Материалдар / Портрет нобайларын қарындашпен салу.«Гризайль» техникасында адам басының этюді
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Портрет нобайларын қарындашпен салу.«Гризайль» техникасында адам басының этюді

Материал туралы қысқаша түсінік
Портрет нобайларын қарындашпен салу.«Гризайль» техникасында адам басының этюді туралы жазылған колледж студенттерге және мектеп оқушыларына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қараша 2018
1156
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 10.04.2018ж

Пәні: Арнайы сурет және көркемдік графика

Тобы: 0506000 - «Шаштараз өнері және сәндік косметика»


Ашық сабақтың тақырыбы: Портрет нобайларын қарындашпен салу.«Гризайль» техникасында адам басының этюді

Сабақтың мақсаты:  Оқушылардың оқу қабілеттерін, білім - білік, таным ерекшеліктерін арттыру. Оқушының өз жетістіктерін өздеріне талдатып, өзіндік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру.

Білімділік: Портрет түрлерімен таныстыруды жалғастыру, портрет салудағы графикалық дағдылар мен біліктерді қалыптастыру;

Дамытушылық: Адам тұлғасын бейнелеудегі әдіс - тәсілдерді меңгерту.

Тәрбиелік: Оқушыларды қарындаш арқылы сурет салуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Практикалық жұмыс

Сабақ түрі: аукцион

Пәнаралық байланыс: сурет, кескіндеме графика

Сабақтың өтілу барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

- студенттерді түгендеу;

- студенттерді топқа бөлу;

-студенттерді “аукцион” ережесімен таныстыру;

-студенттерді өтілетін 4 тур туралы мәлімет беру;

Топ атаулары:

  • Пейзаж тобы;

  • Графика тобы;

  • Натюрморт тобы.

Ойын 4 турдан тұрады:

І тур - «Алғашқы капитал»

ІІ тур – «Зияткерлік сайысы»

ІІІ тур – «Шығармашылық кезең»

ІҮ тур – «Сыйлықтар аукционы»




І тур - «Алғашқы капитал»

Ережесі:

Үйге берілген тапсырма “аукцион” әдісі бойынша тексеріледі. Үйге берілген суретті тексеру ауызша талданады. Пысықтауға арналған сұрақтар қойылады. Әр қорғалған тапсырма 100 - 400 теңге аралығында бағаланады.

Эксперттерден І турдың қорытындысын сұраймыз.

Пейзаж тобы

Графика тобы

Натюрморт тобы





ІІ - турымыз «Зияткерлік сайысы» деп аталады. Бұл турда әр топқа сұрақ қойылады. Әр топқа 1 минут уақыт беріледі, сұрақ саны – 10. Әрбір дұрыс жауап құны – 100 теңге. Сұрақтың жауабын білмеген жағдайда «келесі» деп айту сұралады. Бірінші боп жоғары капитал жинаған топ бастайды.

І топқа қойылатын сұрақтар:

  1. Портреттің неше түрге бөлінеді? (2 түр)

  2. Гризайль түсінігіне анықтама беріңіз.( шығарманы қылқаламмен бір түсті қолдана отырып орындау техникасы )

  3. Адам склетінің негізгі бөліктерін ата. (Адам склеті негізінен 3 бөлікке бөлінеді  олар бас сүйегі, кеуде бөлігі және қол-аяқ сүйектері)

  4. Әр түрлі бояулармен салынған сурет (живопись)

  5. Қаламмен, тушпен салынатын сурет (графика)

  6. Адамның бет бейнесін бейнелеу (портрет)

  7. Бір немесе бірнеше заттардан құралған шығарма (натюрморт)

  8. Тас пен гипстен жасалған бейне ( мүсін)

  9. Түссіз бояулар (ақ, қара, сары)

  10. Күлгін қызыл мен сары түсті қоссаң қандай түс шығады ? (қызыл түс)

IІ топқа қойылатын сұрақтар:

  1. Адам склетінің негізгі тірегі-омыртқа діңгектерін ата. (Адам склетінің негізгі тірегі-омыртқа діңгегі 3 бөлікке бөлінеді. Мойын, кеуде бел омыртқалар.)

  2. Адам тұлғасын пропорциялағанда қалай өлшеуге болады? (Мөлшермен 8 бөлікке бөлінеді)

  3. Қалам, тушьпен салынған өнер не деп аталады? (графика)

  4. Белгілі бір адамның көркем бейнесі? (Портрет)

  5. Ә.Қастеев кім? (суретші)

  6. Үйлер мен ғимаратты қандай өнер түріне жатқызамыз? (сәулет өнері)

  7. Қандай суретшілерді білесіңдер? (Ә.Қастеев, Г.Ғалымбаева т.б.)

  8. Негізгі түстерді ата (қызыл, сары, көк)

  9. Гризайль түсінігіне анықтама беріңіз.( шығарманы қылқаламмен бір түсті қолдана отырып орындау техникасы )

  10. Адам склетінің негізгі бөліктерін ата. (Адам склеті негізінен 3 бөлікке бөлінеді  олар бас сүйегі, кеуде бөлігі және қол-аяқ сүйектері)

III топқа қойылатын сұрақтар:

  1. Көркем шығарманы құру, бейнені жазықтықта орналастыру әдісі? (Композиция)

  2. Заттарды бейнелейтін бейнелеу өнерінің жанры? (Натюрморт)

  3. Затың көркемдік үлгісін жасау (дизай.б.н)  Әр түрлі бояулармен салынған сурет (живопись)

  4. Қаламмен, тушпен салынатын сурет (графика)

  5. Адамның бет бейнесін бейнелеу (портрет)

  6. Тас пен гипстен жасалған бейне ( мүсін)

  7. Түссіз бояулар (ақ, қара, сары)

  8. Кез келген суреттің негізі неден тұрады? ызық)

  9. Портреттің неше түрге бөлінеді? (2 түр)

  10. Гризайль түсінігіне анықтама беріңіз.( шығарманы қылқаламмен бір түсті қолдана отырып орындау техникасы )


Эксперттерден ІІ турдың қорытындысын сұраймыз.

Пейзаж тобы

Графика тобы

Натюрморт тобы





III кезеңі. Шығармашылық кезең. . Әр топ өздерінің талантты және тату екендіктерін көрсетеді. «Портрет нобайларын қарындашпен салу.«Гризайль» техникасында адам басыньщ этюді» тақырыбы бойынша сурет салу кезеңдерін көрсетіңіз. Сурет салуға 15-минут уақыт беріледі. Кезеңдерімен салынған суреттерді көрсету арқылы тапсырма құны бағаланады. Тапсырма құны 100 – 1000 теңге аралығында бағаланады .

Эксперттерден ІІ турдың қорытындысын сұраймыз.

Пейзаж” тобы

Графика” тобы

Натюрморт” тобы





ІҮ тур – «Сыйлықтар аукционы». Енді біз ең қызықты соңғы тур «Сыйлықтар аукционына» көшеміз. Аукционға сыйлықтар қойылады. Жиналған ақша қорын сыйлықтарға айырбастай аласыздар. Жасырылған жұмбақтың жауабы дұрыс болса – сыйлық сіздікі. Бастапқы баға – 300 теңге. Ең жоғары баға – 7000 теңге. Кім жоғары баға ұсынады?

1. Тілі бар, үні жоқ,
Өзін адам түсінген.
Жүрегі бар да, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен. (кітап)

2. Он екі ақ парақ –
Он екі ақ қанат,
Жауабы әсем – ақ
Сызылған тақталап. (дәптер)

3. Ол - оқушы құралы,
Қатеңді түзетіп тұрады. (өшіргіш)

4. Тебеннің ұшы түйір,
Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр - шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді. (қалам)

5. Жоқ өзінде бас та,
Қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы
тұр бойында. (сызғыш)

6. Дүниеге тұмсызқсыз - ақ келеді,
Дегенменен тұмсығынан өледі. (қарындаш)

7. Күн - күн сайын
жыртылдық,
Өміріміз бір жылдық (күнтізбе)

8. Бірге барып класқа,
Бірге үйіне қайтады.
Оның бетін кім ашса,
Әр бағаңды айтады. (күнделік)



Үйге тапсырма беру: «Мен ұнатқан кейіпкер тақырыбына сурет салып келу.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!