|
Оқу мақсаты:
|
6.1.1.1-Өзінің және басқа оқушының тәжірибесіне
сүйене отырып, қоршаған орта нысандарының визуалды сипаттамаларын
(композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдік) түсіну және білімін
көрсету
6.2.1.1-Өз
идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды
элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін анықтау, таңдау және
қолдану
|
|
Мақсаты:
|
Оқушылар қоршаған орта нысандарының көркемдік
сипаттамаларын (композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдік) өз
және өзге тәжірибелерге сүйене отырып сипаттайды және сол
сипаттамалар негізінде өз идеялары мен сезімдерін жеткізу үшін
визуалды элементтер мен көркем тәсілдерді таңдап,
қолданады.
|
|
Құндылықтарға баулу:
|
Еңбекқорлық пен кәсіби
біліктілік айы.
Оқушыларды кез келген
іс-әрекетте жауапкершілікпен, табандылықпен жұмыс істеуге
тәрбиелеу. Өз ісін шеберлікпен атқаруға ұмтылып, кәсіби дағдыларды
меңгеру арқылы өз болашағына сеніммен қарауға бағыттау.
|
|
Басталуы
3
минут
|
Ұйымдастыру
кезеңі.
Сәлемдесу. Оқушыларды
түгелдеу, құрал-жабдықтарды тексеру. Өткен сабаққа
шолу.
Психологиялық ахуал
қалыптастыроқушылардың көңіл-күйіне назар
аудару.
Миға
шабуыл:
1. Түстерді араластырып,
эксперимент жасап көріңдер.
2. Өз терілеріңнің түсіне
сәйкес келетін түстерді таңдаңдар.
|
Оқушылар мұғалімменамандасады.
Бір-біріне сәттілік тілейді. Бүгінгі көңіл-күйлерімен
бөліседі. Орындарынажайғасады.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
|
Қалыптастырушы
бағалау: мадақтау.
Жарайсыңдар!
|
Презентация.
|
|
Ортасы
35 минут
|
Жаңа білімді
меңгерту.
Акварель - арнайы бояулардың
көмегімен түстерді үйлестіріп, көркем түрде жеткізетін кескіндеме
тәсілі. Акварель кескіндеме мен графиканың ерекшеліктерін
тоғыстырады.
Акварельмен сурет салу Қытайда б. 3. ІІ ғасырында қағаз
пайда болғаннан бастап дами бастады. Ш. Уәлиханов этюд суреттерін
акварель бояумен салған, ғалымның портреттері мен пейзаждары ұлттық
өнеріміздің алтын қорына енген.
Ә. Қастеев пен Ә. Ысмайылов қазақтың тұңғыш
акварельші-суретшілері саналады. Ү. Әжиев, Т. Батанов, Н.
Крутильников және өзге де Қазақстан суретшілері осы техникамен
суретсалған.
?Акварель бояуымен жұмыс
істеудің қауіпсіздік ережелері
?1. Жұмыс
орнын дұрыс ұйымдастыру
-
Жұмыс орның жарық, желдетілген және
таза болуы керек.
-
Қағаз, су құятын ыдыс, бояу, қылқалам
және шүберекті ыңғайлы етіп орналастыр.
-
Суды құятын ыдысты үстелдің шетіне
қойма – төгіліп кетуі мүмкін.
?2.
Құрал-жабдықтармен қауіпсіз
жұмыс
-
Қылқаламды ауызға салуға немесе оны
иіскеуге болмайды.
-
Бояуды көзіңе, аузыңа тигізбе. Қолмен
жағуға болмайды.
-
Қылқаламды бояудан кейін міндетті
түрде сумен жу.
-
Қылқаламмен басқа оқушыны түртуге,
ойнауға болмайды.
?3. Сумен
және бояумен жұмыс
-
Суды тек бояуды араластыру үшін
пайдалан.
-
Егер су төгіліп кетсе — бірден
шүберекпен сүртіп, мұғалімге хабарла.
-
Артық бояу жақпа, қағаздың жыртылуына
немесе шашырауына себеп болады.
?4.
Мінез-құлық ережесі
-
Жұмыс кезінде тыныштық сақта, басқа
оқушыларға кедергі келтірме.
-
Орынсыз қозғалыс немесе қалжың
қауіпті жағдай туғызуы мүмкін.
-
Қарындас, бояу, қылқаламды бір-біріңе
абайлап беру қажет.
?5. Жұмыс
соңында
-
Қылқаламдарды жақсылап жуып, қыл
жағын жоғары қаратып кептіруге қой.
-
Бояуларды жабып, орнына қайтар.
-
Қолыңды сабындап жу.
-
Жұмыс орныңды таза күйде қалдыр.
?Ескерту: Егер бояу
теріге аллергия берсе, көзге немесе ауызға тисе — дереу мұғалімге
айту қажет.
Практикалық жұмыс:
1. Портретін салатын адамды
таңдаңдар.
2. Сызықтық нобай жасап алыңдар.
3. Оның мінезі мен көңіл күйін қандай
түстермен жеткізуге болатынын ойластырыңдар.
4. Акварельмен портрет салыңдар.
Дескрипторлар:
-
Таңдаған адамның бет пішінін дәл
бейнелеп, сызықтық нобайды дұрыс орындайды.
-
Мінезі мен көңіл күйіне сай
түстерді орынды таңдайды және оны жұмыста қолданады.
-
Акварель техникасын пайдаланып,
бояуды бірізділікпен және қабаттастырып қолданады.
Саралау
тәсілі:Қабілет бойынша саралау –
Оқушылардың деңгейіне қарай тапсырмалар әртүрлі күрделілікпен
беріледі (жеңілден күрделіге қарай).
|
Мұғалімнің ақпаратын оқушылар тыңдайды.
Gemini
https://gemini.google.com/app/
Оқушылар пратикалық жұмыс орындайды
|
|

|
|
Аяқталуы
5
минут
|
Үйге тапсырма:
Жаттығу жұмысын орындау
Рефлексия әдісі:
Бүгінгі сабақта қандай жаңа нәрсені
үйрендің?
Қандай тапсырма сен үшін ең қызықты болды?
Неліктен?
Қорытынды.
1. Картинада контраст не үшін
қолданылады?
2. Колорит дегеніміз не?
3. Портрет салу барысында пайдаланған негізгі түстерді
сипаттаңдар.
|
Үй
тапсырмасын нақытылап алады.
Тиімді кері бацланыс береді.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
|
Өте жақсы!
Жарайсыңдар!
|
.
|