400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Портфолио мектеп алды даярлық тобына

Материал туралы қысқаша түсінік
3-4 жастағы балаға мінездеме (жалпы) түсінік
Материалдың қысқаша нұсқасы



Shape2 Shape1

Портфолио

Жолғазықызы Айпара

305 топ



Shape3 Shape4




1.Тапсырма - 3-4 жастағы балаға мінездеме (жалпы)

3-4 жастағы балалар үлкендермен қарым-қатынас жасауға өте ықыласты болады. Әртүрлi сұрақтар қойып, өздерi бiлетiн ертегiлердi бар ынтасымен айтып бередi. Танымдық қызығушылығы белсендi болады. Үлкендермен қарым-қатынас жасау қажеттiлiгi қанағаттанбаған кезде, олардың арасында эмоционалдық жатырқаушылық пайда болады. Төрт жасқа қарай бала құрдасын ортақ iс-әрекетке қатысушы есебiнде қабылдайды.

3-4 жасар баланың өзiн-өзi бағалауы өте жоғары деңгейде болады. Бұл — бiреу оның тұлғалық қасиеттерiн дұрыс бағаламаған кездегi өз-өзiн қорғаудың «тұлғалық» механизмi болып табылады.

3 жас пен 4 жас аралығында баланың сенсорлық үдерiсiнiң — сезiну мен қабылдау түрлерi қалыптасады. Фонематикалық есту, түстi ажырату, көз қырағылығы, заттардың пiшiнiн ажырату қабiлеттерi жетiле түседi.

Балалар заттарды ұстап көрiп танудан, көзбен көру арқылы тануға көшедi. Жаңа заттарды қарап, көзбен көрiп танудан сипап-сезу, есту, иiскеп көру арқылы қабылдауға ауысады.

Сөз — 3-4 жастағы балалардың сенсорлық үдерiстерiн дамытуда жетекшi орын алады. Балалардың сөздiк қорын заттардың сынын, бiр-бiрiмен қарым-қатынасын бiлдiретiн, мазмұнды қабылдауын қалыптастыратын жаңа сөздермен байытады.

Қорытындылай келе бала кез келген адам сияқты өзінің шағын ғана бастамасын және бітірген жұмысының үлкендер тарапынан құптауды қолдауды, қажет етеді. Әрдайым балалардың эмоциялық көңіл күйіне ортақтасып, тілек білдіріп отыру қажет.



2.Тапсырма - Режимдік сәттер-күннің бірінші жартысы ортаңғы топқа-1,

Күннің екінші жартысы-1.







Күннің 2 жартысы

15:10-15:40. Ұйқы ашар жаттығулары.

Төсекте жатып жасайтын жаттығулар

Мысықтар оң жаққа өарап ұйықтап жатыр, ұйқы сұрап мияулап жатыр көздерін жұмып мяу мяу мяу.

Көзімізді ашып арқаға жатып тырнағымен тырналанып жатыр.

Төрт аяқтап тұрып мойынымызды жоғары созып мияулаймыз мяу мяу мяу.

Отырып башпайларымызды уқалаймыз, аяғымызды сипаймыз.

2 Майтабанның алдын алу.

Мысық сияқты аяқтын ұшымен шеңбермен жүру, екі аяқпен секіру ,жүру орнымызға қарай жүгіру.

Орындықта отырып оң аяғын сол аяғына қойып табандағы нүктелерге массаж жасау, аяқтарын ауыстыры табандағы нүктелерге массаж жасау.

3 Арқанын қалпын сақтауға арналған жаттығулар.

Ашулы мысық тізеге тұрып қолымызды санымызға қою басымызды төмен қаратып арқамызды жоғары көтеру. 10 сек

Мейрімді мысық тізеге тұрып қолымызды санымызға қою басымызды жоғары созу, белімізді созу .

4 Демалу жаттығулары

Мяууу мяууу мяуууу

Фррр фрррр фрррр

15:40-16:00.Түстен кейінгі ас

Ең алдымен үстел үсті мәдениетін сақтайық ия балалар.

Ас ішерде күнде біз

Сөйлемейміз күлмейміз

Астан басқа өзгені

Елемейміз, білмейміз.

Жарайсыңдар балалар қане,енді балалар сендерде бүгін печенье мен сүт берілген екен, қане тамақтан алайық.

Астарың дәмді болсын-приятного аппетита-boon appetite.

16:00-16:15 Серуенге дайындық

Балаларды далаға шығаруға дайындау.Жылы киімдерін кигізіп сапқа тұрғызып қауіпсіздік ережесімен таныстыру Серуенге қызығушылықтарын туғызу; балалармен жеке әңгімелесу; серуенге ойын материалдарын таңдау; серуенде балаларды әрекет етуге ынталандыру..

16:15-17:25.Түскі серуен.

Балалар қараңдаршы күн қандай керемет ия.Олай болса балалар бүгінгі серуеде біз ойын ойнайық.Келістікқой, жарайсыңдар!!!

Мақсаты:Балаларды ептілікке, жылдамдыққа, ажыратуға баулу.

Ойын мазмұны: Балалар бірі « Күн» , екіншісі « Түн» тобы болып екіге бөлінеді. Олардың бір-бірінен бөлек, өз үйлері болады. Тәрбиешінің көрсетуі бойынша екі команда да жаттығулар жасап тұрады. Тәрбиеші « Күн» деп белгі берген кезде, сол топтың балалары үйіне жеткізбей қуып жетулері керек. Қолға түскен балалар қуушылар қатарына қосылады. Сөйтіп, ойын осылайша алма-кезек жүріп отырады. Көп бала ұстаған команда жеңіске жетеді.

17:25-17:40 Серуеннен оралу М.Г.Д. Қалыптастыру

Балалардың киімдерін шешуі, гигиеналық шараларды ұйымдастыру.

Сылдыр су,сылдыр су

Бетімді жу.

Сылдыр су ,сылдыр су

Қолымды жу.

17:40-18:10 Кешкі ас

Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулуы бойынша жеке жұмыс әдеп ережесі мен таныстыру.

18:10-18:45 Ойындар,өзіндік әрекет ,балаларға дидактикалық ойындар ойнату

«Дұрыс па, бұрыс па»

Бұл ойын сөздік қорды, зейінді дамытады. Сіз бірнеше затты атау керексіз, ал бала сіз шын айттыңызба , әлде жоқ па екенін анықтау керек. Мысалы, сіз:

· - саптаяқ және қасық – ыдыстар.

· - Бала: иә, дұрыс олар ыдыстар.

Басқаша нұсқасы: Сіз:

· -Ит пен мысық – олар құстар.

· -Жоқ, сіздікі бұрыс, ит пен мысық олар үй жануарлары.

Сіздің міндетіңіз баланы толық, ашық жауап беруге үйрету. Сөйтіп баланың сөздік қоры молаяды. Сонымен қатар, көп заттардың атауларын біліп алады



3.Тапсырма (Ұйымдастырылған оқу іс әрекетін жоспарлау-техкарта-1сөйлеуді дамыту ортаңғы топқа)

Тақрыбы: Менің отбасым

Мақсаты: 1.Балаларға отбасы және отбасы мүшелері туралы түсінік беру.

2.Сөйлем құрап айтуға, дыбыстарды анық, таза жеткізе білуге дағдыландыру.

3. Отбасында үлкендерді сыйлап, кішілерге қамқор болу сияқты әдептілік қағидаларын сақтай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: корсету, түсіндіру, сұрақ, жауап, әңгімелесу.

Көрнекіліктер: отбасы мүшелерінің суреттері, текшелер, үлестірмелі суреттер.

Әрекеттердің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық кезең

Шаттық шеңберін құру.

Ә.Қонарбаевтың «Бала, бала, балақан» әні орындалады.

Балалар шаттық шеңберінде өлеңді қайталап, оның мазмұнына сәйкес қыймыл-қозғалыспен жасайды.

Ұйымдастыру-щылық

Қозғаушылық

1.Әңгіме жүргізу.

-Балалар, біздің шаттық шеңберіміз неге ұқсайды?

-Иә, біздің шаттық шеңберіміз киіз үйге ұқсайды. Жоғарыдағы күмбез шаңырақ деп аталады. Шаңырақ-отбасының белгісі. Әр адам, үлкен болсын, кіші болсын өз үйін жақсы көреді, себебі ол үйде оның отбасы тұрады. Отбасы дегеніміз бір үйде тұратын адамдар тобы.Отбасы мүшелері: әке, ана және олардың балалары.Отбасының болуы- үлкен бақыт.Барлығымыз бірге қайталайық.

Отбасы – ол бақыт,

Отбасы – ол ата-анаң,

Отбасы – туыстарымыз,

Отбасы – ол шаңырақ.

– Әр адамның өз үйі болады. Онда оның отбасы мүшелері тұрады.

Олар: ата, апа, әке, ана, әпке, аға, іні, қарындас т.б.

2. Сергіту сәті: Е.Өтетілеуұлының «Бес саусақ» өлеңімен

орындалады.

3. Суреттпен жұмыс. Отбасы бейнеленген суреттен оныңмүшелерін айтқызу.

– Мына отбасында ат, әже бар екен, балалар, тағы кім бар екен ?


– Төрде кім отыр?

– Дұрыс айтасыңдар. Атаның оң жағында әже шай ішіп отыр.

– Шайды кім құйып беріп отыр?

– Барлығымыздың үйімізде анамыз, әкеміз, атамызбен әжеміз бар гой?


4. Үлестірмелі материялмен жұмыс. «Менің отбасым» Берілген суреттің ішінен (анасын) отбасы мүшелерін табу.

– Отбасы мүшелерін сыйлау керек. Үлкеннен бұрын сойлемейміз.

Жол береміз.

Үлкенге ізет, кішіге қамқорлық корсетеміз.


5. Ойын: Кім тез табады?

Шарты: текшеде отбасы мүшелерінің суреті корсетілген.

Балалар жауап беруге тырысады.



Балалар бірге қайталайды.



Мазмұна сәйкес қыймылдар жасайды.

Балалар бірге қайталайды.




Саусақтарды көрсетіп айтады


– Анасы, әкесі, аға, апасы бар екен.

– Отбасы мүшелері жыйналып шай ішіп отыр.

– Ата отыр.



– Анасы шай құйып беріп отыр

Балалар педагогтің көмегімен бірге орындайды.

Балалар өз ойларын айтады.

Балар бірге қайталап айтады.

Балалар текшеде бейнеленген отбасы мүшелерін жылдам айтады.

Рефлексиялық

Түзетушілік

6. Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу

іс-әрекетінде оқып, үйренгендерін пысықтайды.

Отбасы және оның мүшелері туралы әі\ңгімелейді.

Күтілген нәтиже:

отбасы мүшелерінің туысқандақ қарым-қатынасын түсініп, бір-біріне ұамқор болу керектігін біледі;

отбасы мүшелерінің арасындағы әдептілік дағдыларын және өзіндік тиесілі міндеттерін игереді;

отбасындағы адамгершілік, әдептілік нормпларын сақтай беруді меңгереді.



4.Тапсырма - Серуенді ұйымдастыру-1

Ортаңғы топ


Жұмбақтар

Жазда сылдыр қағады, қыста тыным табады. (Өзен)

Бет көрсететін айнам, тауып алдым сайдан. (Ағын су)


Бақылау:

Өзенде болатын маусымдық өзгерістерді бақылап және атап берулерін қадағалау: су күңгірттенді, суда жүзетін құстар жоқ, балықтар мен бақалар су түбінде. Өзен – табиғаттың негізгі ресурсы екендігін және оның сұлулығын қарап, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Тәжірибе. Суға ұсақ тастар мен жаңғақтарды лақтыру.

Қорытынды. Ауыр заттар батып, жеңілі су бетіне шығады.


Қимылы ойын:«Жылға арқылы»

Екі түзу сызықтан қос аяқтап секіруді қалыптастыру. Сабақ барысында үйренген әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануға үйрету.


Еңбек: «Аквариум үшін жағадан ұсақ тастар жинап теру»

Тапсырманының маңыздылығына мән беру, Аквариумдағы балықтардың өмірі туралы көзқарастарын кеңейту.


Өз бетімен ойындар:

Ойынның барысы мен ережесін өз бетімен ойлап табуға үйрету; шығармашылық қабілеттерін дамыту.



Picture 4





5.Тапсырма - Кимыл-қозғалыс ойындар ортаңғы топқа-5

«Қақпан»
Шарты: Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ аз да екінші топ коп. Аз топ қақпан, көбі - тышқандар болады. Қақпандағы балалар бір - бірінің қолдарынан ұстап жүреді. Тышқандар қашып ұстатпайды. Тәрбиешінің белгісімен қақпандағы балалар қолдарын ұстап тұрады да, тышқандар шеңбер арқылы жүгіріп өтеді. Сонда тәрбиешінің белгісімен «жап» дегенде балалар қақпанды жауып қалады. Осылай тышқандарды ұстап болған соң, орындары ауысады.

«Жануарлар»
Шарты: Алаңда тәрбиешінің белгісімен балалар жан - жаққа жүгіреді. Тәрбиеші «Жануарға айналыңдар» - дегенде балалар тоқтап, бір - бір жануарды көрсетіп тұрады. Тәрбиеші алдын ала балаға өзі жануарды таңдау керектігін ескерту керек. Ойынды 3 - 4 рет қайталауға болады.

«Жапалақ»
Шарты: Бөлменің бұрышында жапалақ (жүргізуші) отырады. Қалған балалар тышқан мен шымшықтар болады. Күндіз бәрі жүгіріп жүреді. Тәрбиеші «Түнде» дегенде олар қозғалмай отыруы керек. Түнде жапалақ аң аулауға шығады. Егер кім қозғалса, соны жапалақ ұстап ұясына тасиды. Келесі жолы басқа жапалақты таңдап, ойын жалғасады.
«Маймыл мен жолбарыс»
Шарты: Бұл ойындары көбінесе сатылары бар спорт бар алаңында ойнатса өте тиімді. Біреуі жолбарыс болып, қалғандары маймыл болып банан теруге ағашқа шығады. Жолбарыс келіп маймылдарды қуалайды, ұстаса өз үңгіріне тасиды.

«Дұрыс көзде»
Шарты: Балалар шеңбер болып турады. Әрқайсысында бір - бір асық. Ортада жәшік тұрады. Бала мен жәшіктің арасы метрден аспауы керек. Берілген сигнал бойынша балалар бірден жәшікке асықтарды лақтырады. Бәрі лақтырып біткен соң, асықты алып қайтадан ойынды қайталауға болады. Егер асық шеңберге түспесе де балалар асықты алып, шеңберге тұрады.

«Диагностикалық орталықта»
Мақсаты: Аурухана туралы түсініктерін кеңейте білу, ауруханаға қажетті заттарды атап білуге үйрету. Балаларды мейірімділікке, жанашырлыққа тәрбиелеу.


6.Тапсырма – Балаларға мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыруға арналған тәрбиешінің көркем сөздерін жинақтау.

1.Сылдыр – сылдыр , сылдыр су,

Сылдыр суға бетіңді жу.

Жуынсаң сен әрдайым .

Аппақ бетің маңдайың.

2.Су-тіршіліу білесіңдер ,

Судан ырыс күткен жер ,

Суды лайлап түкірме!

Деп айтады үлкендер.

3.Сырттан келіп үнемі,

Сабынмен қол жуамыз,
Таза болды мұнтаздай,
Тағамға қол созамыз.

4.Су патшасы – мұрап,
Түн патшасы – шырақ.

5.Су - ырыстың көзі,
Еңбек кірістің көзі.
6.Алпыс күн тасыған су,
Алты күнде қайтар.
7.Судың да сұрауы бар.
8.Су жетпейін демейді, жар жеткізбейді,
Ер жетпейін демейді, мал жеткізбейді.
9.Суға кеткен тал қармайды.

7.Тапсырма - Ортаңғы топқа ата-аналар жиналысы-хаттама-1

Ата-аналар жиналысының хаттамасы.

Тақырыбы: «Балабақша-үйіміз!»

Барлық балалар саны: 37

Қатысу керек -37 ата-ана

Қатысқан ___ ата-ана

Күн тәртібі

1. Балабақша- үйіміз

2. 2019-2020- оқу жылының қорытындысы.(Индикатор)

3. Әр түрлі мәселелер


Балабақша- үйіміз

«Бала естігенін айтады, көргенін істейді» - деп қазақ халқы бекер айтпаған. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор. Кішкентай сәбилеріміз ата - анасының, тәрбиешісінің, достарының мінезінен, жүріс - тұрысынан, сөйлеген сөзінен, істеген ісінен үлгі алуға тырысады. Бала бойына адамгершілік қасиеттерді ойын, салт - дәстүр, мақал - мәтелдер, ертегілер, жұмбақтар, айтыс өлеңдер арқылы сіңіру ата - ана мен тәрбиешілердің басты міндеті.
Ертегінің тәрбиелік мәні зор. Ол сәбидің қиялына қанат бітіріп, бойындағы игі қасиеттердің қалыптасуына жол бастайды. Мысалы «Шалқан» ертегісін тыңдап болған соң, балалар шалқанды көптің көмегімен жұлып алғанын білді. Ал, «Ақмышым» ертегісін тыңдап болып, кішкентай бүлдіршіндер қамқорлық, мейірімділік сезімдерімен танысты.


Қазақ халқы баланы жастайынан жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла, жолын кеспе» деген ұлағатты, тыйым сөздердің мәні зор. Бала бойына кішіпейілділік, сыпайылық, сыйластық сияқты қасиеттерді сіңіре білсек, адамгершілік тәрбиесінің жемісіне бөленетініміз анық!
Баланың ой - өрісі – білім мен қоршаған дүниені тануға қызығушылығы, талаптанушылық, рухани байлығының бейнесі.

Баланың ой - өрісі көбіне жанұя жағдайымен, ата – ананың ықпалымен қамқорлық етуіне байланысты рухани дамып отырады.

Сәбимен алғаш тіл қатып, қарым – қатынас жасаудың өзі де оны әр түрлі әсерлерге бөлейді. Балаға неғұрлым көңілді көп аударып, онымен әңгімелессе,айналасындағы заттармен, құбылыстармен таныстырса, соғұрлым оның құмарлығы артып, көп білгісі келеді.

Бала балабақшадағы білім беру салалары бойынша жасалған ұйымдастыру іс - әрекетіндегі жасаған жұмыстарын жеке де көрген, білгендерін, үйренгендерін ата – аналарына көрсетуге, айтуға, жеткізуге асығады. Тәрбиеші балаға көптеген қызықты заттар мен істерді таныстырады. Олар балаға әр түрлі ағаштардың жапырақтарын кептіруді, гүл өсіруді, табиғи материалдарды жинауды да көптеген нәрселерді үйретеді.

2. 2019-2020- оқу жылының қорытындысы.(Индикатор)

Жыл бойы жасалған жұмыстар. Туралы әңгіме. Балалардың дамуын диаграмма арқылы көрсету. Өткен жылмен салыстыру. Слайд арқылы айтып түсіндіру.

3. Әр түрлі мәселелер.

Жиналыс барысында басқа да мәселелер айтылды. Тамақтың төлем ақысын уақытыында төлеу, балабақшаға кешікпей келу, берілген тапсырмаларды уақытында орындау. Балабақшамен қоштасу кешін ұйымдастыру. Даланы безендіру гүлдер егу жайлы мәселерлер қозғалып шешім қабылданды.

Жиналыстың шешімі:

1.Ата-аналар мен тәрбиешілер арасындағы қарым-қатынасты тығыз сақтау

2. Балаларға біріге отырып саналы тәрбие мен сапалы білім беру.

3. Балабақша ережелерін сақтау

4. Даланы безендіру гүлдер егу жайлы шешім қабылданды.

5. Ата-аналар комитетінің жұмысын бағалау.



8.Тапсырма - Ата-аналарға жаднама-1





9.Тапсырма - Ұйымдастырылған оқу іс әрекетін жоспарлау-техкарта-1-математикада ортаңғы топқа

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекет түрі: Математика

Тақырыбы: Заттардың қасиеті

Мақсаты:

1. Балаларға заттардың қасиеті туралы түсініктерін бекіту.

2. Балалардың даму деңгейін, пішін және түс туралы түсінігін анықтау, заттардың қасиеттері туралы түсінігін дамыту.

3. Ұқыптылыққа, бір – бірін тыңдауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекілік: әліппе-дәптер, шартты белгілер, түстер әлемі, пішіндер.

Әдіс –тәсілдер:түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Оқу іс - әрекетінің кезеңдері

Педагогтың іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық


Шаттық шеңбері

Қайырлы таң көк аспан!

Қайырлы таң алтын күн!

Қайырлы таң жан досым!

Міне, менің қолым.

Балалар шаттық шеңберіне тұрады, қайталап айтады.

Ұйымдастыру-

шылық

ізденістік


1. Заттардың өлшемі



2 .Тапсырмаларды орындау.

№1 Үстел үстінде үлкен қарбыз, үлкен сопақ және кішкентай домалақ қауын, орташа көді, қияр, алма, қараөрік, алмұрт, қызанақ бейнеленген. Осы заттарды түс, өлшем, пішіндеріне қарай топтастыру.

№2 Ненің өзгергеніне бақылау жүргізу керек. Әрбір жағдайда өлшем, түс, сан өзгеруі мүмкін. Мәселен, сол жақта үлкен қызыл алма, оның оң жағында кішкентай сары алма бейнеленген. Үлестірмелі материалдардың белгілерін қолдануға болады. Балалар түс, өлшем, пішінді білдіретін шартты белгілері бар карточканы таңдауы керек. Бұл - балалар қағаз жапсырмалармен (наклейка) алғаш кездесетін тапсырма.

3. Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Биік болып өседі.

№3 Әр бөлімдегі заттарға қандай қасиеттер тән, оларды топқа бөлу.

Дидактикалық ойын: «Кім тапқыр?»

Шарты: ұзындықтары бірдей, бірақ көлемдері әр түрлі ленталар беріледі. (жуан, жіңішке) Жылдам топтастыру қажет.

№4 Жуан қарындаштарды қораппен, ал жіңішкелерін стақанмен біріктіреді.

Заттардың өлшемі әр түрлі болатынын біледі.





№1 тапсырманы ауызша орындайды, түс, өлшем, пішіндеріне қарай топтастырады.


№2 Ненің өзгергеніне бақылау жасай отырып, жапсыру бетінен тиісті шартты белгілерді алып келеді.







Қимылмен келтіреді




№3 Топқа бөле отырып, түс, пішін, өлшемдерін айтады.


Жуан, жіңішке ленталарды атайды, көрсетеді.


№4 тапсырмада сызықтар арқылы біріктіреді.


Рефлексиялық

түзетушілік

-Заттарды қалай топтастырдық?

-Түс, пішін, өлшем деген не?

Балалар сұрақтарға жауап береді

1.Біледі: әрбір жағдайда өлшем, түс, сан өзгеруі мүмкін екенін.

2.Игереді: заттардың өзіне тән қасиеттері барын.

3.Меңгереді: пішіндері бірдей, өлшемдері әр түрлі, түстері әр түрлі немесе бірдейді






10.Тапсырма - Сауықтыру-шынықтыру шаралар:ортопедиялық,саусақ,кинезиологиялық жаттығулар-5


I. Төсек үсті жаттығулары.
Ұйқы ашар жаттығуларын жасауға қызығушылығын арттыру, қимылдық іскерліктерін жақсартуға тырысу, оларды дұрыс және дәл орындай білуге үйрету. Балалардың жалпы физиологиялық жетілуін жақсарту, қимыл қозғалыс арқылы биологиялық қажеттілігін қанағаттандыру, жағымды эмоцияналды көңіл күй ортасын жасау.
1. Велосипед жаттығуы. Қол мен аяқты жоғары көтеріп. аяқты кезекпен сермеу.
2. Қайық жаттығуы. Ішпен жату, қолдар иектің астында. Жоғары тартылып, еңкею, тербелу.
3. Ауыр тастар көтеру. Алақанды жұмып, қолды жартылай көтеріп - түсіру
4. Шаңғы жаттығуы. 2 аяқты тізеге бүгіп, кезекпен созып - жинау. Табанды төсек үстіне үйкеу.
5. Ашулы мысық. Тіземен тұрып, белді бүкірейтіп, басты төмен түсіру.
6. Мейірімді мысық. Белді бүгіп, басты жоғары көтеру.

II. Жалпы дене жаттығулары.
Жалпы денеге арналған жаттығу - балалардың денсаулығын нығайтып, дене бітімін жақсы қалыптастырады.
1) Арқаға арналған «Ауа - райы» жаттығуы. Балалар бірінің артына бірі тұрып, алдыңғы тұрған балаланың арқасына әт түрлі массаждар жасайды.
2) Басқа және қолға арналған массажды қолғаптармен жасалатын жаттығулар
3) Мойынға арналған массажды жөкемен жаттығу

III. Алақан мен аяққа арналған жаттығулар.
Ұсақ саусақ маторикасын дамытуға және майтабанның алдын алуға зор әсер етеді.

1) Алақанға арналған «Кірпі» жаттығуы. Тікенек допты алақанға салып, айналдыру.
2) Табанға арналған жаттығу.
3) Бақайға арналған жаттығу

IV. Нүктелі массаж.
Суық тиюге және тұмауға қарсы жаттығулар жасау арқылы балалардың денсаулығын нығайту, дене сымбатын жетілдіру, қимыл - қозғалыс дағдыларын дамыту.

А) Тамағымыз ауырмау үшін, қолымызбен тамағымызды жоғары - төмен уқалаймыз
Б) Түшкіріп, тұмауратпау үшін, нұсқаушы саусағымызбен танауымыздың екі жағын кезектеп үйкейміз.
В) Қолымызды маңдайымызға қойып уқалаймыз.
Г) Құлағымызда ауырмау үшін, нұсқаушы және ортаңғы саусағымызбен құлағымызды алдынан және артынан уқалаймыз.
Керемет балалар, бізге ешқандай суық тию кедергі болмайды (алақанын уқалау)

V. Тыныс алу жаттығулары
Тыныс алу жаттығулары өкпенің жұмысын жетілдіріп, қан айналымын жақсартады. (үрлеу әдісі)

VI. Кедір - бұдыр жолдармен жүріп отыр.
Табанға массаж - өте тиімді пайдалы денені шынықтырудың түрі. Бұл табан бөлігіндегі активті нүктелерге қалыптасу үшін керек, майтабанның алдын алу үшін пайдалы.

Құмды, тасты, сулы жерлермен жүріп өту. Әр түрлі кедергілері бар кілемшелерді басып жүру.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
10 қазан
1011
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі