал пластик пен резиннен – өткір жағымсыз иіс пен қара түтінді байқадым. Тұжырым: пластикті өртегенде улы түтін шығып,ауаны ластап және адам денсаулығына кері зиянды әсер етеді. Пластик шөлмектерді өртеуге де, де,лақтыруға да болмайтынына көзіміз жетті.

Пластик бөтелкелерге қатысты экологиялық мәселелерге тоқтала кететін болсақ. Ғаламторды қарап, мен келесі мәліметтерге тап болдым: қағаз жер астында – 1 айда шіриді екен, жүн – 1 жылда, ағаш – 13 жыл, пластик бөтелке– 500-ден 1000 жылға. Пластик те, шыны бөтелкелер де көшемізді күл – қоқысқа айналдырып жатыр.Бұл қоқыстардан құтылудың амалы ретінде әр қайсысын жеке-жеке өртеп, бақылау жасадым: пластик қиындысын өртеген кезде қап-қара өткір иісті түтіннің ауаны бірден ластай алатын жағымсыз әсері бар екенніне көз жеткізуге болады. Ал қағаз қиындысынан айтарлықтай зиян жоқ екен. Жүннен жағымды иіс шығатынын байқадым.

Пластикалық өнімдерді тұрмыста қайта қолдану аясы кішігірім анализ жасап көруді жөн көрдім. Бұл анализ сұрақ-жауап ретінде сыныптас достарымнан алынды.

ІІІ. Зерттеу жұмыстары

Менің алдымда келесі мақсаттар тұрады:

1) Пластик бөтелке қақпақтарының пайдалы жақтарын көрсету;

2) Математикалық есептеулерді жүргізу

Базалық зерттеу жұмыстары-бұл құжаттар, әңгімелер, есеп жүргізу дәптері және өлшеу жүргізулер.

Бұл практикалық зерттеу жұмыстарының мәні пластикалық бөтелке қақпақтарының пайдалы жағын көрсете отырып, екінші өмір сыйлау, үнемі қолдануға ұсыну, жас ұрпаққа пайдалы жағын көрсету.

3.1 Пластикалық қақпақ өнімінің екінші өмірі

Ежелгі уақыттан бастап бүкіл әлемде қолмен жасалған заттар бағаланады. Әрине, көптеген өнімдер дұрыс, анық және ұқыпты орындалса, оны адамдар бағасына қарамай сатып алып жатады. Өйткені оны жасаған шебер өз қолдарымен жасаған әрбір бұйымға махаббатын, жанын, қуанышын, жақсылығын береді. Қолмен жасалған қолөнер жұмыс өте жоғары бағаланады.

Әр адам белгілі бір туындыға өзінің шағын бөлшегін енгізе алады, өз сипатын бере алады, оны нақты көрініске жақындата алады.

Соңғы уақытта әр түрлі заттарды жасау үшін ең танымал заттардың бірі-қарапайым пластикалық бөтелкелер. Мұндай шөлмектерді пайдалана отырып, біз оларды тастаймыз және тіпті осы шөлмектерден не істеуге болатынын ойланбаймыз.

Зерттеу жұмысы барысында мен көптеген сайттар тауып алдым, онда адамдар өздерінің өнертабыстары мен пластикалық бөтелкелерден жасалған бұйымдарымен бөліседі.

3.2 Сауалнама нәтижесі

Сауалнама жүргізу барысында мен барлық адамдардың пластикалық бөтелкелер мен басқа пластикалық ыдыстарда азық түлік заттарын сатып алатынын білдім. Содан кейін олардың көпшілігі қалған тұрмыстық қалдықтармен бірге оларды қоқыс бактарына тастайды, содан кейін пластикалық қоқыс үйіндісіне түседі. Бірақ сұралған тұрғындардың барлығы пластикалық бөтелкелерді зиянын білмейді, білседе кез келген жерге тастайтынын білдім.Ұсақ заттарды сақтау үшін, ауыз су, джем, сүт, көшеттер үшін қолданатын болып шықты.

Көптеген адамдарда пластикалық бөтелкені екінші рет қолдану идеялары жоқ екен, тіпті естімеген де. Оларға көптеген түрлі бұйымдар, математика сабақтарында геометриялық фигуралар жасау, дамыту ойындары және т.б. жасауға болатын әдістерімен таныстырдым.

Мен идеяларыммен бөлісе отырып, мектеп оқушылары мені қолдады, «Ынтымақ» жалпы орта метебінің оқушылары пластикалық бөтелке қақпақтарына "екінші өмір" бере алатын адамдар көп екенін түсіндім.


Сіз сұйық тағамдар мен сусындарды жиі пайдаланасыз ба?


Пайдаланылған пластик бөтелкелерді қайда қолдану керек екенін білесіз ба?




Пластик бөтелкелер адам денсаулығына және экологияға зияны .




Бос пластик бөтелкелерді пайдалануда сіздің өтінішіңіз қандай?

Мен өзімнің зерттеу жұмысымды жүргізу барысында адамдардың денсаулығына және ауаның ластануын қорғауда аз да болса өз үлесімді қосу үшін қолымнан келгенше өз үлесімді қоссам деймін. Жан-жақты пластиккалық өнімнің қасиеттерін зерттеп, қолымнан келгенше тұрмыста пайдалануға болатынын дәлелдеуге тырыстым. Ең алдымен қиялымдағы затты жасау үшін маған математика сабағында өткен дөңгелек, шеңбер тақырыбында қолданылатын формулаларды пайдалану қызықты болды.

Мысалға,

  1. Радиусы 5-ке тең шеңбер сыз.

Шешуі:

R=5 см, D=2×5 см

D=2×R D=10 см

Жауабы: диаметірі 10 см-ге тең болады.

  1. Радиусы 6-ға тең шеңбер сыз.

Шешуі:

R=5 см, D=2×5 см

D=2×R D=10 см

Жауабы: диаметірі 12 см-ге тең болады.

  1. Радиусы 7-ге тең шеңбер сыз.

Шешуі:

R=5 см, D=2×5 см

D=2×R D=10 см

Жауабы: диаметірі 14 см-ге тең болады

Осы тұрғы да математиканың адам өмірінде алатын орны ерекше екендігін түсінуге болады. Мына еңбектерім соның айғағы:




«Сиқырлысандар»
Мақсаты: баланың ойлау жылдамдығын арттыру, көрсеткен сандарды айтып шығу.

Қажетті құралдар:

-пластик қақпақтарға жапсырылған сандар

-қақпақтар салынған пластиктен жасалған ыдыс

Шарты:

          Балаларға қақпақтарға  жапсырылған сандар 1,2,3,4,5,6,7 ... цифрлары ұсынылады, олардан қажетті сандарды тауып көрсету. Санау, салыстыру, қосу, алу амалдарын орындайды. Осылайша танымдық қабілеттерін дамытады.






Ұсынысым:

1. Мектепте математика сабағында фигураларды тиімді қолдану;

2. Қалдықсыз технологияға көшу;

3. Пластмастты қайта өңдеу арқылы оған жаңа өмір сыйлау жолдарын қарастыру.



















Қорытынды

Мен алға қойған мақсатқа қол жеткіздім, өйткені көптеген жаңа және қызықты нәрселерді білдім.

Жұмыстың басында қалыптасқан Гипотеза расталды. Пластикалық бөтелкелер қоршаған ортаға зиян келтіреді, ал шебер қолдарында олар қажетті және пайдалы болуы мүмкін.

Пластик бөтелке өзінің ыңғайлылығының, жеңілділігінің, қаттылығының, майысқақ қасиеттерінің арқасында адам өмірінде орасан үлкен орын алды, бірақ қолданғаннан кейін оны жою мүмкін емес. Пластик бөтелкелер жерді ластап, табиғатқа зиянын тигізеді. Сондықтан, қолданған пластик ыдыстарды дұрыс қолдану қажет. Оларды лақтырмас бұрын, ойланып қиялымызға ерік беріп, сол пластикалық өнімдерге екінші өмір сыйласақ. Керегімізге дұрыс пайдалана білсек, және де қоршаған ортаға зияны тимеуі қажет.

Осы жұмысымды әрі қарай жалғастыра отырып, мектепті аяқтаған соң осы ісімді табыс көзіне айналдырсам деп армандаймын. Мектептің ажарын келтіретін әсем табиғат бұрышын жасағым келеді. Бұл ісім арқылы достарыма, өзімнен кейінгі өсіп келе жатқан кішкентай сіңілдерім мен бауырларыма үлгі бола аламын деген ойдамын












Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1) http://kk.wikipedia.org сайты

2) http://kk.drunkentengu.com сайты

3) ust.kz cайты




































Пікір

Ғылыми жобада жас зертттеуші Асан Аружан пластик шөлмектердің тарихы, пайдасы және зияны туралы тоқталған. Оқушы зерттеу жұмысын жаза отырып, қазіргі кезде пластик шөлмектердің адам өміріндегі пайдасы, оның адам қажеттілігіне жарамды екенін, сонымен қатар олардан әр түрлі бұйымдар жасауға болатынын айта кеткен, іс жүзінде дәлелді мысал келтірген. Жұмыс кең ауқымды қамтылған, жүйелі түрде өте жақсы жазылған. Және де математика сабағында оқушылардың қызығушылығын оятатындай дүниелерді көрсете білді.

Зияны туралы ол ешқашан шірімейтінін, өртесе улы иіс бөлетінін анықтап, зерттеген. Пластикалық бөтелке қақпағынан қызықты әрі күнделікті тұрмыста қолдануға болатын затты ойлап тапқан, оған екінші өмір сыйлаған.

Бұл берілген жұмыстың адам өмірі үшін қажетті ақпарат екенін біле отырып, әрбір адамның қажеттілігіне қолдануға болады деген ұсыныс жасаймын. Ғылыми жұмыстың өте жоғары болатына сенімдімін. Алдағы уақытта Аружанның қызықты әрі пайдалы заттарды ойлап табатынына сенімім мол.



Ғылыми жоба жетекшісі: математика пәнінің мұғалімі Беккулиева Гаухар

450 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!