жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Пойыздың бұзылуы кезіндегі қозғалыс қауіпсіздігі және маневр жұмыстарының классификациясы
НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ШЖҚ «ЖОҒАРЫ КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ КОЛЛЕДЖІ» МКК
Бекітемін
колледждің әдістемелік кеңес
отырысында қаралды
Хаттама №____ «______»____2022ж
Директордың ОӘЖ жөніндегі
орынбасары______________Матвеева Л.И

«Темір жолды техникалық пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі» пәні бойынша
АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ
Дайындаған оқытушы:__________
Жұмабаев Қанатжан Балтабайұлы
«Электртартымды шаруашылық»
Кафедра отырысында қаралды
Хаттама ж.
Кафедра төрағасы______Ермаханова.Р.С.
Сабақтың жоспары
Топ 4Д-218
Күні 15.02.2022
Пәні «Темір жолды техникалық пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі»
Сабақтың тақырыбы: «Пойыздың бұзылуы кезіндегі қозғалыс қауіпсіздігі және маневр жұмыстарының классификациясы»
Сабақтың түрі: Тәжірибелік жұмыс
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тақырып бойынша білім толықтыру, студенттерді темір жолда қолданылатын маневр жұмыс түрлері, жылдамдықтарымен және атқаратын жұмыстары және оларға қойылатын талаптары туралы тәжірибелік түрде студенттер білімдерін жинақтап бекіту
Тәрбиелік: Рухани адамгершілік құндылықтар мен білім жүйесін дамытып қалыптастыру, жеке тұлғаның қабілеті мен әлеуметтік мүмкіндігін ашу, адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, ұйымшылдыққа, достық көмек беруге, студенттерді өз бетімен жұмыс жасауға, өзінің ойын нақты тұжырымдай білетін темір жол маман иелерін тәрбиелеу
Дамытушылық: Студенттердің ойлау және шығармашылық қабілетін дамыту, танымдық белсенділігін арттыру, өз бетінше жұмыс жүргізу және ой қорытуға дағдыландыру, ізденімпаздыққа үйрету
Оқыту әдістері:
-
ауызша
-
жазбаша
-
түсіндіру
-
көрнекілік
Пән аралық байланыс:
-
«Тартымдық жылжымалы құрам құрылысы»
-
«Темір жолдың жалпы курсы»
Өндірістік байланыс:
-
Локомотив жөндеу депосы
-
Астана бекеті
Сабақтың материалдық – техникалық жабдығы:
Таратпалы плакатшалар:
1. Участкелік стансасы
2. Сұрыптау стансасы
3. Жүк стансасы
4. Жолаушы стансасы
5. Аралық стансасы
6. Аралық станса сызбасы
Таратпалы станса сызбалары және тәжірибелік жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқалар
Құрылғы, макет:
-
жаттығу машинист кабинасы
-
интерактивті тақта
-
бейне фильмдер
Сабақтың мазмұны және барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
- сәлемдесу
- топ тізімі бойынша оқушылардың қатысымын тексеру
- сабаққа психологиялық дайындық
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
-
студенттердің білім деңгейлерін өткен тақырыптарға байланысты сұрақ-жауап арқылы анықтау
-
сұрақ-жауап
Сигналдар неше түрге бөлінеді?
-
көрінетін
-
дыбыстық
Көрінетін сигналдарды атау?
-
бағдаршамдар
-
қол сигналдары
-
тасымалды сигналдар
Дыбысты сигналдарға нелер жатады?
-
Педардалар
-
ысқырықтар
-
локомотив ысқырықтары
1.Участкелік станса сызбасы қызметі және оған қойылатын талаптар

Ойлан, тап!
Станциялардағы өткелдердің темір жол желілерімен бір деңгейдегі қалпында қалдырылған кезінде бұл өткелдер жаяу .............. төсемдерімен, нұсқағыштармен және .................. жазулармен ал қажет болғанда автоматтық .............. берумен жарақтандырылуы тиіс.
2.Сұрыптау стансаның атқаратын қызметі және оған қойылатын талаптар
Дөңестік бағдаршамы бір жасыл шам? Дөңестік бағдаршамы бір сары шам?
3.Тупик түріндегі жүк стансасы сызбасы қызметі және оған қойылатын талаптар

Кіру бағдаршамы бір жасыл шам? Кіру бағдаршамы бір сары шам?
4.Жолаушы стансаның атқаратын қызметі және оған қойылатын талаптар
Тупик түріндегі жолаушы стансасы сызбасы

Ойлан! тап
Жолаушы станциялары .............. алдын ала бөлудің автоматтандырылған жүйесімен, билет басқыш ............ мен ............. жүйесімен, өзіне-өзі қызмет көрсетудің сақтау камераларымен, поездарды жөнелтудің .............. нұсқағыштарымен, анықтамалық қондырғылармен жарақтандырылады
5.Аралық стансаның атқаратын қызметі және оған қойылатын талаптар
Бір жолды линиядағы аралық стансасы

Шығу бағдаршамы екі сары шам және бір жарқыраған жолақ ? Шығу бағдаршамы бір жасыл шам?
Үй тақырыбын бекіту мақсатында өткен тақырыптарға байланысты станса сызбасына бағдаршамдарды орналастыру.
ІІІ. Тәжрибелік жұмыстың тақырыбын және орындалуын түсіндіру
-
Көрнекілік құралдарды пайдалану арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру
Ұзын құрамды пойыздың вагондарын құрастыру

1. Маневрлік бағдаршамдар келесі қандай сигналдарды береді?
бір айдай аппақ
шам
бір көк
шам
2. Маневр жұмысын орындау кезінде қолданылытын сигналдар?
3. Стансадағы орындалатын маневр жұмыстарын кім басқарады?
4. Маневр жылдамдықтарын атау?
5. Маневр жылдамдықтарына қойылатын талаптар?
«Локомотивке алға қарай
басқарумен жүруге рұқсат етіледі» - күндіз
сары жазық жалауы бар
жоғары көтерілген қолдың қимылымен
түнде –
ашық ақ түсті қол шамының
жарығымен немесе
бір
ұзақ дыбыспен
«Локомотивке артқа қарай
басқарумен жүруге рұқсат етіледі» - күндіз
сары жазық жалауы бар төмен
түсірілген қолдың қимылымен; түнде –
ашық ақ түсті қол шамының
жарығымен немесе
екі
ұзақ дыбыспен
«Ақырын»
–
күндіз
сары жазық жалауды жоғары
және төмен баяу қимылмен қозғалта отырып;
түнде
– ашық ақ түсті шамның
жарығымен немесе
екі қысқа
дыбыспен
«Тоқта!»
–
күндіз қызыл жазық немесе
сары жазық жалаудың шеңбер бойынша қозғалысымен; түнде – қол шамның
кез келген жарығымен немесе
үш қысқа
дыбыспен
2. Локомотив пайдалану депосында машинист Базарбаев Жаңабай ағайға сөз кезегін береміз. Маневр локомотивінің тарихы мен стансада орындалатын маневр жұмысы, атқаратын қызметі және жылдамдықтары туралы айтып өтеді.
3. Әр студенттке жеке-жеке станса құрастыру, сол стансада орындалатын маневр жұмысын орындау және тәжірибелік жұмысын қорғау.

Шартты белгілер:
Жылдамдықты
реттеуші
Құрастырушы
Оператор (сигналист,
бағыттама
бұрмасының пост
кезекшісі)
Машинист
ТП Тежегіш позициясы
Тәжірибелік жұмыстың орындалу бағыты
Тақырыбы: Пойыздың бұзылуы кезіндегі қозғалыс қауіпсіздігі және маневр жұмыстарының классификациясы
1. Тәжірибелік жұмыстың мақсаты:
1. Пойыздың бұзылуы кезіндегі қозғалыс қауіпсіздігі, маневрлық жұмыс жылдамдықтары және оларға қойылатын талаптармен тәжірибелік түрде танысу
2. Маневр жұмыстарын орындауға арналған станса сызбасымен тәжірибелік түрде танысу
3. Маневр жұмысын орындауға аранлған маневр локомотивінің техникалық мінездеме кестесін толтырумен тәжірибелік түрде танысу
2. Тәжірибелік жұмыстың жабдықтары:
Тәжірибелік жұмыс орнын дайындау, тәжірибелік жұмысқа керекті плакатшалар, кітаптар және станса сызбаларын дайындау
3. Тәжірибелік жұмыстың есеп мазмұны:
1. Пойыздың бұзылуы кезіндегі қозғалыс қауіпсіздігі, маневрлық жұмыс жылдамдықтары және оларға қойылатын талаптарды толық жазу
2. Маневр жұмыстарын орындауға арналған станса сызбасын сызу
3. Маневр жұмысын орындауға аранлған маневр локомотивінің техникалық мінездеме кестесін толтыру
Тәжірибелік жұмыстың есебі
Станциялық жолдардағы манёврлер тек бір ғана қызметкердің нұсқауымен - станция бойынша кезекшінің, манёврлік диспетчердің, сұрыптау дөңесін немесе паркі бойынша кезекшінің диспетчелік орталықтандыру мен жабдықталган телімдерде – поезд диспетчерінің нұсқауымен жүргізілуі тиіс.
Манёврдың жүргізу жылдамдығы төмендегі шаралардан жоғары болмауы тиіс.
-
60 км/сағ – бос жолдармен жеке локомотивтер немесе артынан қосылған және сынап тексерілген автотежегіштері бар вагондары тіркелген локомативтер жүріп өткенде.
-
40км/сағ – артына вагондары тіркелген локоматив қозғалысы кезінде, сондай-ақ жеке арнайы.
Өздігінен жүретін жылжымалы құрам бос жолдармен жүріп өткенде.
-
25км/сағ – вагондарды алда ұстап бос жолдармен қозғалыс кезінде сондай-ақ қалпына келтіру және өртсөндіргіш поездардың қозғалысы кезінде.
-
15 км/сағ – адамдар отырған вагондармен қозғалыс кезінде,сондай-ақ 4-ші, 5-ші және 6-шы дәрежелі және бүйірлік және төменгі габаритсіздігі бар габариттен тыс жүктермен қозғалыс кезінде
-
5км/сағ – түртіп істеу манёврлі кезінде, дөңес асты, паркінде вагон ағытпасының бақа ағытпаға таяған кезінде.
-
3км/сағ – локомативтің вагондарға таяған кезінде. Жылжымалы құрамның жылдамдығы таразының құрылымына байланысты станцияның техникалық жарлық актісінде белгіленеді.
Маневр жұмысына қолданылатын тепловоздың негізгі
техникалық мінездемесі


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген