жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Поэзия, менімен егіз бе едің?" атты М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған кештің сценарийі
М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған
«Поэзия,менімен егіз бе едің?» атты кештің өткізілу сценарийі
Мақсаты: Халқымыздың ақиық ақыны М. Мақатаевтың өмір жолы мен шығармашылына шолу жасау. Ақынның өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу. Мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.
Көрнекілігі:Ақынның портреті,шығармалары,ақын туралы естеліктер , нақыл сөздер, видеоролик
Кештің өту барысы:
1 Кіріспе бөлім
2 Балалық шақтан бір елес (Көрініс)
3 «Поэзия – жүрек тілі» (ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу)
4 «Құлақтан кіріп бойды алар» (Әндердің орындалуы)
5 «Жазылар естеліктер мен туралы( Ақын жайлы)
1-жүргізуші: Қайырлы күн,қадірменді жыр сүйер қауым!
2-жүргізуші: Арымысыздар, құрметті ұстаздар, ата-аналар! Бүгінгі кешіміз халық «Ақиық ақын» атап кеткен. ҚР өзінің Мемлекеттік сыйлығымен марапаттаған. Қазақстан Жазушылар Одағы «Ғасыр ақыны» атағын берген Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың шығармашылығына арналады.
1-жүргізуші: М.Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының Нарынкөл ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келді.
2-жүргізуші: Ақын өз туған жері туралы
Мен туған жер Қарасаз баурайдағы
Жалғанда жер біткеннің балқаймағы
Есім кетіп жүргенде ес білдірген.
Жаралған жұлдызым ғой маңдайдағы
Сүтін еміп өскен ем сан бұлақтың,
Сан жыладым құрбыдан сан жылаттым.
Жалын тартын мінген ем осы жерде
Өмір деген шу асау арғымақтың – деп толғайды.
1-жүргізуші: Мұқағалидың әкесі Сүлеймен қарапайым еңбек адамы болғанымен, айтыс өлеңдерін жақсы білген, ойын-сауықтан қалмайтын сері жігіт болған.
2-жүргізуші: Мұқағалидың шешесі Нағиман да суырып салма, өлеңді қиыннан қиыстырып айта білетін ақындығымен танылады.Бір тойда әкесі Сүлеймен мен шешесі Нағыман айтысып, әкесі өлеңмен жеңіп, екеуі қосылуға уәде байласып, тұрмыс құрыпты.
1-жүргізуші: 1941 жыл. Шілде. «Соғыс» деген суық хабар аспан тау мен асқар таулар қоршаған кіп-кішкене ауыл Қарасазға да келіп жетті. Не деген суық сөз еді! Ел бір сәт есеңгіреп, есін жия алмай қалды.
(Ортаға 3 оқушы шығады)
2-жүргізуші:
Соғыс
деген немене өзі?Тек қана апат, қырғын
ба?
Арман-тілек, ақыл-ойды апаратын
құрдымға?
1-оқушы:
Соғыс
деген - аққан соры ақсүйектің, құлдың
да,
Соғыс деген -Төккен ары қыздың
және ұлдың да.
2-оқушы:
Соғыс
деген - сотқарлардың қолындағы
найзасы,
Қолданады, долданады,
таусылғанда айласы.
3-оқушы:
Соғыс
деген, соғыс деген — зұлымдықтың
айнасы,
Біреулердің шығыны да,
біреулердің пайдасы.
1-жүргізуші: Соғыстың алғашқы айларында –ақ әскери комисариат қармақпен балық аулағандай ауылдан бірлі-екілі азаматтарды ғана шақыртса,кейінірек топтап- топтап әкете бастады.
1-оқушы:
1941
ақпандатқан,
Сыртта аяз.
Аулымызды
ақ қар жапқан.
Үңірейген үрей тұр
соғыс дейтін,
Алапат аспан, жерді
аттандатқан.
2-оқушы:
Аттан!
деді,
Ол ертең аттанады.
Аттанады
еңбектің ақ табаны:
Күрегінің орнына
қару алып,
Жауынгердің ролін
атқарады.
1-оқушы:
Жарты Ай тұр шар аспанда - тозған
таға,
Үскірік үрлей ме әлде қозғалта
ма?!
Әжем жүр туған жердің топырағын,
Тұмар
ғып тігіп жатыр бөз қалтаға.
( Музыка. Әкесі, анасы рөліндегі оқушылар келеді)
1-оқушы:
(Еске
алу)
Аттанарда алыс жолға,
Тапсырды
әкем аманатын.
Серт етіп мен де алдым
қолға,
Әкемнің берген «асыл затын»
Әкесі:
«Тыңда,
балам, тыңда, күнім
Болуға жара
қолқанат!
Кәрі анаң, сәби інің,
Барлығы
саған аманат!
Мен де сенің он
жасыңда,
Атадан жетім қалғанмын.
Аса
ақылды болмасам да,
Аманатын
алғанмын.
Талпын өмір шыңына,
Жетіп
те мүмкін қаларсың!
Анаңның ауыр
мұңына
Сергіткіш себеп боларсың!
Сен
жас буын, жаңа тал,
Гүлің де өсіп
шашырар.
Сарылып оқып, білім ал,
Сөнгенше
сәулең асырар»
( Әйеліне қарап) Ақбілек, екеумізді дүйім жұртқа танытатын осы болар, Қолынан қақпа. Апамның бауырынан тартпа. Бар қиындық өзіңе түсері рас. Оған мойыма.
(Әкесі Мұқағалидың маңдайынан иіскеп шыға береді.. Шешесі 1-2 қадам басып тоқтайды ) Музыка.
1-жүргізуші:
Әкесі майданға кеткен алғашқы айларда-ақ , Мұқағали өлең жаза бастайды. Бұл өнерін алғаш рет анасы байқайды.
Анасы: Балам, не жазып отырсың?
М: Өлең
Анасы: Кімнің өлеңі?
М: Өзім жаздым ,апа .
Анасы: Қане, оқышы.
М: Ол жақта біздің таудай тау бар ма екен?
Көк шалғын онда да өсіп қаулар ма екен
Мінеки, көп ай болды хабары жоқ.
Әкем кеп көңілімді аулар ма екен?
Әкеміз бір әкеден жалғыз еді--
Судағы жаңа біткен жалбыз еді.
Мінеки, көп ай болды хабары жоқ.
Әкемді бір көруге зармыз енді.
Анасы: Ой, тіліңнен айналайын, әкеңді сағынып жүр екенсің ғой.
Бәріміз де сағынып жүрміз.Құдай сәбилік тілеуіңді берсін.Әкең аман –есен әлі –ақ келер, Әкең келгенге дейін біздің үйдің азаматы сенсің.Жақсы оқып. Бәрімізді бағасың.
М : Иә, апа, өлеңді көн –көп жазып сендерді асыраймын. (Шығып кетеді)
2-жүргізуші: Сол бір сұрапыл жылдарда әжесі мен шешесінің, екі інісінің ортасындағы бас көтерер ересегі Мұқағали болып, бала иығын батпандай басқан отбасының ауыртпалығын ерте сезіне бастайды. (М. жүгіріп кіреді.)
М: Апа, міне ақша әкелдім.Осыған шай, тұз ал. Сендерді өстіп баға бастаймын.
Анасы: Ойбуу, кім берді? Қайдан алдың? Неге алдың?
М: Қорықпа ,Нақа. Өлеңімді саттым.
Анасы: Сатқаны несі? Кімге саттың?
М: Білмеймін, бір қырғыздар сатып алды.
Анасы: Неге? Неге саттың ? Қап..Япырай...
М: Саспа,Нақа ,өлеңнің көкесін көресің әлі!
1-жүргізуші: Иә,Мұқағали шынында да, өлеңнің көкесін көрсетті.Ақын қысқа ғұмырында кілең ажарлы да базарлы өлеңдер қалдырып кетті.
2-жүргізуші: Ақын ерте есейді. Еңбекке ерте араласты.Орта мектепті бітірген соң, ауылда хатшы, «Қызыл отаудың» меңгерушісі, комсомол қызметінде болды. 1957-62 жылдарда Қазақ радиосында диктор болды.
1962-72 жылдар аралығында «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газетінде «Мәдениет және тұрмыс, «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі,, 1972-1973 жылдарда Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші болып жұмыс істеді.
1-жүргізуші: Мұқағалидың тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол аудандық «Советтік шекара » газетінде басылды.
Мұқағали поэзиясы - таңғы шықтай мөлдір поэзия. Ақынның «Дариға, жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», « Өмір - дастан», «Атамекен», «Райымбек» т.б кітаптары жарық көрді.
2-жүргізуші: Ақынның «Аманат» жыр жинағы 2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды.Бүгінде Мұқағали ақынның 13 кітабы бойынша 1834 өлең,19 поэмасы бар екені анықталып отыр.
1-жүргізуші: Мұқаңның 35 мың жолға жуық өлеңі поэзия сүйер қауымның іздеп жүріп оқитын жырына айналды. Ақын өлеңдеріне жүзден аса әндер жазылды.
2-жүргізуші:
Жыр сөздері жай болып атылғанда,
Атылғанда, аспаннан оқылғанда,
Мылқауларға тіл бітіп,
керең естіп,
Жанар пайда
болады соқырларға.
1-жүргізуші: Ендігі кезекті ақын поэзиясына берейік.
« Бүгін менің туған күнім..» Бекболат
« Поэзия, менімен егіз бе едің?» Диана
« Қара өлең» Димаш
«Фаризаға» Зарина
«Күз» Асылжан ,Ақмарал
Ән «Сәби болғым келеді» Айдана
1-жүргізуші:
Нені
аңсаймын?..
Туған өлке, туған жұрт,
сені аңсаймын,
Heгe аңсаймын, білмеймін,
неге аңсаймын
Ұл де, мейлің, адасқан
құл де, мейлің,
Сені аңсаймын, туған
ел, онан сайын!
2-жүргізуші:
Сені
аңсаймын, қайнаған ақ бастаулар,
Ақ
бас таулар - самайын ақ басқандар.
Сені
аңсаймын, қазіргі ақ бас шалдар,
Бұрынғы
өреден құрт ап қашқандар,
Су кешіп,
жалаң аяқ от басқандар!
1-жүргізуші: Ақын өзінің балалық шағы өткен туған өлкесін үнемі аңсап өлең арнап отырған.Келесі кезекті ақынның туған жер, Отан, жастық шақ туралы өлеңдеріне берейік.
«Отан» Дидар
«Туған жер» Әсем
«Жиі енеді түсіме» Жұлдыз
«Сен менің жанарымның ішіндесің» Еңлік
Ән « Сенің көзің..» Ерасыл
1-жүргізуші: Мұқағали өмірге құштар, ғашық. Адам үшін өмірдің сонша қымбат екенін Мұқағалидан артық жеткізіп айту қиын сияқты.
2-жүргізуші: Жарық дүние-ай, жаным-ай менің Ғажапсың!
Ғажапсың шіркін! Амал не ,тезсің , аз ақсың!...
Бұл өлең жолдары өмір гимні деуге болады. Ақынның әр өлеңіндегі өмірге деген құштарлық адам рухын жаңғыртып, сезімін сілкіп оятатындай күшті де тегеурінді.
1-жүргізуші: Ендігі кезекте ақын өмір туралы жырлайды.
«Қиын не бар..» Айсана
«Қатыгез қайсы бір сағатта» Сабина
«Өкпелетті дей алман өмір мені» Ұлбосын
2-жүргізуші: Кезекті тағы бір тамаша әнге береміз. Ақмарал,Айнұр апайларымыздың орындауында М.Мақатаевтың сөзіне жазылған Енена Әбдіхалықованың әні «Есіңе мені алғайсың» Қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші:
Жазылар
естеліктер мен туралы,
Біреулер жан
еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар
еді дер де мүмкін,
Бүтінделмей кеткен
бір ер-тұрманы.
2-жүргізуші:
Жазылар
естеліктер нешелеген,
Көрерміз онын,
бәрін пешенеден.
Әйтеуір, білетінім
бір-ақ нәрсе -
Көшеді өлең немесе
өшеді өлең!
1-жүргізуші: Өзінің шынайы таланты , сырға толы итұнық та мөлдір жырлары арқылы жұртшылық жүрегіне жол тапқан Мұқағали мұрасы бүгінде туған халқының мұрасына жарап,руханм азығына айналып отыр.
2-жүргізуші: Оның поэзиясы біздің бойымызға қуаныш, мақтаныш сезімін құяды.Мұқағали өлген жоқ. Оның өлеңдері мен өлмес рухы ортамызда.
1-жүргізуші:
«Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев
Алайда өлтіре алмас өлеңді ешкім» деп, ақынның өз сөзімен бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.
2-жүргізуші: Тағы бір жыр кешінде жолыққанша сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген