400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Почта қызметі"ұйымдастырылған оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға көмегім тиер
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

«Ақбота» балабақшасы» КМҚК







Ата-аналармен кіріктірілген оқу қызметі
Тақырыбы: «Почта қызметі»


Тәрбиеші:Коксинова М.Т










Глубокое кенті, 2018ж


Page 2

Мақсаты: Іс-әрекет барысында ата-аналар мен балалар арасында үйлесімді және тығыз
қарым-қатынас орнату.
Міндеттері: 1.Балалардың «Пошта» тақырыбы бойынша сөздік қорын молайту, әр түрлі
пошта жөнелтілімдері және пошта таситын көлік түрлерімен таныстыру.
2. Ересектермен бірлесіп жұмыс жасауға ұмтылдыру, ойлау қабілеттерін, назарларын, есте
сақтау, байланыстыра сөйлеу, ұсақ және жалпы моторикалық дағдыларын дамыту.
3. Ата-аналарға дидактикалық ойындардың түрлерімен, дамыту материалдарымен
таныстырып, түсіндіре отыра, оны қолдану тәжірибесімен бөлісу.
Алдын-ала жұмыс: «Пошта» мекемесіне саяхат.
Ата-аналар отырады. Балалар паровоз болып есіктің жанында тұрады.
Тәрбиеші:-Балалар, мен сендерді мына қолымдағы сиқырлы таяқшамен почта таситын
поездің вагондарына айналдырамын , сонан соң біз сңғы бекетке дейін тоқтамай барамыз.
Мына өлең жолдарын айтып барайық.
Қатар-қатар тұрайық,
Пойызды бір құрайық.
Ал, паравоз, баста алға,
Бәрімізді басқар да.
Пш-пш,пш-пш, біз кеттік,
Жүрісті тым үдеттік.
Гу-гу,гу-гу гуілде,
Қалып қойма бәрің де
Балалар тәрбиешінің қимылдарын қайталайды, «паровоз келе жатыр» алдыға, тоқтап оңға-
солға иіледі.3 рет.
Тәрбиеші: -Міне, көңілді паровоздар соңғы бекетке де жеттік. Енді сендерді қайта
балаларға айналдырамын. (Тәрбиеші әр баланың басынан таяқшамен түртеді. Балалар,
аналарының жанына барып жайғасады.
Тәрбиеші: -Балалар, біз саяхаттап жүргенде, біздің топқа пошта таситын кеме жүзіп
келіпті. (проектордан кеменің суреті шығады). Ол бізге Дымбілместен хат әкеліпті. Хатты
аналардың біреуі оқиды.
Хат: Сәлеметсіңдер ме, достар !
Менің суреші досым Тюбик біртүрлі сурет салыпты. Ол маған көлеңкенің суретін
салдым деді, бірақ ненің көлеңкесі екенін айтпай қойды. Ал мен суретші досымның ненің
суреттін салғанын білгім келіп тұр. Маған ненің көлеңкесі екенін тауып беруге
көмектесіңіздерші. Дымбілмес.
Ойын: «Көлеңкесін тап»


Page 3

Тәрбиеші: Әр жұптың алдына екі сурет таратады. Бірінші, анасы жауап береді. Одан кейін
бала жауап береді. Мысалы: менде қасқырдың көлеңкесі.
Тәрбиеші: -Енді Дымбілмес қуанатын болды, біз оған көмектестік. Кемеміз жүзіп кетті,
енді пошта таситын ұшақ ұшып келді. (ұшақтың суреті). Қане, ұшақтың қалай ұшатын
көрсетейікші.
Сергіту сәті
Тәрбиеші: Балалар, ұшақ бізге бандероль алып келіпті. Бандерольді Сайқымазақ
жіберіпті(Сайқымазақтың суреті). Кане, ашып көрейік. Бір ана оқиды.
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен «Қапшықта не бар» деген ойынды жақсы көремін.
Сендерге ойынымды жібердім, сендер де ойнап көріңдерші. Сәлеммен, Сайқымазақ.
Ойын: «Қапшықта не бар?» Шарты: Әр үстелге екі қапшықтар таратылады. Бірінші,
ересектер бастайды. Қапшыққа қолдарын салып, қандай зат екенін сипау арқылы табады.
Мысалы: Менің қапшығымда түйме.
Тәрбиеші: -Балалар, Сайқымазақ кандай қызықты ойын ойлап тапқан, солай емес пе, оған
рахмет айтайық. Балалар қолдарын бұлғап, рахмет айтады.
Тәрбиеші: -Балалар, ұшағымыз ұшып кетті, енді біздің бекетке не келіпті?
Балалар: пошта таситын поезд (поездтің суреті шығады)
Тәрбиеші: -Ол бізге Ер Төстіктен жіберілім (посылка) әкеліпті. Қараңдаршы, қандай
үлкен қорап? Тәрбиеші қорапты ашады.
Сәлеметсіңдер ме, балдырғандар!
Мен қонаққа досым Желаяқ, Таусоғар, Көлтауысар достарымды қонаққа шақырайын деп
едім. Менің үйім өте алыста орналасқан. Менің достарыма жол көрсетіп жіберіңдерші.
Сәлеммен, Ер Төстік!
Саусақ жаттығуы: «Жолмен жүгіріп өт». Тәрбиеші әр жұпқа бір-бір лабиринттан
таратып береді. Көрсетілген жолдармен балалар мен аналар бірге саусақтарымен жүгіртіп
отырады.
Тәрбиеші: -Жарайсыңдар, балалар бұл тапсырманы да дұрыс орындадыңдар.
Тәрбиеші: -Балалар, поштаны кемемен, ұшақпен, поездбен тасуға болатынын білдік.
Бірақ, барлық қалаларда кеме порты, теміржол, аэропорт болмайды ғой, ал ауылдық
жерлерге қалай пошта апаруға болады? Ауылды жерлерге мынадай көк түсті жүк
көлігімен пошта тасиды екен (суреті шығады). Тәрбиеші тақтаға үлкен форматтағы
қыстың суретін іледі де, әр жұпқа дәл сол суреттің кішкене форматтағы түрін таратады.
Тәрбиеші: Балалар, суретке қараңдаршы, суретші нені ұмытты? Жауабы: қарды.
Тәрбиеші: -Кане, достар ұмытшақ суретшіге суретті аяқтауға көмектесейік. Жолдар мен
ағаштарға қардың суретін саламыз .Бұл жолы бояумен емес, бірінші, желімді


Page 4

жағып(ағашқа, жолдарға) сол жерге жарма ұнтағын себеміз. Аналарының көмегімен
орындалады. Үлгісін көрсетіп тұру.
Тәрбиеші: -Балалар, енді біздің суретімізде көп қар. Нағыз қыс! Достар, айтыңдаршы, жүк
көлігі поштаны пошта бөліміне әкеледі, оны сонан соң пошта жәшігіне кім тасиды?
Балалар: Пошташы. Үш тілде: пошташы-почтальон- , Хат-письмо- , Жіберілім-
посылка-
Тосын сәт: Топқа почтальон Печкин кіреді. Музыкасы қосылады.
Печкин: -Қалдарың қалай, балалар? Сендерді көргеніме қуаныштымын! Мені таныдыңдар
ма?
Балалар: -ия, почтальон Печкинсің
Печкин: менің үлкен сөмкем бар, мен оған газет-журнал, хаттар, ашықхаттар салып
аламын да пошта жәшіктеріне таратамын. Балалар мен Простоквашинадағы досымыз
Федордан ашықхат әкелдім.
Салеметсіңдер ме, менің қымбатты достарым! Сендерді сағындым. Седер маған өздерің
туралы хат жазып жіберіңдерші. Есімдеріңді, сүйікті ойыншықтарың, сүйікті
тағамдарың туралы жазып жіберіңдерші.Сендермен жақынырақ танысқым келеді.
Сәлеммен, Федор!
Тәрбиеші:- Балалар, сендер өздерің туралы қысқаша (3 сөйлем) әңгімелеп, хат жазып
жіберіңдер. Хатты жазған соң, конвертке салып, мекен-жайымызды жазуды ұмытпайық
және конверттің сыртына маркасын жапсырамыз. Аналар жазып отырады.
Тәрбиеші: -хатымызды да жаздық, енді оны қалай жібереміз?
Балалар: пошта жәшігіне саламыз.
Тәрбиеші:-жарайсыңдар, балалар!
Печкин: -Достар, сендердің ашықхаттарыңдв бердім, мен енді қайтайын.
Қорытынды: Печкин балалармен қоштасып кетеді.
Тәрбиеші: -Балалар, бүгін біз қандай почта таситын көліктер және почта түрлерімен
таныстық. Бізге оларды кімдер жіберді.
Балалардың жауаптары.



Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 қараша
409
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі