400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Портрет сыры

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-әжеміздің шаңырағында төрде тамаша портрет ілулі тұр. Бұл кең иықты, кесек келбетті, қолына домбыра ұстаған үлкен кісі әкемнің нағашысы – Зейнолла Серікқалиұлы атамыз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Портрет сыры

Жаздай ауылда болдым. Ол-Құрманғазы ауданы. Бұл жерде әнұранның авторы, үлкен ақын Жұмекен Нәжімеденов, ардагер ақын Әбу Сәрсенбаев, ұлы күйшілер Құрманғазы, Дина т.б. тұлғалар туған. Ата-әжеміздің шаңырағында төрде тамаша портрет ілулі тұр. Бұл кең иықты, кесек келбетті, қолына домбыра ұстаған үлкен кісі әкемнің нағашысы – Зейнолла Серікқалиұлы атамыз. Анам портретті көрсетіп тұрып: «Ұғып алыңдар-Зейнолла аталарың қазақтың аса көрнекті сыншы-жазушысы болған. Мемлекеттік сыйлық алған, асқан білімді қайраткер. Сосын кітаптарын оқытып, одан әрі түсіндірем»,-деді. Портретті қолына алып, сыртындағы жазуды оқытты. Кезінде аяулы Рая әжемізге қазіргі біз сүйіп оқитын «Айгөлек» журналының бас редакторы Қымбат апайымыз сыйлаған екен. Біз одан әрі қуандық. Әжеміз – Зейнолла атамыздың туған қарындасы екен. Ұстаздық жолында ұлағатты ізі қалған кісі. Герой атамыз да Ішкі істер бөлімінде абыройлы қызмет еткен. Біз осындай елге сыйлы адамдардың ұрпағы болғандықтан, жақсы оқып, үлгілі, тәртіпті өсіп, ата-баба жолын қууды мақтан етеміз. Осы мақаламнан соң ауылға деген сағыныш басым болды. Қазіргі мен білім алып отырған қасиетті қара шаңырақ Абай мектебінде әжем ұстаздық қызмет атқарған. Абай атындағы жалпы орта мектепте білім алып қана қоймай ізденісті одан әрі жалғастырып көрмек болып, Зейнолла атам туралы зерттей бастадым. Түрлі естеліктер мен Зейнолла атамыз Майра апаймен телефон арқылы сөйлесіп көп мәлімет жинақтадым. Атамның ешкім біле бермейтін қырлары көп екен.

Бала жүректі, баба тілекті-тектіміз еді, демекші атамыз мінезге бай, салауат ұясындай дарқан табиғатындағы ешқандай табысқа, қошамет-құрметке желп ете бермейтін, бағы заманның алпамса биіндей, берекелі қалпынан бұлжымайтынына қарап жүрігіміз елжірейді. Мінезі бай болғанмен байлығы ұдайы «жалпақшешейліктен» тұрмайды-ғой... Мейірбандық атаулы үнемі жылы алақаннан ғана емес, жаны ашығаннан қатқыл сынға алудан да тұрады. Екінші сөзбен айтқанда әдебиет мәселесінде қисықтың тезін табатын еді. Қарымы кең, көреген сыншы әдебиетіміздің кедір-бұдырын тамыршыдай басып өткен. Тек әдебиет сыны үшін жаралғандай, қуат ауқымы үлкен сыншымыз шабыт үстінде ұлылы-кішілі бірталай жазушылардың кітаптарын көріп, әділ сынап отырған.

Құспанәлі Данияр

3 «А» сынып оқушысы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
865
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі