400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Портрет (Адам келбетін бейнелеу)

Материал туралы қысқаша түсінік
портрет және оның түрлерімен таныстыруды жалғастыру, портрет салудағы графикалық дағдылар мен біліктерді қалыптастыру;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бейнелеу өнері Сабақ № 6 сынып


Тақырыбы: Портрет (Адам келбетін бейнелеу)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: портрет және оның түрлерімен таныстыруды

жалғастыру, портрет салудағы графикалық

дағдылар мен біліктерді қалыптастыру;

Дамытушылық: назар аудару және бақылағыштықты дамыту;

қоршаған ортаға эстетикалық қарым –

қатынасын қалыптастыру;

Тәрбиелік: қоршаған шындық пен өнерге эстетикалық

қарым - қатынастың және шығармашылық

мәдениетінің қалыптасуына ықпал ету;


 Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом, кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш және тағы басқа, «портрет салу» кестесі, слайд, портрет көшірмелері.


Сабақ барысы:


І. Ұйымдастыру

ІІ. Психологиялық сәт.

ІІІ. Тыныштық сәті «Демалу» (ролик-музыка) 3 мин

-Қане, балалар, бәріміз де көзімізді жұмып, өзімізді мектепте емес, ну орманда жүрміз деп елестетейік. Жан-жағымызда әр түрлі талдар, сол жақта ақ қайың, оң жақта шырша, емен, артымызда қарағай, шетен. Не деген керемет талдар! Елестеттік пе? Енді көзімізді ашып тыңдаймыз. Бұл сиқырлы орман, әр тал-жеке адам. Өзіне тән мінезі бар, өзіне тән келбеті бар. Біздер бүгін мейірімді сиқыршылармыз. Бәріміз бірігіп орманның сиқырын ашып көреміз. Олай болса, сендерге бірінші тапсырма адамның бейнесін бейнелейтін шығарма қалай аталады?

ІҮ. Ой қозғау. 1 мин

-Ендеше бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын мына көрмеге көңіл аударайық. Не байқадыңдар?

- Портрет

- Иә,балалар, портрет жанры туралы болмақ

Ү. Жұмбақ шешу. 1 мин

-Осы портрет жанры өздеріңе таныс тағы бір пәнде бар.Ол қандай пән деп ойлайсыздар?

-Дұрыс,ол әдебиет пәні.Әдебиет пәнінде адам бейнесін өлең жолдары арқылы және сөзбен суреттеу арқылы да беруге болады.

«Түкті қабақ жауып түскен көзіне

Тікенектей түк шығып тұр жүзіне

Қырлы мұрын,қырмызы ерін,қап-қара

Ұшқын шашып ойнап тұр көзіне.»

Бұл -өлеңмен берілген портрет.

Ал мынау сөзбен бейнеленген портрет.

«Хамит-ұзын бойлы, жауырынды, тіп-тік,сұр жігіт. Қырша мұрынды, шүңіректеу қара кер тобылғы көзді,қырқып жүретін сақалы,мұрты бар. Жасы 25-26 шамасында». Міне осы портретті кітап бетінен оқып-ақ көз алдымызға сол адамның бейнесін елестете аламыз.

ҮІ. Логикалық сұрақтар қою. 1 мин

А) Адам тұлғасын салу үшін нені білу керек және не істеу керек?

Ә) Портрет нені бейнелейді?

ҮІ. Жаңа сабақ. ДЖИГСО әдісі 5 мин

  1. топ.

Портрет – бұл адамды бейнелеу. Портретте адамның ұзына бойы, отырған қалпы немесе бет - пішіні ғана бейнеленуі мүмкін. Осы көріністің бәрі - портрет деп аталады. Яғни, жоғарыда айтылған портрет, орындалу тәсіліне қарай 2 түрге бөлінеді. Бір тұлғалы портрет және көп тұлғалы портрет.


  1. топ

Портрет кескін көлеміне қарай - бас(иықтан жоғары), кеуде, белге дейін, тізеге дейін, бойды тұтас қамтитын портрет деген түрлерге бөлінеді. Бұл жанр басқа жанрлардан бұрын пайда болды. Ежелгі Египет, Рим мүсіндік, мозайкалық портреттерінен бастау алады.


  1. топ

Портреттік кескіндер жанр бойынша да бөлінеді: мифологиялық – ертегілік және мифологиялық кейіпкерлердің кескіні, отбасылық портрет – отбасы мүшелерінің бейнесі, жанрлық портрет – портретте бейнелеушіні белгілі бір образда (мысалы, актрисаның портреті немесе шахтердің портретін және т. б.) беру, автпортрет – суретшінің өзін - өзі бейнелеуі.

4- топ

Адамды жай ғана бейнелеп қоймай, оны айнытпай беру оңай шаруа емес. Портретте бейнеленгелі отырған адамның мінез - құлқын көрсетіп, тұлғалық ерекшелігін беру маңызды.

ҮІІ. Сұрақ-жауп

1. портрет нені бейнелейді және неше түрге бөлінеді?

2. портрет жанры қашан пайда болды?

3. автопортрет дегеніміз не?

4. портрет салу негізгі маңыздылығы?


Композициялық орналасуына байланысты портрет 3 бөлінеді. 2 мин

1 Иық бөлігіне дейінгі портрет.

2 Бел бөлігіне дейінгі портрет.

3 Толық фигуралы портрет.

Осыған қосымша 4 қимыл-қозғалысқа арналған портрет.

5 Салтанатты портрет

6 Мінез-құлыққа арналған портрет.

7 Әзіл-сықаққа арналған портрет.

8 Топтасқан портрет»


ҮІІІ. Портретті салу жолдары: 5 мин
1. Бет кескінін доғалдау етіп саламыз, сосын оны көмекші сызықтар арқылы тігінен (симметрия осьімен) теңдей екі бөлікке бөлеміз. Барлық көмекші сызықтар оңай өшірілу үшін жай қарындашпен жай басып, жіңішке етіп сызу арқылы салынатынын түсіндіру.
2. Сосын бас пішінін көмекші сызықтармен көлденеңінен өзара шамалас үш бөлікке бөлеміз. Доғалдау етіп сызылған бас пішінінің жоғарғы бөлігі - маңдай, ортаңғы бөлігінде мұрын мен көз, құлақ, төменгі жағына ауыз бен иек түсіріледі.
3. Шашты салу кезінде шаш қою үлгісінің де өзіндік көлемі мен пішіні болатыны ескерілу керек.
4. Мойын мен иықты бейнелеуді аяқтап, киімін саламыз.
5. Портрет бояуын түсіреміз

ІХ. Сергіту. Дидактикалық ойын. 3 мин
1. Тақтада берілген шар тәрізді денеден күн және күн сәулесінің түрін әр - түрлі бейнеде көрсету. (жереби арқылы адамды бейнелеу)

Shape2 Shape1





Х. Портрет салу жоллдары туралы бейнетаспа корсету. «Девушка рисует карандашом» 5 мин

ХІ. Топпен жұмыс. Портрет салу 3 мин

(Дайын сызба арқылы)

ХІІ. Үйге тапсырма:

  1. Автопортрет салу. 1 мин

2. «Портрет» тақпағын жаттау.

ХІІІ. Рефлексия


Мен жетістікке жеттім


Түсінікті болды


Әліде үйренерім бар

Сабақ қиындау болды


ХІҮ. Бағалау парағы:

Оқушыларды бағалау. 1 мин
Бағалау парағы

Т.А

Жұмбақ шешу

Логикалық сұрақ

Жаңа сабақ

Дидактикалық ойын

Портрет салу

балл

Баға








































































Есіл қалақық № 3 орта мектебі



Бейнелеу өнері

Ашық сабақ


Тақырыбы:

«Портрет (Адам келбетін бейнелеу)»




6 сынып





Өткізген Бейнелеу өнері және сызу пәні

мұғалімі Бекжанов А.К.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
1093
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі