400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Поэзия падишасы" Ф.Оңғарсынова Ашық тәрбие сағаты 8-10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға ,оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Поэзия падишасы» Ф.Оңғарсынова

Мақсаты: Поэзия патшайымы Қазақстанның халық жазушысы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың өнегелі өмір жолын, өнерін, өр мінезін, асқақ рухын оқушыларға насихаттау. Поэзия әлеміне, сөз өнеріне сүйіспеншілігін арттыру. Аяулы ақын апамызға деген оқырмандар махаббатын одан әрі үстей түсу.
Көрнекілігі: ақынның суреті, «Поэзия падишасы» кітап көрмесі, слайд, цитаттар.
Барысы
Көрініс
Ортада әйелі мен күйеуі отырады. Отағасы қолында домбыра, отанасы қолында кесте.
Әйелі: Отағасы, бүгін бір ғажап түс көрдім. Түсімде саялы бақтың ішінде қыдырып жүр екенбіз. Айналамызда албырап пісіп тұрған алма ағаштары. Мен сол алмаларға қызығып біреуін ағаштан үзіп алғым келді. Бір уақытта көзіме бір алма ағашы түсті.
Ол ағашта алманың орнына том – том болып кітаптар ілініп тұр екен. Сол кітаптардың арасында қып – қызыл алма көздің жауын алатындай болып тұр екен. Мен қуанып кетіп, сол алманы алып, рахаттанып жеп жатқан жерімде оянып кеттім.
Отағасы (күліп): Ай, тәйірі – ай. Алла бұйыртса, екеуміз армандап жүрген қып – қызыл алмадай қызымыз дүниеге келеді екен. Қызымыз жай қыз емес, том – том кітаптарды жазып қалдыратын ақын ба, жазушы ма болатын сияқты.
Әйелі: Айтқаныңыз келсін, отағасы, айтқаныңыз келсін!

Кадрдан тыс дауыс: Қазақ даласын өзінің құнарлы жырымен сусындатқан қазақтың ерке, ақын қызы Фариза туған елін өз жырларына қосып, әр қазақтың жүрегіне салмақты ой сала білген, қайталанбас дарын иесі. Оның өлеңдері арқылы күш алып болашаққа нық сеніммен аттанған бүгінгі ұрпағымыз Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы алдында тағзым етеді.

Көпір болып жалғасқанмен келешекке

жіңішке қыздың жолы не десек те.

Тумаппын жаман ер боп тым құрыса

Қалпағын кейбіреудің жұлып алып.

Фариза Оңғарсынова


(Фанфарлар ойнайды, сахнаға жүргізушілер шығады)

1-жүргізуші:Аян

Қайырлы кеш, қымбатты қонақтар, жиналған қауым! «Поэзия падишасы» атты әдеби – сазды кешіне қош келдіңіздер!

Шын өнер жайшылықта емес, жан дүниенің қайшылығында туады. Ал дарын- Алланың айрықша мейір- шапағаты түскен пендесіне қиял-ғажайып нұры. Ата күші, Ана сүті, киелі топырақтың жебеуі, өмір сүрген ортасының демеуі, тірліктің тоқсан тарау иірімі, жаныңа жайлы адамдардың мейірімі сол нұр иесін қайталанбас тұлға қып қалыптастырады. Біздің қазақ елі киелі, ұлы тұлғаларға кем емес. Солардың бірі-жүректерді жан жылуымен ерітіп,поэзия әлемінің биік шыңдарын өз еркіне бағындырып, қиялға қанат сермеген Атыраудың ару ақыны, халық жазушысы Фариза Оңғарсынова.


2-жүргізуші:Жанерке

 Фариза Оңғарсынова 1939 жылы 25-желтоқсанда Атырау облысы Новобогат ауданының Манаш ауылында дүниеге келген. Нарын құмының арасында , асып-тасқан байлығы болмаса да өзіндік дәулеті бар отбасында дүниеге келген. Әкесі еліне сыйлы, ашық-жарқын адам болған. Ол әкесіне арнап көптеген өлеңдер шығарған. Фариза әкесінен жастай қалып, анасы Халиманың тәрбиесінде болады. Анасы көп сөйлемейтін, сөйлесе мақалдап сөйлейтін, аса ақылды, рухани қуатты, сұлу адам болған. Фариза анасы арқылы ертегі, аңыздарды кішкентайынан бастап құлағына құйып өседі.


Слайд (Фариза Оңғарсынова )


Ринат :Әкем – менің тәңірім, пайғамбарым,
ұмтылатын биігім, сайран бағым.
Ол білмейтін дүниеде құпия жоқ,
біліп алған, япыр - ау, қайдан бәрін?!
Күшті де жоқ, дәл ондай жер бетінде,
сұлу мүсін, бір мін жоқ келбетінде!
Батыр, дана сол ғана. Асығамын
әкеме ұқсап тезірек ержетуге.
Ол жоқ болса, ұйқы да қашты менен,
көріскенде қуаныш шашты денем.
Әкеме ұқсап әжемді қадірлеймін,
анашымды әкемше жақсы көрем.
ол тұрғанда сезінбей қатер демін,
хандардың да қалпағын әпермедім.
Әділ шешім айтатын барлық істе
біздің үйде бас қазы - әкем менің.
Әкем барда, арқам кең, жоқ алаңым,
бәрі орнында: шаруаң, қора, малың.
Төрт жағымыз құбыла. Мен өскенде
Қиындау ау әкемдей бола аларым.

Айару:Кеудеңде мені тербеттің,
Жас шыбық енді көктеді.
Мінеки, мен де ержеттім,
Еңбегің бекер кетпеді.
Өмірде мынау ең жақын
Аяулым сенсің, анашым!
Болмаса мейлі зор даңқың,
мен үшін бірақ данасың.
Мейірім төккен нұр жүзің
тұрғандай сезем жанымда.
«Адал бол, - деуші ең – жұлдызым».
сақталды сөзің жадымда.
«Игі еңбек түбі осы - ау», - дер
көргендер жеміс ағашын.
Қартаймай, мәңгі жасай бер,
Мәңгілік Күндей анашым!


1-Жүргізуші

Фариза өлеңдері тек қана қазақ тілінде ғана емес, орыс тілінде де оқылады.
10 «Б» сынып оқушылары :

Алан-

Темирлан-

Рамзес-

9 «В»сынып оқушылары:

Таииса-

Исмайл-


2- жүргізуші

«Фариза» әні орындайтын музыка пәні мұғалімі Мадина апай




Мақатаев туралы жыр

оқитын 10 «А» сынып оқушысы Иманқожа Дархан


1-жүргізуші:

Күлкімді, жайлы күнімді,
Азапты, қайғы-мұңымды
Өзіммен бөліскенің үшін,
Қатем мен жеңістерім үшін,
Менің мынау қиындау тағдырым болып
О баста көріскенің үшін,
Өлең, мен сені аялап өтем!- Фариза ақынның оқырман жүрегінен орын алған жырларына тағы да кезек береміз.


8-10 сынып оқушылары өлеңдер оқиды.




«Жетімхана» слайд-өлең оқыған 8 «Ә» сынып оқушысы Ақниет


2- жүргізуші

Ақиқаттың өзі еді
Алты алаштың сөзі еді
Айбыны еді елімнің
Айбары еді жерімнің - деп жас ақын Бауыржан жырласа,


1-Жүргізуші:

Аяулы Фариза, ақын Фариза сіз қазақ елі үшін мәңгі тірісіз. Жыр сүйер қауымның жүрегіндесіз - деп Шерхан Мұртаза айтқандай сіз бізбен мәңгі біргесіз!

Бүгінгі аяулы да ардақты қазақ елінің поэзия падишасы Фаризаға арналған тәрбие сағатымыз осымен аяқталды.Қош сау болыңыздар!



«Фариза» әнін орындайтын 8 «Ә» сынып оқушысы Отарбаева Сабина

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 ақпан
1581
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі