400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Power Рoint бағдарламасы. Слайдқа сурет қосу

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға презентация жасай алу үшін бағыт - бағдар беру. Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, есте сақтау, байқағыштық, тапқырлық қабілеттерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«№50 Абай атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі















Сыныбы: 8 сынып

Пәні:информатика


Пән мұғалімі: Құлжанова Рахила

















2015-2016 оқу жылы


Сабақтың тақырыбы

Power Рoint бағдарламасы. Слайдқа сурет қосу

Сілтеме

Информатика  Әдістемелік оқулығы, ғаламтор материалдары, газет-журнал материалдары  

Жалпы мақсаты

Оқушыларға  презентация жасай алу үшін   бағыт - бағдар  беру.  Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту,  пәнге деген қызығушылығын арттыру,  есте сақтау,  байқағыштық,  тапқырлық   қабілеттерін  дамыту. 

Оқыту нәтижелері

- Берілген  тапсырмаларды  жұпта,  топта  орындауға  үйрету;

-Оқушылардың өзін және бірін-бірі  бағалауға дағдыландыру;

-Тапсырмаларды  орындауда  ережелерді қолдана білу дағдысы  информатикалық  терминдік  тілде сөйлеу қабілеттерін дамыту;

Түйінді идеялар

  • Power Point бағдарламасында презентация жасады

  • Презентацияға сурет қояды іске асыра білді.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар графикалық ақпараттардың түрлерімен танысып, оларды ажырата алатын болады, тапсырмаларды  орындауда  ережелерді қолдана білу дағдысы   қалыптасады,  информатикалық  терминдік  тілде сөйлеу қабілеттері; Жұппен,топпен жұмыс жасай отырып, бірлесіп білім алады.

Ұйымдастыру кезеңі

3 минут

 І Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал туғызу.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Түрлі шокалад таңдау арқылы 2 топқа бөлемін.»Тренинг ойыны»Сандықшада :шеңбер,зигзаг,тік төртбұрыш,үшбұрыш салынған. Оқушы өзі қалаған фигураны таңдайды.Экранға назар аударту.Оқушы өзінің қандай оқушы екенін біледі.Шеңбер-Өте мейірімді,көпшіл,ынталы,достары мен таныстары көп,түйсігі жақсы дамыған адам.Зигзаг-шығармашылық қабілеті басым,үнемі ізденіс үстінде жүреді,ойын-сауыққа құмар,болашаққа талпынысы жоғары,білімге ынталы адам.Үшбұрыш-Өте еңбекқор,төзімді,өз жұмысының шебері,бастаған ісін аяғына жеткізетін,көшбасшы,өз-өзіне сенімді адам.Тік төртбұрыш-Жаңа идеяларға жақын,білуге құмар,ізденгіш,батыл,көңіл-күйі өзгермелі,өзін көпшілікке көрсете бермейтін адам.

Бағалау парақшалары таратылады.


Сабақтың    барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

БІЛУ - 8 мин

ІІ Үй тапсырмасын тексеру:

1.«Ыстық орындық» ойыны

2. Ой қозғау «Сөйлемді толықтырыңыз»

3. «Кір жайғыш жіп». «Көрме» Термин сөздермен жұмыс

4 »Жасырын мәтін»Кестедегі сандарды пайдалана отырып мәтінді оқу анықтау.

Екі топтан бір-бір оқушы өткен тақырып бойынша орындыққа отырып жауап береді.

Интерактивті тақтада беріліп тұрған «Техникалық диктантты» жазады.

Көрме сөзіне талдау жасайды.

Жасырын мәтінді тауып оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын ашады.

Бағалау ұпай санымен бағаланады.

ТҮСІНУ - 10 мин

ІІІ Жаңа сабақ .

Әр топ мүшелеріне жасайтын жұмыстың мақсатын айтып бағыт-бағдар беремін.

(Мәтінмен жұмыс) Топтық талқылау Тақырыпты  оқушылар  өздері   меңгеруіне  мүмкіншілік  беру

.Постермен жұмыс

  1. Бейнеролик қарау.

  2. Слайдтқа суретті,кескіндерді қалай қою керектігінің жолдары

  3. «Көршіме айтамын» әдісі. Берілген сурет қиындыларын слайдқа қандай команда бұйрығымен орналастырамыз?

Критерийді оқушылармен айқындау

1 Тақырыптың ашылуы

2Оқушылардың тың идеялары

3 Көркемдігі

1. 1 оқушы «Слайдтқа қалай сурет қою керектігі» туралы жасалған слайдты қорғайды.

2.

Б) Әр оқушы өз  бетінше  тақырыпты  оқып  түсінеді,   жұпта талдайды,   топта  талдайды,   дұрыс немесе дұрыс емес екендігін  айтады.  Түйінді  сөздерді (анықтамаларды)  дәптерге   жазу.   

Оқушылардың идеялары ,жасалған слайдтың көркемдігі арқылы оқушылар бағаланады. «Екі жұлдыз,бір ұсыныс » арқылы бағалау

Бақылау: өзін өзі бағалау

ҚОЛДАНУ  –  10  мин

1. Дарындылық,   жас ерекшеліктеріне сай   тапсырма. Кеңейтілген тапсырма.Компьютермен жұмыс.Деңгейлік тапсырма орындайды.Жеке жұмыс жасайды

А деңгейі

Мынадай түрде күнтізбе құрыңдар. Демалыс және мереке күндерін қызыл түспен ерекшелеңдер. Желтоқсан.2015 жыл


Дүйсенбі






Сейсенбі






Сәрсенбі






Бейсенбі






Жұма






Сенбі






Жексенбі







.(АКТ, Дарынды оқушымен жұмыс)  

Әр топ бірін – бірі топтың жасаған жұмыс алгоритміне орай бағалайды

Оқушылар деңгейлік тапсырманы орындағандарына байланысты бағаланады,өздері бағалау парақтарына белгі соғып отырады.

В деңгейі

А деңгейіндегі тапсырманың екі жағына суреттер қорынан екі сурет қойыңдар.Фон түсін сары етіп алыңдар.

С деңгейі

1.»Менің мектебім,сыныбым,достарым»

2. «Астана – бас қала »

3.»Компьютер құрылғыларын» жарнамалау тақырыбында 2-3 беттен тұратын слайд жасау.

Сергіту сәті


ТАЛДАУ –  7  мин

8. «Миға шабуыл».Сұрақты тап ... Көрме құруда мыналарды есте сақтау керек .


• Көрменің мақсаты және мазмұнын жоспарлау; 
• Әрбір слайдтың мазмұны және есте сақталатындай болу; 
• Слайдтағы ақпарттар қарапайым және мазмұнды болу; 
• Объектілердегі бейнелер фоннан түстері бойынша ерекше болу; 
• Слайдты безендіруде түстерді таңдау; 
• Тыңдаушылардың назарын аударатындай анимациялық өтулер, дыбыстар қою.


ЖИНАҚТАУ- 3 мин

“Ізденген жетер мұратқа...” Тест жұмысы арқылы сабақты бекіту.
1. Слайдты үлкен экран етіп қарауға мүмкіндік беретін перне:
А) F7  Ә) F5 Б) F1  В)F4 
2.
Слайдқа сурет қою командасы:
А) Вставка - Рисунок  Ә) Вставка – Звук 
Б) Вставка – Фильм В) Вставка – Клип 
3. Слайд бетіне суреттер, кестелер қою менюі (мәзірі):
А) Файл  Ә) Вставка Б) Показ слайдов 
В) Дизайн
4. Үлкен экраннан шығу пернесі: 
А) Tab  Ә) Alt  Б) Delete  В) Esc

  1. PowerPoint дегеніміз не? 
    A)Көрмелерді әзірлеуге арналған Microsoft Office қолданбалы бағдарламасы 
    B)Кодтық кестелерді өңдеуге арналған бағдарлама 
    C)Кестелік нысандарды пішімдейтін бағдарлама 
    D)Мәтін теруді ұйымдастыратын бағдарлама 
    E)Электрондық кестелерді әзірлейтін бағдарлама 

    6. Меню жолы элементтеріне жатпайтын элемент: 
    A)Файл  B)Түзету  C)Көрініс  D)Пішімдеу құралдар үстелі 
    E)Кесте 
    7.Файл – Сақтау әмірінің қызметі 
    A)Құжатты көшіру  B)Құжатты сақтау 
    C)Құжатты теру  D)Мәтінді пішімдеу 
    E)Мәтінді жою 


Оқушылар интерактивті тақтадан тест жұмысының жауабын өздері тексереді.

1 сұрақ -1 ұпай

Бағалау парақшаларына ұпай санын қояды.

Мұғалімнің іс-әрекеті

 

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау- 2 минут

Мұғалімнің іс-әрекеті

  Рефлекция.Кері байланыс жасалады.

Оқушының аты-жөні ________________________

  1. Мен бүгінгі сабақта не білдім?

  2. Практикалық жұмыста презентация жасау сізге қиындық тудырды ма?

  3. Не қызықты болды?


 Оқушының іс-әрекеті


Стикерге жазып табыс ағашына апарып іледі.

Формативті бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек!» және суммативті қорытынды   баға   шығару. Дарынды оқушылардың жұмысын мадақтау.

Әр оқушы берілген парақ бойынша әрбір тапсырмаға өз бағаларын қойып, соңында қорытындылайды.

Үйге тапсырма беру  /   1 минут

Үй  тапсырмасын  күнделікке  жазып  алу.

      Слайдқа сурет қоюды оқу. «Абай дана-Абай дара» тақырыбында презентация жасап келу.

Қосымша тапсырма: практикалық жұмысқа материалдар жинақтап келу.



Бағалау шкаласы


Денгейі

баға

ұпай

жоғары

«5»

21-42

жақсы

«4»

10- 20

орташа

«3»

2 - 9

төмен

«2»

0-1


Бағалау парақшасы.Топ аты «..............................»

Оқушының аты жөні:______________________________________________________


Реті

Білу

Үй тапсырмасы

Түсіну

Постер қорғау

Қолдану

Деңгейлік тапсырма

Талдау

Жинақтау

Бағалау

1

1.

2.

3.






Қорытынды баға:


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1413
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі