400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

"Портрет жанры. Қазақстандық суретшілердің шығармашылығындағы портрет" ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
Көркем еңбек пәні бойынша 9 сыныпқа арналған "Визуалды өнер" бөлімі, "Портрет жанры. Қазақстандық суретшілердің шығармашылығындағы портрет" тақырыбына ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің №36 мектеп-лицейі» КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Ещанова Гаухар Айдархановна

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Визуалды өнер

Сынып: 6


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы

Портрет жанры. Қазақстандық суретшілердің шығармашылығындағы портрет

Сабақтың негізделген оқу мақсаты

6.1.3.1-шығармашылық идеяларды іске асыру мақсатында ақпарат көздерін өз бетінше таңдап, қолдану (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану арқылы)

Сабақтың мақсаты

Ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану арқылы бейнелеу өнерінің портрет жанры мен Қазақстандық суретшілердің (портрет) туындыларын зерттеп, қарастырып, шығармашылық идеяларын іске асырады

Бағалау критерийлері

- портрет жанры туралы тереңірек біледі;

- Қазақстандық және әлемдік суретшілердің туындыларын зерттейді;

- ақпараттық – коммуникативтік технологияны қолданады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика және терминалогия:

Өнердің қайта өркендеуі, заманауи өнер, портрет, «портрет салу» кестесі, мүсін, пейзаж, натюрморт, дақ, көлем, форма, кеңістік, түс, сызық.

Диалогтар мен жазба жұмыстары үшін қажетті сөздер:

  • Сіздің ойыңызша суретші не үшін … материалдарды қоладанады?

  • Сіз сипаттап бере аласыз ба?

  • Бұл техника сізге не үшін ұнады?

  • Суретші жұмысы сізді не үшін қызықтырды?

  • Өз жұмысыңызды қалай жақсартар едіңіз?

Құндылықтарды дарыту

Құндылықтарды дарыту, зерттеу дағдылары Қазақстандық суретшілерді зерделеу арқылы жүзеге асады

Пәнаралық байланыс

Бейнелеу өнері, өнер тарихы

АКТ қолдану дағдылары

Оқушылар Қазақстандық суретшілердің жұмыстарын қарау үшін электронды ақпарат көздерін қолданады

Бастапқы білім


Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабақтарында «Бейнелеу өнерінің түрлері және жанрлары»

5-сыныпта көркем еңбек сабағында «Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары»

Әдебиет, адам бейнесін өлең жолдары арқылы және сөзбен суреттеу арқылы да портреттеп беруге болады.



Сабақтың жоспары

Сабақтың жоспарланған кезеңдері мен уақыт

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут








1 минут






2 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, зейінін шоғырландыру, топтастыру.

Психологиялық ахуал.

«Менің көңіл-күйім» жаттығуы.

Мақсаты: оқушы өз көңіл-күйін игере білуге, және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу.

Білім алушылар өз алдарында жатқан ақ қағазға өз көңіл-күйлерін білдіріп, суреттеп салады.

Топқа бөлу.

«Асық арқылы бөлу».

Шарты: - сыныптағы бала санына қарай екі түсті асық шашылады да, әр оқушы өзіне ұнаған түсті таңдап алып, ұқсас түс таңдаған оқушылар бір-бірін тауып, екі топ құрап отырады.

Жаңа тақырыпты ашу.

«Миға шабуыл» стратегиясы.

1 топ: Өлеңмен берілген портрет:

«Түкті қабақ жауып түскен көзіне

Тікенектей түк шығып тұр жүзіне

Қырлы мұрын,қырмызы ерін,қап-қара

Ұшқын шашып ойнап тұр көзіне.»

2 топ: Сөзбен бейнеленген портрет:

«Хамит-ұзын бойлы, жауырынды,тіп-тік, сұр жігіт. Қырша мұрынды, шүңіректеу қара кер тобылғы көзді, қырқып жүретін сақалы, мұрты бар. Жасы 25-26 шамасында».

- Оқушылар, осы жазуларды оқысақ, көз алдымызға кімнің бейнесін елестетеміз? (адамның)

- Адамның бейнесін бейнелейтін шығарма қалай аталады? (Портрет)

- Ендеше бүгінгі сабағымыз «Портрет жанры. Қазақстандық суретшілердің шығармашылығындағы портрет».

Сабақтың тақырыбы және мақсатын шығару.





Ақ қағаз, қарындаш, өшіргіш





екі түсті асық





өлеңмен және сөзбен бейнеленген портрет жазылған үлестірме қағаздар














Сабақтың ортасы

5 минут




10 минут

Жаңа тақырып.

«Кинометафора» әдісі.

"Өнер туындылары" видеосын көрсету. Оқушылар Қайта өрлеу дәуірінің суретшілері мен қоса қазіргі заман суретшілерінің жұмыстарымен таныса алады. Сонымен қатар Қазақстандық суретшілер туралы да мәлімет ала алады.

«Зерттеушілік конференциясы» әдісі

10 минуттың ішінде суреттер бойынша келесі тапсырмаларды ескере отырып зерттеу жұмыстарын жүргізеді

Оқушыларға түсті көшірмеден алынған суретшілер туындыларын тарату.

1 топ:

Портрет жанры.

Берілген суретшілер туындыларын анықтап қараңдар. Интернет желісін пайдаланып, тапсырманы орындаңдар.

Тапсырма:

• портрет дегеніміз не, онда нені бейнелейді? 

• мына портреттерді не біріктіреді?

• суреттердің бір-бірінен айырмашылығы неде?

• әйгілі суретшілердің адам тұлғасын бейнелеудегі шеберлігін ата?

Леонардо да Винчи Альбрехт Дюрер Пабло Пикассо

«Жаконда» «Автопортрет» «Үш музыкант»

Илья.Репин Валентин Серов. Луи-Мишель ван Лоо

«Артистка» «Княгина З.Н.Юсупова» «Людовик ХV»


Дискриптор:

- «портрет» сөзіне анықтама береді;

- туынды аттары мен авторларын табады;

- берілген портреттерді не біріктіретінін анықтайды;

- берілген портреттердің бір-бірінен айырмашылығын анықтайды.

- әйгілі суретшілердің адам тұлғасын бейнелеудегі шеберлігін айтады.


2 топ:

Қазақстандық суретшілердің шығармашылығындағы портрет

Берілген суретшілер туындыларын анықтап қараңдар. Интернет желісін пайдаланып, тапсырманы орындаңдар.

Тапсырма:

• қандай Қазақстандық суретшілерді білесіңдер?

• туынды қалай аталады және авторы кім?

• композициялық орналасуына байланысты портреттің қандай түрлері болады?

• портрет бейнесіне қарай қалай бөлінеді?


Дискриптор:

- Қазақстандық суретшілерді атайды;

- берілген туындыларды атайды және авторын табады;

• композициялық орналасуына байланысты портреттің түрлерін анықтайды;

• бейнесіне байланысты портреттің түрлерін анықтайды.


Қалыптастырушы бағалау парақшалары арқылы бағалау

Өнер туындыларының жанрлар бойынша түрлері. Өнердегі кілтті сөздер бағыты.

http://www.artalmaty.kz/gallery.php#102

http://www.wga.hu/frames-e.html?/html/h/heem/cornelis/vanitas.html

http://www.accessart.org.uk/tag/stilllife/




Сабақтың соңы


Рефлексия. «Анкета» әдісі.

1. Мен сабақта жұмыс… жасадым

2.Менің сабақта жасаған жұмысыма

3. Сабақ маған

4. Мен сабақта

5. Менің көңіл-күйім

6. Сабақтың материалы маған

1.белсенді / неғұрайлы


2.Көңілім толды / толмады


3.ұзақ / қысқа немесе тез

4.шаршамадым/шаршадым

5.жақсарды / төмендеді

6.түсінікті / түсініксіз

пайдалы / пайдасыз

Қызықты / қызықсыз


Анкета сұрақтары жазылған парақша

бойынша кері байланыс


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
6 қаңтар
1195
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі