400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Power Point туралы негізгі түсінік

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика пәні оқытушыларына арналады
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

Директордың ОІЖ орынбасары:

____________________ Д.К.Есжанов.


Күні: Тобы: ЕТ-18.

Теориялық сабақтың әдістемелік нұсқамасы

Тақырыбы: Power Point 2013 туралы негізгі түсінік.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: PowerPoint бағдарламасы туралы негізгі түсінік.

— PowerPoint-ң сыртқы көрінісі.

— Студенттің  танымдық белсенділігін арттыру.

ә) дамытушылық: — студенттің ойын дамыту, тапқырлық ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, информатикалық тіл байлығын жетілдіру,  алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру.

— Студенттерді шығармашылыққа баулу, шығармашылық сауаттылығын және компьютерлік шеберлігін дамыту.

б) тәрбиелік: — Компьютермен жұмыс істеу мәдениеттілігін, пәнге деген қызығушылықтарын  арттыру.

— Қоршаған әлемдегі ақпараттарды біліммен ұштастыру, өз бетінше білім алуға, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға, бірін-бірі тыңдауға әдеттендіру.

— студенттердің ойлау қабілеттерін кемелдендіру, ақпараттық  мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: СТО технологиясы

Сабақтың уақыты: 45 минут

Сабақты өткізу орны: Компьютер кабинеті

Пәнішілік байланыс: MS Office

Пәнаралық байланыс: Математика шет тілі, бейнелеу.

Сабақтың жабдықталуы: Компьютер, проектор

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • В.П. Гельман «Медицинкая информатика»

  • Интернет желісі

Оқушы білуі тиіс:

Power Poınt бағдарламасы туралы түсінік.

Сыртқы көрінісі.

Интерфейсі.

Power Poınt құжаттарының құрылымы.

Үлгітүр негізінде презентация жасау.


Сабақтың хронокартасы және құрылымдық-логикалық сызбасы

І Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин

ІІ Үй тапсырмасын тексеру – 20 мин

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру – 40 мин

ІҮ Жаңа тақырыпты бекіту – 15 мин

Ү Қорытындылау – 5 мин

ҮІ Үйге тапсырма –5 мин


Сабақ барысы

І Ұйымдастыру кезеңі Амандасу. Студенттерді түгендеу. Сабаққа дайындығы тексеру. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты мен таныстыру. Компьютердің қауіпсіздік ережелерін сақталуын қадағалап, оқушыларды компьютерге отырғызу.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

Ақпараттық диктант

Access бағдарламасының экран көрінісінде – тақырып жолы, мәзір қатары, саймандар панелі, жаңа қор не, сақталған қорды ашу, қалып күй қатары бар. Мәліметтер қорын басқару жүйелері (МҚБЖ) – мәліметтер қорымен жұмыс істеуге арналған, оны басқару мен түрлендіруді жүзеге асыратын программалар тобы.

Мәліметтер қоры (МҚ) дегеніміз – ол бір-бірімен байланысқан әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді бір жерге жинақтап сақтау. Microsoft Access қолданбалы программалық жасақтамаға жатады. Ақпарат сақталынатын Microsoft Access программасынның негізгі объектілері ол кесте. Форманы көрсету режимдері: конструктор режимі, форма режимі, кесте режимі. Режимдер арасында ауысу Вид менюі арқылы іске асады.

«Сабақтың логикалық-құрылымдық кестесі:

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру – 20 мин

Жоспары:

  1. PowerPoint бағдарламасы туралы негізгі түсінік.

  2. PowerPoint терезесінің құрылымы.

  3. Көрме жасаудың тиімді тәсілдері.

  4. Слайдтарды безендіру.

  5. Анимация қосу.

  6. М узыка, дыбыс, бейнеклиптерді енгізу.

  1. PowerPoint бағдарламасы туралы негізгі түсінік.

Microsoft PowerPoint- көрмелерді әзірлеуге арналған Microsoft Office қолданбалы бағдарламасы. Ол дәріскерлерге дәріс оқығанда немесе баяндама жасағанда және т.б. материалдарды көрнекі материал түрінде жеткізуге мүмкіндік береді. PowerPoint-тың негізгі міндеті — ақпаратты қабылдау және есте сақтаудың тиімділігін арттыру мақсатымен көрмелерді жоспарлау, жасау және өңдеу.

Көрме – Сіздің қандай да бір қызметіңізге байланысты материалды ұсынуға арналып, компьютерде жасалған слайдтардың көрсетілімдік жиынтығы. Слайдтар әр түрлі қызықты суреттермен, сызбалармен және эффектілермен безендірілген жобаның мазмұндық бөлігін қамтиды. Белгілі бір тақырыпқа байланысты жасалған слайдтар тізбегі презентация деп аталады. Презентация жасау процесі өте күрделі. Себебі онда қолданылатын пакеттің мүмкіндіктері, презентация құруға бағытталған объективтік факторлар мен аудиторияның физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері ескерілетін субъективтік факторларға ерекше көңіл бөлген жөн.

  1. PowerPoint терезесінің құрылымы.PowerPoint бағдарламасын іске қосу үшін Бастау- Бағдарламалар — Microsoft PowerPoint командасын орындаймыз. Microsoft PowerPoint терезесі мынадай негізгі элементтерден тұрады:

  • Тақырып жолағы- құжаттың аты және басқару батырмалары орналасады.

  • Мәзір жолағы- басқа бағдарламалардан өзгешелігі мұнда «Слайдты көрсету» әмірі орналасқан.

  • Стандартты құралдар және Пішімдеу үстелі бұның басқа бағдаламалардан өзешелігі мұнда «Жасақтама» және «Жаңа слайд» әмірлерімен ерекшеленеді.

  • Сурет салу құралдар үстелі- сызбалық нысандармен жұмыс істеуге арналған әмірлер тобын қамтиды. Бұл суреттер салуға, эмблема жасауға мәтінді әдемі етіп безендіруге мүмкіндік береді.

  • Қалып күй жолы- құжат ақпаратын қамтиды, беттер санын көрсетеді.

  • Жұмыс аймағы- слайдтар жасауға, мәтін, сурет, диаграмма, клип, дыбыстарды орналастыруға арналған аймақ. 6- слайд

  • Тапсырмалар аймағы- ағымдағы тапсырмалар тізімін қамтиды.

PowerPoint-тың жаңа бағдарламасында өзгешеліктер:

  • Тақырып жолағында «Office» батырмасы орналасқан. Ол құжатты ашу, жаңа құжат құру, баспаға шығару, дайындау, жариялау, жіберу, сақтау командаларын орындайды. Бұл бағдарламаның мүмкіншіліктері өте зор. Мұнда «Жіберу» командасын алатын болсақ, автоматты түрде «Электрондық почтаға» немесе «Интернетке» автоматты түрде жіберуге болады. «Жариялау» командасы арқылы кез-келген бағдарламаға презентация автоматты түрде ауыстырылады. Және де бұл бағдарламада сақтаған кезде ескі компьютерде ашылу үшін 97-2003 форматын таңдау қажет.

  1. Көрме жасаудың тиімді тәсілдері.

Microsoft PowerPoint терезесін ашқаннан кейін тапсырмалар аймағында жаңа көрмені жасау үшін бірнеше нұсқалар ұсынылады:

  • Жаңа презентация (Новая прзентация)

  • Слайд жасақтамасы (Шаблон презентации)

  • Автомазмұн шебері (Мастер автосодержания)

Автомазмұн шебері көмегімен:

  • Жалпы мәселелер бойынша баяндамалар;

  • Қызмет бабы бойынша баяндамалар;

  • Сауда-саттық және маркетинг жөнінде есеп –қисаптар;

  • Жеке хабарламалар; т.б. тақырыптарда алдын ала дайындалып қойылған презентациялар ішінен өзіңе қажетті презентацияны таңдап құруға болады.

1-ші қадамда: Презентацияның түрін, яғни оның жалпы тақырыптық бағытын таңдаймыз. Келесі қадамға өту үшін тақырыпты таңдаған соң, Ары қарай батырмасын шертеміз.

2-ші қадамда: Презентацияны көрсету тәсілдерін таңдаймыз.

3-ші қадамда: Презентацияның тақырыбын жазамыз. Сонан кейін Дайын батырмасын басамыз. Дайын болған презентацияны өз қажетімізге қарай өзгерте аламыз.

Жаңа презентация  құру қажет болса Пішімдеу құралдар үстеліндегі «Жаңа слайд» әмірін басу қажет. Бұл жерде слайдтар белгіленуінің 27 түрі бар. Мұнда әтін, кесте, диаграмма, графикалық объектілер, дыбыс орналасу схемасы көрсетілген. Осының ішінен өзіңізге қажеттісін таңдап ала аласыз.

Слайд жасақтамасы мен жұмыс жасау үшін тапсырмалар аймағы үстелінде- Слайд жасақтамасы қосымшасын таңдап, барлық безендіру қалпын қолданып көруге болады.

Түстер сұлабасын қолдану үшін тапсырмалар аймағы үстелінде- Түстер сұлабасы қосымшасын таңдаймыз. Осыдан кейін барлық қол жетерлік түстер  сұлабаларын қолданып көруге болады. Сондай-ақ фондық түсті өз қалауыңызша өзгертуіңізге болады. Ол үшін Формат-Фон командасын орындаймыз.Осы терезеден түстің қанықтылығын және  өрнек немесе текстура ішкі беттерінде слайдтағы фонның түрлерін әртүрлі етіп өзгертуге болады. Түс қанығуы өзгерісінің арнайы градиентті құю деп аталатын түрін қолдана отырып, өте әдемі дизайндарды дайындауға болады. Өз қалауыңызша кез-келген түстерді таңдап ОК батырмасын одан кейін Қолдану батырмасын шертеміз.

PowerPoint бағдарламасында слайдпен жұмыс істеу режимі.

PowerPoint бағдарламасында слайдпен жұмыс істеу режимінің 3 түрі бар:

  • Қарапайым режим (әр слайдты жеке-жеке көрсетеді)

  • Сұрыптау режимі (презентацияның барлық слайдтары тізбектеліп орналасады)

  • Слайдтарды көрсету режимі (слайдтарды экранда бірінен кейін бірін көрсетеді)

Презентацияда бір слайдтан келесі слайдқа ауысудың бірнеше түрі бар. Сұрыптау режимі арқылы  Слайдты өзгерту (Смена слайдов) қосымшасын таңдап кез-келген слайдты белгілеп көруіңізге болады.

 Слайдтарды безендіру. Слайдтарды безендіруде көрмені тартымды етуде суреттердің маңызы зор. Суреттер әр түрлі болады. Біреулері қолдан салынған, енді біреуі-мәтіналғы арқылы фотосуреттен көшірілген. Дайын суретті крістіру үшін «Кірістіру» (Вставка)- «Сурет» (Рисунок) командасын орындаймыз. PowerPoint бағдарламасында суреттерді алмасу буферін қолдана отырып, басқа бағдарламадағы сууреттерді пайдалануға болады. Мысалы, Word бағдарламасында суреттер сақталған құжатты ашып, қажетті суретті белгілеп, Көшіру немесе Қою командасын қолданып презентацияға әкеліп қоямыз. Осы жерден тышқанмен жан-жағынан тартып, өз қалауыңызша өлшемін өзгерте аласыз.  Сурет салу құралдар үстелі арқылы слайдқа мәтінді, Өзкескіндерді, WordArt нысандарын кіргізуге болады.  WordArt нысанын кірістіргеннен кейін жазбаның сыртқы түрін өңдеуге мүмкіндік беретін WordArt үстелі бірге шығады. Пайда болған терезеде Түстер мен сызықтар қосымшасында Бояу және Түс әмірлерін таңдау арқылы өзгертуге болады.

 Анимация қосу. PowerPoint бағдарламасында әр түрлі анимациялық эффектілер және мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдана отырып, презентацияны жандандыруға болады. Мәтін элементтерінің өзіне жеке әріптер, сөз, абзац түрінде әртүрлі эффектімен пайда болатындай етіп жасау мүмкіндігі бар. Тек мәтін элементтері емес графикалық объектілер, диаграммаларға да анимациялық эффектілер қосуға болады.

Слайд элементтеріне анимациялық эффектілер қосу үшін Слайдты көрсету- Анимация қосу (Показ слайда- Настройка анимации) командасын орындаймыз. Анимация қосу тақтасы экранның оң жағында тапсырмалар аймағы үстелінде ашылады. Слайд элементтерінің пайда болу ретін өзгерту үшін Анимацияны баптау (Настройка анимции) тақтасының астында орналасқан Анимация реті (Порядок) командасы арқылы жүзеге асыруға болады. Ретін өзгерту үшін тышқан батырмасымен элементтер орнын ауыстыруға болады. Көру батырмасын басу арқылы эффектілерді қадағалай аламыз. Уақыт астарлы беті элементтің пайда болу уақыттын көрсетеді. Анимациялар реті өрісінде қажетті элементті таңдап алып, шерту арқылы немесе автоматты түрде неше уақыттан кейін пайда болу керектігін белгілей аламыз.

 Музыка, дыбыс, бейнеклиптерді енгізу.PowerPoint бағдарламасында дайындалған презентацияны көрсету кезінде музыкалық, дыбыстық эффектілерді және бейнеклиптерді қолдану мүмкіндігі бар. Кейбір дыбыстар (мысалы, жазба машинкасының дыбысы қол шапалақтау т.с.с.) Анимацияны баптау саймандар тақтасынан іске қосылады. Презентацияға әуен (музыка) қою үшін Вставка –Фильмы и звук – Звук из файла  командасын орындап, өзіңізге қажетті әуенді таңдап ОК батырмасын басамыз.

Слайдтарда дыбыстық сүйемелдеулерді жазу үшін, компьютерде дыбыстық карта мен микрофон орнатылуы қажет.  Дыбысты жазу үшін Слайдты көрсету-Дыбыстық жазба (Показ слайдов- Звукозапись) командасын орындаймыз. Дискіде қанша орын бос орын барын және неше минут жазуға болатынын көрсететін сұхбат терезесі ашылады. ОК батырмасын шертеміз.

 ІҮ. Білім алушылардың өзіндік жұмысы

Білімгерлер өз еркімен «Медицинаның адамға тигізетін пайдасы» атты презентация құру.

ҮІ. Бекіту

ҮІІ. Қорытындылау а) Инсерт әдісі

Білемін,Білдім,Білгім келеді

Бағалау «Кім көп смайлик жинады?» жиналған смайлик санына қарай бағаланады.

ІХ. Үйге тапсырма:Компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік құрал 92-93 бет

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
2925
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі