400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Пошта байланысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Колледж оқытушыларына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқытушы:Рустемова Бибігүл Мырзашевна

Пән:қазақ тілі

Топ: ЖӨШ-2

Күні:

І. Сабақтың тақырыбы:

Грамматикалық тақырып:  Салалас құрмалас сөйлем. Лексикалық тақырып: Пошта қызметін қолданамыз.

ІІ. Сабақтың мақсаты: Жаңа сөздермен танысу және оларды сөйлем ішінде қолдана білуге үйрету. Білім алушылардың уақытын тиімді пайдалануға дағдыландыру. Білім алушылардың бойында өз бетімен білім алу өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру.
Салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары, түрлері туралы түсініктерін кеңейту. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлеріне лексикалық тақырыппен байланыстыра отырып мысал келтіріп, талдау жасап, олардың айырмашылығын таныту, өз ойларын жүйелі айтуға үйрету,

ІІІ. Сабақтыңтипі: аралас сабақ 
ІҮ. Сабақтың түрі: теориялық 
Ү. Сабақтың өткізілу әдістері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, зерттеу, жекежұмыс, топпенжұмыс. 

Жаңа тақырыпты жеткізу әдісі

Түсіндірілетін сұрақтар тізімі: Ауызша, конспект арқылы, қосымша баяндама арқылы, аудио-дәріс, бейнедәріс, қойылған сұрақтар бойынша тақырыпты өздігінен игеру,

Жаңа тақырыпты баяндау (АҚ қолдану):

Презентация «Қазақстан » тақырыбы бойынша әңгімелеу
ҮІ. Сабақтың көрнекілігі:  тапсырмалар, стикерлер, мұғалімдер үшін бағалау жаймасы, үлестірмелі кесінділер, бағалауға арналған тапсырмалар, оқулық, кеспе қағаздар, қосымша оқулық материалдары, семантикалық карталар.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, орыс тілі, 
Сабақтың барысы: 
Ұйымдастыру кезеңі: 
Сабақтың барысы және уақытының өлшемі

№

Сабақ кезеңдері

Кезең мазмұны

Уақыты

1

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, студенттердің қатысуын және аудиторияның дайындығын тексеру, сабақ мақсатымен таныстыру.

Психологиялық ахуал туғызу.

Ал, енді көздеріңді жұмып, денелеріңді бос ұстап, былай деп іштеріңнен қайталаңдар:  «Мен өзіме сенімді, ақылды, батыл адаммын. Менің қолымнан бәрі келеді және еш нәрседен қорықпаймын. Менің денсаулығым мықты және мен күштімін» 

2

2

Үй тапсырмасын тексеру

Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасы арқылы білімдерін тексеру. Ойдан мысалға сөйлем жазып, етістіктерін табу.Өткен сабақтағы етістік тақырыбына шолу жасау.

8

3


Жаңа сабақ түсіндіру.

Ой шақыру сұрақтарын қояды: Қазақстан табиғаты. Бейнефильм «Қазақстан пошта қызметі» үзінді көрсетіледі. Сұрақ-жауап- Балалар, сендер Қазақстан поштасы жайлы не білесіңдер?

5

4

Оқушылардың өздік жұмысы

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен, терминдермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады. Тыңдалым.

Сәлемдеме-посылка

Хабар-известие

1- тапсырма. Мәтінмен жұмыс. 1. Мәтін не туралы?Мәтінді оқып, мазмұнын түсініңдер. 1- тапсырма. Оқы.

ПОШТА ҚЫЗМЕТІН ҚОЛДАНАМЫЗ

1-тапсырма. Диалогті жалғастыр. Жұптық жұмыс.

«Менің электронды поштам» тақырыбында диалог құру.Диалогке сүйеніп, досыңызға сұрақ қойыңыз. Сұрақ арқылы

Сөйлесудің нәтижесі бойынша досыңызды сыныпқа таныстырыңыз.

Диалог барысында басқалардың назарын аудару үшін дауыс ырғағын келтіру.

— Анар, сенің электронды поштаң бар ма?

— Әрине, қазір поштаның қызметінсіз қиын ғой. — Сен электронды поштаны қай кездерде қолданасың?

—Мен достарыммен, туыстарыммен хабарласқанда көп қолданамын.

— Сенің электронды поштаң қандай?

— ............

— Электронды поштаның тағы қандай қызметтері бар?

— ............

2- тапсырма Мәтіндегі сөйлемді сөз таптарына қарай талда. Электронды пошта Бұл – жер шарының кез келген бұрышына хабар жіберудің ең сенімді жолы. Хабар дегеніміз тек жай мәтін ғана емес, сурет немесе жазылған файл болуы да мүмкін. Хатты немесе хабарды алу үшін алдымен өзің сондай поштаға қосылуың керек. Ал хабар жіберу үшін оны алушының электронды мекенжайын білу керек. Менің жеке электронды мекенжайым бар, сондықтан көптеген достарыммен осы электронды пошта арқылы хабарласа аламын, бұл заман талабына сай деп есептеймін.

3- тапсырма Сұрақтарға топпен жауап бер.

1. Электронды пошта дегеніміз не?

2. Электронды хаттың құрылымын көрсет.

3. Электронды пошта арқылы файлдарды қалай жіберуге болады? 4. Электронды поштаны құру барысын айтып бер. 5. Электронды мекенжайдың сызбасын көрсет. 6. Электронды поштаға тіркелу жолын көрсет. 7. Келген хатты оқу үшін қандай әрекеттер орындалады. 8. Поштадағы файл қалай көшіріледі? 9. Логиннің жазылу сызбасын ата. 10. Пароль (жасырын сөз) не үшін қажет?

4- тапсырма. Өзіңнің жеке поштаңды құрып мұғалімге хат жолда.




15






5

Тақырыпты бекіту

5- тапсырма. Электронды, поштадағы,пошташы

түбір

жұрнақ

жалғау

жіктік

тәуелдік

көптік

септік


-ші






-лік






-шы,-ші





Сабақ барысында тапсырманы бағалаумен қатар мұғалім де бағалап отырады. «Театрдағы әрекет» арқылы бағалайды.

«Ұнамаса» - орындарында отырып шапалақтайды.

«Ұнаса» - тұрып шапалақ соғады.

«Өте ұнаса» - қолдарын көтеріп шапалақтайды.



20

6

Сабақ қорытындысы

Сабақты қорытындылау.3 минут. Білім алушылардың жаңа сабақта алған білімдерін қорытындылау.  «пошта» сөзіне ассоциация жасау. Топтастыру стратегиясы. Хат,хабар, сәлемдеме,бандероль.Білім алушылардың білімін және сабаққа белсенділігін бағалау.





2

7

Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы: «Поштаның пайдасы» мәтін құру

Сабақтың аяқталуын хабарлау: Құрметті білім алушылар, осымен бүгінгі сабақ аяқталды, көңіл қойып тыңдағандарыңызға және сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет сау болыңыздар! 


3



Рефлексия

5



Оқытушының қолы __________________________________





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
24 желтоқсан
1244
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі