Полиглот & тұрмыстық қалдықтарға екінші өмір сыйла

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Полиглот & тұрмыстық қалдықтарға екінші өмір сыйла

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты:Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін , есте сақтау қабілеттерін дамуына ықпал ету, өз бетінше ізденулеріне бағыт беру. Сабақтың барысы: Сайыскерлерімізді таныстырып,олардың әрқайсысына көңіл-күйлерін көтеру мақсатында мынадай сұрақтар қойылады: -сүйікті пәнің? -қандай кітаптарды оқығанды ұнатасың? -бүгінгі сайыстан не күтесің?
Материалдың қысқаша нұсқасы

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі















«Полиглот»

&

«Тұрмыстық қалдықтарға екінші өмір сыйла»



үйірме жұмыстары





«Жас ғалым» үйірмесінің жетекшісі: Рахманбергенова М.Б.



Үйірме жұмысының тақырыбы: «Полиглот» танымдық сайыс сабақ және «Тұрмыстық қалдықтарға екінші өмір сыйла» көрме жұмыстарының біріккен жұмысы

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар

(Жүсіп Баласағұн)

Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты:Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін , есте сақтау қабілеттерін дамуына ықпал  ету, өз бетінше ізденулеріне бағыт беру.

Сабақтың барысы:

Сайыскерлерімізді таныстырып,олардың әрқайсысына көңіл-күйлерін көтеру мақсатында мынадай сұрақтар қойылады:

-сүйікті пәнің?

-қандай кітаптарды оқығанды ұнатасың?

-бүгінгі сайыстан не күтесің?

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды ойын ережесімен таныстыру.

Ойын ережесі:

Ойын 5 турдан тұрады.

І кезең - «Таныстыру»

ІІкезең – «Тұрмыстық қалдықтарға екінші өмір сыйла» көрме жұмысы

ІІІкезең - «Ең, ең, ең...» сұрақ-жауап сайысы

ІV кезең - «Полиглот» жұмбақ шешу, жауабын үш тілде айту.

V кезең - «Сиқырлы конверт» логикалық сұрақтарға жауап беру

VІ кезең – «Бәйге»


1-кезең. Таныстыру.Қатысушылардың өзін-өзі таныстыруы ( аты-жөні, ұраны, сайысқа дайындығы, тобы). Жоғары ұпай- 5ұпай.


ІІ кезең.Көрме жұмысына әзірлеген бұйымдарын таныстырып өтеді.

Жұмыстың көркемдігіне қарай бағалау, жоғары ұпай- 5 ұпай.



IІІ кезең. «Ең, ең , ең...». Қатысушылар кезегімен кір жайғышта ілініп тұрған сұрақтарды алып жауап береді.

  1. Ең биік тау? Гималай (Джомолунгма, 8848 м)

  2. Әлемдегі ең тез өсетін шөп-Бамбук (күніне 1м өседі)

  3. Ең қиын балқитын металл? Вольфрам

  4. Әлемдегі ең ірі мұхит-Тынық мұхиты (179 млн км²)

  5. Әлемдегі ең кішкентай құс-Колибри (5 см)

  6. Ең үлкен арал? Гренландия

  7. Әлемдегі ең ұзын өзен ? Ніл

  8. Әлемдегі ең биік шың? Эверест

  9. Әлемдегі ең жылдам жануар ? Қабылан

  10. Ең сұйық метал ? сынап



ІІІ кезеңнің қорытындысы бойынша балы жоғары 6қатысушы келесі кезеңге жолдама алады.

IV кезең. «Полиглот» .Ұяшықтарды таңдайды. Келген сұраққа жауап беріп, үш тілде аудармасын береді (әр жауап 10 ұпайдан, толық жауап берсе 30ұпайды қанжығасына байлайды. Қатысушы жауап бере алмаса ,қарсыластарға мүмкіндік береді.

  1. Құрғақ жерде сақтайсың,
    Онсыз тамақ татпайсың.

Жауабы: Тұз- sald-соль

  1. Көк ала шапан киеді, күннің көзін сүйеді?

Жауабы: қарбыз- watermelon-арбуз

  1. Сатайын десем ауыр кілем,
    Сатпайын десем тәуір кілем.
    Жауабы:Жер-land-земля

  2. Жылт-жылт еткен,
    Жырадан өткен.

Жауабы: Су-water-вода

  1. Өзім газбын, менімен демаласың, жоқ болсам ауа жетпей қиналасың. Жауабы:оттек-кислород-oxigen

  2. Тұрғыны жоқ елдер,Үйі жоқ қалалар,Ағашы жоқ ормандар,Суы жоқ теңіздер Жауабы: карта- map


IV кезең бойынша қорытынды балы шығарылады, балы жоғары 3 қатысушы сайысты жалғастырады.


V кезең. «Сиқырлы конверт». Конверт ішіндегі логикалық сұрақтар оқылып, жауап береді. Дұрыс жауап – 10ұпай.

  1. Бала аяғы жоқ тоғыз, басы жоқ алты, ортан белі жоқ сегіз балық ұстады.Барлығы нешеу?( ондай балық жоқ)

  2. Жерден нені көтеру оңай, ал алысқа лақтыру қиын?(мақта)

  3. Нені сол қолмен ұстап, ал оң қолмен ұстауға болмайды?(оң қолдың шынтағын)

V кезең қорытындысы бойынша, балы жоғары 2 қатысушы ойынды жалғастырады.

VI кезең. «Бәйге» . Бұл кезеңнің шарты бойынша екі қатысушы ортаға шығып 1 минутта жылдам әрі дұрыс жауап берулері шарт.


І ойыншыға қойылатын сұрақтар:


  1. Заттың бөлінбейтін ең кішкентай бөлшегі?

( атом)

  1. Коррозияға бейім метал?

(темір)

  1. Тіс дәрігері ?

( стоматолог)

  1. Ұйқы безінен бөлінетін гормон?

( Инсулин)

  1. Алмада болатын химиялық элемент?

(темір)

  1. Иод тапшылығынан болатын ауру?

(Зоб)

  1. Қазақстанның ең биік нүктесі?

(Хан тәңірі)

  1. Жердің шар тәрізді екендігін дәлелдеген кім?

(Фернан Магеллан)

  1. Жер бетінің ауа қабаты

(атмосфера)

  1. Дүние жүзіндегі ең терең шұңғыма

(Мариан).

ІІ ойыншыға қойылатын сұрақтар.

  1. Қазақстан жер көлемі жағынан нешінші орында?

( Тоғыз)

  1. Жердің сыртқы қатты қабығы

(литосфера).

  1. Термометрде қолданылатын  металл. 

(Сынап)

  1. Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кішкене бөлшегі? (Молекула)

  2. Жасушаны зерттейтін ғылым саласы

(цитология)

  1. «Ақ маржан» аталатын дәнді дақыл?

(күріш)

  1. Қай құста мүлде ұя болмайды?

(көкек)

  1. Адамның дене жасушаларындағы хромосома саны

(46)

  1. Қан беруші адам

(донор)

  1. Ең терең көл

(Байкал).




Қорытынды. Әділ қазылар алқасы ой түйіндейді.Ұпай сандарына қарай жеңімпаздар марапатталады.

Номинациялар:

  • «Жаратылыстану ғылымдары» үздігі –жеңімпазға

  • Ең шебер студент

  • Ең белсенді студент

  • Ең білімді студент

  • Ең алғыр студент

  • Ең ақылды студент

  • Ең білгір студент

  • Ең озық ойлы студент

  • Ең еңбекқор студент

  • Ең зейінді студент








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.01.2022
987
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі