400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Портрет .Портрет түрлері.

Материал туралы қысқаша түсінік
3 сынып Қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пәні Бейнелеу өнері

Уақыты: 11.03.2017

Сыныбы: 3 «Ә»

Сабақтың тақырыбы: Портрет .Портрет түрлері.

Сабақтың мақсаты: 
1. Білімділік: Оқушылардың сурет өнері арқылы ой-өрісін кеңейтіп, көркем өнерді түсіне білуге,және адамның бас бейнесін салу жолын үйрету. 
2. Дамытушылық: Бас сүйегінде бет мүшелерінің пропорцияларын анықтап, бет мүшелерін дұрыс салуға дағдыландыру. 
3. Тәрбиелік: Адам бейнесіне қарап оның көңіл күйін, мінез-құлығын зерттей білуге баулу. 

Көрнекілігі: слайд, суреттер.
Құрал-жабдықтар: Альбом, қарындаш, өшіргіш, акварель,су.
Сабақтың барысы: 

1. Ұйымдастыру кезеңі: 
2. Үй тапсырмасын тексеру: «Байқағыштық қабілетін дамытуға арналған тапсырмалар»

3. Жаңа сабақ түсіндіру 
4. Сурет салдыру 
5. Бағалау 
6. Үйге тапсырма беру. 


Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру. 

Үй тапсырмасын тексеру: «Байқағыштық қабілетін дамытуға арналған тапсырмалар» тексеру. 
Тексеру сұрақтары: Үй жұмыстарын аралап жүріп кемшіліктері мен жетістіктерін айта отырып бағалайды. 

Бұл картиналарды салғанда Куинджи күн мен түн аралығының қай кезеңдерін таңдап алған?

Бір күн ішінде аспан реңкі қалай өзгереді екен?
Осыған дейін өтілген бейнелеу өнерінің түрлері мен суретшілердің еңбектерін көрсету.

Жаңа сабақ: 

Бүгінгі сабағымыз портрет жанрына арналады. Төменгі сыныптарда бұл тақырыптарға көптеген суретте салған болатынбыз. Портрет ол адам бейнесін бейнелейтін суреттер, енді балалар өткенді қайталап өтейік: 
• Портреттер композициялық орналасуына байланысты неше түрге бөлінеді? (Иық бөлігіне дейінгі портреттер,беліне дейінгі,толық фигуралы портреттер). 
• Қосымша бөліну түрлерін ата (Қимыл-қозғалысқа, мінез-құлыққа, әзіл-сықаққа арналған, салтанатты, топтасқан портреттер,жұптасқан портрет,камералық портрет.автопортрет болып бөлінеді.) 
• Портрет жанры бейнелеу өнерінің қай түріне жатады? (кескіндеме, живопись). 
Портрет өнері бұдан мыңдаған жылдар бұрын дүниеге келгені белгілі. Адамның бірінші кескіндемелері бояумен салынбаған, ол Мысыр перғауындарының алапат тас мүсіндері еді. Мүсін мен сурет өнерінде адам дидарын бейнелеу ешқашан назардан тыс қалып көрген жоқ. Халық суретшісі Ә. Қастеевтен бастап бүгінгі жас суретшілерге дейінгі Қазақстан қылқалам шеберлері портрет жанрында да өзіндік қолтаңбаларымен көзге түсіп келеді. Мысалы Қазақстанның портреттік жанрға жұмыс жасаған суретшілері:Кенбаев, телжанов, Сахи Романов, Төленбаев, Аманжолов, Ғалымбаева т.б. 
Портрет салу оңай емес, ол үшін адам анатомиясын оқып үйренуде тамаша жетістіктерге жеткен қайта өрлеу дәуірінің ірі суретшісі Леонардо до Винчи болды. Осы кездегі аса ірі теоритик суретші Альбрехт Дюрер перспективалық кеңістіктің сурет салудағы маңызын зерттеді.Ол алғаш рет адам басының стильденген пішіндегі формасын жасап, басты салуды жеңілдетудің тамаша үлгісін жасады. Ол өзінің методикалық үлгісін жинақтай келіп, адам баласының порпорциялық жалпы конструкциясын ойлап тапты. 
Осы әдіс-тәсілдерді, қазіргі оқу орындарында қолданады. Басты салу натюрморты салғандай кезеңдермен өрбиді. 


1-кезең 
Бастың жалпы формасының нобайын қағаз бетіне орналастырамыз. Алдымен тік ортаңғы сызықты сызып, бастың биіктігін анықтап аламыз. 
Жұмыртқа тәрізді етіп жалпы формасын белгілеген соң, маңдай дөңесін анықтап, қалған бөлікті теңдей үшке бөлеміз. 
Ол сызықтар маңдай дөңесінен қасқа дейін, қастан мұрынның ұшына дейін, мұрынның ұшынан иектің астыңғы шеткі нүктесіне дейін бөлінеді. Маңдай дөңесінен төбеге дейінгі аралық осы өлшемдердің жартысына тең. 
Адам бас сүйегінің құрылысына, бұлшық еттердің орналасуына, анатомиялық заңдылығына назар аударып, беттің схемасын зерттеуге тиіспіз. Енді белгілі тәртіп бойынша адамның бас сүйегін бейнелеуге көшеміз. Көмекші сызық пайдалану арқылы оның сұлбасын қағаз бетіне түсіреміз. Содан кейін мұрын сүйегінің үстімен төмен қарай қақ жарып ортақ сызық жүргіземіз. Бас сүйектің бейнеленген сұлбасын көлденең сызықтар арқылы бірдей етіп үшке бөлеміз. Жоғары қас арқылы өткен сызық құлақтың жоғарғы жағымен жанасады, төменгі танаудың астымен жүргізілген көлденең сызық құлақтың астымен жанасады. Қысқасы адам басындағы осы өлшемдерді естен шығармау керек. Бастың негізгі мүшелері болып, көз, ауыз, мұрын саналады (1). Көз алмасының жалпы формасы шарға ұқсайды, ал көз шарасының пішіні төңкерілген призма, жиек сызықтары төртбұрыш пішіндес болады. Көз ортасымен ось сызығы өтеді. Ауызды (2) алдынан қарағанда параллелепипедке, ал қырынан қарағанда үшбұрышқа ұқсатуға болады. 
Ауыздың алғаш жобасын сызғанда сол геометриялық денелерге ұқсатып бейнелеуге тырысу керек. Мұрынның (3) жалпы формасы призма пішіндес болады. Мұрынның қыры ұзынша жазық келеді. Оның басталар тұсы тарылып, орта ені кеңейіп, ұшына келгенде домаланып, сүйірленіп бітеді. Құлақтың (4) жалпы пішіні жұмыртқа тәріздес болып келеді. 
Тақтаға осы кезеңдерді ретімен салып көрсетіп отырылады. Сабақты жақсы игеріп отырған оқушыларды мадақтап отыру керек. 
Үйге тапсырма: Жарық пен көлеңкесін көрсете отырып бет бөліктерінің суретін үйде аяқтап келу.





















































271 мектеп







Ашық сабақ





Пәні: Бейнелеу өнері

Пән мұғалімі: Серімбетова Г

Сыныбы: 3 «Ә»















2016-2017 ж







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
04.02.2019
1549
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі