400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

"Портрет" бейнелеу өнері жаныры

Материал туралы қысқаша түсінік
Бейнелеу өнерінің түрлерімен оқушыларды жүйелі түрде таныстыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Пәні: Бейнелеу өнері

Сабақтың тақырыбы: Портрет.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің жанрларымен оқушыларды жүйелі

түрде таныстыру.

ә) Дамытушылық: Адам тұлғасын бейнелеудегі әдіс-тәсілдерді

меңгерту.

б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты

түсіне білу.

Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, акварель бояуы, қылқалам және тағы басқа.

Сабақтың барысы:

Егер суретте адам бейнеленсе, ол жанр ПОРТРЕТ деп аталады.

Қазақтың белгілі суретшісі Ү. Әжиев көптеген тамаша портреттердің авторы. Соның бірі - өздерің тамашалап отырған «Қазақ мадоннасы» туындысы. Туындыда суретші сәбиін алдына алып отырған ой үстіндегі әдемі ана бейнесін ашық бояу түстерімен бере білген. Суретші тындылары бояуларының таза қанықтылығымен ерекшеленеді.


Ә лемдегі ең танымал әрі таңғажайып туынды «Жоконда» портреті. Оны салған итальяндық суретші Леонардо да Винчи. Жоконданы» Париждегі әйгілі Лувр музейінен тамашалауға болады.

Оқушыларға көрнекіліктерді көрсете отырып, адам денесінің әрбір жеке бөліктеріне – бас, аяқ-қолға тоқталып, олардың атқаратын қызметін де айтып өтемін. Сондай-ақ адамның бет-әлпетін бейнелеуге толық тоқталамын. Тақтаға бір оқушыны шығарып, адамныңбет-әлпетін, бастың төмен, жоғары, оңға, солға қарай бұрылуын, көрсету де пайдалы.

Адам бейнесін бейнелеу үшін көптеген жаттығулар, қарындаш арқылы сызу көп көмегін тигізеді. Адам тұлғасын портреттік бейнесін тақтаға сызып көрсетемін. Оқушылар оны қағаз бетінде орындайды. Содан кейін басты сопақтау етіп, домалақ пішінде, қарындашты қатты баспай сызып шығады. Қолдың ұзындығы да шамамен сызықтар арқылы белгіленеді. Содан кейін штрих сызықтардың көмегімен адам тұлғасының бейнесі айқындалады. Айқындау штрих сызықтарды әр түрлі бағыттарда пайдалану арқылы іске асырылады.

Адам тұлғасының портретін бейнелеу қарындаш, акварель, гуашь бояуы арқылы орындалады. Өткен сыныптағы гризайль, яғни бір түсті бояумен орындау тәсілі адам тұлғасының портретін бейнелеуде өте қолайлы тәсіл болып есептеледі. Сурет салу кезінде оқушыларға адам бейнесінің пропорциясын, қозғалыс қалпын дұрыс беруге көңіл аудартамын.

Үйге тапсырма беру: Адам тұлғасының портретін бейнелеу.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27 қараша
1066
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі